Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ma_1179_pal_apaydan_bilet_zhauaptary (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.26 Кб
Скачать

2. Ж. Жабаевтың ақындық өнері

40-50 жылдардағы қазақ әдебиетінде ұлы Жамбылдың даусы асқақ та айбынды естілді. Оның мерзімді басылымда күн құрғатпай жарық көрген, бүкіл еліміздің радиоларынан күн сайын дерлік саңқылдап, асқақ шабытпен оқылған, туған елге деген махаббатқа, құрметке толы, жалынды жырлары жеке кітап болып шығып жатты. “Жамбыл. Шығармалары” (1940), “Болат тонды батырлар” (1941), “Майдан жыры” (1942), “Отан әмірі” (1941), “Майдан жыры” (1942), “Алынбас қамал” (1943), “Қамал бұзған қаһарман” (1945), “Шығармалары” (1946) жеке кітап болып ұсынылды. 95 жастағы қарт жыраудың тарихи-саяси жағдайды жете байыптауға мүмкіндігі болмағандықтан республика үкіметі тарапынан, әртүрлі ресми және шығармашылық ұйымдар тарапынан оның әдеби хатшыларына (Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Т.Жароков, Қ.Әбдіқадыров) ықпал жасалып, қарт ақынның сол тұстағы кеңес мемлекеті басшыларын, Сталинді мадақтау да тапсырылғаны, олардың кеңес елін бақытты болашаққа бастайтын тұлғалар ретінде түсіндіруге айрықша күш салынды.

Бүгінде Жамбыл шығармаларын оның идеялық нысанасына емес, көркемдік кестесіне байланысты бағалағанда ғана, ақынның, сол арқылы сол кезеңдегі жалпы халық поэзиясының, ауыз әдебиетінің көркемдік айрықшалықтарын тереңірек түсінуге болады. Бірінен бірі асып түсетін небір айшықты теңеулер, образдар, тұтқиылдан тап басатын эпиттер, айтыс ақындарында жиі кездесетін тәсіл градацияны шебер пайдалану, сол қызумен, сол шеберлігімен жазба әдебиетке, оның ішінде поэзияға ықпал жасау, заман, кезең шындығын образ-категориялар арқылы да айшықтау, сол арқылы халқымыздың ұлттық рухының басылмай, заман ауыртпалығының астында тапталып жаншылмай, қайта іштей буырқанып, булыға қайраттанып, қор жинай беруіне, ұлттық көркемдік ойдың салалана, тармақтала беруіне, көркемдік танымның көкжиегі кеңи түсуіне, халықтың эстетикалық талғамын өз тұрғысынан кемелдендіруіне, рухани ширығып жігерленіп өсуіне зор ықпал жасағанының нақты мысалдары.

Бұл орайда бір-екі мысал келтірумен шектелейік. Ұлы жыраудың ұлы Алғадай майданда мерт болғанда, көз жасын төгіп, жылап айтқан жыры бүкіл қазақ даласының, қазақ халқының көз жасы, ауыр қайғысы болып, байтақ сахараға кең тарады:

Алатауды айналсам,

Алғадайды табам ба?

Сарыарқаны сандалсам,

Саңлағымды табам ба?

Өлім деген у екен,

Мендей кәріп адамға.

Күнде үйімде күңіренем,

Көзіме жас алам да.i

Көкірегін кернеген зар, ауыр қайғы осылайша фольклордағы жоқтау сарынын еске салып, фольклордың ұлттық рухтың алтын қоры ретіндегі қызметін көрсете отырып, халықтың көкірегінде басқыншы жауға деген ыза-кегін оятты, ашу отын тұтандырды. Сол себепті Жамбылдың:

Асқар таудай еліме,

Байтақ жатқан жеріме,

Шапты фашист дегенде,

Ашуменен аралас

Жыр да келді көмейге,

Қаһар қаулап денемде,ii -

деген тегеурінді толғанысы қиындықтан шираған, ашумен кектен шиыршық атқан жалпақ елдің жүрекжарды сөзі болатын. Бұл ретте, әрине, кеңес идеологиясының күллі мемлекеттік көлемде ғажап серпінмен үздіксіз, қисапсыз жұмыс істегенін, соның арқасында “Отаным – Совет Одағы” деген ұғымның қалыптаса бастауына, Ленин идеяларын кезең талабына үйлестіре пайдалануы да көп көмегін тигізгенін ескеру керек. Мерзімді баспасөз беттеріне, жинақтарға ақындардың осы рухта дабылдатып өрлейтін, майдангерлер ерлігін оятуға себі тиетін шығармалар бірінші кезекте іріктеліп алынды. Бұл кездегі поэзиядағы тақырыптық бірыңғай-лықтың орын алуына осындай талап қоюшылықтың әсері тиді.

Мәселен, Жамбылдың “Майдан жыры” (1942) атты кітабына енген жырлар: “Ленин қаласындағы өрендерім” (кейін ақын қайта толғаған соң “Ленинградтық өрендерім” болып өзгерді), “Москваға”, “Қаһарлы Москва қамалы”, “Совет гвардеецтеріне”, т.б. болып келеді. Немесе Нұрпейістің “Таңдамалы” шығармаларында” (1945) “Зор майданға шапшаң бар”, “Сталиндік сұңқарлар”, т.т. тәрізді туындылар бар. Бұл сипат сол кездегі халық ақындарына да, жазба поэзия өкілдеріне де тән

Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы. Ақынның алғашқы кездегі өлең-жырлары. Алғашқы ақындық айтыс, сөз қағысулары (“Кәмшат қызға”, “Жаныс ақынға”, Бөлек қызбен, Айкүміспен қағысулары, т.б.), қоғамдық, әлеуметтік өмір шындықтары туралы шығармалары (“Кедей күйі”, “Жылқышы”, “Қуғын”, “Мәнке туралы”, “Зілді бұйрық”, т.б.)

Жамбылдың Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағамбетпен, Шашубаймен айтыстары. Жамбылдың айтыстағы өнері. Ақын шығармаларының көркемдік кестесі. “Замана ағымы” поэмасы, оның тақырыбы мен идеясы.

Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары (“Отан әмірі”, “Қамал бұзған қаhарман”, “Ата жаумен айқастық”, “Өлім мен өмір белдесті”, т.б.

Ақынның “Москваға”, “Ленинградтық өрендерім”, “Алынбас қамал” атты өлеңдерінің мазмұны мен мәні.

“Өтеген батыр” поэмасының тақырыбы мен идеясы. Ақынның халық аузындағы аңызға байланысты мотивтерді алып, оларға қоғамдық мән бере жырлауы. Дастанның көркемдігі, ондағы мифтік элементтер.

“Сұраншы батыр” поэмасының тарихи негізі. Поэмадағы ерлік, ел қорғау мәселесі, теңдікті аңсау. Сұраншының ерлігін жастарға үлгі тұту. Поэманың образдық жүйесі. Байзақов - импровизатор ақын. Ақынның алғашқы шығармалары. Поэмалары. “Құралай сұлу” (1825), “Қойшының ертегісі” (1925). Бұл екі поэмаға тән ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер. Халық өмірі мен жастардың әлеуметтік теңсіздік, оған қарсы күрес шындығының суреттелу жолдары.“Алтай аясында” (1933-34) поэмасы. Шығармадағы оқиғаның желісі. Ақынның образ жасау шеберлігі. Балағаз, Жоламан, қаутін, қырмызы, құсан, Кәпік, Көбік. “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1939) поэмалары. “Ақбөпе” (1940) поэмасы: тақырыбы, сюжеті. Әмірхан, Тәуке, Ақбөпе образдарының даму, өсу жолы. Ақбөпе образының ақын творчествосындағы үлкен жетістік екендігі. Ақын поэмаларының тіл байлығы. Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, олардың поэтикалық жүйесінде фольклор мотивтерінің қызметі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]