- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет.
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы.
- •Ұлттық газет - журналдардың туу, қалыптасуы мен дамуы.
- •2)Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығы: ағартушылық және рухани ізденістері.
- •2. Ж. Жабаевтың ақындық өнері
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952).
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы
- •2.Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығы.
- •С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарындағы қоғамдық әділетсіздік, надандықтың құрбанына айналуы.
- •1930-56 Жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби-көркем сын
- •«Айқап» журналының тарихи маңызы
- •М. Қалтайұлы шығармашылығы және діни сарын.
- •Ғ.Мұстафиннің 1927-1929 жылдардағы алғашқы қысқа әңгімелері: “Сәрсен мен Мұқаш” (1927), “Кек”, “Қан”, “Қашқын”, “Ер шойын”, “Шағатайдың шатағы”, т.Б. Олардың тақырыбы мен идеясы.
- •2 Сұрақ. Батыр баян поэмасынын тарихи манызы
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” романындағы (1948) жаңа мен ескінің арасындағы тартыс.
- •2. С.Торайғыров «Адасқан өмір поэмасы»
- •3. М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы.
- •Мағжан прозасындағы психологизм.
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.).
3. М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі.
М.Әуезовтің Қорғансыздың күні повесі. Әңгіме өзегі кең сахараның иен бір түкпірінде үйткіген боранды қыста жападан жалғыз қыстауда жақында ғана азаматынан және оның кіндігінен туған жалғыз ұл баладан айрылып, қасіреттен қан жұтып отырған: бірі төрінен көрі жақын кәрі кемпір, екіншісі көзі су қараңғы жесір, үшіншісі ендігі бір үйдің жалғыз сүйенері, соңғы үмітіндей болған күнәдан пәк он үш жастағы Ғазиза – осынау бейшара үш әйелдің басындағы қисапсыз тауқымет, шеті-шегі көрінбес қасірет. Мұның барлығы аздай, енді оларды басынып, қаралы отауға бата жасағансып келіп отырып, өз үйінде зорлықпен жас қыздың абыройын төккен Ақан деген болыстың айуандығын әшкерелейді. Қорлық пен мазаққа, сұм дүниенің тозағына көне алмаған Ғазиза ғазиз жанының соңғы зарын айтуға боранды түнде әкесі мен бауыры жатқан молаға жетіп, аязды далада қатып өледі.
Ал, Ғазиза кім еді?! «Ол – сыпайы, нәзік болып өскен Ғазиза: жіңішке сұңғақ бойлы, азғана секпілі бар дөңгелек ақ-сұр жүзді Ғазиза. Көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас… бұл бала жасынан көкесінің жалғыздығын, ағайындарының достығы жоқ қаттылығын ойлап, сыртына шығарып ешкімге айтпаса да, сол әкесіне жаны ашып, тілеуін тілеумен өскен. Ол көңілді болғанда бұл да көңілденіп, қуанып отырушы еді. Жасынан сезімді бала зерделілігімен әкесінің жалғыздығын, шаруасының нашарлығын ұғып, соған қолынан келгенше көмек қылғысы келіп тұратынын сезген соң, үйіші түгелімен Ғазизаны әлпештеуші еді». Енді бір үйдің бар ауыртпалығын талдырмаш денесі қайыса жүріп көтеретін жалғыз тірегі, жалғыз алданышы, шырақ сәулесі, соңғы үміті.
Бұл шаңырақтың басындағы ауыр хал әңгімеде «қонағы бір елдің болысы болған соң» әйтеуір бір үміт қой деген кемпірдің аузымен айтылады: «…бұл арада отырған елде адам секілді адам бар ма? Ұрғашы секілді жыбырлаған ұсақ. Қорыққанына ғана жауап беріп, қорықса ғана айтқаныңды істейтін сұмдар емес пе?! Міне – менің Жақыбым өлгеніне екі ай болды. Біреуі туысқан болып: бишара, жайың қандай, шаруаң не күйде деп, есіктен қарады ма екен. Қайта үйімізге келсе, шетінен тысырайып, жуанымсып келеді. Ылғи жетім-жесір деп қызығып анталап, бір нәрсемізді аузына түсіріп алғысы келіп тұрады. Ұялмағырлар ұялмастан бізді жегісі келіп тұрады. Мен сорлы балам өлгеннен бері солардан көрген зорлығымды айтайын…», - деп, бөтен емес, өз ағайын-туысқандарының бұл үйдің еркегі өлген соң бірі малын тартып әкетіп, бірі қалған-құтқан түкке тұрғысыз дүние-мүлкіне қызығып, енді басқалары әйелдердің өзін таласқа салып жүрген барша қиянаттарын ақтарады.
Кемпірдің үміттеніп, зарыма құлағын түре жүрсін дегендегі Ақан болыстың болмысы мынау: «…күндегі өмірінде бұл секілді талай жауыздықты көріп, өзі де сондайлардың ішінде болып жүргендіктен, мына естіп отырған сөзінің бәрі көңіліне таныс, таңғаларлық тамашасы жоқ… бұл адамның іші жақсы сезімге жат болып кеткен бір күңгірт дүние сияқты. Өз басына келген болмаса, бөтен кісінің басына келген ауыртпалық пәле болып көрінбейді. Оның тартқан қасіреті көңліне қонбайды, сезіміне сіңбейді, тіпті ұғылмайды». Кемпір тыңдаған адамның төбе құйқасын шымырлатарлық мұң-зарын төгіп отырғанда екі көзін Ғазизадан алмай, арам ойлардың жетегінде отырған бұл надан кеуде көрсоқыр пенде о бастан қасындағы жандайшап атқосшысы Қалтайдың жымысқы жоспары бойынша пасық пиғыл, сұм ниетпен тоқтаған еді. Ақыры, түн қараңғысын жамылып қорғансыз жанға қорлығын батырып арамза ойларына жетіп тынады. Жақында ғана азаматынан және ерке кіндікті ұл баладан айырылып қос қазаға ұшырап отырған қаралы үйге бата жасағансып келіп: Құдай ісі сыпайышылық, ақырының қайырын берсін!,- деп көңіл айтқан бола отырып, енді сорлы шаңырақтың жалғыз тірегі, сүйеніші болып қалған әлсіз, нәзік Ғазизаны басынып қорлап кеткен қазақ мырзасының ісі дін-исламға жат, құдайшылықтан мақұрым өлшеусіз күнә болуымен бірге, адамдыққа симайтын, тіпті айуандықтан да алыс қылмыс еді.
«Ғазиза зорлықтан босанғанда есі ауыңқырап, көңіліне дүние дүниелігін жоғалтқандай, өзінен алыстап бара жатқандай болып көрінді. Бұл сезім – бұл уақытқа шейін көңіліне келмеген аса жат бір суық сезім… қорлық мазақ көрген Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кетті. Жастығына лайық болған үміт, хиялдың бәрі де ойын басқан қараңғылыққа батты, көңліндегі өмір сүрсем деген оттың ақырғы жалыны сөнді». Сөйткен Ғазиза бишара болған шешелерім ақырғы қайғымды көрмей-ақ, білмей-ақ қойсын! Қайғылы бір сыр көрге бірге-ақ кетсін деп ақырғы арман-зарын айту үшін әкесінің зиратына жетіп, моланы құшақтаған күйінде аязда үсіп өледі.
Жиылған ағайындары көп іздемей-ақ екі жас бейіттің арасынан Ғазизаның сүйегін тауып алғанда «әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерде берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған: ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жоқ, мен тазамын», – деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар».
Шындығында, «Қорғансыздың күніндегі» қорғансыздар Ғазиза, оның соқыр шешесі, кәрі әжесі емес – жалпы, ұлт, әлеумет, халық. Мұндай панасыз, қорғансыздық күйдің белгілері, ол сонау сахараның бір шетіндегі: көруге аса көңілсіз, бауыры бораннан босамайтын, жел терісінен соқса да, оңынан соқса да паналығы жоқ азынап тұрған дала, дәурені өтіп кедейлік басқан, көңілсіз салқын өмірге түскен кәрілер бастаған ел-жұрт, иесіз аңырап, ұмытылып қалған бірдеңе секілді, тозығы әбден жетіп, бұрыш-бұрышының қыры кетіп жұмырланған ескі үй мен қора, басы қара қожалақ кішкене төбешіктің үстіндегі таудан соққан ызғырық жел топырағын ұшырып жатқан екі бейіт, қабырғалары қара балшықпен сыланған кір, сәнсіз, ретсіз үйіле салған пешінде жылтыңдыған оты да әлсіз қараңғы, мұз қатқан суық, оңған мүлкі де жоқ ұсқынсыз үй іші. Бұл үйдің барлық жаны – үш-ақ әйел болса, олардың әрқайсысы әр ұрпақтың өкілі, бірі – кәрілік жеткен кемпір, екіншісі -орта жастағы соқыр әйел, үшіншісі – балалық пен жастықтың ортасындағы талдырмаш денелі қыз. Алайда үшеуінің, яғни бір халықтың үш буынының көріп отырған жетім-жесірлігі, тауқыметі мен азабы бір және бұдан шығудың да қандай да бір жолы көрінбейді, білінбейді. Ол аздай, бұлардың басына қорлық үстіне қорлық, қиянат үстіне қиянат қабаттаса түспек.
Автор Ғазизаның көрген мазақ, қорлау, рәсуалауға қарсы ойына келген ең шешуші қадамға барар алдындағы күйін:«Барша басынан кешірген жетімдікке, бейнетке, жалғыздыққа, қорлық-мазаққа түгелімен қарсылық ойлады. Өмірінде сыртына шықпаған ашу, ыза, намыс барлық еркін билеп, дуылдап басына бір-ақ шықты… қайғылы бір сыр көрге бірге-ақ кетсін дегендей болып, тысқа шықты… бишаралық, иесіздіктің таңбасы басылған ескі лашықтың ішінде Ғазизаның балалығы, еркелігі және қайғысы, қасіреті қалды. О да бірге көмілмек. Барлық жүрегіне жылы жақындары, нәзік қылып өсірген ұясы қалды…», – депбаяндайды. Осындағы: жетімдік, бейнет, жалғыздық, қорлық-мазақ жалғыз Ғазизаның емес, барша жұрттың басына орнап отырған жай емес пе, бишаралық, иесіздіктің таңбасыжетім үш әйелдің лашығының ғана емес, тұтас қазақ даласының кешкен күйі болатын ол дәуірде.
15-билет. 1-сұрақ. Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы.
1910 жылы Орынбор баспасынан («Кәримов, Хұсаинов уә шәрикәсінің матбәғәсі») шыққан «Көкселдір» атты жинақтың (Ғұмар Қараш құрастырған) титул бетінде Шәңгерейдің басына – бөрік, үстіне ішік киіп түскен келісті суреті сақталған. Біз үшін ақын Ш.Бөкейұлының «Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Таудағы тас ұядан», «Бура санды, ақ таңды», «Құйрық атып құлия» атты философиялық өлеңдері ерекше мәнге ие. Бұл шығармаларында Шәңгерей айрықша ой мен бейнені үйлестірген керемет суреткер ретінде ғана емес, ұлтының кешегі, бүгінгі һәм келешектегі хал-ахуалын салыстыра байыптаған, болжай зерделеген ақыл қайраткері ретінде көрінеді. Ақын дүниенің жалғандығын, қазаның жайын «піл сауырлы қара» жер қойнына алғанда да ойлап жататынын тереңінен толғай жазады. Қаламгердің әрбір ой, қиял сәттері, арман-мұратының иманға негізделген құбылысы дала аң-құсының, сахараның сәулелі аспанының қимыл-қозғалысымен, сурет-бейнесімен астасып, бұрын-соңды кездеспеген үйлесімділік табады. Шәңгерейдің ғұмырбаянына келсек, ол 1847 жылы бүгінгі Батыс Қазақстан облысының Орда жерінде дүниеге келген. Тегі – төре яки Шыңғыс хан тұқымы. Өзінің жазуына қарағанда, әке-шешеден 5 жасында жетім қалған. Шәңгерейде де көшбасшы iздеу сарыны аңғарылады. Сойы ақсүйек ақынның хан рухын аңсаған кезi аз болмады. Бұл түсiнiктi де. Бодан кезде бостан кездi армандау заңдылық. Сондықтан ақын ұлт азаттығы үшiн басын бәйгеге тiккендердiң сапында жүруден қашпайды. Мұны “Ағасың ақылың артық асқармен тең” деп басталатын өлеңдегi:
Асылдың арқар ұранды тiреуi сен,
Ала ту Абылайдың ала аттансаң,
Аламан артыңдағы бiреуi мен,-
деген жолдардан көремiз. Шәңгерей Бөкеевтің бізге жеткен шығармалары аз болғанымен, оның сол аз мұрасының өзінен де ақынның жазба әдебиетіміздің тамаша бір өкілі болғандығын көреміз. Шәңгерей, негізінен, көңіл күйі, махаббат, табиғат лирикасын жазған үлкен лирик. Ол - халқымыздың бай ауыз әдебиеті мұраларынан, орыс, татар әдебиеттерінен нәр алған ақын. Өлеңдерінде кездесетін шешендік өрнектер, нақыл сөздер, қара өлең, қайым өлеңде кездесетін қайталау үлгілері ауыз әдебиеті дәстүрінен өрбиді. Кейде Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз жыраулар мұрасының әсері де танылады. Ақын өлеңінің жаңа түрлерін, тың көркем бейнелі сөз тіркестерін жасап, өлеңнің бейнелілік сипатын, қуатын арттыруға күш салған. Ұтымды теңеу, салыстырулар тауьш, орайын келтіріп, тың сөз тізбектейді. Қазақ поэзиясының ардагері, діндар Ғұмар Қараштың сөзімен айтқанда «Мұңлы ауһаз шығарып, Шайырлар толғай тұрғанда, Таң сазында жаздықтың, Ескен саба желімен, Жапырақтай сілкінген» Шәңгерей ақын шығармалары ұлт руханиятының мүбәрак қолындағы тәспінің тасындай болып қала береді.
2-сұрақ. Б.Майлин - әнгіме жанрының шебері.
Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. Алғашқыда мұғалімдік қызмет атқарған (1916-1919). Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932).
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Жазушының проза саласындағы тұңғыш еңбегі ("Шұғаның белгісі" (1926). Повестің тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шұғаның, Әбдірахманның образы. Шығарманың сюжеті мен композициясы.Жазушының повестері ("Он бес үй", "Қырманда" (1933)), әңгімелерінде ("Колхоз қорасында", "Арыстанбайдың Мұқышы", т.б.) көрініс тапқан өмір құбылыстары.Жазушының "Раушан - коммунист" (1920) повесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы ("Жалбыр"), ("Біздің жігіттер" 1936), "Майдан"), (Талтаңбайдың тәртібі"), ("Аманкелді").Бейімбеттің бір-екі актылы, пьесалары ("Шаншар молда", "Ауыл мектебі", "Неке қияр", "Қос қақпан", "Көзілдірік", "Жасырын жиылыс", "Келін мен шешей").Бұлардың сол кездегі қазақ даласындағы ескіліктің калдықтарын сынаудағы мәні, жанрлық ерекшеліктері."Майдан" (1931) Бейімбет творчествосында ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының күрделі де көлемді шығармасы. Тақырыбы мен идеялық мазмұны. Пьесаның оқиғасы, тартыс сипаты. Досан, Орынбай, Махмұдовтардың образы. Пьесадағы сөз бен іс. Ғабит Мүсіреповпен бірігіп жазған "Аманкелді" (1936), және "Жалбыр" пьесаларында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрінісі, қазақ халкының өз бостандығы үшін күресінің шынайы суреттелуі."Талтаңбайдың тәртібі" (1934) — қазақ драматургиясындағы тұңғыш сатиралық шығармалардың бірі.(бір әнгімесін оқып айтып кетіңдер)
3-сұрақ. Б.Соқпақбаев шығармашылығы.Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосы) — қазақ жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жүлдыз», «Балдырған» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952–70). «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы, «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалықшаққа саяхат», «Дала жүлдызы» (1960), «Аяжан» (1963, орыс тілінде 1965), «Гауһар» (1966) повестерін жазды. «Менің атым Қожа» (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазакфильм» студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). «Менің атым Қожа» фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б. Соқпақбаев «Бозтөбеде бір қыз бар» (1958), «Әпенденің айласы» (1960), «Менің атым Қожа» (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б. Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған «Өлгендер қайтып келмейді» романы (1940–1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969). (менің атым-Қожаның мазмұнын айтып кетерсіңдер)
16-билет. 1. Әлихан Бөкейхан және жаңа әдебиет.
Әлихан Бөкейханның ғылыми, көсемсөз, әдеби мұрасының ішінде жеке кітаптарға арналып жазылған, бірқыдыру мақала, рецензиялар бар. Алғашқы Құдайбердіұлының “Түрк, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі” (“Қазақ” газеті, 1913, № 12) кітабы сөз болады. Шежіре неше бет, бағасы қанша, қашан басылды, бұрын мұндай еңбектің шықпағандығы, тарихи мәнділігі айтылады да, кейбір нақты мәселелер сараланады. Әсіресе керей руының тарихы, олардың бір кезде христиан дінінде болғандығы, кіреш таңбаны зиратқа, малға басу себептері көрсетіледі. Шәкерім деректеріне қосы Әлихан “Адамзат тарихы” кітабынан, Н.Н.Пантусов зерттеулерінен, географиялық қоғам жазбаларынан қосымша дәйектер келтіреді. Қырғыздардың мөлшермен 1200 жыл шамасында Сібірден Алатауға қоныс аудару себептеріне назар аударылады. Абақан Аша, Қырғыз, Том, Енесай секілді топонимдерге мән беріледі. Алаш ұраны – қалмақтар Ахмет ханды Алаша деп атағаннан шықты деген Шәкерім болжамына орай Әлихан тарихи ұқсату тәсілін қолданып, неміс сөзін орыстар қалай шығарғанын айта келіп, бұл мәселені терең зерттеуді, Найман, Тама елдері жайлайтын Ұлытаудағы, Қаракеңгір бойындағы Алаша, Жошы хандар бейіттеріне қатысты ескі әңгімелерді, көне заманда туған көшпелілер өмірінен хабар беретін өлеңнен, Кеңгірбай биге Қараменде бидің арқылы да Әлихан өз пікірлерін дәлелдей түседі. Автор ғылыми дәлдіктен ауытқымайды. Шәкерім сөздерін қай беттен алғанын нақты көрсетеді. Және бір сын мақаласын Әлихан тағы да Шәкерім туындысына арнаған. (“Қазақ” газеті, 1915, № 121). Бұл жолы 1912 жылы басылған “Қалқаман-Мамыр” дастаны талданады. Әуелі Шәкерімнің шежіре жазғандығын, Абайдың ағасы Құдайбердінің баласы екендігін, Абайдың көзі тірісінде көлеңкеде жүргенін, Иван Гусев деген орыс жазушысының “Шәкерімнің білімі қазақта жоқ екен” деген сөздерін келтіріп, “Мұсылманшылық”, “Қазақ айнасы”, “Жолсыз жаза” кітаптарын шығарғанын айтып алып, содан кейін “Қалқаман-Мамырға” ойысады. Әлиханның көркем шығармаға қояр талабы ұлы жазушылар Абай, Пушкин, Лермонтов, Шекспир, Толстой биіктеріне орайлас, тарихи шындықты дәл берген туындылар қатарында “Патша Борич Годунов”, “Көпес Калашников туралы жыр” айтылып, Шәкерім дастанын сол өлшеммен қарауға талап жасайды, “Белинский сөзге ақын емес, ойға ақын еді” деп те ескертеді. Қазақ ақыны да жұрттың салтын, мінезін, іс қылығын терең көрсетсін деген шарт айтылады. Осы биік тұрғысынан Шәкерім поэмасы талқыға түседі. “Дүниеде адам баласы айналып өтпес екі-ақ көпір бар: бірі - өлім, бірі - махаббат” дей келіп, Әлихан осы ретте поэманың мықтылығы мен олқылығы қай тұстарда деген сауалдарға жауап береді. Қалқаман, Мамыр, Көкенай мінез-әрекеттеріндегі сенімді-сенімсіз жәйттерді көрсетеді. Әдеби шарттылық емес, өмір шындығы, заман мінезі дұрыс көрсетілген кезде туған өлеңдерді сыншы дәл тауып, дұрыс көрсетіп отырған. Қазақтың тұрмыс-салт заңы, шариғат талаптары, махаббат бұйрығы – осылардың поэмадағы көрінісі деген сауалдарға Әлихан толымды жауап береді. Негізінен шығарманы жоғары бағалай отырып, ақауларды да тап басып айтады. Ең соңында оқырман жайына ауысып, кітаптың таралуына мән беріп, “Қобыландыны” елдің талап әкеткенін ескертіп, Ахметтің “Масасы” секілді жаңа емлемен басу жақсы екендігін көрсетеді. Әлихан қаламынан шыққан ең көлемді әдеби, ғылыми, фольклорлық еңбек – “Қарақыпшақ Қобыланды” деп аталады (“Қазақ” газеті, 1915, № 126-129). Бұл – шағын 8 бап, бөлімшеден тұратын бас-аяғы дөп-дөңгелек, ықшам ғана монографиялық очерк, әйгілі халық жыры туралы жұп-жұмыр зерттеу, бірінші бөлімшеде “Қарақыпшақ Қобыланды” жырының мазмұны қысқаша ғана баяндалады. Тоқсандағы Тоқтарбай мен алпыстағы Аналықтың бір перзентке зар болып, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып, құдайдан бала сұрап, әулиеге түнеп, түсінде аян бергенін, тоғыз ай, он күннен соң алпыстағы Аналықтың бір ұл, бір қыз тапқаны, олардың аттары Қобыланды, Қарлыға қойылғандығы баяндалады. Қобыландының қызылбас еліне жорығы. Көклан кемпірмен кездесуі, жүз құлаш биіктен теңге атып түсіріп, Құртқа қызға үйленуі, қалмақ Қазанды шабуы, Көбіктімен шайқасып, қолға түсуі, құтылуы, Алшағырмен қақтығыс, ақырғы жеңісі, мұратқа жетуін сыншы қысқа ғана баяндап береді. Зерттеуде ерекше мән берілген мәселе – жырдағы Қобыландының өмірде болған, болмағандығы, мұндағы айтылған жәйттердің, баян етілген оқиғалардың тарихи деректермен сәйкестігі және сәйкес еместігі. Сол үшін автор Шәкерім, Шоқан, белгілі башқұрт ғалымы Ахмет Заки еңбектеріне сілтеме береді. Ғалым тарихи шолу жасап, мойындалған дәлді фактілерді келтіре отырып, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы нәсілінен шыққан Тоқтамыс хан заманындағы Едіге, Ақсақ Темір соғыстарын айта келіп, сол дәуірдегі Қобыланды батыр әрекеті 14 ғасыр ортасына лайық екенін көрсетеді. Арғын биі Дайырқожаның әділдігі үшін Ақжол аталуы, Әбілхайыр ханның қазысы болуы, оның күндестікпен өлтірілуі, осы орайда туған тарихи жырға, Шәкерім мәліметтеріне сүйеніп, Қобыланды қызылбас та емес, қалмақ та емес, қазақтың өз ішінде күрескен деген пікір түйеді. Бұл 15 ғасыр Жырда айтылатын қазан хан да Жошы нәсілінен. Ол шамасы 1300 жылдары өмір кешкен. Тағы бір Қазанхан 1332 жылы таққа отырыпты. Қарақыпшақ Қобыланды осы 1347 жылы опат болған. Қазан ханмен соғысуы мүмкін деген тұжырым жасалады. Зерттеуші жырда айтылатын Алшағырдың түп-тұқиянына зер салып, Өзбек хан, Орақ батыр, ағайынды қырғыз батырлары Абантай, Тайлақ дәуірлеріне де көңіл бөледі. Шоқан жазып алған “Манас” жырының “Көкетай асы” бөліміндегі Көкетай мен Көбікті хан арасынан байланыс іздейді. Расында да Көкетайдың мәнгені шатырдай боз ат. Көкетай ханның қызының аты да Қарлығаш.Осындай сан-алуан деректерді келтіре отырып, Әлихан Бөкейхан “Қарақыпшақ Қобыланды” жыры бір оқиғаның көрінісі, бір белгілі адамның ғұмырбаяны емес, ақын қиялы екшеп, өзгертіп, көптеген қоспалармен жаңғыртып жасаған көркем шығарма деген байлам жасайды. Жырды халықтың тұрмыс-салтын, тіршілік болмысын көрсететін рухани мәдениет ескерткіші ретінде бағалап тануды ұсынады. Ең алдымен ғалым “Қарақыпшақ Қобыланды” жырына кейінгі дәуірлер әсерінен қосылған жамауларды өте дәл, нақты көрсетіп, кей тұста “Сал-сал”, “Зарқұм” қиссаларына ұқсап кеткендігін үлкен кемшілік, халық мұрасының қадірін түсіру деп санайды. Қобыландының аударыспақ ойнап, көкбар тарту орнына, теңге алып ойнауын, Тайбурыл атқа жемге қызыл дәрі қосып жегізуін, Қобыландының ашытып бал ішуін зерттеуші кейіннен қосылған берідегі ақындардың қолтаңбасы екендігін ажыратып, сол сияқты солдат, сухар, медаль, шай, алтыатар, сағат секілді сөздерде Қобыланды заманының шындығын бере алмайтынын дұрыс көрсетеді. Автор “Қобыландыға” заманына ұқсамайтын жырларды, қазақ жұртының мәдениет тарихына ешбір пайдасы жоқ өлеңдерді әлгі “Сал-сал”, “Зарқұм” дағы құл және надан ақындар қосқан деп ашынады. Жырдағы қазақтың ескі наным-сенімін, тұрмыс-салтын шындықпен көрсететін суреттерді Әлихан Бөкейхан дәл тауып, жіті көрсетіп, ерекше мадақтап отырады. Қобыландының Қазан ханның қаласын алуы, Тайбурылдың шабысы “шын қазақ ақынының сөзі-ау” деп қошемет етіледі. Әлихан Бөкейханның фольклоршы ретіндегі ой-тұжырымдары “Қазақ жыры “Қобыландыдағы” әйел бейнесі” (1899) деген орысша жазылған еңбегінде жалғаса түседі. Ол 1899 жылы “Туркестанские ведомости” (Ташкент) газетiнiң үш нөмiрiнде жарияланған. Бұл еңбегiнiң мақсатын автор былай көрсетедi: “Екi сенiм тоғысында мәжуси қазақ әйелi кiм едi, ол қайтiп мұсылман болды, әйелге деген мұсылман қазақ пен мәжуси қазақтардың көзқарастары қалай едi – деген қызықты сұраққа “Қобыландыдан” артық ешқандай жыр жауап бере алмайды. …Бiз осыны қарастыруды жөн көрдiк”. Қаламгер Аналық, Құртқа, Көкiлан (Көктен) кемпiр, Қарлығаш, Қарлыға бейнелерiндегi ерте дәуiрдiң таным тамтықтарын, тарихи шындық жұқанасын зерделейдi. Бұдан Әлихан жырдан таза тарихи шындық iздеп отыр деген ой тумауы керек. Қаламгер теориялық тұрғыдан фольклор жiтi сараланбаған кезеңде бiлiмдi адам ретiнде оның танымдық астарына үңiледi. Қаламгерлiк ныспысына “Қыр баласы” деген атауды қалаған автор қазақ даласы-алаш менталитетi-ұлт өнерi байланысын да қисынды түсiндiредi: “Көрiктi болмаса да кең жазиралы, бөтеннiң қолы жетпейтiн қазақ даласы перзенттерiнiң бойындағы бұлалықты, саф ұлттық сипатты, халықтық даралық қасиеттi ұзақ уақыт сақтап келдi. Дала-ана өзгенiң ықпалынан қорғағандықтан, қазақтар дәстүрiн, мiнез-құлқын, өмiр сүру салтын сол күйiнде сақтады. …Ұлт ұйысты. “Алаш” деген ұранға тiк тұрып, бауырына көмекке келдi. …Қазақтың осы ерекше және қызық өмiрi айнаға түскендей, бай һәм сан салалы ауызша поэзиясынан көрiндi”.
Ә.Бөкейханның әдебиет хақындағы алғашқы күрделi мақаласынан-ақ ғылыми даярлығы бар екенi байқалады. Мұны бiз автордың өз бетiнше құнттап жинаған бiлiмi деп есептеймiз. Көлемi әжептәуiр бұл зерттеу көркемөнер мен тарих байланысын зерделеудiң бағдарын аңғартады. Қаламгер шын тарихтың эпикалық санада жаңғыруын байыптайды. Мақаланың ой астарынан: қазақ тарихын жоқ деме, қазақ поэзиясын осал деме, эпикалық сананы тұрлаусыз деме – деген автор пiкiрiн ұғамыз. 1914 жылы Қазанда “Үмiт” баспасынан Қостанай уезi, Қарабалық болысының қазағы Бiржан Толымбайұлының жырлауын Махмұдсұлтан Тұяқбайұлы қағазға түсiрген “Қарақыпшақ Қобыланды батыр” жыры нұсқасына Ә.Бөкейхан 1915 жылы “Қазақ” газетiнiң бетiнде пiкiр бiлдiредi. Бұл мақаладағы автор идеясы еңбектiң эпиграфынан көрiнедi. Оған қаламгер Абайдың “Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы” деп басталатын өлеңiнiң алғашқы шумағы мен екiншi шумағының екi тармағын лайықтап алыпты. Яғни, Әлихан жыршы Бiржан айтқан “Қобыландының” көркемдiгiн сараптауды ойлаған. Сөйте тұра, қаламгердiң аталған жырды саралау тәсiлi “тыңнан жол салғандай”. Автор алғаш тарихи Қобыланды кiм болуы мүмкiн және жырдағы оқиғалар қай дәуiрлердiң елесi деген сұраққа Шәкәрiм, З.У.Тоған, Шоқан еңбектерiне сүйене отырып жауап iздейдi. Қаламгер өмiрдегi Қобыландыдан гөрi жырдың негiзiн құраған тарихи дәуiрлердi iздеген тәрiздi. Аталған мақаласынан Әлиханның тарихи шарттылықты түсiнгенiн байқау қиынға соқпайды (“Қазақ тарихына файдалы сөз “Қобыландыда” аз көрiнедi”). Ә.Бөкейхан осы еңбегiнде тарихи дәуiр сипатын анықтайтын екi белгi (“тарихтың сарын жолы”) бар деген қорытындыға келедi. Оның бiрi – “соғыс iстерi”, екiншiсi – “жұрттың болмыс-салты, рухани мәдениетiнiң дәрежесi”. “Анық тарих – осы екiншiсi. Бұған жем нәрселер (материалдар) – жақсы, шын ақындар шығарған, бұзылмаған жырларда болады”,-дейдi ол. Қажетті мұраға жанашырлықты Ә.Бөкейханның “Қалқаман-Мамыр” атты Шәкәрiмнiң осы ныспылас жырын талдауға құрылған мақаласынан көремiз. Ақын кiтабы 1912 жылы шыққан-ды. Әлихан оған үш жылдан кейiн оралыпты. Бақсақ, бiр жағынан қаламгердiң көздегенi – “Қалқаман-Мамырды” оқушыларға жаю” екен. Мақаланың басында Әлихан Шәкәрiм шығармашылығына жалпы шолу жасайды. Бұдан да бiраз жайт аңғарамыз: ақын аты қазақ ауданынан шығып, Иван Филиппович Гусевтердi (бұл тұлғаны шәкәрiмтанушылар анықтаса дұрыс болар едi) мойындатыпты…
Ә.Бөкейхан “Қалқаман-Мамыр” жанрын “тарихи хроника” деп анықтайды. Қаламгер пiкiрiнше, оқиға өмiрден алынған, ел аузында жүрiп, Шәкәрiмнiң жырына арқау болған. Ендеше бiрiншi шарт – шығармада Қалқаман-Мамыр заманындағы “қазақ жұртының салты, қазақ мiнезi, қазақтың iс-қылығы” көрiнуi керек (алдыңғы мақаласындағы оймен сабақтас). Әлихан “көп бергеннен көп сұралады” дей отырып, аталған мәселе бойынша Шәкәрiмнiң “жақыннан қайырып, ойдағыдай толымды қылып жазбағанын” сынайды. Әрине, жанашырлықпен сынайды. Қаламгер Шәкәрiм жырының маңызын, көкейкестiлiгiн жоққа шығармайды. Бiрақ жалпы әдебиеттiң келешек өрiсi мен өресi үшiн елеулi ескертпелер жасайды. Бiрiншi ескертпе: шығарма оқиға болып жатқан дәуiрдiң тынысын көрсетуi керек, кейiпкерлер сол шақтың ұғым-түсiнiгiмен сөйлеуi қажет. Екiншi ескертпе: шығармадағы оқиғалар дамуы, ситуация, бейнелер сипаты өмiрге жақын болуы шарт. Әлиханмен сырлас, алашымен мұңдас Шәкәрiм қажы әдебиеттегi көкейкестi мәселелердi қамтыған аталған мақалаға түсiнiстiкпен қарады. Ә.Бөкейхан жаңа сападағы көркемдiгi мен ағартушылығы тең авторлық әдебиеттiң тезiрек өркендеуiн қалады. Бұл - әлемнiң бар ұлт-азаттық қозғалысы тұсында руханиятта байқалатын құбылыс. Осы шақта елдi ояту, ағарту, дұрыс бағытқа салу – басты мақсат болады. Рухани жүйенiң бәрi осыған жұмылады. “Қазақ” оқырмандарына арналған бiр мақаласында Әлиханның: “Жұрт надан, газета оқушы жоқ болса, бұған Шекспир, Толстой да түк амал қыла алмайды. …Адам шеберлiгi араласып iс қылмаса, таудай алтын - өлi бiр қазына”,-деп жазуы - бұл ойымызға дәлел.
2. Мағжан лирикасындағы символизм, ұлт, қоғам мәселесі. Мағжаннның әдебиет хақындағы алғашқы ойлары “Шолпан” (1912) жинағына кiрген “Өлең”, “Алтын хакiм Абайға”, “Өнер-бiлiм қайтсе табылар?” секiлдi өлеңдерiнен байқалады. Жас Мағжан поэзия құдыретiн төмендегiше түсiнедi:
Жан сүйгенiм – ол да өлең, Жете алмасам, жолда өлем! Жанымның жаны, Тәнiмнiң қаны…
Абайға арналған өлеңi – ақынның саф поэзияға арналған гимнi iспеттес:
Шын хакiм, сөзiң асыл – баға жетпес, Бiр сөзiң мың жыл жүрсе, дәмi кетпес. Қарадан хакiм болған сендей жанды, Дүние қолын жайып ендi күтпес.
Сонымен бiрге осы өлеңде қазақ әдебиетiнiң тарихы жазылған. Бiздiңше, Абай рухына қаратып “қарадан хакiм болдың” деуiнiң астарында таза қазақ (қара қазақ) тiлiн ол әдебиет тiлi, яғни поэзия тiлi дәрежесiне көтердi деген ой да жоқ емес. Бұл – мыңдаған жылдарда қол жеткiзетiн және мыңдаған жылдарға азық, таяныш-тiрек болатын құбылыс. Жас ақынның түйсiгi осыны аңғарған. Аталған шақта Мағжан iрi тұлға ретiнде әлi қалыптаса қоймағаны белгiлi. Сондықтан оған үйрену мен бiлiм-iлiм қымбат-тын. Оны ақын кiмнен алмақ? Бұл туралы ол “Өнер-бiлiм қайтсе табылар?” атты өлеңiнде:
Көзi ашық адамдарға жақын жүрсе, Олардың әрбiр сөзiн үлгi көрсе. Естiген сөз, көргендi бос тастамай, Құлақ салып, көз салып, жиып-терсе.
Мiне, осы көзқарас Мағжанды сауатты алаш зиялыларына ынтық еттi. Сондай-ақ уақыт өте келе ел әдебиетiнiң, әдебиет тарихындағы белгiлi тұлғалардың (Қорқыт, Қойлыбай, Ақан серi, Базар жырау), мұра жинаушылардың (Ә.Диваев), замандастарының (Бернияз) жоқтаушысы жасады. Қазақтың жаңа сападағы прозасы ХХ ғасырдың 10-жылдары туа бастағаны мәлiм. Алғаш жазушылар жеке-дара көрiндi (Бұл тұстағы Е.Маманұлының “роман бәйгесiнiң” орны айрықша). Бiрақ уақыт көркем әдебиеттi жасаушылардың топтасуын талап еттi. Қоғамның белгiлi заңдылығына сәйкес, топтасудың нышаны жастар жағында көрiндi. Уфадағы “Медресе Ғалия” шәкiрттерiнiң бiрiгiп, ортасынан “Садақ” атты қолжазба журналын шығаруы (1915), Омбыдағы қазақ жастарының тұңғыш ұйымы “Бiрлiк” (1914) мүшелерiнiң “Балапан” атты қолжазба журнал жариялауы (1916) – осы сөзiмiзге дәлел. Сонымен М.Жұмабайұлының әдебиет туралы пайымдары ұшырасатын бастапқы еңбектерiнен көркемөнер құбылысын ұғуға деген ынтасын ғана емес, оны жүйелеуге, саралауға тырысқан талабын да көремiз. Мұнымен бiрге алғашқы кiтабы шыққан ақынның жаңа әдебиет зәрулiгiн жiтi зерделегенiн байқаймыз. Ғалым Ш.Елеукеновтiң сөзiмен айтқанда, “өзi көтерiлуге тиiстi биiк басқыштың алғашқы сатысында” тұрған “Мағжан асып-тасымады: … нағыз көркемсөз ұлттан асып, күллi адамзатты сұлулық ләззатына бөлейтiндей өреге көтерiлуi тиiс” деген ойда болды. Яғни, алаш руханиятын әлемдiк деңгейден көруге тiлеуқор едi. М.Жұмабаевтың Абайдан кейінгі қазақтың ұлы ақыны екені. Ұзақ уақыт ақын шығармашылығына біржақты көзқарастың болуы. Мұның басты себебі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов негізін калаған азатшыл бағыттан айнымауы болып табылатыны, 20 жылдардағы әдеби айтыстарда өзіндік бағыт ұстануы. М. Жұмабаевтың, ең алдымен, сезімнің сыршыл суреткері, лирик ақын екені. Европа әдебиетіндегі ағымдардын ерекшелігін ("символизм", т.б.) қазақ әдебиетіне алғашқылардың бірі болып ендіруі. Ақынның махаббат, сезім тақырыптарына жазылған өлеңдеріндегі суреткерлік шеберлігі ("Сүй, жан сәулем", "Сен сұлу", "Жұлдызды - жүзік, айды — алқа ғып берейін", "Шолпы" т.б.). Ақын лирикасындағы ел тағдыр мен жер тағдыры, дала мен қала өмірінің салыстырмалы шындығы. Өмір мен өлім жайлы толғаныстарының терең философиялық түйіндеулермен берілуі. Өлеңдеріндегі саз, әуез, ырғақтардың келісімді сипат табуы. Абай мен Мағжан поэзиясындағы лиризм үндестігі. Мағжан лирикасындағы жаңашылдық. Акынның көркем аударма саласындағы ізденістері. М.Горькийдің "Сұңқар жыры", "Жұртын сүйген жүрек", "Темірді жұмсартқан ана" "Хан мен ұлы" әңгімелерін аударудағы өзіндік ерекшеліктері. М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт табиғатының даралануы. Ақын поэмаларындағы қазақ тұрмысының өткенін жырлау арқылы, ұлттық, мәдениеттің ежелгі арналарының табиғи тұнбасын аршуға ұмтылудың басымдылығы. Аңыздық сюжеттерді өмір шындығымен тұтастыра жырлауға бейімділігі ("Қойлыбайдың қобызы", "Қоркыт" т.б.). Поэмаларында тарихи тақырыпты терең игеруі ("Батыр Баян", "Оқжетпестің қиясында"). Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырып пен идея бірлігі, сюжеттік желісі мен образдылығы. Поэмаларындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі. "Батыр Баян" поэмасында халық трагедиясының жеке бас трагедиясынан жоғары койылуының мәні. Отандық патриотизмнің жан-дүние, ішкі сезіммен ұштаса жырлануы. Ақынның кейіпкер характерін жасаудағы шеберліктері. Көркем образды ішкі сезім, мінез-құлық, психологиялық иірімдерді ашу арқылы сомдауы. М.Жұмабаевтың әдеби-көркем сын саласындағы еңбектерінің ("Ақан сері", "Әубәкір ақсақал Диваев", "Базар жырау" т.б.) құндылығы. Ақынның сөз өнерін қастерлеу, өлең табиғатын танудағы өзіндік ой-пікірлері. "Алқа" атты ақын-жазушылар ұйымын құру жолындағы бағыт-бағдары. Ұйымның ақын жасаған "Табалдырық" атты бағдарламасындағы ой-пікірлерінің жазба әдебиетті дамытудағы, жас ақын-жазушыларды тәрбиелеудегі ұсыныстарының мәні. Жалпы М.Жұмабаев шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихында алар орны.
3. Қ.Бекхожин шығармашылығы. Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин[1](15.12.1913, Павлодар қаласы, Павлодар облысы - 2.10.1990, Алматы қаласы.) - ақын, драматург, аудармашы, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Қазақстанның халық жазушысы (1986). Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1938). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1938 жылдан соғысқа аттанғанға дейін Қазақстан комсомолы ОК-нің баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында, Тіл және әдебиет институтында, соғыстан кейін Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеді. 1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындыларында замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады. «Абаймен сырласу» («Қазақ әдебиеті», 1972, 18 ақпан) атты өлеңіңде Бекхожинұлы ақынның қазақ әдебиет тарихындағы орны мен маңызына тоқталады. Бүгінгі поэзиямыздың жай-күйін талқылаған ақындар жиынын тілге тиек ете келіп, қабырғадағы суреттен қараған Абайға сұрақ қояды: «- Абай аға, Дауымыз жақпады ма? Мұрамыз жоқ Өзіңдей баптануға - Жыр шіркінді Түйдектеп жазамыз да Асығамыз Жарыла мақтануға». Бұдан кейін жазық далада асқар таудай болып дара тұрған, даналық биігіндей Абайдың дарабоз даңқы мадақталады. «Абаймен сырласу» елеңінің мәні мұнымен ғана тәмәмдалмайды. Бекхожин қазіргі заман поэзияға ауыр жүк артып отырғанын ескерте келіп, бізге бір емес, жүз Абай қажеттігін мойындайды. Ол Абай жөнінде бірнеше мақала жазған. Оның Абай аудармаларын сөз ететін «Лермонтов және Абай» («Социалистік Қазақстан», 1939 ж., 15 қазан), «Абай және Крылов» («Сталин туы», 1939, 15 тамыз) деген мақалалары жарияланған. «Абай және біздер» («Лениншіл жас», 1939, 23 маусым), «Ақын, жыраулар өнері - халқымыздың қасиетті қазынасы» («Қызыл ту», 1945, 30 қаңтар), «Абай - гуманист» («Ленин туы», 1945, 21 шілде; «Жаңа ауыл», 1954, 19 тамыз), «Қазақ ағартушылары туралы соны деректер» («Қазақстан мұғалімі, 5 мамыр), «Толғанта беретін тақырыптар» («Қазақ әдебиеті», 1959, 10 көкек), «Қазақ халқының ұлы ақыны - Абай» («Коммунист», 1940, № 9) тағы басқа мақалаларында абайтану мәселесі жан-жақты сөз болады. «Абай және абайшылар» («Екпінді», 1940, 28-29 мамыр) мақаласында Бекхожин әдебиетшілер Ә.Жиреншин мен Е.Ысмайыловтың «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған (1940, 6 маусым) «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген материалындағы жаңсақ пікірлерге тойтарыс береді. Бекхожин 6 класс оқушыларына арналған әдебиеттік оқу кітаптарына (1941-1951) арнап Абайдың өмірбаянын жазды. Қ.Бекхожиннің Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған туындыларының белгісі де, бірегейі боп оның «Партизандар» және «Партизан анасы» деп аталатын жырлары болып табылады. Бұл жайында белгілі ғалым Ә.Нарымбетов жоғарыда аталған монографиясында: «Мәселен, ақын Қ.Бекхожин «Партизан анасы» балладасында белгілі бір нақтылы сюжетпен партизан өмірін айқын суреттеуді мақсат еткен. Шығарманың бас кейіпкері партизан және оның кәрі анасы. Жорықта жүрген партизан ұлына деген ананың сағынышын ақын тебірене толғайды. Әр ананың өз перзентінің тірлігін тілейтіні заңды құбылыс. Сол әрбір әзиз анадай партизан анасы да ұзақ мерзім жорықта жүрген ұлымен жүздесуді арман етеді. Ұлым тірі ме, өлі ме деп көкірегі қарс айырыла күдіктенеді де. Сөйтіп, жаумен үш жыл майдандасқан ұлын іздеп ана жолға шығады. Сол жерде фашистер ананы қоршап «партизан ұлың қайда, тауып бер?» деп қысады. Жау аузынан өз ұлының тірі екенін естіп қуанған ана сезімін ақын оның өз сөзімен жеткізе алған:
Ей, залымдар, өлтір мені Жыламаймын, мен қуанам Тірі екен ғой сендерге ойран Салып жүрген менің балам Қуанамын тірлігіне Қарашығым еді менің Қуанамын ерлігіне Сақтап жүрген ана кегін...[83] Бұдан кейін жауыздардың анаға оқ атуы алдындағы ана арманы, қиялы әдемі бейнеленген. Сезім суреттерін бере отырып, ақын шығарма кейіпкерлерінің биік бітімін шынайы мүсіндеген. Олар: жауды талқандап жүрген ер партизан және оның абзал анасы»,-деп әділ бағасын берген. [84] Саяси, азаматтық лириканың бастауы сонау С.Сейфуллин, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, Б.Майлиндерден басталады. Ал, осы саяси - азаматтық лирика Қ.Бекхожиннің творчествосынан басты орын алады десек қателеспейміз. Бұған оның «Отан», «Жер», «Бейбітшілік» тақырыптарына арналған:
Сол ғана інім, сол тілек, Сол тілек ізгі, сол күшті! От алмасын зеңбірек Тыныштық жеңсін соғысты Аузында ажал оты бар Атомдар бейбіт жол алсын, Ашуы мұзға атылар,- деп басталатын «Тұрсын дүние бабында» [85] деген сияқты өлең шумақтары куә. Осы орайда арнайы сөз етуге тұрарлық екінші бір мәселе – Қ.Бекхожиннің творчествосындағы замандас бейнесі. Мәселен, ол «Адамзатқа маймыл ата дегенге» [86] деп аталатын өлеңінде:
Адамзатта күннің ізгі нұры бар Пейілі бар, күндей жылы, мерейлі Адамзатта- жалын да бар қуырар – Жаусыздықты жерге төнген үрейді Адамзатта- асқан дана ақыл бар Дүниеге теңіз болып шалқыған Құдірет бар, бағынатын атомдар Қасиет бар тұлғасына сай туған,- деп замандасын ең биік дәрежеге көтереді де, кен қопарған кенші мен қызу еңбектің қазанында қайнаған жұмысшыны, ел ризығын жиып жүрген диқанды, дала төсін тұяққа толтырып отырған малшыны, зәулім үйлерді тұрғызушы құрылысшыны («Жезқазған жырлары», «Кеншімен сырласу», «Шахтер мақтанышы», «Комбайншы қыз», «Қарт шопанды ойладым», «Құрылысшы жыры») осының дәлелі ретінде айызынан қандыра тебіріне жырға қосады. Өсиет өлең шығару дәстүрі қазақ поэзиясында ертеден бар. Оған Бұқар жырау Қалқаманұлының, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Сәбит Дөнентаевтың, Тұрмағамбет Ізтілеуовтың көптеген өсиет өлеңдері дәлел. Бұл салада Қ.Бекхожин де аз еңбектенбеген. Сондықтан оның «Әркімде бір қате бар», «Туысыма», «Ақын ініме», «Қайғың болса», «Жұрт көзінше күрсінбе», «Егер шықсаң асқарға», «Ұмыт бәрін», «Бес ешкіні қудым» деп аталатын жырларын қазіргі поэзиядағы өсиет өлеңдерінің тәуір нұсқаларының қатарынан табатынымыз орынды. Мәселен, ол бұл тұрғыдан алғанда кейінгі ұрпаққа:
Ұмыт,- Көрген запыңды күншілерден, Өсектерді соңыңнан сыңсып өрген Еске сақта әзілін достарыңның Кірбің кезде көңілді бір көтерген Ұмыт,- Ұсақ өкпеңді туысыңа Қалмасын зіл кеудеңнің қуысында Жадырай бер мереймен, ізгілікпен Кеңір сонда кеудең де, тынысың да,- деп өсиет айтады [87] Сондай – ақ, Қ.Бекхожин нақыл шумақтар да жазған ақын. Бұл туралы ғалым, зертеуші Ә.Нарымбетов: «Арғы – бергі қазақ поэзиясында өсиет өлеңдермен қатар нақыл шумақтар шығару дәстүрі де ежелден бар. Сырттай қарағанда өсиет пен нақыл өлеңнің табиғатында ұқсастық та байқалады. Іштей үңіліп, ажырата қарағанда, айырмасы да көзге түседі. Өсиет өлеңнің көлеміне қарағанда нақыл өлеңнің мөлшері шағын келеді. Өмір тәжірибесінің сығынды жиынтығындай философиялық ғибраттылық ой – пікір нақыл шумақтың өзегі болып отырады. Бұл ретте ол мақал – мәтелге де жуықтап қалады. Бірақ нақыл шумақ мақал – мәтел емес. Сол нақыл шумақтардың біразы өмір сынынан, халық талғамынан өтсе кейін біразы мақал – мәтелге де айналып кетуі мүмкін. Сондықтан ақындардың нақыл шумақтарын кейінгі уақытта шығуы ықтимал мақал – мәтелдердің арсеналы десе де болғандай»,- деп жазып нақыл шумақтарға тың көзқарас білдіріп, орынды баға береді. Қ.Бекқожиннің алғашқы жазған поэмасы «Кек» деп аталады. Ол 1938 жылы «Лениншіл жас» газетінің бетінде жарияланып, оқырманнан тиісті бағасын алады. Поэманың бас кейіпкері азамат соғысының қаһарманы – Балтабай Баратбаев. Автор дастанында халық аңыз етіп айтқан, өзі дер кезінде естіп – білген оқиғасын, азамат соғысының ері Балтабай бейнесін былай деп жырлайды:
Онда мен жетідегі жүгірмекпін! Ұқтым ба дүбірлеген сырын көптің?! Зеңбірек күркіресе қызық көріп Қызыл ту желпілдесе күлімдеппін... Соңынан солдаттың мен жүгіремін Сол күннен ұмытылмас сыр білемін Шықты деп шулы батыр Керекуден Естіген бала күннен жырым менің Геройым – аты шулы ер Балтабай Байға қас, жарқылдайтын ақ балтадай Кегіне жарлы жұрттың жанын қайрап Ел сүйген ерліктері еткен талай... Арада 44 жыл өткен соң «Кек» поэмасына байланысты үлкен оқиға болады. Ол туралы ақын: «1982 жылы 10 ноябрьде совет милициясының 60 жылдық мерекесі кезінде Қазақ ССР Ішкі істер министрлігі мені телевизия арқылы сөйлеуге шақырды. Бақсам милиция ардагері Балтабай Баратбаев есіміне республикалық жүлде белгіленген екен. Сол жүлдені милицияның өнегелі қызметкерлеріне сол мерекелі күні тапсыруды ұйғарыпты. Милиция ардагерін тұңғыш жыр еткен маған «Кек» деген поэмаңыздан үзінді оқып, Балтабай туралы естелік айтыңыз деп өтінді. Милиция басшылары, елу милиция қатысқан телевизиялық бұл жиынға Балтабайдың туған баласы, қазір жасы ұлғайған Сапар Баратбаев та қатысты. Мен халықтың тәртіп, өнегесін сақтаушы, игілігін қорғаушы абзал азаматтарға Балтабай туралы естелік айтып, «Кек»поэмасынан үзінділер оқып бердім», - деп еске алады кейінірек жазған естеліктерінің бірінде.[90] Қ.Бекхожиннің келесі бір дастаны «Орман қызы» деп аталады. Ақын 1938 жылы жазылған бұл поэмасы үшін 1939 жылы комсомол сыйлығының лауреаты атағына ие болған. «Орман қызының» басты кейіпкері Қарлығаш есімді әнші қыз (Күләш Байсейітова) бейнесін ақын:
Жарқ етіп шықты міне сахнаға Тұр екен ән толқыны дәтін ала. Көзінен кереметті ұшқын атты, Солай бір серпіледі ақын ғана. Сылдырап шашындағы ақ шолпысы Желбіреп ақша гүлдей шоқ үкісі Майысып құба талдай топ алдында, Жымиды құлпырды да сұлу түсі Күмбезге күміс төгіп әні кетті Сарайдың залдарын жарып өтті. Кең дала жазығындай ән жайылып, Аңсаған алыстарға ағып жетті... деп шарықтата жырлайды. 17-билет. 1. А. Байтұрсыновтың ұлт мәдениетін дамытудағы орны. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. ХХ ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты. А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады. «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
2. С.муқановтың «ботагоз», «мөлдір махаббат»(1959) романдарында көтерілген қоғам мәселесі. «Ботагөз» романы - тарихи шындыққа суарылып жазылған шығарма. Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қаСәбит Мұқановтың алғашқы романдарының ішінде айрықша тоқталуды керек ететін - «Ботагөз». Өйткені оған шейінгі «Қалың мал», «Қамар сұлулар», тіпті «Адасқандардың» өзі - көтеріп айтқанда, ұзақ әңгіме дерлік қана шығармалар. Шындығына келсек, қазақта шын мәніндегі бірінші роман - «Ботагөз». «Ботагөз» романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсетуге арналды. Ең алдымен, ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі бірінші көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдамы таусылған кезде, Россиядағы революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығымен байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Уақытша сәтсіздікке де ұшырады. Бірақ көтеріліс тек онымен біткен жоқ. Аманкелді, не сол сықылдылардың туы астында шегіну, қайта өрбу жолдарын басынан өткізе келіп, Россиядағы жалпы пролетариат революциясына ұштасқан, сөйтіп пролетариаттың жеңуші күштерінің сан бұлақтарының бірі болып қосылды. Сәбит Мұқановтың «Ботагөзінде» 16 жылғы көтерілістің осы жағы дұрыс көрсетіліп, шығарманың идеялық мазмұнын күшейте түсті. Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді. Романда бұрын үстем болып келген тап өкілдері Итбай, Мадияр, Сарбас, Құзғынбаев, Кулаковтар революция толқынына бөгет болмақ боп қанша әрекеттенсе де, кейде жанға батыра жара салса да, ақыры күйреумен тынады. Ұлы Октябрь революциясының Россия топырағындағы жеңістерінің тарихын еске алсақ, романдағы ерлік күрес, өжет қимылдардың өмірде дәл солай болғанына шәк келтірмейсің. Романның «Ботагөз» атануы да кездейсоқ емес. Революцияның алғашқы кезінде орысша оқып, сауатын ашқан қазақ қыздарының жалпы бостандық-теңдік, әсіресе өз жынысының теңдігі жолында аянбай іс істеп, белсене күреске араласқандары аз емес. Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Мәдина Бегалиевалар - Ботагөздің прообраздары. Ботагөз революцияға, оның жолында күресушілерге табиғи түрде, өмір толқынының айдауымен келіп араласады. Ой-санасы біртіндеп өседі. Ботагөз - жаңа дәуірдегі қазақ қызының ұнамды образы. Сондықтан да ол - жастар үшін үлгі, сүйкімді қаһарманның бірі. Жалпы образ туралы сөз еткенде Сәбит Мұқанов жасаған адам бейнелерінің ішінде оқушыларының өмір тануы үшін керегі, үлгі аларлығы аз емес. Өзінің көлемді романдарында Сәбит Мұқанов ұнамды, ұнамсыз образдардың әр алуан түрлерін жасады. Және олар бірін-бірі қайталамайды. Мысалы, Қасқырбай, Түлкібай - түсін өзгерткіш құм кесірткесіндей, қолдарынан күш кеткен кездегі үстем таптан шыққан алаяқ қу. Итбай - Қасқырбайдан гөрі әлеумет өміріне араласқан, байлық пен билікті тең ұстауға әрекеттенетін жуандардың типі десек, Әбеудің одан анағұрлым мойны озық, өз табының тілек-мүддесін терең сезініп, ішіне мұз боп қатқан кегін қалай болса да қарсы таптан қайыруды өмір идеалы еткен, ол жолда қандай жауыздықтың болсын, беті шірмікпейтін қара жүректіктің үстіне қаныпезер адам. Керекті жерінде ол міз бақпай батыл қимылдайды. Сәбит Мұқанов жасаған бұл образдар бір жағынан сол кездегі совет өкіметіне әр алуан жолдармен күресушілердің қандай болғандығын танытса, екінші жағынан олардың жаулық іс-әрекеттерінің әдістерін де оқушыларына аңғартады.йраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген.
3.Сафуан Шаймерденовтың шығармашылығы 1922 жылы 15 сәуірдеСолтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелдіауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, біршама уақыт өз ауылыныңорталау мектебінде мұғалім болды. Армия қатарында қызмет атқарды. 1942-1943 жж.Преснов аудандық комсомол хатшысы, 1942-1945 жж. "Ленин туы"газетінде тілші, әдеби қызметкер. 1950 жьшы ҚазМУ-дің филология факультетінүздік бітірді. Содан кейін республикалық жастар газетінің Қарағанды облысыбойынша тілшісі, 1952 жылы "Әдебиет және искусство" журналының бөлімбастығы, Қазақстан Жазушылар одағы проза секциясының меңгерушісі, 1955 жылы"Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары, 1958-1960 жж.Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1970-1975 жж. Қазак КСР Мәдениетминистрлігі репертуарлық коллегиясының бастығы болған.{mospagebreak} "Болашаққажол" атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін"Инеш" деген атпен орыс тіліне аударылды. "Өмір нұры" аттыповестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанағабагындырылған алты повесть - "Мезгіл", "Қарғаш", "Өмірнұры", "Ит ашуы", "Мәжнүн тал" кіреді. Олар шетелтілдеріне әлденеше рет аударылған. "Қайдасын,Зарина?", "Қыр гүлі", "Әнім сен едің", "Марғау","Төрт бойдақ, бір қыз", "Өкіл әке", "Түйе көтерген","Аруана дүние" пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасындақойылып келеді. Үнді жазушысы Р.Тагордың "Күйреу", "Гәуірмақан" романдары мен "Алтынсағым" деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л. Толстойдың"Альберт" повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың "Трибуналын",француз композиторы Эрве мен драматург А.Мильяждың "Түлкі бикеш"комедиясын аударған. "Жыл құсы"повесі 1974 жылы ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағының жұмысшы тақырыбына арналғанконкурсында жүлделі орынға ие болды. Ал Р.Тагордың "Күйеу" романыныңаудармасы үшін 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын, "Ағалардыңалақаны", "Әдеби толқындар" атты кітаптары үшін 1988 жылы республиканыңАбай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. 1992 жылы Қазақстан РеспубликасыныңХалық жазушысы құрметті атағына ие болды. "Отан","Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталды. Қызылжар (Петропавл)қаласының құрметті азаматы.
18-билет. 1.Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» өлеңдер жинағы және «Қыз көрелік» романы.
Ақынның «Балаларға жеміс» (1912) атты кітабының сыртқы беті ақынның оқырманға сөз ұлағатын ұғындыру талабын аңдататын жеке шумақпен басталады:
Неге болды кісіде Екі құлақ, жалғыз тіл? «Көп естісін, аз сөйлеп ең Дегені ғой, соны біл! [3, 25].
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» («Киргизская хрестоматиясың), Спандияр Көбеевтің «Үлгілі бала», Мұстақым Малдыбаевтің «Қазақша ең жаңа әліппе» (1912, Семей), Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» оқулық кітаптарын жазуы қазақтың жазба балалар әдебиетінің қалыптасуына үлгі жолын салды. «Балаларға жемісң оқулық кітабындағы өлеңдердің барлығы да педагогикалық ой-пікірлерге негізделіп жырланған. «Мектептің ішінде», «Мектепке шақыру», «Ижтиһадты бала», «Балаларға насихат», «Жалқау бала», «Балаларға өнеге», «Балалардың тілегі», «Рақымды кемпір», «Рахымды жолдас» атты өлеңдері сөз өнері тарихындағы дәстүрлі дидактикалық-ағартушылық сарынмен жырланған. Өлеңдердің барлығында да балалардың мінез-құлық психологиясына лайықталып берілген поэтикалық бейнелеулер арқылы адамгершілік-эстетикалық ықпалы бар тәлім-тәрбиелік ойлар насихаттық арнау, үгіт, өнегелеу көзқарастары жырланған. Балалардың тез түсінуіне сәйкестендіріп, олардың жас ерекшеліктеріне лайықты күнделікті тұрмыс, жаратылыс суреттері, қоршаған әлеуметтік қозғалыстағы тіршілік иелерінің де қатысуы үйлесімді қамтылады. Өлеңдердегі сұхбаттық, оқиғалық құрылым арқылы адамдардың және табиғат мүшелерінің жан-жүйесіндегі үздіксіз байланыстағы психологиялық байланыстардың шынайылығын аңғартады. Мысалы, «Мектептің ішінде» өлеңінің сюжеттік-композициялық желісіндегі авторлық баяндаумен мектептен келген ұл мен үйдегі қыз-қарындасы екеуінің диалогтары арқылы ақынның ағартушылық ойы берілген: біріншісі – мектеп үйінің ішкі, сыртқы үлгілі қалпы, шәкірттердің бірыңғай тәлім-тәрбие талаптарын (тазалық сақтау, киімдерді ілу, сыныптағы оқу, мұғалімнің дәрісі, сабақты әркімнің меңгеру дәрежесі) орындауы; екіншісі – ертеңгі тапсырмаларды үйде тиянақты орындау талабы. Бұл – білім, ғылым игеру жолындағы әрбір саналы адамның абыройлы мұраты:
...Сабақ білмей баруды, Көремін мен бойыма ар. Төмен қарап телміріп, Сабақтарын жаттады. Қарындас түгіл басқаға Қайтып жауап қатпадың [3, 26].
Қыз көрейлік. Қазақ тілінде роман. Мөхәррир Таһир Жомартбайф. Нәшері: «Ярдәм» ширкәті. Семипалат: «Ярдәм» ширкәті мәтбәғасы, 1912.- 43 б. Қаламгер драматургиямен де айналысқан. «Сары сүйек құда», «Осы ма, қазақ, өмірің» атты пьесалары кезінде Семей, Зайсан театрларында сахналанған. «Қыз көрелік» («Қыз көрейлік») романы өз заманына сай оқыған қазақ қызының (Ғайникамал) пайым-парасаты өзіне, ата-анасына, ұлтына қаншалықты пайда алып келетінін әуезе етеді. Кейіпкер оқудың қажеттігін сезінеді. Оның ата-анасы да жалғыз перзентін – көзінің қарашығын оқытуға пейілді. Мұнда қайғы-шер, бақытсыздық жоқ. Бұл ортаны бақытты еткен – баласының бағы. Ол бақ біліммен табылмақ. Романдағы фантастикалық сипат, айналып келгенде, ғылымның маңызын нұсқайтын деталь.
Романда Абай және одан кейінгі Алаш кезеңін айқындайтын ой бар. Кіріспесінде жазушы былай дейді:
Бос жүрген ата-бабаң не қалдырды? Өмірі өткен қар жамылып, төсеніп саз. Кешегі үлгі шашқан ақын Абай, Оның да сөзін ұғып қалғандар аз. Сөйледі жалғыз өзі кім естіді? Қазаққа не қылса да шықпады жаз. Қаңқылдап жаз шықпаған жерге келген, Адасқан үйірінен болды бір қаз.
С.Садуақасұлы Жағыпар Сұлтанбекұлының 1925 жылы шыққан «Бұрын һәм қазірде жер саясаты» атты кітабын «Қыс ішінде келген қаз» деп бағалағаны белгілі («Керекті кітап» мақаласында). Смағұл бұл ойын А.Байтұрсынұлы пайымымен сабақтастырған. Романнан жәдитшілдік сарыны мен И.Гаспринский ізі де аңғарылады. «Ғайникамал жақсы тәрбиеде өсіп, жеті жасқа жеткен соң, Ғайса бай Қырым жақтан оқып қайтқан, ел аралап қан түзетпек болған бір мұғалімді ... үш жылға шейін қысы-жазы қолынан жібермей оқытты» дейді роман авторы. Осындай білім алған Ғайникамал кейіпкерін қаламгер Уфадағы қыздар медресесінде оқытады. Сол тұста «Бес жүздей медреседе қыз шәкірттер/ Бұл шаһар оқушымен толған тамам» деген де жолдар бар. Әділжан, Мұқаш, Сейітжан мырзаларға әлемді шарлатқан автор кейіпкер бойжеткеннің аузына «жаңа шыққан нәрсені иждиһат деп айтады» деген сөзді салады. Бұл – техника-технология жаңалықтары. Бұл «иждиһат» - әл-Маржани сынды татар-мұсылман реформаторларының дамытқан тұжырымдамасы. Роман соңында Ғайникамал өз қалауымен және ата-анасының ақ батасымен Уфада оқып келген Мұхамедғали есімді жігітке тұрмысқа шығады. Ол азамат кедейден шықса да Яхи қажының қаржылық жәрдемімен (меценат деп ұғыңыз) оқыған. Қыз көрелік» романы, шындап келгенде, түрік-мұсылман жұртында И.Гаспринскийдің «Молла Аббас» романынан (1887) басталатын ағартушы «ұлы әңгімелер» легіне кіреді.
2.Сәкеннің алғашқы өлеңдері ("Жазғы түнде", "Туған ел", "Сағыну", "Нұра", "Кім басшы", "Жайлауда", т.б.). "Асау тұлпар" атты өлеңдер жинағы. Сәкен 1917 жылы қарашада «Кел , жігіттер» өлеңін жазып , Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып , 1 мамырда «Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі ьолып , Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның «азап вагонында» 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты . Татарка – Славгород – Павлодар – Баянауыл – Сарыадыр арқылы еліне жетті . Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып , Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып , Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер – су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Қарашада Москвада болып , Советтердің 8-съезіне қатысты , В . И . Лениннің ГОЭЛРО жоспары туралы жасаған баяндамасые тыңдады . 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы , халық ағарту камиссарының орынбасары болды . Сәкен бұл жылдары қоғамдық қызметпен бірге творчестволық жұмысқа белсене араласты . 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын , «Қызыл сұңқарлар» пбесасын жариялады . 1923 жылы 30 сәуірде ұлы көсемге арналған «Ленин» атты өлеңін жазды . 1924 жылы қаңтарда В . И . Ленин қазасына барған Қазақстан делигациясына басшылық етті . Осы жолы«Қайғылы хабар» , «Қаралы күн» өлеңдерін жазды , «Известия» газетінде «В . И . Ленин және оянып келе жатқан Күншығыс» атты публицистикалық мақаласын жариялады . 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту камиссарияты жанындаға ғылым орталығының председателі , 12 шілдеде Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияцасының басшысы болып тағайындалды . Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі . 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының , Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді . 1927 жылы шыққан «Жыл құсы» альманахына басшылық етті . «Жаңа әдебиет» журналын ашуға ат аслысты . 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жариялана бастаған «Тар жол , тайғақкешу» атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп шығарды . «Жер қазғандар» повесін ( 1927 ) , «Тұрмыс толқынында» жинағын ( 1928 ) , «Көкшетау» поэмасын ( 1929 ) бастырды . 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жөнінде жазған «Ашық хатын» жариялады . Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының доценті болды . 1932 жылы «Қазақ әдебиеті» атты тұңғыш оқулық – хрестоматия шығарды . 1932 жылы «Әдебиет майданы» журналының редакторы , 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды . 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты . Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып , шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді . Силлабикалық өлең жүйесіне тониканың екпіндік ырғағын енгізу талабы Сәкен поэзиясында ерте басталған. 1915 жылы қарашада жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің әр шумағы жеті жолдан құрылып, оның алғашқы екі жолы бір ұйқаспен (А,), 4-5 жолы (-6, Кб) бір ұйқаспен, 3-6 жолдар кейде ұйқасып, кейде ұйқаспай ой екпініне бейімделуі, ал ақырғы жолы 2-жолдың логикасымен сабақтасып жатуы тегін емес. Бұл өлең өрнегіндегі әуен мен ұйқас, бунақ пен ырғақ ажырамас тұтастық тапқан. Ой, пікір түюге арналған шумақтардың өзі әрқилы болғанымен дауыс үндестігіне, екпіндік ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқастарын аракідік сақтап отырады. Бәрі де іс-қимылды аңғартатын етістікпен өріледі. Мұнан кейінгі өлеңдерінде, әсіресе «Үлтшылдық сандырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің өрнегін дамыта, өркендете келіп «Советстан» түрін жасады. Абайдың да, Маяковскийдің де шығармашылық ықпалы Сәкенге тигені рас, алайда Абайдың «Сегіз аяғы» қазақ поэзиясында қандай жаңалық болса, «Советстан» да- сондай жаңа ернек. Өлең шумағы алты жолдан құрылып, ішкі буын-бунақ қатаң сақталады. Егер өлеңнің ішкі құрылысында ешбір езгеріс, жаңалық болмаса жол санында, үйқаста мән аз болар еді. Бірақ бәрі де керісінше. «Советстан» 11, 11, 4, 4, 4, 11 буынды шумақтан түрады. Силлабиканың негізгі шарты дұрыс сақталғанымен де, тоника белгілері де бірсыдырғы байқалады. 1, 2 және 6 жолдар бунақтап айтуды қажет етсе, 3, 4, 5 жолдар міндетті түрде нәшпенен бөлшектеуді, тақпақтап айтуды талап етеді. Демек, екпіндік талап өлеңнің өн бойына емес, тек белгілі бір жолдарына (3, 4, 5) қажет болып, екпінді ырғақты қажет етеді. ішкі ұйқастың да атқарып тұрған рөлі зор. Бунақтар әр жолда тұрақты буынмен беріледі де, дауыс ырғағына әрқашан екпін түсіріп, экспрессиясын күшейтеді. Сонда бүкіл өлең шумағына динамика еніп, қимыл-әрекет өзінен езі пайда болады. «Советстандағы» осы өлең өрнегіне дауыс екпіні ортақ қазық болып, әрқилы лептердің бәрін езіне бағындырады, адуынды тірлікті жаңа леппен жырлауға мүмкіндік беретін өрнекке айналады. Қазақ поэзиясының мазмұнына революция жасаған Сәкен дәл осындай революцияны оның лексикасы мен түріне де жасады. Оған көп мысалдың біреуі - «Советстан» поэмасы. Октябрь революциясының дауылы қазақтың даласында тудырған бұл тамаша тау сол әдемі қалпында мәңгілік сақталуына сеніміміз берік» деген болатын С. Мұқанов. Сонымен «Советстан» қазақтың силлабик. өлең жүйесіне тоник. белгілерді молынан енгізуге болатындығын әбден дәлелдеген туынды болды. Сәкен елеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды түрмен ашып беру сияқты ізденістерге ерік берді. Өзінің сылқым сылдыры, ойнақы өрнегімен «Сыр сандық» дүниеге келді. «Сыр саңдықты ашып қара (8), Ашып қара, сырласқым (7) Сым пернені басып қара (8), Басып қара, жырласын...» (7) Өлеңді дөңгеленді ернектеу де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар, осы шырқ айналған сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып, еріксіз би билеткендей. Шалыс ұйқаспен жазылуы да елеңнің инверсиясын күшейтіп, динамикасын ойнақы еткен. Сәкеннің мәнді ізденістері осындай сәтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетика. талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер ете кеп болды. Жаңашылдығын жұрт әбден танып, мойындаған шақта Сәкен қазақ поэзиясымен «ойнай» бастады. Эксперимент-тәжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету тенденциясы өлеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта заңдылықты қатаң сақтайтын силлабика жүйесі тас-талқан болып, поэтик. қасиеттен жұрдай бола бастады. Патша отаршылығы, қазақ елінің қараңғылықтан көзі ашыл-мағандығы, қазақ байларының надандығы мен топастығы, өздері бірікпей, жан-жаққа тартқан ел басшыларының берекесіздігі, тектес саяси — әлеуметтік тақырыптарды қозғау, кедейлік, жоқтық зардап-тары, білімге үндеу оларға халық мұраттары тұрғысында жауап іздеу жас ақынның азаматтық ой-өрісін көрсетеді. Бұл идеялар «Мұра», «Түс», «Кім басшы аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Жетімге», «Інішсгіме» өлеңцерінің бәріне тән. Оқу — білім қуып, жастай қалаға кеткен жас өспірімнің елге деген сағынышы, туған жерге деген махаббаты, ауыл керіністерін, ел тұрмысын, этнографиялық жайттерді бейнелейтін «Жайлауға көшу», «Жайлауда қымыз ішу», «Айт күні» өлендерінен жақсы көрінеді. Бұл туындыларда есте қалар қанық бояумен салынған табиғи суреттер, бірте-бірте жойылып бара жатқан, қазақтың кешегі өмірінің белгілері — өткен күндер картиналары бар. Үшқын атқан алғашқы ғашықтық, махаббаттың нұрлы сәулесін жырлауға да жас ақын қаламы бейім, бұл ретте Абай ықпалы мол. Әлеуметтік айқын позиция, халықтық идея, бейнелі тіл орамы, мәдениетті өлең кестесі бар «Өткен күндер» жинағы қазақ әдебиетіне тегеурінді талант келгендігінің айғағы болды. Әділдік, теңдік іздеген. 1922 жылы Орынборда басылып шыққан «Асау тұлпар» жинағы — қазақ поэзиясында жаңа көркемдік мұраттарды өнерлік тәжірибеде нақты іске асырған туынды болды.
«Далада» деп аталатын өлеңмен жазылған арнауында ақын:
Сендерге, қарындастар, Сендерге, інілер, Сендерге арналды бұл әндер!
3. Ғали Орманов 1907 жылы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, “Ешкі өлмес” тауы етегінде дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. “Мұңлық-Зарлық”, “Шәкір-Шәкірат”, “Алпамыс” сияқты қисса дастандарды, “Біржан мен Сара”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Бақтыбай мен Мәйке баланың” айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады. 1920 жылы Талдықорғандағы, кейін Алматыдағы Абай атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алады. 1923-28 жылдары Алматыдағы Қазақтың халық ағарту институтында оқиды. Институтта оқып жүргенде Ғали қазақ, орыс әдебиеттерінің үлгілерімен танысады. 1925 жылдан бастап оқушылардың қабырға газетіне, 1927-28 ж.ж. өлкелік газетте өлеңдер жазады. Осы жылдары “Тілші” газетінде “Ешкі өлмес”, “Қора”, “Оқушыларға”, “Диханбайға” сияқты өлеңдері басылады. Осы өлеңдерінде Ғали ақындық талантын біршама танытып үлгереді. 1929-30 жылдары Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеп жүрген кезінде оның өлеңдері “Еңбекші қазақ” газеті мен “Әйел теңдігі” журналында жиі жарияланып, көп ұзамай-ақ республикадағы белгілі ақындардың санатына кіреді. 1930 жылы май айында Түркістан-Сібір темір жолы салынып бітті. Бұл бүкіл Кеңес елі, соның ішінде қазақ елінің тарихындағы ірі табыс болатын. Осы ұлы мерекеге шашу ретінде Ғали ақын “Шеңбер” атты ұзақ өлеңін жазды. Абай атындағы педагогика институтын бітірген соң ол біраз жыл мұғалім болып істейді. Одан кейін “Социалистік Қазақстан” газетінің редакциясында журналистік қызмет атқарады. 1939 жылдан 1945 жылға дейін ақын Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары «Майдан”деген альманахтың редакторы, кейін “Әдебиет және искусство” журналының жауапты редакторы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметін атқара жүріп, шығармашылық саласында өнімді еңбек етті. Ақынның “Қыр сабағы”, “Боран күні” сияқты туындыларында да кедей адамның тіршілігіне аяушылық білдіру басым. Қыстың боранды күндерінде жұлығынан шұлғауы шығып, қарға омбылап қой соңында жүрген қойшы бала көктемнің шуақты, жаздың аптап ыстығында да өз міндетін орындап жүргенін көреміз. Арқадан Сырға жалғасқан көштің күйін жыр ететін “Көштер күйі”, “Қиын жол” өлеңдерінде дәулетті көш пен қара құрым көш салыстыра суреттеледі. “Ескілік суреті”, “Екідай” өлеңдерінде ақын жарлы мен байдың арасы қашан да аспан мен жердей алшақ болатынын, сырт көзге тату достай көрінгенмен, іштей қағысып жататындықтан олардың мәңгі қосыла алмайтындығын көрсеткен. Қараша үйлердің жел соқса құлап кететіндей жабырқау, жұпыны күйіне жаны күйзелген ақын осынша қорлыққа үйренген елге таң қалады. Ескінің жұрнағындай болған сол бір күйден құтылу үшін тірлік жасамай, бұйығы күйде, күнінің өткеніне “тәуба” жасаған елге жаны ашығандық білдіреді. Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкері осы ортадан өсіп шығады. Ол – ізденіс пен еңбектің адамы. “Ұяда” өлеңінде:
Өзімді байлап арқанға,
Ұяға батып мен түстім.
Сабалап бұршақ арқама,
Дауылмен ойнап бұлт құштымvi
- деп, ол шаншыла біткен зеңгір құздың басына қыран балапанын алуға шығады. “Асылған ұядағы” балапанды көргенде: “Менің де кенет кеудемде, Сілкініп кетті бір бүркіт”, - деп, өз бойындағы жаңа өмірге деген сілкінісін байқатады. Сол лирикалық кейіпкер “Алғашқы адым” өлеңінде жұпыны, жүдеу өмірден оқу-білім алуға қалаға аттанады:
Аттандым ауыл-анадан,
Оқуға кеттім қалаға.
Жабыла маған қараған,
Жалтаңдай кеттім далаға.
Жарбиған жаман тон, тымақ,
Жабысып кетті үстімде.
Жанайын деген бір шырақ,
Жалтылдап кетті ішімдеvii.
Ақын осы өлеңімен– ақ бейнелі сөзбен картина жасаудың шебері ретінде көрінеді. Дала біткеннің жабыла қарауы, лирикалық кейіпкердің жалтаңдап аттануы Ғали ақынның образ жасаудағы қадамдарын нақтылай, даралай түсті. 19-билет. 1. М.Сералиннің ағартушылық еңбегі. «Топжарған», «Гүлқашима» қиссасының қазақ әдебиетіндегі орны.
Мұхамеджан Сералин (1872-1929) – ХХ ғасыр басындағы әдебиетте тарихи поэма, шыншыл поэма жанрын дамытқан, көркем аударманың қалыптасуына үлес қосқан қаламгер. Қостанайдың Қарабалық жерінің тумасы. Троицкіде медресе бітіріп, Қостанайда орыс-татар школында оқыған. 1900-1910 татар көпесі Яушевтің қарамағында әр түрлі қызмет істейді. Әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі елеулі қызметі – 1911-1915 жылдар аралығында Троицкіде «Айқап» атты тұңғыш қазақ журналын шығаруы. Өзі оның редакторы болды. Атауы «әй, қап!» деген өкінішке толы алаштың эмоциялы сөзінен шыққан журнал аталған кезең әдебиетін дамытуға елеулі атсалысты. Кейбір деректерге қарағанда, «Айқап» журналын жәдитшіл татар ауқаттылары қаржыландырған. Тарихтан белгілі жайт, 1905-1906 жылдары өткен бүкілресей мұсылмандарының І-ІІ-ІІІ съездерінде (Нижний-Новгород, Петербор), 1906 жылы өткен мұсылман мұғалімдерінің съезінде (Қазан) ағайын діндестердің арасында газет-журнал шығарып, халықты ағартуға жәрдемдесу мәселесі сол кездегі байлар мен алпауыттардан сұралған-ды. Төңкерістен кейін Мұхамеджан Орынборда «Ұшқын» газетінде, Қостанай губаткомында жауапты қызмет атқарды. 1923-1926 жылдары «Ауыл» (Қостанай) газетінің редакторы болды.
М. Сералин екі кітабы ХХ ғасыр басында баспа бетін көрді. Олар: 1) Топ жарған. Мұхамеджан Серәлі-хожа ұғлының шығарғаны. 1898 жыл, апрель, 13-числа. Троицк: Ф.Селянкин һәм Х.Сосновский табиғханасы, 1900.- 13 б.
2) Гүлкашима. Мұхамеджан Серәлі-хожа ұғлының шығарған қиссасы. Оренбург: М.-Ф.Кәримов мәтбәғасы, 1903.- 27 б.
«Топ жарған» - тарихи-көркем поэма. Мұнда ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы әйгілі Кенесары-Наурызбайдың қаһармандық қозғалысының бір сәті сипатталады. Кеңес тұсында бұл шығарма бұрмаланып түсіндірілді. М. Сералин ешқашан Кенесары жорығын, оның айналасын әшкерлеуді көздемеген. Ол Хан Кене сарбаздарының қолына түскен Адай жігітінің өжеттігін, сол арқылы қарсы тұрушыларға қосылып жатқан сарбаздардың ерен қасиетін бейнелеуді ойлаған. Мысалы, осы жырдағы:
Жігіті Кенесары - өңшең бөрі, Келгенде олар дайын үйдің төрі,-
деген екі жолдың соңғысы кеңес тұсында:
«Келгенде олар үйге жүгіреді»
болып әдейі бұрмаланған. Сондай-ақ М.Сералиннің
Кене отыр ордасында ақылы алтын,-
деген жолы
«Кене отыр ортасында ақылы салқын»
деп түзетілген. Мұндай бұрмалаушылықтан кейін кеңес әдебиеттанушылары «Топ жарғанды» қалай түсінгісі келгенін және қалай түсіндіруді қалағанын шамалай беріңіз. Әрине, бұл шығарма – Кенесарыға жазылған ода да емес. Сондықтан мұнда халықты жаппай күйзелткен отаршылдықтың және отаршылдыққа қарсы тұрудың күрделі сабағы сөз болады.
«Гүлқашима» поэмасына сүйгеніне қосыла алмаған білімді, шығармашыл жігіт Баймағамбеттің өлммен аяқталған махаббат трагедиясы өзек болған. Ақын Гүлқашима-Баймағамбет оқиғасын әрі жанама, әрі тікелей куә ретінде көріп-біледі. Бір жолы ол Боқырау жәрмеңкесіне бара жатып Сыр бойынан көшіп келген Тілеуберген деген шалдың үйіне қонады. Шал-кемпірдің жалғыз перзенті бар екен. Сипаттауларына қарағанда, болайын деп тұрған жігіт. Ақын оны көре алмайды. Жәрмеңке біткен соң «Тобыл бойында бір жігіт өзін-өзі бауыздапты. Артына бір ауыз өлең сөз қалдырыпты» дегенді естиді. Бұл - әлгі шал-кемпірдің жалғызы болып шығады. Ақын жолай оларға бата оқи кіреді. Баймағамбеттің жазғандарымен танысады. «Қазақтың бұрмаланған салты, махаббатты сорлатқан өмірі кінәлі» деп, осы поэманы кейінгілерге сабақ етіп жазады.
Тобылдың суы терең, жары биік, Қорғалар алабында қашқан киік. Басында биік шыңның тамды мола, Молаға шоқ тал біткен басын иіп, Басына көк тас қойған жылын айтып, Марқұмның қабырдағы сырын айтып...
Ақын жырда әлеуметтік және саяси астары терең бостандық, ғашықтық, кісілік мәселесіне жіті үңіледі. Баймағамбеттің соңғы хатындағы «Келмеді көтеруге оны шамам... Мақсатқа ұйғарылған жетпеген соң...» деген үмітсіз жолдар оқырманның сай сүйегін, жан жүйесін қозғап жібереді.
М.Сералиннің аударма поэмасы «Рүстем-Зорап» «Айқап» журналының 1914 жылғы 22-23-24 сандарында және 1915 жылғы 2-3-4-5-9 сандарында жарияланған. Аударманы түсіндірген сөзінде ақын мұны орыс ақыны Жуковскийден тәржімелегенін, ал Ресей шайыры оны неміс ақыны Рюккерттен алғанын айтады. Қалай дегенде бұл шығарма «Шаһнаманың» қазақ руханиятындағы өмірін ұзартып, салаландырды. М.Сералиннің жазуына қарағанда, Ақмешіттік тегі найман Ораз атты молда да «Шаһнаманы» аударыпты (ақын-термеші Т.Ізтілеуұлының кейінгі аудармасы бізге жақсы таныс). 1915 жылы «Айқапта» ақын белгілі Сібір жазушысы Антон Сорокиннің «Жусан» атты әңгімесін аударып басады. Жалпы А.Сорокин мен қазақ оқығандары арасындағы рухани байланыс арнайы зерттеуді талап етеді. Ол бір шығармасын Ә.Бөкейханға арнағаны да мәлім. М.Сералиннің «Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм қазіргі халіміз», «Келешек заманымыздың қамы», «Жер әңгімесі», «Ескі жыр», «Отырықшы болған қазақтар туралы» т.б. мақалалары мен «Шәһәр Троицкі ...» деп басталатын талдама-шолу материалдары ХХ ғасыр басындағы түрлі жағдайларды ашып көрсетеді.
3. І.Есенберлиннің тырнақалды туындылары.І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), "Алтын Орда" трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды. Есенберлиннің "Маңғыстау майданы", "Аманат" (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары. Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
"Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық. "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді. Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады. Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді. "Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністерінешабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі. Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп,жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі. Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.
Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің "Қаһар" романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.
20-билет. 1. С. Көбеевтің өмірі, аударма саласындағы қызметі. «Үлгілі тәржімә» кітабы.
Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады. С. Көбеев өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Спандияр 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан. С. Көбеев 1912 жылы «Үлгілі бала» атты хрестоматиясын бастырды.бұл кітапқа автордың бірсыпыра төл шығармалары мен орыс жазушыларынан аударған еңбектері енді. С. Көбеевтің творчестволық мұрасында «Қалың мал» романы ерекше орын алады. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында баяндады. Үлгілі тәржімә:
Түскі тамақ пен кешкі тамақ Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді, бала сорпаны татып қарады да: «Бүгін сорпа дәмсіз екен», – деді. Шешесі айтты: «бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп берермін», – деп. Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы аттың басына мініп, шөптің төбесіне шығып, бек шаршап, кешке үйіне келді. Кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарханның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да айтты: «түстегі сорпаңнан мына сорпа дәмдірек», – деп. Сонда шешесі айтты: «бұл түстегі сорпаның қалғаны еді, саған бұл сорпаның дәмді болғаны – сен түстен кейін жұмыс қылып бек шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде тек отырған соң ас саған дәмсіз көрінді». – деп.
Атасы мен немересі Ата қартайып күші кеміді; нашар көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз оның аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек беретін болды, алдына жаман дастархан, жаман ыдысқа құйып. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі көріп: «Шырағым, не ғып жатырсың?» - дейді. Сонда баласы айтады: «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін», – дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қойды.
Қомағай ит Дүниеде не көрсең, еткін сабыр, Нашарға күштімін деп етпе жәбір. «Мен-менде тәуба жүрмес» деген сөз бар, Болашақ, өткен істі білер тағдыр. Біреудің дәулеті мол құдай берген, Мал іздеп нашарлар көп елді жүрген. Күншілік қып масқара болмаңыздар, Біледі жамандығын оқып көрген. Залымның зұлымының ақырын күт, Құдайдың бергеніне қанағат ет, Әуре боп судан көрген көлеңкесіне Болыпты өзі ұятты қомағай ит. Қарны ашып қомағай ит аңға шыққан, Жейін деп аулап алып болса тышқан. Тамағын тойдырып ап қайтты аулына, Тістеген ауызында бір көртышқан. Келеді бір көртышқан тістеп алып, Үйренген жаман әдет қалмас қалып. Көпірден су арқылы өте беріп, Көреді көлеңкесін судағы анық. Ойлайды анау итті қабайын деп, Аузындағы тышқанын алайын деп, Тышқанын су ішінде тартып алып, Екеу ғып үйге сонсоң барайын деп. Шолп етіп секірді де кетті түсіп, Ойламай іс ақырын надан күшік. Ет түгіл өзі түсті әлекке Бұлдағы бізге ғибрат ойлап білсек. Тырмысты су ішінде жанға айла қып, Уһ деп, демін алды әрең шығып, Ол иттің көртышқанын алмақ түгіл, Ағынмен өзінікі кетті ағып.
Маймыл мен айна Пенде көп дүниеде ғафыл ойлы, Теңейтін қара тауға қарша бойды. Ғалымның әрбір түрлі пітнәсіне Жіберем тек отырып терең ойды. Біреуді мысқылдайды кейбір адам, Болса да ойламайды ісі жаман. Әркімнің ғайбатына даяр тұрар, Білінбей өзінікі одан жаман. Айтамын ғибрат үшін мысал қылып, Мәселен, айна көрген бір маймылдан. Форымын көрді маймыл айна ішінде, Өзі де сұлу шіркін, зор пішінді.танымай суретінен кетті шошып, - Осындай бар ма ақымақ халық ішінде? Қасында тұрған аюды шақырады, Бұлғақтап күлген болып бақырады, Жалынып «ағеке» деп болмаған соң, Аю да ақырындап жақындады. - Әй, достым, болады екен бұндай да жан, Қарашы, неге ұқсайды анау надан? Әр ісі істеп тұрған бұл секілді, Форымы байқап тұрсам тіпті жаман. Бұлғақтап қалай өзі қипаңдайды, Нансаңыз әрбір ісі күлкі маған. Осындай біз-дағы маймылдар көп, Берейін нанбасаңыз санап саған. Қайғыдан қапа болып өлер едім, Бір жерім болса ұқсас егер соған. - Рас, жаным, ол сурет жаман, білемін, түсініп сөзіңе ішімнен мен күлемін. Күнінде мыңын көрем-дағы сондайдың Ешкімге айтпай өзім біліп жүремін. Көп жүремін қалың тоғайды аралай, Мен де көрем жүргендерін жағалай. Мехнаттанып шаригіңді санама, Ең әуелі өзіңе бір қарамай.
Қазақ халқының ағартушысы Спандияр Көбеев Қазан төңкерісіне дейін-ақ шәкірттерге дәріс бере жүріп, ауыл мектептеріне арналған бірнеше оқу құралдарын жазды. Ол Ыбырай Алтынсарин дәстүрімен «Үлгілі тәржімә» атты оқу құралын құрастырды. 1912 жылы жарық көрген «Үлгілі бала» атты басылымда қазақтың бай ауыз әдебиетінен сұрыпталып алынған материалдар ерекше назар аудартады. Бұл жөнінде С.Көбеев былай деп жазған: «Хрестоматияны құрастырғанда, негізгі ойлаған мақсат, көздеген нысан - жас ұрпақты өнер-білімге, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу еді. Мұндағы әрбір өлеңнің, әңгіменің мазмұны оқушыларды өнер-білімге шақыру, шыншыл болуға үндеу, жетім-жесірлерді, нашарларды аяу, қайырымсыз балаларды әшкерелеу, сол сияқты әлеуметтік теңдікті насихаттау еді». С.Көбеевтің шығармашылығында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру туралы көп айтылған.
2.«Аққудың айырылуы» поэмасы. Сәкен Сейфуллин шығармашылырына тән тұрақты сипаттардың бірі — аллегориялық тәсілді символ бейнеге жиі пайдалануы. Оның «Аққудың айырылуы» поэмасында да мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден бергі түсінігінде (аңыздарындағы) тазалық пен сұлулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы саналатын аққу бейнесі алынған. Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын маржан сөз, шымкесте өлең өрнегін төгілдіріп, алдымен әлгі көлдің кісіні тамсандырғандай көркем суретін салады.
Арқада бір жер бар еді Жібек самал саясы Саяда бір көл бар еді Сырлы кесе аясы. Маржан құмы, күміс суы Көл еді кең айнадай. Мұнарытқан торғын буы, Көк кестелі айнала… Әдемі еді мөлдіреген Айна көлдің өрнегі. Су бетінде үлбіреген Ақ шашақтар өрнегі. Пай шымылдық, жасыл құрақ, Қалың біткен ну құрақ. Кейде аққулар жасырынады, Шымылдыққа судырап. Айна көлдің суы күміс, Жұбай аққу көркі еді. Көрсе көзің алар таныс, Екі сәулем ерке еді. Көлдің басы ертелі-кеш Мың құбылған ән еді. Екі ғашық ертегідей, Көлдің көркі — сәні еді.
Лирикалық кейіпкер анда-санда бой жазып, демалуға осында келеді екен. Бұл жолы да әдетінше еркелеп келіп, көл жағасында жатьш, оның көрінісін тамашалайды. Бұрын байқамаған жаңа сипаттарына ғажаптана таңырқайды.
Кең айнадан өзін көріп, Құстар билеп, ойнайды. Су түбінен маржан теріп, Сүңгіп терең бойлайды,
—деп көлдегі тіршілік базарының бір көрінісін көзге тосады. Көл бетін мекендеген қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсыр, қасқалдақ үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті десеңізші! Сөйтсе де ақын көңілі мұның бәрін олқысынады. Өйткені «аққу әні— жүрегінің тілегі» — жұбай аққу көл бетінде көрінбейді. Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеріп, жайнап, жанданып сала береді. Жұбай аққудың бір-бірімен жолығысып, мауқын басьш көңілдері көншіген ерке, назды шағы — махаббат салтанаты өмір қызығына айналады. Ақын да шат сезім, ыстық шабытпен үздіге жырлайды. Махаббат лирикасының сирек ұшырасатын інжу-маржандай үздік шумақтарын тудырады.
Жалғыз аққу жырақтағы Әнге салды «келем» деп. Сыңар аққу құрақтағы Тұрды күтіп, көлеңдеп. Сыңқылдатып, жарып көлді, Жұпар майын жағынып; Жұбайына аққу келді, Алыс жерден сағынып. Бөлек екен екі ғашық, Жайқынға кеп түйісті… Сыпайы ойнап, сыңқылдасьш, Тәтті айқасьш, сүйісті. Күміс суды жұмсақ сүйіп, Екі сұлу сыланды; Сылдырлатып моншақ тізіп, Ақ көбікке бұланды. Дөңгеленіп сәнін түзеп, Айна көлге қаранды; Екі сұлу әнін түзеп, Жуынды да таранды. Екі кербез қатар түзеп, Көлдің келді шетіне: Көлдегі әппақ шашақты үзіп Иіскей басты бетіне. Иіскеп нәзік иісін жұтьш, Көлбеңдеді айнала, Ақ шашақты талдап түтіп, Шашты мөлдір айнаға. Талдап тұтіп ақ шашақты, Алып әппақ жұпарын; Ақ тәніне сылап жақты: Қандыруға құмарын. Екі сұлу еркелесті, Бір-біріне жарасып; Тағы нәзік «не-не?» десті, Бір-біріне қарасып…
Біз бұл шумақтарды оқи отырып, ондағы айтылғандардың бәрін лирикалық кейіпкерлермен бірге көріп, қызыға, сүйіне тамашалап тұрғандай әсер аламыз. Ақынның сұлулықты сезінуі және соны көзге анық елестейтін құбыла кұлпырған жанды суретке айналдыру шеберлігіне тәнті боламыз. Табиғат әлеміндегі жарастық: күміс айдын, оның жиегіндегі судырлаған торғын шымылдық, су бетінде сүйісіп, ләззатқа бөленген кербез, сұлу аққулар — бәрі-бәрі қандай әсерлі бейнеленген. Сол арада қамыс арасында жасырынған Сұр мерген жұбай аққудың бірін атып өлтіреді. Осылайша табан астында махаббат пен сұлулықтың, тазалықтың символы тас жүрек қатыгездіктің құрбаны болады. Жұбайынан айырылған сыңар аққудың жан азабы, шарасыз күйі трагедиялық шамырқаныспен суреттелген. Серігінен мәңгі айырылған жалғыз аққу, сыңарының өлімі өзегін шоқтай қарып, жанын қоярға жер таппай, зар жылайды:
Сыңсып аққу суды шашып, Шырқ айналды зәлімді. Сұр мергенге төсін ашьш: «Мені де ат!» — деп жалынды. Қып-қызыл қып қолын қандай Ақ сұлудың қанына; Мерген кетті шыдай алмай, Күйіктінің зарына… Сұр мергенді шырқ айналып, Жылап аққу қалмады; Өзегі өрттей күйіп-жаньш, Қаққан қанат талмады… Біресе аққу шырқап биік, Көкке жылап зарлады; Біресе кеп жерге тиіп, Көзден жасы парлады, Біресе кеп жерді сабап, Жер бауырлап ыңқылдап; Біресе ұшып желді сабап, Назаланды сұңқылдап.
Ақын талантының күштілігі соншалық, біз әңгіме кәдуілгі құс (мейлі, аққу-ақ болсын) жайында емес, екі асылзада жас — ғазиз ғашықтар жайында болып жатқандай, оқиғаның өзі көз алдымызда өтіп жатқандай, өзімізді соның жанды куәгерлеріндей сезінеміз, шын қайғырьш, тамағымыз кеберсиді. Сыңарынан айырылған аққу ендігі өмірін мағынасыз, керексіз санайды. Сондықтан: «Мені де ат!» — деп қанша жалынса да, мұны да өлтіруге жүрегі дауаламаған Сұр мергеннің алдына көктен құлап, жан тапсырады.
Төмен ағып қадалды да, Найзадай боп шаншыльш, Сұр мергеннің қақ алдына Жығылды аққу шаншылып! Күйікті жар құлап өлді, Ақ төсінен қан ақты; Жұбайына: «Ырза бол!» — деп, Бір-ақ серіпті қанатты. Өлімді де шіркін ғашық Сүйгенімен бір көрді; Жан күйігін мәңгі басьш, Жұбайымен бірге өлді!
Поэма адал махаббатты мадақтайды, өмірдің мәні мен сәні шынайы сүйіспеншілікте екеніне нандырады. Сонымен қатар, ақын өмірдегі де, табиғаттағы да ұлы жарасымды, гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын көрсетеді, адамдарды абай болуға үндейді. 3.Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы (1932-1956)
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында бұрқ-сарқ қайнап жатқан саяси оқиғалар қазақ даласына да жетіп, ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды; ұлттық сана-сезім оянып, ұлттың ұлт болып өмір сүруіне негіз болатын рухани таяныштар ізделіне бастады. Рухсыз ұлттың басқа халықтармен терезесі тең өмір сүре алуы – неғайбыл. «Тарихын жоғалтқан жұрт – жоғалған жұрт» (М. Дулатов. «Қазақ», 1915, №155). Сондықтан да қазақтан шыққан зиялы азаматтар мамандықтары басқа болғандықтарына қарамастан, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру мақсатымен, қазақтың азаматтық тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуді өз қолдарына алды. Осы кездерде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Х. Досмұхамедовтің, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сәдуақасовтың, М. Әуезовтің, Р. Мәрсековтің, Қ. Кемеңгеровтің, Ы. Мұстамбаевтың, С. Қожановтың, С. Сейфуллиннің, т. б. «Қазақ», «Айқап», «Сана», «Лениншіл жас» секілді басылымдарда жарияланған материалдарында қазақ әдебиетінің тарихын жасауға тікелей қатысты алғы шарттар жасалынды. Бұларды болашақта жасалар әдебиет тарихының дайындық материалдары, яғни «шикізаты» деуге болады. Ұлттық дамудың әдебиеттегі рухани тамырларын үзіп тастау мақсатымен жүзеге асырыла бастаған пролетарлық мәдениет бағытына қарсы Мағжан 1924-1926 жылдары «Алқаның» бағдарламасын дайындады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ж. Тілеулин, С. Дөнентаев, М. Әуезов, С. Сәдуақасов, Е. Омаров, С. Қожанұлы, Е. Алдоңғарұлы, Ж. Сәрсенбіұлы сияқты қазақтың біртуар алашшыл азаматтары қолдаған бағдарламада да бұрындары қазақ халқының бай әдебиеті болғандығын дәлелдей түскен. Мағжан әдебиеттің деңгейі қоғамдық дамумен тікелей байланысты болуына орай феодалдық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының әдебиеті де төмен деген пікірдің сыңаржақ екендігін айта келіп, «техника мәдениеті тіпті төмен болғанымен», «өзінше терең әдебиеті болған һәм бар» деп дәлелдеді. Дәлелге «кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой-қиялын жырлай білген шын жыраулар екенін» алға тартты. Осында ол қазақтың ұлы ақыны Абайдың поэзиясын аса жоғары бағалады. Қазақ әдебиетінің бастау бұлақтарын анықтау, тарихын кезеңдерге бөлу жолындағы ізденістерде қазақ әдебиеттану ғылымы ұзақ жолдардан өтті. Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазақ әдебиетінің өткендегі даму жолдарын зерттеп, дәуірлерге бөліп, ғылыми жүйеге түсіруге ұмтылған еңбектер көріне бастады. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) қазақ әдебиетін ғылыми тұрғыдан тұтастай алып, теориялық, тарихи тұрғыдан зерттеудің жолдарын алғаш рет жүйелеген еңбек болды. Мұнда жалпы әдебиетті ауыз әдебиеті және жазба әдебиет деп екіге бөліп, ары қарай тағы да іштей түрлерге, жанрларға жіктеген. Қазақтың жазба әдебиетінің тарихын «діндар дәуір», «ділмар дәуір», «сындар дәуір» аталған кезеңдерге бөлген. Діндар дәуірге араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті, ділмар дәуірге орыс әдебиетінен өнеге ала бастаған кезден бергіні, сындар дәуірге Абайдан кейінгі кезді жатқызған. 1927 жылы М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» шықты. Кітап осылайша аталынғанымен де онда негізінен қазақ халқының ауыз әдебиеті қарастырылған. Мұнда ауыз әдебиетіне анықтама беріліп, сыршылдық салт өлеңдері, әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел поэмасы, тарихи өлеңдер), айтыс-тақпақ, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ түрлеріне жіктелінген. Әдебиеттің тарихын әңгімелегенде, ХІХ ғасыр әдебиетін «зар заман» әдебиеті атаған. Қазақ әдебиетінің тарихын Асан Қайғыдан бастап, Бұхар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай, Ығылман, Абай, Нармамбет сияқты ұлт мүддесін жырлаған ақындардың шығармашылықтарын жоғары бағалаған. Ұлт-азаттық күресті жырлаған ақын-жыраулардың поэзиясын насихаттады деген айыппен «Әдебиет тарихы» жарық көре салысымен «қамауға алынды». Халел Досмұхамедовтің «Қазақ халық әдебиетінде» (1928, орыс тілінде) ауыз әдебиетінің табиғаты, жазба әдебиеттен ерекшелігі, халық өмірімен байланыстылығы кеңінен әңгімеленді. «Халық әдебиетінің қайсы бір үлгі нұсқасының із-түзсіз жойылып кетуі мәдениетіміз үшін орын толмас өкініш болмақ» деп білген Халел қазақ ауыз әдебиетінің 46 түрін көрсетеді. Тәуелсіздік алғанға дейін фольклористика ғылымында қазақ ауыз әдебиетінің он шақты-ақ түрі ғылыми айналымда болып келгенін ескерер болсақ, Х. Досмұхамедов зерттеуінің мәні мен маңызы толығырақ түсініледі. Халелдің Махамбет, Мұрат, Шортанбай туралы зерттеулері кейіннен қазақ әдебиетінің тарихын жасау кездерінде кірпіш болып, қаланды десе де болғандай.
Қазақ әдебиетінің өткен кездердегі тарихын зерттеу істерінде С. Сейфуллин айтарлықтай еңбек сіңірді. Ол жиырмасыншы жылдардың соңына қарай баспасөз бетінде ауыз әдебиетін, әдеби мұраны жинауға үндеген бірнеше хат-мақала жазды. Нәтижесінде «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Қазақ әдебиеті» (1932) өмірге келді. Профессор Т. Кәкішевтің дәлелдеуі бойынша, С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің тарихына арнап бірнеше кітап жазуды жоспарлаған. Бізге жеткені соның екеуі ғана. Сәкен қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі дәуірін сол кездің саяси-әлеуметтік жағдайына орай, үлкен екі кезеңге бөледі: 1). «Билер дәуірі», 2). «Орыс патшасына бағынған дәуір». 1932 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінде» осының алғашқы кезеңі «Билер дәуірінің» әдебиеті ғана қамтылған. Мұнда негізінен қазақтың ауыз әдебиеті түрлерге, жанрларға жіктеліп, қарастырылған. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» хрестоматиясына Бұхар, Балқы Базар, Шортанбай, Досқожа, Сүйінбай, Шөже, Балта, Кемпірбай, Жанақ, Түбек, Орынбай, Сералы, Тоғжан, Құлмамбет, Жамбыл, Майкөт секілді ақындардың өлең, айтыстары енген. Бұлардың біразы баспа бетін алғаш рет көрсе, ал енді кейбіреулері күні кешегі тәуелсіздік алғанға дейін «жабық» болып келді. Сөйтіп Сәкен Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», «Қазақ әдебиеті» атты еңбектері ұлттық әдебиеттің тарихына тұңғыш рет хронологиялық, хрестоматиялық жүйемен желі болып тартылып, қазығы болып қағылды. ХХ ғасырдың бірінші жарымындағы қазақ әдебиетінің аса ірі өкілі, социалистік реализм әдебиетінің ту ұстаушыларының бірі С. Мұқанов қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу істеріне аса қомақты үлес қосты. Жазушының әдебиет тарихына қатысты зерттеулерін іштей жіктесек, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып келеді. Сәбит қазақ әдебиетінің тарихын ХVІІІ ғасырдан бастап зерттеген. Оның себебін осыған дейінгі ақындардың аттары жөнді сақталмағандығымен, «белгілі дәуірде жасаған ақын бар, ол ақынның белгілі шығармасы бар ғасыр қазақ әдебиетінің тарихында ХVІІІ ғасыр» болғандығымен түсіндіреді. Сонан соң бұл дәуірдің әдебиетін «Қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресін сипаттайтын әдебиет» деп анықтаған.
21-билет. 21 – билет
