
- •Хх ғасыр басындағы қоғамдық тарихи жағдайлар және әдебиет.
- •С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы.
- •Ұлттық газет - журналдардың туу, қалыптасуы мен дамуы.
- •2)Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығы: ағартушылық және рухани ізденістері.
- •2. Ж. Жабаевтың ақындық өнері
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды” романы (1952).
- •Сәбит Дөнентайұлы поэзиясындағы заман шындығы
- •2.Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығы.
- •С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарындағы қоғамдық әділетсіздік, надандықтың құрбанына айналуы.
- •1930-56 Жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби-көркем сын
- •«Айқап» журналының тарихи маңызы
- •М. Қалтайұлы шығармашылығы және діни сарын.
- •Ғ.Мұстафиннің 1927-1929 жылдардағы алғашқы қысқа әңгімелері: “Сәрсен мен Мұқаш” (1927), “Кек”, “Қан”, “Қашқын”, “Ер шойын”, “Шағатайдың шатағы”, т.Б. Олардың тақырыбы мен идеясы.
- •2 Сұрақ. Батыр баян поэмасынын тарихи манызы
- •3. Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” романындағы (1948) жаңа мен ескінің арасындағы тартыс.
- •2. С.Торайғыров «Адасқан өмір поэмасы»
- •3. М.Әуезовтің шығармашылығы және повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы дала мен қала, қазақ зиялылары туралы көзқарасы.
- •Мағжан прозасындағы психологизм.
- •Т.Жароков поэзиясындағы эпикалық баян
- •Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы (“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Үздіксіз өсу”, “Бір адым ілгері, екі адым кейін”, т.Б.).
2. С.Торайғыров «Адасқан өмір поэмасы»
Өлең-поэма 5 бөлімнен тұрады: 1-бөлім: Мен – бала 2-бөлім: Мен – жігіт 15-30 арасында... а) мұнда ақын алдымен малды, бай болсам дейді. Кейін бұл ойынан айнып:
Мал біте ме адамды малдай қылмай, Малдан басқа көрмейтін дәнеңені, - дейді. Өгіздей ен маяда шөпке тойып, Тамақ көп деп қайғының бәрін жойып. Артық жеп, артық семіріп бақыт сол деп, Жүрейін бе басқа ойдың бәрін қойып? Несі қызық байлықтың несі бақыт, Байлықпен алмаған соң бақыт сатып. Бақыт тауып беретін істі қумай, Неге мен өткізейін оған уақыт? – дейді. Ә) Бұдан кейін ақын әкім болсам, араз топты бауыр қылып тату етсем деп те армандайды. Бірақ елге адал әкім болу мүмкін емес. Әділдерге үнемі түрме не дар ағаш бұйырмақ. Себебі әкім байлар мен молдалардың сөзін жерге тастап әкім бола алмақ емес дейді. Б) Атақты болсам дейді, Шыңғысхан мен Бонапарттай темір киіп, шенді болсам дейді. Бірақ найзаның ұшымен келген бақыт найзаның ұшында өшер дейді. В) Ғылым біліп, аурудың шипасын тапсам, адамдар жұмыстан бейнет көрмесе дейді. Алайда:
Бұрын көл болса, енді теңіз болды, Өнердің арқасында адам қаны, - деп оны да өзіне қош көрме дейді.
3-бөлім: Мен тоқтадым: Білемін әлі күнге адам надан, Көзі жетпес болуға ертең аман. Қартаймай жанның бәрі көрге кірер Надандық білінбей ме осы арадан? Бейшараны шын досқа санар едім, Ол үшін оқ астына барар едім. Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз, Қорықпай-ақ жалғыз жақта қалар едім, - дейді.
4-бөлім: Мен – кәрі: Мен тоқсанда өкінем өлгеніме Бір күн өмір, бір қызық көрмегендей,- деп ғұмырдың қысқалығын сөз етеді.
5-бөлім: Мен – өлік:
Мен – өлік, мен – суық тән, менде жан жоқ, Жүрегімде өмір жоқ, ыстық қан жоқ. Үміт жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ Сезім жоқ, кірпігімді қозғар хал жоқ, - деп аяқталады.
Кедей поэмасы мынадай бөлімдерден тұрады:
Қызметі һәм аянышты халі
Қаладағы жебірлер
Үмітсіздік
Өзін мырзалармен салыстыру
Қорытынды
С.Торайғыров өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазады. Кедей поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайларын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, Адасқан өмір поэмасында ақын айналада болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Поэмада ақын:
Анау Жақып сән түзеп, сауық құрған,
Құрдасым емес пе еді, бір күн туған?
Мен туғанда табылмай қара сабын,
Ол туғанда иіс сабын бетін жуған.
Титтейінен малшыны сөгіп, жерлеп:
«Сақалды ит, етігім тарт, бермен кел!» - деп.
Көршінің балаларын келемеж ғып,
Жылату болмап па еді оған ермек? – деп ашынған ақын соңында:
Әлде маған таң бар ма өлгеннен соң,
Құр тәнімді қабірге көмгеннен соң.
Бұл күнгі ауыр бейнет, қайғыларды,
Ұмытам ба, хор қызын көргеннен соң, - деп өз-өзін жұбатады.