Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ma_1179_pal_apaydan_bilet_zhauaptary (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.26 Кб
Скачать
  1. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарындағы қоғамдық әділетсіздік, надандықтың құрбанына айналуы.

«Қамар сұлу» - өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасақнда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімінен құр емес. “Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады”. Мұнда пәк сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе – өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық.

Сұлтанмахмұт Қамардың портретін сәтті суреттеген. Жаңа заманның қызының бейнесін ашуға ден қойған. Ақын кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз, озбырлыққа душар болып, бақытсыздыққа ұшыраған сәтін де ұтымды байқатады. Қамар Нұрымды сүймейді, тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрлігін, ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады. Нұрымға көнбес үшін өлімге де дайын екенін бүкпесіз айтады. Қамарға әкесі жаны ашып араша түседі. Бұл сол кездегі қазақ қыздарының басындағы ең бір қайғылы да ауыр қиын кезеңді ақын заман кінәлі дей отырып бір қырынан ашса, екінші қоғамдағы әр түрлі келеңсіздікті баса сынап айтады. Қамардың басындағы бақытсыздық арқылы автор сол кездегі күллі қазақ қыздарының шарасыздығын, еріксіздігін аша түседі.

«Кім жазықты?» романы Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады. Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез – құлқы жан – жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық – болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық – зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жанаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейнесіне көтереді.-деді Серік Қирабаев

  1. 1930-56 Жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби-көркем сын

ХХ ғасыр басындағы әдеби көсемсөз әдебиет сынын тудырып, көркем әдебиеттің дамуы, әдеби үрдіс пен оны зерттеу мәселелерін күн тәртібіне қояды. Көркем әдебиеттің жанрлық түрлері дамып, поэзия, проза, драматургия жаңа ізденістерді көрсетті. Әдеби жинақтарда ауыз әдебиетінің үлгілері мен мұралары жариялана бастады. Бұл басылымдар туралы әдеби пікірлер де жүйеленіп беріле бастады. Кітап шығару ісі алға басты. ХХ ғасырдың алғашқы 20 жыл ішінде бес жүзге тарта кітап жарық көргені белгілі. Бұлар ауыз әдебиетінің үлгілері, діни сюжеттегі көркем туындылар, қиссалар, әдеби жинақтар, әліппелер мен оқу құралдары, көркем туындылар, әдебиеттанушылық зерттеулер. Мамандардың айтуы бойынша, ХХ ғасыр басында 322 кітап қазақ тілінде жарық көрген. Осы кезде жарық көрген М.Нұрбаевтың “Қазақша әліппе”; “Ғалия” медресесі шәкірттері шығарған “Әліппе яки төте оқу”; Қ.Қожықовтың “Әліппе”; М.Көшімовтың “Ақыл кітабы” т.б қазақ тілінің қолданылу мәселелері мен әдебиетті танытуға ерекше назар аударылды. ХХ ғасыр басындағы баспасөзде сол кездегі ақын-жазушылардың туындыларын талдаған мақалалармен қатар әдеби-танымдық мәселелер де көтерілгені анық. Ол талдаулар жанрлық тұрғыдан жүргізілгендіктен ұлттық әдебиеттану ғылымында теориялық ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуына тікелей әсер етті. Қазақ тілінің тазалығы, қазақ өлеңінің құрылысы т.б. турасындағы ғылыми-теориялық ой-пікірлер осы кезеңде ерекше қарастырылды. Заман талабына сай ескі шағатай тіліндегі, араб, парсы әдебиеті әсерінде туған мұралар сынға ұшырап, олар ұлттың жаңа әдебиетіне кері әсер етеді деген пікірлер де орын алды.

“Айқап” журналында қазақ тілінің тазалығын сақтау мен қазақ поэзиясының “ескі” және “жаңа” өлеңі туралы пікірлер айтылды. Осы орайдағы әдеби сынның жетекші рөл атқарғаны туралы арнайы зерттеулер жазыла бастады. Әдебиетші С.Торайғыров мақаласындағы әдеби-теориялық талдаулар “Қазақта” шыққан Ә.Бөкейханның “Ән, өлең һәм оның құралы” мақаласына да тән. Ә.Бөкейхан өнер мен әдебиеттің қоғамдық міндетін анықтап, өлеңді әуен – музыка өнерімен сабақтастыра қарастырады. Зерттеуші талдауларын М.Лютер, Гете, Шопенгауэр, Бетховеннің пікірлерімен дәлелдеп, ғылыми негізге бұрады. ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану саласының тұсауы кесілгенімен ерекшеленетіні белгілі. Алаш ардагерлерінің ұлы ақын шығармаларына қатысты әрбір мақалаларында ұлттық әдебиеттану ғылымының нақты мәселелері көтеріліп, әдеби-теориялық тұжырымдар, әдебиеттің тарихи негіздері қарастырылған. Бұларда Абайдан үйренуге шақыру, оның қазақ әдебиеті үшін үлгілі шығармашылығының қырларын насихаттау басты нысанаға алынған. Атап айтсақ, осы кезеңдерде тек ақынның шығармашылығы жөнінде Ә.Бөкейхан “Абай (Ибраһим) Құнанбаев”. Ғасыр басындағы қазақ зиялылары К.Ысқақұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлының т.б. әдебиеттану саласындағы ойлары тың жаңа ізденістері Т.Кәкішев, Ж.Смағұл, Ө.Әбдіманов еңбектерінде арнайы зерттелгенін айта кету орынды.

10-билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]