Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ma_1179_pal_apaydan_bilet_zhauaptary (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.26 Кб
Скачать

3. Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952).

 Тақырыбы: Қарағанды» романы жұмысшы табы тақырыбына арналған. Шығарма дала өлкесінде еліміздегі ең үлкен орталықтарының бірі салынуы туралы, малшылардың тау-кен ісінің білікті мамандарына айналуы туралы, түп негізінде тұрмыс салтының өзгеруінің арқасында адамдарда басқа сана-сезім және қоғамдық тұрмысқа басқа көзқарас қалыптасады. 

Идеясы: “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. 

Мазмұны: Бұл роман үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Москвадан және Донбастан Қарағанды заводын жүргізуге келген Сергей Петрович Щербаков және механик Козлов, слесарь Лапшин, инженер Орловтардың келуімен басталады. Одан ауыл тұрғындарының жиналысқа қатысуы. Үлкен әжейдің Щербаковты мола басына ертіп апарып, атасының көкірек ауруынан , күйеуінің шахтада, баласының ағылшындармен болған тартыста көз жұмғанын баян ете келіп, немересі Әкімді жұмысқа беріп, бас көз болуын айтады. Одан әрі Әкімнің шахтадағы күндері басталады. Щербаков әкелген шахтадағы өзгерістер. Әкімге шахта өміріндегі көп жағдайлар таныс болмайды. Оны жаңа басшылар мұқият түсіндіріп, жұмыс сапасын арттыруға тырысады. өндірілген көмірлерді Донбасқа, Оралға жіберу қолға алынады. Мал шаруашылығындағы қазақтар да щахтаға келе бастайды. Су қорларын ашады. Одан әрі Москвадан оқу оқып келген жас маман Мейрамға қарай ауысады. Поезда келе жатып қасындағы Чайковпен болған әңгіме барысында Қарағанды жайлы барлық жайға қанық болады. Ең алғаш көмірді тапқан Апақ Байжанұлы біледі. Роман одан әрі Мейрамның ауылмен танысуы, жұмысты алып кетуі баяндалады. Ардақпен кездесуі. Үшінші бөлімде Қарағанды шахтасының өркендеуі. Жаңа техникалармен жабдықталуы. Роман Щербаковтың сөзімен бітеді.

- «Пікірлер тоғысынан шыңдық туады». Рахмет Мейрам Омаровичке. Телеграмма беру керек оған. Бұл шахтаны енді көбейтеміз, күшейтеміз. Өзінің тресін құрамыз,- деп қолын жоғары көтеріп тұрып, елу километр алға нұсқап тұрды. Сонау бұлдырап көрінген Сораң, Шерубай Нұрасы Қарағандының жаңа аудандары болады. көмірлі қала енді солай қарай өседі. Жұмыс аумағы екі үш есе көбейеді. Борис Михайлович комбайнды тез бітір.....

Кейіпкерлері:

Щербаков-заводтың иесі.

Козлов - механик

Лепшин - инженер

Мейрам - жас маман

Сейітқали - қарт жұмысшы

Ермек - жұмысшы

Әкім - шахта жұмысшысы

Ысқақ - жұмысшы

Байтен - ауыл тұрғыны

Ардақ

Жұмабай

Әлібек - болыс

«Қарағанды» (1952, Абай атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын ,1953 ж.) романының басты кейіпкерлері — Қарағанды шахтерлері.

4-билет.

  1. Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы

ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы-демократ ақындардың бірі. Сәбит Дөнентаев Павлодар облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен ескіше хат танып, кейіннен Павлодар медресесінде оқиды. 1913 жылы «Айқап» журналында ақынның «Қиялым» деген өлеңі жарияланды. Бұл – ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселесінің бәріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады. 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді. Ақынның «Заман кімдікі», «Досқа», «Замандастарға», «Балалық» және т.б. өлеңдері халықтың азаттыққа ұмтылу арманын суреттейтін реалистік шығармалары болды. «Заман кімдікі» өлеңінде

Бұл заман байқағанға күштінікі, Азулы, тырнақты мен тістінікі. Дүниенің патшалығы, батырлығы - Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі, - деп бастап, заманның күйін, жағдайын осы өлң жолдарына сыйдырады. Ақын өз өлеңін Жансыздық  — іссіз қарап тұрғандікі, Құр тілек құдай әбден ұрғандікі. Күш-қуат жанталасып жинамасаң, Мал, басың бұрын үміт қылғандікі, - деген сөздермен түйіндейді. Сонымен қатар «Қазақ әйелдері туралы» шығармасында қазақ ақын қазақ әйелінің еркіндігін, теңдігін, бас бостандығын сөз етеді. Қыздың әкесінің үкімімен көңілі сүймеген адамға амалсыз тұрмысқа шығуын ашына айтады. Әйелдің ешқашан келелі сөзге араласа алмауы, ерінің дегенімен ғана жүріп-тұруы еркіндігінен айырды. Қазақ әйелін ерлерен тең дәрежеде көруіміз керек. Ежелде қаншама ару аналарымыз батырлармен тең дәрежеде жау шапқаны да тегін емес. 2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясы. Соғыс тақырыбында өлең жазған ақындар. Ғ. Орманов «Жау ізі», Қ. Аманжолов «Мазасыз музыка», Ә. Тәжібаев «Қос қарлығаш» , Т. Жароков өлеңдері жарыққа шықты. Ә. Тәжібаев өлң жазып жатқан ақын аяқтамай, ақынның майданға аттануы. «Қос қарлығаш» өлеңінде табиғатты таптаған фашизм суреттеледі. Т. Жароков кейіпкерлері үстіне сұр шинель киіп, «ең әуелі әскермін» , - деп қазақ жастарын соғысқа шақырады. Д. Әбілев өлеңі кейіпкері әскери комиссариатқа өзі барып, соғысқа баруға тіленеді. Ел қорғау тілегімен жауға аттанған жігіттің соғысқа дейінгі бейнесі суреттеледі. Т. Жароков «Ол туғанда» деп аталатын өлеңінде Таймас деген жігіттің әділет, азаттық үшін күрес жолынан таймасын деп, Таймас атайды. Оның өмірін ұлт-азаттық көтеріліспен байланыстырады. Қ. Аманоловтың «Қайсыекештің 5 ұлы» өлеңінде жаңа өскен жігіттердің өмірін суреттейді. Соғыс кезінде жазылған өлеңдерді 2 бөлеміз: 1)Отан үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнесін жасайды, негізінен жайынгерлерді сипаттайды; 2)Нақты батырлар, жауынгерлерге арналады. 3. Қ. Аманжолов поэмалары: “Жамбыл тойында” , “Бикеш” т.б. поэмалары. Қасым Аманжолов 1938 жылы «жырдың қызыл жолбарысы» атанған Жамбыл Жабаевтың ақындық қызметінің жетпіс бес жылдық мерекесінен алған әсермен үлкен поэма жазды. Ол «Жамбыл тойында» болатын. Бұл бір шынтақтап, шалқып-тасқан» Жамбылдың тойына Парнастан Гомер, Ираннан Фердауси дұғай сәлем жолдайды. Жыр нөсері Махамбет, «ақылдың ақыны» Абай бастап, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса қостап, енді бір жақтан Бұхар мен Сүйінбай, Құрманғазы мен Тәттімбет, Сұлтанмахмұттар келеді. Ол, ол ма, мына жақтан Пушкин мен Лермонтов, Некрасов пен Гоголь, Чехов пен Толстой, мұзбалақ Горький келе жатыр. Олардың ізін баса Байрон, Шекспир, Шиллер, Шота, Гете, Гейне келеді. Жақсы мен жайсанның ұмыт қалғаны жоқ. Барлығы шалқып-тасып Қасымның замандастарымен сырласып отыр. Бір шеттен Шекспир мен Мұқаң (Мұхтар Әуезов) тізе қосса. Горький Сәбеннің (Сәбит Мұқанов) «Теміртасын» қарап отыр. Сұлтанмахмұт Дихан Әбілевтің «Шалқымасына» шалқыса, Әбділда Тәжібаев пен Гейне оңаша жүр. Тайыр Жароков Махамбетті жағаласа, Гоголь мен Әлжаппар, Беилнский мен Есмағамбет бөлек жүр. Ал Маяковскийдің қасында Ғали мен Қалижан бастаған бір топ жас ақын. Барлығы да ғажайып күйге бөленіп, көңілдің көк дөненін кермеге байлап, бақытқа мас болып жүр. Романтик ақын Жамбыл тойын осылай бір шалқыта суреттейді. Солақай саясаттың ызғарлы салқынын сездірмеуге тырысады. Мұның жас Қасым үшін оңай болмағаны ақиқат. Сонда да болса өкіметтің қитығына тимегенді жөн көріп, ағалары Ахмет, Міржақып, Мағжан Бернияздарды былай қойғанда Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерді ауызға алмайды. Бұл жас ақынның қит етсе «ұлтшылсың» деп сойылдың астына алатын сергек сыншыларға сезік алдырмауға істеген айласы секілді. Әйтпесе ірі классиктерді атамай кететұғын жөні жоқ еді. Осындайда саясаттың, «танаурап алған тапшыл» (Т.Кәкішев) сыншылардың сол уақыттағы іс әрекетіне қайран қалмастан басқа шараң жоқ. Ақынның осы бір романтикаға толы керемет дастаны кейін 1946 жылы шыққан «Ақындар бесжылдығына» негізгі сюжеттік арқау болғанға ұқсайды. Осы «Жамбыл тойындағы» кейбір оқиғалар тізбегі, жеңіл юмордың аталған өлеңде көп өзгеріссіз қолданылғандығы ойымызды ілгері жетелей түседі. Әлбетте, бұл екеуі бір-бірінің көшірмесі емес, екеуі екі басқа дүние. Олар тіпті бірін-бірі толықтырмайды да. Тек ұқсастығы екі өлең бір желіспен жазылған. Осы жоғарыда аталған шығармаларды кейбір зерттеушілер сәтсіз шығармалар қатарына жатқызады. Оған негіз де жоқ емес. Біз де бұл поэмаларды алшысынан түскен, төрт құбыласы түгел дүние дей алмаймыз. Кейбіріне сол заманның саяси салқыны тиді десек, кейбірі Қасымның дастан жазуға әлі машықтанбағанын көрсетіп тұр. Қасым Аманжоловтың оқырмандар арасында елеулі сынға ұшырап, тіпті 1950 жылдары өзіне қамшы боп тиген тағы бір поэмасы «Бикеш» болатын. Бұл адамзат баласының моральдық азғындауының сырын ашып, жігін жіктеп берген туынды еді. 1940 жылы «Азғынбаев» атымен «Әдебиет және искусство» (№2) журналына басылған соң, біраз даулы пікірлер айтылады. Оқырман мен сыншылардың ойлы сөзіне тоқталған ақын кейін 1947 жылы поэманы қайта жөндеп, кейбір тарауларын өзгертіп, біраз редакция жасайды. Атын «Бикеш» деп өзгертеді. Мұндағы басты кейіпкер – Азғынбаев типтік характер. Бойында адам сүйер бір қылық жоқ. Жүрген жері ылаң, сау басын дауға салып жүретін бейбақ. Өзі – жалқау, айтқаны – өтірік, ішкені – арақ. Оны ақын: Қылқ еткізіп бір стопқа Буфеттегі бөтелкеден. Тұрды біреу қарап топқа Оқшырая ту желкеден, ‒ деп суреттейді. Оның жай ғана тұрысының өзінде салмақтылық, парасаттылық жоқ. «Оқшырайып» тұр. Екінші кейіпкер Бикеш сұлу қыз. Ақын оны «ақша маңдай, алма сағақ» деп бір-ақ жолмен сипаттайды. Ол қыздың сұлулығын көрсетуге сол сөз жетіп жатыр. Поэманың өн бойындағы қыздың тән сұлулығы жайлап, бірте-бірте ашыла түскенімен, жан сұлулығы сол бітеу күйі қалып қояды. Алайда, ол Азғынбаев сияқты жексұрын емес. Үнемі бір шекте жүру романтиктердің әдеті десек, Қасымда «Азғынбаев» бейнесін сомдауға сол тұрғыдан келген. Оның түр-тұрпатына, мінезіне, іс-әрекетіне романтикалық бояу береді. Ал бірақ Бикешті соншама моральдық азуға жібермейді. Мұның астарында не сыр жатқанын білсе, ақынның өзі біліп, бірақ ашып ештеңе айтпайды. Байлыққа, молшылыққа құмар қыз ары тапталғанда намысын жанып шыға келеді. Кешегі би, көңілді отырыс, айтылған жылы сөздің бәрі адыра қалады. Қымбат емес тірлік маған, Өлгеннен соң ар-ұятым. Өз ләззәтім болды харам Болды харам махаббатым. деп, Бикеш көкірегін қысқан ащы запыранын Азғынбаевқа ақтарады. Жеңіл отырыс, арзан күлкінің аяғы қандай қасіретке ұласқанын қапалана айтады. Бірақ Бикештің бірде-бір сөзі Азғынбаевқа ешқандай ой салмайды. Өйткені ол жөні дұрыс ой ойлаудан қалған. Қыздың жоғарыда келтіргеніміздей таусыла айтқан сөзіне: Өзің не деп тұрсың Бикеш? Деп бастады Азғынбаев. Бос сөзді қой, киіміңді шеш. Ақшаң бар ма? ‒ Алғызайық, ‒дейді. Одан кейінгі сөздерінің де бір дұрысы жоқ. Бикеш ақыры ар-намысын таптаған айуаннан кек алып тынады. Осы поэмадағы Бикештің ылғи шиеленісті, шытырман оқиғалардың ортасында жүруі, ақыр соңында бір күн бұрын бірге ішіп, бірге жүрген Азғынбаевқа пышақ жұмсауы – бұл жай адамның іс-әрекеті емес. Мұнда романтикалық қаһарманның бойында болатын мінез жатыр. Сюжет желісінде де ерекшелік бар. «Оқиға оқыс, морт болып жатады, ол күтпеген жерден қоюланады, тартыс қапелімде күшейеді, күрес тынымсыз үдейді. Шиеленіс тұтқиылдан шешіле қалады». Мұның бәрі романтикалық поэмаға тән дүниелер. Ал поэманың өзі ықшам, тілі бай, оқылуы жеңіл. Көркемдік қуаты мен көтеріп тұрған жүгі қандай әңгімеге де арқау бола алады. Азғынбаевтар өмірде бар, қай кезде де болады. Ондайлар тіпті Алла Тағаланың барлығы мен бірлігін бүкіл әлемге паш еткен пайғамбарлар заманында да болған. Тек олардың әр уақыттағы бейнесі әр түрлі. Соны жазбай танып, сақтана білу, қоғамды сақтандыра білу – ақ ниетті адамдардың үлесіндегі дүние. Қасым «Бикеш» поэмасы арқылы «Азғынбаевтардың» кеңес дәуіріндегі бейнесін дәл сомдап берді. Сыншылардың «кеңес өкіметінде мұндай адамдардың болуы мүмкін емес?» ‒ деуі жаңсақтау айтылған сөз. Ондайлардың бір емес, бірнешеуі болған. Алайда кеңес өкіметі адамдардың соншалық азғындауына жол бермеуге тырысып бақты. Оларды ел болып тәрбиелейді, көнбегендерді қоғамнан аластады. Жалпы, мораль, ұждан мәселесіне үлкен мән берді. Көркем шығармаларда ондай кейіпкерлердің болмауын қатаң қадағалап отырды. Осындай мәселелерді жақсы түсінген ақын дастанын былай аяқтайды. Өтті кетті сол бір жәйіт, Бұдан он бес жылдар бұрын Өмір-өзен кетті шәйіп, Ескіліктің кір-қоқырын. Сол қоқыспен кетсе керек, Азған-тозған сол бір сүлде. Естілмейді ешбір дерек, Бар ма жоқ па жер бетінде. Ақынның айтпақ ойы түсінікті. Он бес жылдың ішінде Азғынбаев жайынан еш деректің естілмеуі, қоғамның ондай адамдардан тазарғаны дегені болса керек. Әрине, бұл тек қана көркемдік шешім. 5-билет. 1. Ж.Аймауытов шығармашылығы және «Ақбілек» романы. Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Амауытов ауылы. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1907 жылдан бастап Баян ауылдағы орыс мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп қашып оқиды. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді (1914-1919). Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ.Сәтпаевпен, М.Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы, Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады. 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», « Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында «Комплекспен оқыту жолдары» атты мұғалімдерге арналған көмекші құрал, «Психология» оқулығы бар. Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді. Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген.Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі. Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады. 2. Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі. “Ұлпан” романы. Ғ.Махмұтұлы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). Социалистік Еңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды. 1916 жылы екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа)түсіп, онда үш жыл оқыды. С.Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқып, 1927- 1928 жж. Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды. Тұңғыш шығармасы - "Тулаған толқында" повесін осы тұста (1927) жазды. Он жыл бойы баспа орындарында, кеңес, партия мекемелерінде жауапты қызметтер (баспа директоры, "Қазақ әдебиеті", "Социалистік Қазақстан" газеттерінің бас редакторы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Өнер істері басқармасының бастығы қызметін) атқара жүріп, әдеби шығармашылығын үдете түсті. 1938-1955 жж. бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды. 1955-1966 жж. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1958 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің мүшесі болды.Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында "Қазақ батыры" (1945) повесін (кейін "Қазақ солдаты" романы) жазды. Бұдан кейін жарияланған (1953) "Оянған өлке" романы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды еді.Атақты романдарымен қатар, Ғабит Махмұтұлы прозаның шағын жанрында да еңбек етті. Ондаған очерк, әңгіме, повестер жазып, жариялады. "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. 1974 жылы "Ұлпан" повесін жариялады. Ал "Оянған өлкенің" заңды жалғасы - "Жат қолында" романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң - 1984 жылы ұсынылды.Отызыншы жылдарда драматург ретінде де бой көрсетті. Оның драматургиядағы тырнақалдысы - сахнада мың реттен аса қойылған "Қыз Жібек" операсының либреттосы (1935) еді. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасы да (1939) халық эпосының сарынында жазылған. Жазушының қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық еңбектері "Суреткер парызы" (1970), "Заман және әдебиет" (1982) атты кітаптарына енген. «Ұлпан» — тарихи ел шежіресінін мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол ПІыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланыш, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылыш, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз. Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады. Есенейдің уыздай Ұлпанды қолға түсіруіне екінші себеп — айттырған күйеуі Түлен саудагердің таз баласы Мырзаштан құтыла алмай отырған кезіне тап болады. Мыңғырған малы бар, бір уез елді ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстап отырған Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алып, айғыр үйір жылқы беріп, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Бес болыс Керей — Уақтың Есенейіне Ұлпан қалың малын өзі айтып, «Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?»- дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің», — деп кесіп жауап береді. «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан жүрегін жібіткен Ұлпан болды»,—деп суреттейді жазушы. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станса). Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі. Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу—Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет. Ондай қайраткер аналар тарихта болған. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. Осындай ерлікпен, ақылды-даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің жиынтық образы деуге болады. Жазушы жасаған Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. 1930-56 жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби-көркем сын

ХХ ғасыр басындағы әдеби көсемсөз әдебиет сынын тудырып, көркем әдебиеттің дамуы, әдеби үрдіс пен оны зерттеу мәселелерін күн тәртібіне қояды. Көркем әдебиеттің жанрлық түрлері дамып, поэзия, проза, драматургия жаңа ізденістерді көрсетті. Әдеби жинақтарда ауыз әдебиетінің үлгілері мен мұралары жариялана бастады. Бұл басылымдар туралы әдеби пікірлер де жүйеленіп беріле бастады. Кітап шығару ісі алға басты. ХХ ғасырдың алғашқы 20 жыл ішінде бес жүзге тарта кітап жарық көргені белгілі. Бұлар ауыз әдебиетінің үлгілері, діни сюжеттегі көркем туындылар, қиссалар, әдеби жинақтар, әліппелер мен оқу құралдары, көркем туындылар, әдебиеттанушылық зерттеулер. Мамандардың айтуы бойынша, ХХ ғасыр басында 322 кітап қазақ тілінде жарық көрген. Осы кезде жарық көрген М.Нұрбаевтың “Қазақша әліппе”; “Ғалия” медресесі шәкірттері шығарған “Әліппе яки төте оқу”; Қ.Қожықовтың “Әліппе”; М.Көшімовтың “Ақыл кітабы” т.б қазақ тілінің қолданылу мәселелері мен әдебиетті танытуға ерекше назар аударылды. ХХ ғасыр басындағы баспасөзде сол кездегі ақын-жазушылардың туындыларын талдаған мақалалармен қатар әдеби-танымдық мәселелер де көтерілгені анық. Ол талдаулар жанрлық тұрғыдан жүргізілгендіктен ұлттық әдебиеттану ғылымында теориялық ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуына тікелей әсер етті. Қазақ тілінің тазалығы, қазақ өлеңінің құрылысы т.б. турасындағы ғылыми-теориялық ой-пікірлер осы кезеңде ерекше қарастырылды. Заман талабына сай ескі шағатай тіліндегі, араб, парсы әдебиеті әсерінде туған мұралар сынға ұшырап, олар ұлттың жаңа әдебиетіне кері әсер етеді деген пікірлер де орын алды.

“Айқап” журналында қазақ тілінің тазалығын сақтау мен қазақ поэзиясының “ескі” және “жаңа” өлеңі туралы пікірлер айтылды. Осы орайдағы әдеби сынның жетекші рөл атқарғаны туралы арнайы зерттеулер жазыла бастады. Әдебиетші С.Торайғыров мақаласындағы әдеби-теориялық талдаулар “Қазақта” шыққан Ә.Бөкейханның “Ән, өлең һәм оның құралы” мақаласына да тән. Ә.Бөкейхан өнер мен әдебиеттің қоғамдық міндетін анықтап, өлеңді әуен – музыка өнерімен сабақтастыра қарастырады. Зерттеуші талдауларын М.Лютер, Гете, Шопенгауэр, Бетховеннің пікірлерімен дәлелдеп, ғылыми негізге бұрады. ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану саласының тұсауы кесілгенімен ерекшеленетіні белгілі. Алаш ардагерлерінің ұлы ақын шығармаларына қатысты әрбір мақалаларында ұлттық әдебиеттану ғылымының нақты мәселелері көтеріліп, әдеби-теориялық тұжырымдар, әдебиеттің тарихи негіздері қарастырылған. Бұларда Абайдан үйренуге шақыру, оның қазақ әдебиеті үшін үлгілі шығармашылығының қырларын насихаттау басты нысанаға алынған. Атап айтсақ, осы кезеңдерде тек ақынның шығармашылығы жөнінде Ә.Бөкейхан “Абай (Ибраһим) Құнанбаев”. Ғасыр басындағы қазақ зиялылары К.Ысқақұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлының т.б. әдебиеттану саласындағы ойлары тың жаңа ізденістері Т.Кәкішев, Ж.Смағұл, Ө.Әбдіманов еңбектерінде арнайы зерттелгенін айта кету орынды.

6-билет. 1.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ел аузынан жинаған шығармаларының маңызы.

Мәшһүр Жүсіп, 1858 жылы, қой жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау деген жерде дүниеге келген. 1917 жылы патша үстемдігі өзгеріп, кеңес билігі келгенде, оның да отаршылдық жат пиғылын аңғарған Мәшһүр Жүсіп кейінгіні тұспалдап шенеп шығарма жазуын, фольклор үлгілерін жинауын жалғастыра береді. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) – “Дала уалаятының газетіне” мақала жазған, 1907 жылы Қазаннан қатарынан 3 кітап шығарған, артына “Қара мес” аталатын үлкен қолжазбалар қорын қалдырған тұлға. “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз”, “Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” деп аталатын кітаптары кезінде Мәшһүрді “жаңа әдебиеттің бастауында тұрған тұлға” деп тұжырым жасатқаны да рас. 1907 жылы Қазанда қатарынан үш кiтап шығарып, артына “Қара местей” мол мұра қалдырған автордың шығармашылық мәнi туралы ерекше еңбегi – “Мәшһүрдiң ақындығымен қоштасқаны” деп аталады. Бұл шартты атауды қаламгер мұрасын жинаушылар да қоюы мүмкiн. Сөйте тұра Шығыс дәстүрiмен ақынның өз атынан айтылу мүмкiндiгiн де жоққа шығармаймыз. Мәшһүр Алладан келген хабардың хақ екенiн бiлсе де, өткiншi дүниемен кiндiк-тамыры жалғасып жатқан пенде ретiнде мың құбылған заман мен тiршiлiкке “таусылған сабырымен” қарайды. Ақын ойы тепе-теңдiк бұзылып, арыстан орнын – қасқыр, тазы орнын – төбет, көгершiн орнын – қарға басқанын, жалпы бас – аяқ, аяқ – бас болғанын барлап, алаңдайды, қамығады. Дүние бiр жағы бұған налығандай, бiр жағы қуанғандай. Бажайласақ, мұның бәрi өлеңмен қоштасқалы отырған ақынның көңiл-күйi екен.

Жасымнан өлең едi баққан қойым, Жақсылар бас қосқан жер – айт пен тойым. Гүл жүздi, шырын сөздi ерлер кетiп, Тұрарға жер таппады ақыл, ойым. …Үйде мүлiк – өлең болған, түзде – малым, Баршаға мағлұм болған менiң халым. Кеткен соң ақындығым тұра алмадым, Құр сүлде денем қалып, жоқ боп жаным,-

дейдi ақын. Бiрiншiден, ақын сөз өнерiн адамның жаны iспеттес құбылыс деп есептейдi (“жан өлмейдi” деген ислам танымымен салыстыруға болады). Екiншiден, Мәшһүр “сөздiң парқы” деген мәселеге аса көңiл бөледi. Үшiншiден, қаламгердiң “Соқырлар қайдан бiлсiн көз қадiрiн” деген ойында үлкен мән бар. Бұл – “Ақындығының” атынан айтылған сөз. Алайда ол – соқыр деп, көзі емес,көңілі, көкірегі соқыр, надандықты айтады. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әлем жаратылысы, жер мен көк сыры, ислам діні тарихы, ізгілік, хақ жолын іздеген адамдар өнегесіне арналған аңыздарға негіздеп біраз дастандар жазғаны белгілі. Біздің қоса айтарымыз: ақын тек хикаялар емес, өлеңдердің біразын да сол тақырыпқа арнаған. Соның бірі- «Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысың өлеңдері. Мұнда да ақынмен сұхбаттасушы болып адам емес, шартты бейнелер: тырна, қарға алынған. Шартты дейтініміз: сөзбе-сөз ұғынсақ, тырнаның да, қарғаның да тіл қатуы, көне тарихты баяндауы мүмкін емес. Әйтсе де сол шарттылық арқасында адамдар арасындағы келіссіздік сыры, жер бетіндегі тіршілік тарихы соншалық әсерлі де, шынайы жеткізілген. Мәселен, «Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы» туындысында ақын ( лирикалық қаһарман) күзде жылы жаққа қайтып бара жатқан тырнаға көңіл бөліп, оның не бітіргенін білгісі келіп сауал береді. Тырна өз балапандарын өсіріп қайтқанын мәлімдей келе сөз соңында Сүлеймен пайғамбар мен тоты құс әңгімесін келтіреді. Бірде көп балалар тұзақ құрса да, басқа жаққа ұшып кетпей жүрген тотыны көріп, Сүлеймен таңданса, құс бейғам жауабымен ерекшелінеді:

  • Балар қиналады тартып азап,

Тақсыр-ау, қаш демеңіз мені қажап. Тор түгіл, оқ атса да ұстатам ба, Бұларды қылып жүрмін ойын, мазақ (172 б.).

Ақырында «арада бірнеше күн өткізбей-ақ» сол «тотыны ұстап біреу алып» келгенде, «бадырайып жатқан торға неге түстің?»- деген сұрағына тоты жауап қайтарады:

  • Мен торға түспейін деп аспанға ұштым,

Сізбен емес, баламен ерегестім. Жер жүзін өрт алыпты, тегіс күйіп, Көздей жер сау көрінді, келіп түстім. Көрінген өрт боп маған сор екен сол, Сау жер болып көрінген титтей ара, Балалар құрып қойған тор екен сол! (173 б.).

Бұл мысалдан, өз мүмкіндігін шамаламай, алданып, торға түсіп, опық жеуден,- Мәшһүр-Жүсіп өз замандастарына, өзіне сабақ боларлық ұқсастық байқайды:

Мәз болып құр атаққа Мәшһүр-Жүсіп, Қаңбақтай домалаған желмен ұшып. Тотыдай торға түскен біз қаламыз, Бармақтың көлеміндей жерге түсіп (173-174 б.).

ХХ ғ.б. қазақтың отаршылдыққа тап болған тағдырын ақын осылай жеткізеді. Ал, «Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысы» өлеңінде алдымен лирикалық қаһарман ала қарғаның «қарқылдап» мазаны алу себебін сұрайды. Қарға жауап беру барысында көне заманда жер бетін басқан топан су қайта бастағанда, Нух пайғамбар тапсырмасын қалай ұмытқанын, соның сазайын қазір тартып жүргенін дат етеді. Бұл бір жағынан ғылым үшін бағасы зор көне аңызды еске салса, екіншіден, оның адамдар үшін ғибрат берерлік мәніне үңілту жүзеге асқан. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады. Келесі жылыБұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Май­лықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді. Бұлардан басқа қолжазбаларда мы­надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай­ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сары­арқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са­ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша­ныш­қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі­мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара­кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал­алары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа­сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би­лер хақында, жыл басы туралы, Ор­ман­шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған. Мәшһүрдің дүниенің жаратылуы, ғарыш, ислам және жер денелері, адам қалай жаратылғаны туралы ойларын «Жер мен Көк» (1894) қисасында былай баяндаған:

Eкi күн-жер, екі күн көк жаратты, Төрт күнде 6ip-6ipiнe жұп жаратты. Бip caғатта қылуға құдыреті бар, «Пендеме ғибрат болсын!» - деп жаратты

Діндар Мәшһүр Жүсіп пікірінше: «Алла тағала бізге көптеген нығыметтер (тілектер) берген. Олар: осы дүниеде бар болып, тipi жүруіміз он eкi мүшеміздің cay болуы: жеген тамағымыз, алган деміміз, жасаған өміріміздің әр қайсысы Алланың бізге берген игілігі, жақсылығы, нeciбeci». Аллаға жан – тәнімізбен, малымызбен құлшылық, етіп, бүкіл әмірлерін орындап тыйым салған нәрселерінен тиылуымызды «ғибарат» деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]