
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет.
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы.
- •Ұлттық газет - журналдардың туу, қалыптасуы мен дамуы.
- •2)Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығы: ағартушылық және рухани ізденістері.
- •2. Ж. Жабаевтың ақындық өнері
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952).
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы
- •2.Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығы.
- •С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарындағы қоғамдық әділетсіздік, надандықтың құрбанына айналуы.
- •1930-56 Жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби-көркем сын
- •«Айқап» журналының тарихи маңызы
- •М. Қалтайұлы шығармашылығы және діни сарын.
- •Ғ.Мұстафиннің 1927-1929 жылдардағы алғашқы қысқа әңгімелері: “Сәрсен мен Мұқаш” (1927), “Кек”, “Қан”, “Қашқын”, “Ер шойын”, “Шағатайдың шатағы”, т.Б. Олардың тақырыбы мен идеясы.
- •2 Сұрақ. Батыр баян поэмасынын тарихи манызы
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” романындағы (1948) жаңа мен ескінің арасындағы тартыс.
- •2. С.Торайғыров «Адасқан өмір поэмасы»
- •3. М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы.
- •Мағжан прозасындағы психологизм.
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.).
Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян
Эпикалық баян – халық тұрмысының фольклорлық-этнографиялық дәстүрін, тарихи оқиғаларды, қайраткер тұлғалар қызметін, шығармадағы мінезделуін, даралануын, географиялық-топонимикалық атаулар мәнісін т.б мәселелерді қамтитын шығармашылық ерекшелік. Эпикалық баян Т.Жароков поэзиясында да орын алған. Мысалы оның М.Әуезов қайтыс болғанда жазған өлеңін айтуға болады. Онда автор: Зерен де ерен-бір тума, Маңдайлы маңға мар қасқа, Қалды ізің өшпес жұртыңда, Өзіңнің орның бір басқа,-деп жазады. Сондай-ақ ақынның «Мұз тұтқыны» қаһарман челюскиншілердің ерлік рухтарын, оларды құтқаруға барған жандардың жан кешті қадамдарын жырлайды. «Тасқынға тосқын» поэмасына инженер-геолог Арманның тіршілік/ң ұстаным-әрекеттері арқылы қазақ азаматтарының мұқалмас рухын, терең білімдарлығын жырлады.
22-билет. І.Жансүгіров –эпикақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары.
Ілияс Жансүгіров - әрі лирик, әріэпик, әрі драматург, әрі сатирик. Ол өз творчествосында әдебиеттің барлық жанрын қамтыды. «Күй» поэмасы 1929 жылы жазылған. 5 тараудан тұратын шығарманың басынан аяғына дейін біртұтас тартылған оқиға жүйесі жоқ. Сюжетті әрекет пен лирикалық толғаныс қатар келіп отырады. Негізгі идеясы – өнер тек қайғы, қасіретті, мұңды айтып, адам жанын жаралайтын сиқырлы күй емес, өмірге жетелейтін қайрат-жігердің киелі қайнары. Қысқаша мазмұны: Бірінші тарауда қобызшы шал Молықбайдың жасы біразға келсе де күй тартатын шеберлігі жырланады. «Ақ көбек», «Бозінген», «Ноғай-қазақ жыласқан» сияқты шығармаларды қобыз тілінде сөйлетеді. Мұнда көп қайғылы, мұңды, күңіренген күйдің бірі – «Бозінген». Екінші тарауда Молықбай шал күй аңызын таратып айтады. Бағылан байға бір бозтайлағы барлық малының құтындай көрініп, соның боталамағанын қайғы көріп,бай балгерге құмалақ аштырады. Ақыры Бозінген боталағанмен, ұры қолына түседі. Бота бір жаққа, енесі бір жаққа кетеді. Шерлі қобыз осы күйді зар еңіретіп тартқанда адамның сай-сүйегін сырқыратады. Лирикалық кейіпкер Бозінген зарын жылаған елдің, күңіренген даланың қайғысы ретінде қабылдайды. Поэманың соңғы бесінші тарауында лирикалық кейіпкер айтынан айтылатын жайттар өмірде Ілияс Жансүгіров өзі басынан кешкен жағдайлармен, ақын өмірбаянымен сарындас. «Күйші» поэмасы 1934 жылы жазылған.17 тараудан тұрады. Поэманың тақырыбы – еркіндік пен құлдық, махаббат пен зұлымдық, өмір мен өлім арасындағы күрес. Идеясы – өлімді, зұлымдықты жеңген өнердің құдіреттілігі. Кейіпкерлер: Абылайдың ұрпағы Хан Кене, Күйші, Кененің қарындасы Қарашаш, қарадан шыққан Сапақ. Қысқаша мазмұны:Кенесары ханның ордасында той болып, күнде той, күнде жиынмен масайрап, мәз болған хан ордасына Сары Үйсін руынан шыққан жігіт келеді. Жалғыз шешесі бар, кедей, ерулікке берер малы, сыйлар дүниесі жоқ, оның ешкім атын да білмейді. Ол өзін Күйші деп атайды. Азан шақырған аты ұмытылып, Күйші атанған. Оның малы, дәулеті – күйі. Сол Күйші хан ордасындағы бай мен бек, билерге күй тартып отыр. Оның ішінде «Асан қайғы», «Терісқақпай», «Сарыөзек» күйлері кездеседі. Күйшіге Қарашаштың көзі түсіп, көңілі кеткен соң басы бүтін сұрап алады. Көзінен жасы сорғалап, еркінен айрылған бақытсыз Күйші зарлап кете барады. Құлағында хан Кененің «Сатса да, сойса-дағы өз еркіңде» деген сөзі қалып қояды. Бұл жерде Кенесары ханның қатыгездігі көрінеді. Поэманың негізгі арқауы – Қарашаш пен Күйшінің арасындағы терең психологиялық тартысқа, адам сезімінің алапат шарпысуына құрылған. Бұдан былай Күйші Қарашашқа ғашық болып қалады. Ғашықтық отынан күйіп-жанып, қиялға берілген Күйші ақыры қиялдан жерге түседі. Қарашаш – төре, бұл – Сарыүйсін. Иісі Дулатқа әйгілі Әлімқұл датқаның ұлы Сапақ өзінше сері. Сол қара түнді жамылып келіп Қарашаты оятам деп пәлеге қалады. Қарашаш қарадан шыққан Сапақ бізді басынды деп, оның елін түгелімен қырып тастамақ болады. Осы оқиғаға куә болған Күйшінің Қарашашқа деген сезімі суып, оны жек көріп кетеді. «Құлагер» поэмасы 1936 жылы жазылған. Шығарманың тақырыбы – сұм заман, әділетсіз ортаның тепкісі. Кейіпкерлер:Негізгі кейіпкер – Ақан. Оның сәйгүлігі – Құлагер. Ақанның ғашығы -Ақмарқа. Сұлу әйел, жүйрік ат, бақ-дәулет өзімде болсын дейтін Батыраш жағымсыз кейіпкер. Оның тұлпары – Көктұйғын. Сағынайдың асы. Күреңбай сыншы. Қысқаша мазмұны: Бір кезде төренің қасына еріп, сұлу сүйген Ақан мәнсіз дырдудан жалығады. Әсіресе Ақмарқа сұлуға үйлене алмай, аһ ұрып қалған соң, көп ортасынан мүлде ажырап қалады. Оның жалғыз жолдасы – тұлпары Құлагер. Ақан сері мен Батыраш бұрыннан бір-бірін білетін адамдар ретінде суреттеледі. Батыраш Құлагерге қызығып, Ақанға кісі салып, құда-тамыр болам деп, алтын жамбы, жесір әйел, үйірлі жылқыға жүйрігін берсін деп сәлем жолдайды. Бұған келіспеген Ақанға кек сақтап, Батыраш ерегіспен Көктұйғын деген жүйрікті баптайды. Ақан мен Батырашты бір-біріне айдап салушылар болады. Олар «Бас бәйгені Батыраш шаппай-ақ алады» деген сөз таратады. Бұған ашуланған Ақан «Осы жолы Көкшолақты бөктіремін» деп салады. Бұған күйінген Батыраш Ақанның отауына келіп, оның кедейлігін, жалғыздығын бетіне басады. Ақан «Құлагер Көктұйғынның басы-көзін су ғып озбаса, атым сенікі» деп серт байлайды.Арқада мекен еткен малы көп бай, жасы тоқсан төртке келіп өлген Сағынайға ас беріледі. Бұл тарау «Ас» деп аталады. Бұл тарауда қазақ өмірі, тұрмыс-салты ерекше суреттеледі. Ат жарысқа 1300 ат қатысады. Күреңбай сыншы Құлагердің жүйріктігін жазбай таниды. «Жалғыз қазық» тарауында Көктұйғынмен құйрық тістесіп келе жатқан Құлагер Көкөзектегі қылтада мерт болғаны суреттеледі. Құлагер өлімін Батыраштан көрген қалың жұрт әуелі көтеріліп, кейін дәлелді айғақ болмаған соң басылады. Айдалада Құлагердің басын құшақтап, зарлап жалап Ақан сері қалады. Ақан сері кісі танымастай өзгереді.