Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ma_1179_pal_apaydan_bilet_zhauaptary (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.26 Кб
Скачать
  1. С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы.

«Айтыс» - бұл поэма дала ақыны мен қала ақынының айтысына құрылады. Мұнда қала ақыны дала ақынына оның топас, білімсіз, жүрек сүйетіндей ештеңесі жоқ екенін айтып, кемшілігін тізбектей бастайды. Өз тарапынан дала ақыны өзінің қазақ екеніне мақтанатындығын, ерікті ен даланың құсы екендігін, Алтайдан Атырауға дейін қоныс етіп, ер түрік ұрпағының даңқы екенін айтып жеткізеді. Өзі патша, өзі царь екендігін де айтады. Сұлтанмахмұттың бұл шығармасын оқи отырып қазақ даласының өмірін көз алдымызға елестете аламыз. Ал қала ақынының айтқан сөздерін оқи отырып қала тіршілігімен танысамыз. Автордың бұл шығармасы мән-мағынасы тереңде жатқан, ашылмаған сырлары көп екі ақын туралы (қала мен дала) тағылымы мол мәлімет береді.

«Таныстыру» - автор қара қазақ пен оқыған адамдарды екі жікке бөліп, әрбір адамға (сол кездегі зиялы қауым өкілдеріне) қысқаша мінездеме жаза отырып, өз ойын бүкпесіз жеткізеді. Өлеңнің басын қара қазақ сөзімен бастайды да екінші шумақта оқыған қазақ Әлихан жайлы сөз қозғайды. Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейхановтарды қара күнде бірі жұлдыз, бірі ай болып жарқырағандарын айтады. Бұлардан өзге Әлихан Ермеков, Халел Ғаббасұлы, Мұқыш Поштайұлы, Жақып Ақбайұлы, Биахмет Сарсенов, Нұрғали Қалжанұлы, Сатылған Сабатаев, Дүрменов сынды азаматтарды тіліне тиек етеді. Бұл адамдардың өмірінен, қызмет еткен жұмыс орындарынан, өзі білген қандай да бір мәліметтерге сүйене отырып өлеңін жазған. Мысалы, Мұқыш Поштайұлы жайлы: өзі юрист, жас жігіт, сөзге шебер болмаса да жастардың арасында жүргендігі туралы жазып өтеді. Ал Биахмет Сарсенов жайлы оның жүріс-тұрысынан, сөзінен қандай кісі екенін біле алмайсың дейді. Ақлы да, айласы да көп, сезгіштігі тағы бар дейді.

Сұлтанмахмұт бұл шығармасында халық арасында жүрген адамдар жайлы айта отырып, олардың оң-теріс ниеттерін, кем-кетік дүниелерін, білімдері мен еңбекқорлықтары, ар-ұждан, абырой, ақыл, парасат, имандылық т.б қасиеттері туралы айтып, бүге-шүгесіне дейін жазып шығады.

  1. Мағжан прозасындағы психологизм.

М.Жұмабаев шығармашылығын зерттеуші Ш.Елеукенов былай деп жазады:  «Шолпанның күнәсі» атты әңгіме, сөз жоқ, қазақ прозасының көркем дамуындағы ірі қадам, қазақ әдебиеті психологизміне соны дем бітірген шығарма". Автор «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекелеген әйел образы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның жан сырын ашып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар. Жанры жағынан қарастырғанда бұл шығарма – психологиялық әңгіме. Шолпанның өзгеден оқшаулығы-өзінің сүйгеніне, жүрегі қалаған адамға тұрмысқа шыққандығында. Ол кезеңде сүйгеніне тұрмысқа шығу- қазақ қыздарының арасында сирек кездесетін жайт. Бұл әңгімедегі бар оқиға, сыртқы әлем Шолпанның санасындағы құбылыстар арқылы өрбиді. Шолпанның өмірі де ойлау логикасы да өзгеше, ешкімге ұқсамайды. Ол – ойдың адамы, сондықтан да ол көп қателеседі. Баланы керек етпеген қателігін Шолпан кеш те болса, түсінді, түсінді де бармағын тістеді. Сүйгені Сәрсенбай бала сүйгісі келеді екен. Сол түннен бастап Шолпанның ойына не келіп, не кетпеді, не істеп, не қоймады. Қолынан келгенің бәрін істеді. «Пірәдәр келін» де атанды, молданың сасық түкірігін де жұтты. Бір бала үшін дүниеден баз кешіп кеткен ол ақырында беттегі арын белге түйіп, күйеуінің көзіне шөп те сала бастайды. Осының бәрі сүйгені, соның бақыты үшін жасалған әрекеттер. Алайда, оның ойын да, жанын да, түсінер жан табылмады. Жанына жалау болар жалғыз жары да оның ойының тілегінен тысқары болады. Тәңірден сұраудан, тәуіптен емделуден бала болмасын білген Шолпан басын өлімге тігеді. Ол елдің өсегіне, құдай алдыңдағы күнәден де қорқпай Сәрсенбайдың бір ғана тілегі- бала үшін Әзімбайға келісім береді. Бұл, әрине, арзан мінез, жеңілтек қылық емес. Мұндай қадам тек батыл әйелдің ғана қолынан келмек. Шолпанға елдің сыпсыңы емес, Сәрсенбайды бақытты ететін бала керек. "Өмірдің әрбір минуты сайын Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір ұшқыны өліп жатты." Бірақ бала болмады. Қазақтың " Ұрлық қыл да мал тап. Ойнас қыл да бала тап" деген мақалына сүйінген Шолпан шын шатасты. Осы бұзық ой келген сәттен бастап "баланы кімнен табу керек" деген сауал мазалайды. Ақыры болашақ баласына ата болар адамға -Әзімбайды таңдайды, жастығы, тектілігі, деңсаулығының мықтылығына дейін таразыға салып, санасынан өткізіп әбден елеп-екшеуі Шолпанның тегін әйел еместігін, кең масштабты ойлайтын ақылды Әйел-ана екендігін дәлелдесе керекті.

Бір ғажабы біз Шолпанның түр-түсін де жөндеп танымаймыз, ол сұлу ма, жоқ әлде көріксіз бе, түр-тұлғасы қандай? Кейіпкер бізге Шолпан емес, оның ойы, санасы секілді. Өйткені, әңгімеде сана кейіпкердің рөлін толығымен атқарып тұр. Көз келген психологиялық шығармада оның табиғатын ашатын тәсілдердің қолданылатыны хақ. Жазушы тіршілік үшін, бала үшін ешбір жолдан тайынбайтын әйел бейнесін сомдаған. Әңгіме соныңда автор кейіпкерін азапқа салып өлтіреді. Психологиялық талдаудың күшті компоненті - ішкі монолог. М.Жұмабаев ішкі монологты әңгіменің өн бойында ұдайы пайдаланып отырады.

«Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі терең психологизм, ішкі монологтың барлық мүмкіндігін пайдаланып керемет шығарманы тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]