Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ma_1179_pal_apaydan_bilet_zhauaptary (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.26 Кб
Скачать

2 Сұрақ. Батыр баян поэмасынын тарихи манызы

Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.

XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды. Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспағы елді қатты күйзеліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты. Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қасына батырларды жинаған ер Абылайды айтпай кетуге болмайды. Жастайынан Төле бидің қолында өскен Сабалақ жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты арыстанына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді. Бірақ, Жалғыз батыр – жалғыз жан Майданға тұлға бола алмайды. деген сөз бар ғой. Сол кезде ер Абылайдың төңірегінде халықтың батырлары шоғырланған болатын. Абылай жинаған батырлар ішінде Кара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Сары, Баян мен Сағынбай сынды ел ардақтылары болатын. Аталған батырлар ішінде бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ер жүрек ардагерлердің бірі – батыр Баян Қосаболатұлы (1710 – 1757). Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқасына қатысып, Баян батыр атанған. Өкінішке орай Баянға қатысты тарихи деректер өте аз. Батыр жайлы мәліметтерді біз сол кездегі ел мұқтажын жырлаған, халықты ауызбіршілікке үгіттеген жыраулардан көреміз.

Батыр Баян туралы деректер Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде кездеседі. Зерттеушінің «Исторические предания о батырах XVIII века» атты мақаласында батыр жайлы деректер кездеседі. Шоқан Уәлихановтың Баян туралы айтқан деректері Мағжан ақынның «Батыр Баян» поэмасының мазмұндық арқау болғанын айтуға болады. Шоқанның келтірген деректері мен оқиғалар дастанда кездеседі. М. Жұмабаевтің екі тараудан тұратын көлем жағынан ауқымды поэмасында ескілік пен жаңалық арасындағы байланысты белгілі сюжетпен сомдайды. Мағжан поэзиясынынң шыңы - «Батыр Баян» дастаны. Поэма аса көркем деңгейде ерекше шабытпен жазылған. Жан күйзелісі, сезім, батырлық пен махаббат дастанда жыр болып өріледі. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан тілінің әуезділігі мен әсемдігі, көркемдігі мен көріктігі ерекше үйлесімділікте сай келуі поэмада айрықша көрінеді.

  • Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.

  • Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.

  • Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.

  • Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.

Маңыздылығы Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]