Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ma_1179_pal_apaydan_bilet_zhauaptary (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.26 Кб
Скачать

3. Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” романындағы (1948) жаңа мен ескінің арасындағы тартыс.

Соғыстан кейінгі халық  шаруашылығы мен әдебиетіне  арналған «Миллионер» повесінде  ауыл еңбекшілерінің  рухани-әлеуметтік келбеті кеңінен  бейнеленген. Колхозды   ауылдың  жаңа кезеңін  суреттейтін  «Миллионер»  повесі «Шығанақ»  романының  заңды  жалғасындай: тақырып -  біреу,   кейіпкерлер -  жүйелес, бірақ   уақыт  жағынан  екі  кезең  суреттелген. Жаңа  уақытқа  сай  жаңа  әуен-бояумен   әрлендірген «Миллионер» ауылдың келешегін  паш  етеді, жаны сұлу  адамдар жырланады. Кезінде  сыншылар:  шығарманың  негізгі  тартысы  Жомарт  пен  Жақып  жоспарына байланысты еді деп, - талданған-ды. Бұл дұрыс та, бірақ бұл тартыс күрделі әлеуметтік- қоғамдық  құбылысы  ашуға  дәнекер  ғана.  Өйткені осынау тартыс үстінде жас қауымның ой шеңберінің керемет өскенін, жаңа көзқарасты азамат болып қалыптасқанын, жаны таза, адамгершілігі мол жандар екенін көреміз. Кейін «Миллионер»  шет тілдердің тіліне аударылғанда шығарманың осы жарқын рухы жоғары бағаланған-ды. «Миллионердің» кейіпкерлері – талғамы биік, cезімтал жандар, олар өмірдің сұлу табиғатын, терең түсінеді, өмірді халықтық тұрғыдан бағалайды. Егер «Шығанақ» романындағы Олжабектер: «Қайтсем, өмірден опық жемей, жылы ұя табам!» деп жеке басының қамын ойлап жанталасса, «Миллионердің» кейіпкерлері: «Қайтсем, еліме, жұртыма септігім тиеді» деп, алдарына мақсат қояды. 12-билет. 12-билет

1.сұрақ. Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы. Ш.Жәнгірұлы (1855 жылы Сырдария губерниясы, Қызылкөл мекені, Созақ ауданы , казіргі Өзбекстан ,Сырдария облысы Қаратобе мекені)- қазақ ақыны. Шәді- шығыс классикалық әдебиетінің нәзиралық үлгісін жете менгенрген ,гуманистік ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған , мазмұн мен түр жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа , қолтума тқл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқыныңерлікке толы тарихына реалистік поэма ( Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары хәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы)жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнің нақтылы тарихи деректермен , білгірлікпен көрсеткен.Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларының қазірше табылғаны – 18дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан : «Шәр дәруіш»(1913), «Хикаят Қамаразан »(1914), «Хатымдайдың хикаясы»(1914) т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – Шер дәруіш(Төрт дәруіш). Бұл дастан бір басылымында «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жихангездің басынан кешкен оқиғадары арқылы өрбиді.Ақын дастанда адамның рухани мүмкіндігне , күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ен асыл қасиеттерді, ақыл-қасиеттерді , махаббатты , әділдікті, бауырмал болуға ундейді. Бұл дастан сюжеті Түркі халықтары арасында қисса болып кең тараған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз –әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істермен , кунделікті турсыста кезесетін көріністерімен ұштасып , тығыз байланысып жатады. Шығармалары : Сияр –шәріп, Фех-қайдан, Ахаул –қиямет, Назым Ахмет Жами, Назым Ибрахим Халиолла, Хазиреті Мұса мен Перғауын, Мұсанын таурат алғаны.

2-сурақ. Сәбит Донентайұлы поэзиясындағы заман шындығы:

С.Донентаев –қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бирге көркемдік қырларымен , өзіндік қзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлендеринде нактылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ ептілік жоқ. Ол өмір шындыгын боямасыз қалпында , реалистік сарында суреттейді. Акын ойға жомарт, сөзге сараң болуға көп көңіл бөледі. 1915жылы Уфа қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек » деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап , оның өмірі , тағдыры , халі , турммысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып , елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі,әділет туралы айтады.Ақынның Бозторгай , Көк төбетке , У жеген қасқырға , Екі теке мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. Биік тау, Заман кімдікі деген әділет туралы ойлайтын-толгайтын азаматының мұңдары.

3-Сурак. Қ.Аманжолов поэмалары: «Құпия қыз», «Ақын өлімі туралы аңыз»

Қупия кыз. 1938жылы Қазақстан комсомолының Орталық комитеті Ленин комсомолының 20жылдық мерейтойына орай қаламгерлер арасында бәйге жариялайды. Осы бәйгеге Қасым «Қупия қыз » поэмасын қосады. Бұл дастан 1939 жылы бәйге қорытындысында сыйлық алады. Құпия қыз-керемет поэма. Ондағы оқиға мынадай. Шығыс Түркістандаөскен Ләззат есимди сулу қыз тағдыр тәлкегіне ушырайды.Оны сол жнрдің зәңгісі жастығына қарамай ,әйел устине алмақ болады. Бірақ Ләззат оган конбейді.Араға тусип ,арашалап алатын адам болмағандықтан, сулу кыз баяғыдан арманы ата журтка ат басын бурады. Шыгарып салган қойшы Жақып соққыға жыгыдып, Нурман қазага ушырайды. Зәңгі Жусуптин адамдары шагын ауылды әбигерге салып , ойран боткасын шығарады. Алайда Ләззаттың огей шешесинен басқа ешким оған кайғырып аландамайды. Поэмада автор шынайы оқиғаны бейнелегенимен зәңгі Жусиптин іс-әрекетине романтикалық бояу берген. Ол ылғида тек жағымсыз қылықтарыменоқшауланады да турады. Ақын Ләззаттын елден аскан сулулығын сиппатай келип , соның Жусиптн опасыз ойымен аяктайды. Нурманнын басын кескен адамга сый берилетинин айтады. Міне поэмадағы Жусип бейнесі осындай. Ақын Зәңгі образын ашу арқылы адам бойындағы ынсапсыздық пен зулысдық, катигез бен жауыздыкты , керітартпа мешеулікті сынайды. Ал Ләззаттың көркіне ақылы сай. Дегенмен бул поэма әйел тендигин жырлаган туынды емес. Поэманың өн бойында ақын махаббат, сулулық мәселелерн шешендикке салынып, төгілте жырлайды. Дастанда романтикалықсуреттеулер жиі кездеседі. Поэманың идеялық көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатыр. Автордың тілі тым бояулы , мейлінше лепті,оқыс әсерлі.

Ақын өлімі туралы аңыз.

«Ақын өлімі туралы аңыз»поэмасы небәрі 26 жасында жау қолынан қаза тапқан қазақ ақыны , батыр- Абдолла Жумагалиевтің өшпес ерлігіне сөзбен сомдалған ескеркішдеуге лайық. Осы бір шағын поэманың тұла бойында тек қана Қасым ақынға тән қаншама көркемдік бейнелеулерді мол кездестіруге болады. «Жараланган жолбарыстай», «Ырғып бұлттан түсер бұлттай», «Өзі ақ болып атылғандай», «Шаштан суйреп махаббатты», «Бомба болда жарыл журек», «Түсіргендей көктің миын, зіркілдеді зеңбіректер», «Қара толқын орманшашын, талдап жұлды снариядттар», «Айнала жау ырсыл қағып, Айдахардай көтерди бас» т.б теңеулер мен бейнелі сөздер арқылы ақын тұтас сұрапыл соғыс образынжасағандай әсерде қаласың. Поэманың шырқау биігі – Абдолланың жау қолына тускеннен гөрі , жанып жатқан отқа түскенин суреттейтин тусы. Қазақ халқының жадында Абдолла ақын дәл осы Қасым жырлаған бейнеде мәңгі сақталып қалды. Соғыстан кейінде Қасым ақын әдебиетте өнимди еңбек еттті. Ақын Абдолланың өлімін аңыз қылып жырға салған Қасымның да өмірі аңызға айналды.

13-билет. 1.сұрақАқылбек Сабалұлы Семей облысы өңірінде өмір сүрген (туған жері – бұрынғы Қарқаралы уезі Ақбота болысы, қайтқан жері – Бестерек елді-мекені). Семей медресесінде оқыған. Жасынан оқу-білімге озық болып, Шығыс әдебиетіне және шығармашылыққа мейлінше әуестенген. Зерттеуші Қ.Мұхамедханұлының жазуына қарағанда, Ақылбек ақын Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Оның 20 жастан аса бере Қазан баспаларынан кітап етіп жариялаған дастандары, хикаялары, хиссалары, жырлары едәуір. Атап айтсақ, «Қисса-и Бозжігіт» (1910), «Бес намаз» (1911), «Ғибрәт нәме» (1911), «Ибраһим Әдһәм ұғлының қиссасы-дүр» (1911), «Ибраһим Хазиб нам ұғлының қиссасы-дүр» (1911), «Қисса-и Ғабдулхалим илә Мәлике» (1911), «Қисса-и Дандан Ибраһим ұғлы» (1911), «Қисса-и Қырық уәзір» (1911), «Қисса-и мағшуқ наме» (1911), «Қисса-и Марғуба» (1911), «Қисса-и Сәтбек батыр» (1911). «Қисса-и Таһир-Зуһра» (1911), «Мәктубат» (1911), «Мәлике-и данышмәнд манзум» (1911), «Назым» (1911), «Сұм заман» (1911), «Хажат-уд-дағуат» (1911), «Алтын балық күлдірміш һәм бұлбұл қиссалары» (1912), «Қисса-и сәмруғ» (1915) т.б.

Ақын шығармасының көбі Шығыстық сюжетке құрылғанымен, оның бас-аяғында және қажетті жерлерде халыққа керек тағылымды сөздер айтылып отырады. Мысалы, «Ибраһим Хазиб нам ұғлының қиссасы-дүр» шығармасы былайша басталады:

Бисмиллә деп қалам ұстайын да,

Жаман сөз күнә болар тастайын да.

«Мың бір түннің» ішінен өлең алып,

Мен Ақылбек бір хикаят бастайын да.

Ақылбек «Мәктубат» еңбегінде өз ұстанымын да жеткізеді:

Он үштен мен, Ақылбек бала оқыттым,

Білмеген балаларды көп қорқыттым.

Жылында зерегіне хат танытып,

Білгізіп кеудесіне сөз тоқыттым.

Ақымақ балалардан жүрсе қашып,

Өлгенше жамандыққа баспаса екен,

Ғаділдік мінезінен аспаса екен.

«Хажат-уд-дағуат» жинағында да ақын ғұмырбаянының біраз бөлігі көрініс тапқан:

Мен өзі Сабалұлы Ақылбекпін,

Құрғырға отыз деген жақын кеппін.

Қазақтай өзге кәсіп машық қылмай,

Қағазды шимайлауды ақыл деппін.

Басымды кім сыйласа, сол жақыным,

Қазақтың ақылымен бай болғаннан,

Сүйікті көрінеді өз ақылым.

Бозбала біреуіңе біреуің ес,

Айтпасқа ғайып сөзді тіліңді кес.

Қусам да қос ат жегіп жеткізбейді,

Қайран күн өтіп кетті жиырма бес.

А.Сабалұлының талғам-таразысы халықтың танымымен сабақтасып жатады. Ол замандастарының арасынан таза, сыпайы, білімді, ең бастысы кісілікті адамды іздейді. Сонымен сыр бөлісуді қалайды, соған мұңын шаққысы келеді. Ақын:

Жүйріктен пайда шықпас шаппаған соң,

Ашылған етегіңді жаппаған соң.

Білгішті біледі деп айту бекер,

Бір ақыл сасқан жерде таппаған соң, -

деп жазады бір өлеңінде.

Ауыз әдебиетінің авторлық әдебиет арқылы зерделенуі мен көркемделуі – ұзақ та күрделі құбылыс. Бір жағынан ағымдағы өмірдің сұранымына жауап бергісі келген, екінші жағынан Шығыстық-исламдық тақырыпты өміршең әрі үлгілі санаған ақындар өз миссиясын жауапкершілікпен атқарды. Оның үстіне әдеби тіл деген ұғымнан «ислам мәнін жеткізе алатын тіл» деген ұғымның өткірлеу кезеңінде ескі де жаңа сюжеттерге түркіге ортақ өмір берген қаламгерлердің еңбегі ескеруге тұрарлық. Ресей ішіндегі түрік-мұсылмандарға ортақ әдеби-мәдени кеңістікте қазақ ақындарының шығармасы оқырмансыз қалған жоқ.

2сұрақ.Ш.Құдайбердиевтің «Қаламан-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының тақырыптық, идеялық ерекшелігі.

Қалқаман-Мамыр. Лиро-эпикалық жыр.1722 ж оқиғаға байланысты жазылған дастан. Қалқаман жігіт пен Мамыр қыздың махаббат драмасының мекені де, мезгілі де нақты. «Мың жеті жүз жиырма екінші жыл Қазақтың сыр бойында жүргені анық.» Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты екі жас «дәстүрдә бұзғаны үшін» өлім жазасына кесілді. Мамыр өз туысы Көкенай батырдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзән өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің «Енді жазадан құтылдың» дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхара жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады.Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодалдық-патиархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. «Қалқаман-Мамыр» дастанын алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. Әдебиет және өнер институтында 9 нұсқасы сақтаулы. Қалқаман Көкенай батыр атқан садақ оғынан аман қалғаннан кейін Ұлы жүз ішіндегі нағашыларына кетіп қалған.Қалқаман ру аталығынан тарайтын ұрпаұтары негізінен Ұлы жүз Бәйдібек ішінде Әйтек-Қалқаман ұрпақтары деген атпен белгілі болса керек.

Кейіпкерлер: Қалқаман, Мамыр, Әнет баба, Мәмбетей, Көкенай Арғынның ел ағасы.

Еңлік-Кебек. Екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Е-К туралы оқиғалар18 ғасырдае бастап ел арасында кең тараған.Алғашқы жазба дерек1892 жылы «Дала уалаяты» газетінде жарияланған. «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде бұл дастанның екі нұсқасы белгілі. 1-шісі. 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма, екіншісі М.Абайұлы жазған «Е.К» нұсқаасы. Шәкәрім нұсқасы 1988 ж қайта жарық көрді.

Тақырыбы: Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған заманның құрбаны бо

Ған екі жастың махаббат драмасы.

Идеясы:Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық.

Жанры: эпикалық дастан.

Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанымен, автор заман кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрыөша мән береді, шағыни көлемді тарихи ақпар жасайды.Еңлік Кебек трагедиясына себер болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды айқындау. Жеке бас трагедмясы халық трагедиясының бір бөлшегі ретінде көрінеді.

Кеіпкерлері: Нысан абыз, Еңлік, Кебек, Қалампыр, Кеңгірбай, Жомарт, Еспембет, Көбей, Матай

Еңлік Кебек, Қалқаман Мамыр шығармаларындағы қиын хал қат-қабат драма бір кейіпкердің зұлымдығынан туындамайды. Кеңгірбай ұнамды кейіпкер ол Кебекті амалсыздан өлімге қияды. Мамырды атып өлтірген, Қалқаманды өлім жазасына кесуді талап еткен Көкенай өзі батыр, мінезі қатты кісі деп сипаттайды. Өйткені олар ата-салтының құрбаны болған жандар.

Қандай сипат қандай тұрыпта да көрінсе де шәкрім бейнелеген кейіпкерлер толыққанды реализм жемісі. Айрықша атап өтетін бір жетістік – Шәкәрімнің психологиялық талдау шеберлігі. Шәкәрім екі поэмасында да қара өлең үлгсіне сүйенеді. Оқиғаға бай, драмаға толы, тұлғалары нақты дараланған. ЕКі поэманың көлемі шағын. Еңлік Кебек көлемі 652 жол, Қалқаман Мамыр 372 жол. Бірақ осы шағын көлемге романдық материал сыйған.

3 сұрақ.Мұқан Иманжанов. (1916 Қарағанды обылысы, Жезді ауданы 1958 Алматы)

М.Иманжанов қазіргі Жезқазған облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы желтоқсанда туған. 1935-38 жыл­дары Алматыдағы есеп-экономикалық тех­никумын оқып бітірген. Әдебиет-қа­лам тербеу ісіне қабілет-бейімін сезіп, 1938 жылы Жазушылар одағында ашылған алты айлық курсты бітіреді де радио хабарларын тарату жөніндегі республи­калық комитетінде редактор болып істейді. Ал 1942-49 жылдары «Социалис­тік Қазақстан» газетінде әуе­лі әдеби қызметкер, сосын, жүре келе, бөлім мең­герушісі қызметін ат­қа­рады. Бірақ ден­саулық жағдайына байланысты «Пионер» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысады.

М.Иманжановтың әдеби-шығарма­шылық қызметі 1938 жылдан басталғанымен, оның республика жұртшы­лы­ғы­на анық таныла бастағаны Ұлы Отан со­ғы­сы жылдары. Қаламгердің романти­ка­лық сарында жазылған көр­кем әңгіме­лері мен очерктері баспасөз бетіне жиі басы­ла­ды. Алғашқы әңгі­мелер жинағы «Жас­тық» деген атпен – авторы Тауұлы 1948 жылы ба­сылып, оқырман қолына тиеді.Иманжанов әдебиетіміздің әр саласында қалам тербеп, «Таныс қыз» атты әңімелер жинағын, «Алғашқы айлар» повесін, «Азамат даусы» атты публицикалық еңбегін, «Жас өмір», «Менің махабаттым», «Сөнген шала» пьесларын жариялады. Мұқаңның қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін әйгілі еткен «Алғашқы айлар» хикаяты мектептегі оқу-тәрбие тақырыбына арналған. Оның басты кейіп­кері білімді де жігерлі жас мұғалім Жа­қып­бек бүкіл оқу-тәрбие мәселесін өмірмен, өндіріспен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді жә­не сол мақсат-мұратын жүзеге асы­ру жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі. Хикаят авторынан қалың оқырман арасында абырой-беделін арттыруға 1950 жылы «Алғаш­қы айларға» Жамбыл атындағы рес­пуб­ликалық бәйге берілуі де кәдім­гідей әсер етеді. Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тән, әр нәрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты жұмыстар жүргізеді. Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тәрбиенің басты шарты деп қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде нағыз азамат тәрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті жерінде дәріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Уақыт тынысын әрдайым қадағалап, тамыршыдай тап басып отырған жазушы қоғамның даму процесін, болашағын сол кезеңнің биігінен қарап бағалайды. Мұқанның балаларға арналған әңгімелері онша көп емес. Бірақ қандай әңгімесін алсаңыз да балаға тәлім беретін өнегені ұсынып отырады. Коллективтің бала тәрбиелеуде қуатты күш екенін «Сапардың тәжірибесі» әңгімесінде әсерлі бейнелейді. Сапардың сыныптас жолдастарынан да, мұғалімнен де жасырын жүргізген тәжірбиесі сәтсіздікке ұшырайды. Өзінше жаңалық ашпақ болып машақаттанған еңбегі зая кетеді. Бұл сәтсіздік баланың қателігін мойындатқандай. Коллективпен ынтымақта, бірлікте ғана істің нәтижелі болатынына Сапардың көзі жетеді. Автор Сапардың ісінің ағаттығын біреуге айтқызу арқылы емес, іс-әрекет арқылы ашады.Мұқан шет ел балаларының тұрмысымен таныстыру мақсатында да жан-жақты мағлұмат беретін әңгімелерді таңдап, түрік жазушысы әрі мұғалімі Махмуд Маколдың «Балалар», «Балалар қалай күнелтеді», «Мектептен айырылдық» атты әңгімелерін аударады.

14-билет. 1.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының “Жарты нан” хикаясы, “Мәшһүрдің тырнамен айтысы”, “Мәшһүрдің ала қарғамен айтысы”т.б. шығармаларының идеялық, сюжеттік ерекшелігі.

Мәшһүр-Жүсіптің «Жарты нан» өлеңінде алдымен жолаушы боп келе жатқан бір жаяу адам­ның «жарқыраған» бір сандық тауып алға­нына қуанып, оны ашқаны айтылады: Сандықтың ала сала аузын ашты, Сап-сары көрді ішінде алтын тасты. «Жоқ жерден берді ғой деп құдай маған!» Шаттанып қуанғаннан судай тасты. Өлеңде одан әрі жолаушының қолына алғаны әп-сәтте айдаһарға айналғаны, оның: «Ауызға ашылған соң қорек керек, Жұтамын енді амалсыз сені» дегені сөз болады. Өзіне көмектесер деген үмітпен ал­дымен кез болған отыз кісіге, кейін ұшы­расқан бес кісіге бұл жолаушы өзіне төнген қауіптен құтқаруға өтініш білдіреді. Әйтсе де айдаһар күш-қуатынан сескенген олар еш көмек жасай алмай өтіп кетеді де, ең соңында тап болған жарты кісі (демек бір қол, бір аяғы жоқ) тапқырлық танытады. Алып айдаһардың кішкентай сандық ішіне сыйып жатқанына жарты адам күмән келтіреді де, айдаһар сонда жатқанын дәлелдеу үшін «Жұлындай түтін болып аспанға ұшып», қайтадан сол сандыққа кіреді де, тап­қыр адам сандық аузын «тарс еткізіп» жауып, жаяуды өлімнен құтқарады. Өзін өлімнен арашалаған жарты адамның кім еке­нін жаяу білгісі келгенде, құтқарушы мы­наны айтады: Ақымақ, ақылың жоқ сенің өзің, Осыған жетпей тұр ма әлі көзің?! Не дейсің, бұл айдаһар, дәнеме емес, Аузыңнан абайсызда шыққан сөзің. Жамандық алтындай боп түсер көзге, Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге. Аузыңнан бір жаман сөз шығып кетсе, Қаларсың бір орында жанжал сөзге. Жамандық қайдан туар, тілден туар, Әркім де ғақыл болса, тілін буар. Шығарсаң бір жаман сөз сен аузыңнан, Артыңнан айдаһар боп сені қуар. Оразаң отыз күнгі – отыз кісің, Бес кісі – бес намазың, білемісің. Жоқ қылып жамандықты жойылтуға, Бұлармен дәнемеге келмес күшің. Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның, Дәрменің қалмап еді, құрып әлің. Танып қой, танымасаң, мен боламын, Дүниеде қылған қайыр – жарты наның! Шықпаған, сараңдықтан, бүтін қолдан, Қалмас ең болса бүтін, мұнша жолдан. Дүниеде қылған қайыр ықсаныңыз, «Тар жер, тайғақ кешуде» пана болған. Бұдан біз нені көреміз? Біреуге қайы­рым жасап, жарты нан беруі кейін ол адам қысылғанда, сүйеніш қызметін атқарады. Демек, өлеңнің негізгі идеясы: «Біреуге жасаған жақсылығың босқа кетпейді, ендеше Аллаға тек құлшылық етумен, бес уақыт намаз оқып, отыз күн ораза ұстаумен шектелмей, алдымен басқаларға қайырым көрсете біл – дегенге саяды. Бұл шығар­ма­да­ғы негізгі басты идея болса, қосалқы екінші идея мәні де осал емес. Ол: «Кез болған «сап-сары… алтын» тасқа, яғни дү­ниеге мәз болма. Оп-оңай тегін келген бай­лық жақсылық әпермейді!» – идеясы. Бұл аз десеңіз, үшінші идея тағы бар. Жарты кісінің айдаһар туралы: «Не дейсің бұл ай­даһар дәнеме емес, Аузыңнан абайсызда шық­қан сөзің» – дегені назар аудартады. Мұның бәрі белгілі бір адамның, яғни кейіпкердің бір сәттегі сезімін ғана беруге арналған лирика жанрына да күрделі шын­дықты, яғни эпос жанрына артылуға тиіс ауқымды жүкті сыйғызу шеберлігін таны­тады. Мәшһүр Жүсіптің айтыс өлеңдері

Лирика жанры аясында орын алғанымен, эпосқа бір табан жақын, тіпті аралық лиро-эпикалық жанр түріне жатқызуға болатын үлгінің бірі – айтыс өлеңдері. Бұл сипатты туындылардың ерекшелігі: онда бір адам емес, екі адам қатар әрекет етеді, екеуінің сөзі алма-кезектесіп беріледі. Мәселен, ақынның «Сүлеймен мен Байғыз» өлеңінде алдымен Сүлеймен пайғамбардың бір сұлуға үйленгені, кейін сол сүйіктісінің айтқанын орындаймын деп, яғни құс сүйегінен үй салмақ болып, орынсыз қан төге жаздағаны, мұндай теріс ниеттен оны Байғыздың тапқырлығы құтқарғаны бейнеленген. Мәселен, Сүлейменнің: «Тіріні өліменен салыстырсаң, // Білдің бе екеуінің қайсысы артық?!» - деген сауалына Байғыз жауап бере келіп, әйел тілін алған Сүлейменнің өзін өліге санағанын айтады. Сүлеймен сыннан қорытынды шығарып, тамам құсты азат қылады:

  • Қаралдың жұдырықтай, ақылың-зор,

Қатын тілін алғанды қылдың ғой қор! Айырдың қан төгетін көп кінәдан, Байғызым, қанша дүние тұрғанша тұр! Қылыпты тамам құстың бәрін азат, Байғыздың бұл сөзіне көп болып шат. Қатынның басын сонда алдырыпты: «Сен мені жұртқа рәсүр қылдың, - деп, - мат.» Талайды қатын жолдан аздырыпты, Ақымақтың көбіне көр қаздырыпты. «Хазірет сөзі кейінгіге қалсын, - деп, - жад!» Кітапқа мұны-дағы жаздырыпты [22, 279 б.].

Міне, осындағы соңғы шумақта лирикалық қаһарманның да Байғыз пікірін құптауын сездіртуі жүзеге асуы – бәрі туындының лирика жанрына жататынын дәлелдей алады. Сырт қарағанда, «Мәшһүр Жүсіптің шабдар атпен айтысы» өлеңінде екі-ақ бейне: Мәшһүр Жүсіп және шабдар ат қана бар тәрізді. Онда Имамбек қажының ұлы Исламбектің (Сләмбектің) қырқына барған Мәшһүр Жүсіпке өлік шыққан үйдің туыстарының бір шабдар атты сыйға бергені, аттың ұрлықтан түскен олжа екенін білген ақының атқа сауал беруі және оның жауабын тыңдауы сөз болады.

Мәшһүр Жүсіп.

Сен, Шабдар, қай жағымнан келдің маған, Кім ығыр ғып осынша мінген саған? Арқа-басың ошақтай жауыр болған, Мал сықылды түрің жоқ, сиқың жаман. Шабдар ат. «Келдің, - деп, айыптама мені – қайдан?» Шыққам жоқ жергілікті малды байдан. Төлеуге Айдаболға келіп тұрмын, Көк тақым қандыбалақ ұры Алтайдан [22, 283 б.].

Одан әрі аттың жеке өзінің қандай жағдайда келгені ғана емес, сол өлікке қамқор болып жүргендердің басқа да пендешіліктері, тіпті күнәлары сөз болады да, шығарма соңында адам мен ат сөйлесуі тоқталып, ақынның тіке өзі кірісіп баға беруі орын алған:

Арқасы тап ошақтай жауыр болды, Сойса асқа жарарлығы сауыр болды. Алтайдан келгендігін ат айтқан соң, Жетектеп алып кету ауыр болды. Атанған бала жастан Мәшһүр өзі, Барғаны Сіләмбектің қырқы кезі. «Ат олжа емес маған, сөз – олжа!» - деп, Мәшһүрдің сонда жазып кеткен сөзі: «Арқаң бар мінгізбейтін ерді салып», Шыбын бар қуалайтын мазаңды алып, «Жаз – жауырдан без!» - деген бұрыңғылар, Таба ғой жылы орныңды өзің барып. Мойныңа, бағып жүрсем, сүйек байлап, Күл-талқан қылар бір күн ит-құс шайнап!» Жауырына жапсырып бір қағазды, Жіберген қуып Мәшһүр үйіріне айдап [22, 286 б.].

Міне, мұнда айтысушы атты бір бейне, Мәшһүр Жүсіпті екінші бейне десек, соның бәріне баға беруші лирикалық қаһарманның бар екенін аңғару қиын емес. Атқа тіл қатқан Мәшһүр Жүсіп бір ғана адам, бір ғана бейне болса, Мәшһүр мен ат айтысына баға беруші үшінші бір бейне, яғни әрі Мәшһүр Жүсіпті, әрі сол ақын тәрізділер ойын жинақтап жеткізуші адам, жинақтаушы тұлға ретінде лирикалық қаһарманның тұрғанын байқаймыз. Ендеше ол екеуге, ат пен сауал беруші екінші лирикалық бейне Мәшһүр Жүсіп қана емес, сол ақынды қатыстыра отырып, ақын тәрізді басқа да күрескерлердің сезімін жинақтаушы, оларды әрі қамтыған, әрі олардан биік тұрған үшінші лирикалық қаһарман бар екенін діттесек, біз туындының лирикаға жататынын толық дәлелдей аламыз. Тек осы тәрізді екі адам, не адам мен құс т.с.с. айтысын бере отырып, оның бәріне үшінші бір бейне, лирикалық қаһарман тұрғысынан баға беру үлгісі ақынның басқа да айтыс өлеңдерінде де: «Мәшһүр Жүсіп пен Ғалы Күзембайұлы айтысы», «Мәшһүр Жүсіп пен Жүніс Шалқарбайұлы», «Күйеу мағзұм мен аруақтар», «Мәшһүр Жүсіптің қарғамен айтысы», «Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүрдің ақындығымен қоштасқаны» орын алған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]