Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_na_bilety_po_kaz_yaz_9_klass (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.39 Кб
Скачать

Билет №1 Менің қалам

Менің қалам – Көкшетау.Көкшетау әдемі,сұлу қала.Көкшетау-көне каласы,ол жүз елу жасты.Бұл қала Ақмола Облысында орналасқан,бірақ Көкшетау бұл облысы орталығы емес.Көкшетауда көп қабатты үйлер,мұражайлар,мәдениет үйі,мектептер,балабақшалар,университеттер және т.б. оқу орындары бар.Біздің қалада Ш.Уәлиханов,Абылай хан,Біржан сал,M.Ғабдулин ескерткіштері бар.Қаланың табиғатты көркем,ауасы таза,ауа райы жақсы.Әсірісе Бұрабай,Зеренді,Шалқар жерлері әйгілі,қалада әр-түрлі ұлт өкілдері тату тұрып жатыр.Менің қалам маған өте ұңайдым.Көкшетауда Біржан сал,Ш.Уәлиханов,Балуан-Шолаң т.б. белгілі адамдар шыққан.Көкшетау-халқының қонақжайлығымен есте қалатын,болашағы зор қала.Мен өз каламынды мақтан тутамын.

2-тапсырма

Түркістан қаласы

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі — Түркістан қаласы. Түркістан қаласы - қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы, Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде.

Бұл қаланың орнында 4-10 ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған.

9- 10 ғасырларда бұл қала ерекше гүлденіп, Йаса (Йасы) деп аталады.

15 Ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йасауи кесенесі бар.

Қожа Ахмет Иасауи әлемге белгілі философ, ақын, жазушы адам болды.

3-тапсырма.

Зат есім.Заттың атын білдіретін атау сөздер зат есім деп аталады.Зат есімдер кім?не? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы:ата,бала,оқушы сөздер кім? деген сұраққа жауап берсе,ал ағаш,дәптер сөздері не? деген сұраққа жауап береді.

Зат есім(мағынасына қарай).

1 Деректі және дерексіз.М:дәптер,ақылды

2 Жалқы(собст.),жалпы,М:жер,үй,ағаш

3 Жанды,жансыз

Тұлғасына қарай: негізгі:ер,жер,су.туынды:оқушы,бөлме,әнші

Құрамына қарай:дара:ауыл,жігіт.

Күрделі: 1Қос сөздер: ата-ана,ауыл-аймақ,бала-шаға

а)қосарлама ата-ана б)қайталама тез-тез,

бір-біріне

2қысқарған сөз:ГТЛ,ҚазМУ 3Біріккен:Көкшетау,Тасбақа 4 Тіркескен сөз:сабақ кестесі,күн тәртібі

Билет№2 Қазақстан

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ер болмас

Менің туған жерім Қазақстан.Бұл ел Еуразияның орталығына орналасқан.Қазақстан-көп ұлтты,егеменді мемлекет.Халқының саны -17млн.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан мемлекеті.1991жылы 1желтоқсанда Президент сайлауы болды.Тұнғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.1991жылы 16желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз болып жарияланды.1992жылы Қазақстан Республикасының Елтанбасын,мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті.Қазақстан-құқықтық мемлекет.Қазақстанда 30мемлекеттің елшілігі бар.Қазақстанның негізгі халқы-қазақ халқы.Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық және мәдени байланыстар жасауда.Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана.Астана Сарыарқа даласында,Есілдің жағасында орналасқан.Қазақстан әдемі,тамаша,керемет,сұлу,таза,үлкен,көп ұлтты тәуелсіз мемлекет.Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар.Бұл сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар.Мен Қазақстанды өте жақсы көремін және мақтан етемін.

2-тапсырма

Абайдың табиғат лирикасы

Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым- қатынасқа, мағыналыққа толы... Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз.Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.

3Тапсырма

Сын есім.Заттың сынын,сипатын,түрін,көлемін,сапасын,дәмін білдіретін сөздері,сын есім дейміз.Сын есімдер қандай?қай?кімнің?ненің?деген сұрақтарға жауап береді.Сын есімдер қазақ тілінде көбінесе анықтауыш болып келеді.

Мағынасына қарай:сапалық(биік,улкен)және қатыстық(өнерлі,бағалы)

Тұлғасына қарай:негізгі(сары,таза,тәтті)және туынды(көшпелі,таулық)

Құрамына қарай:дара(ақ,жасыл)және күрделі(ақ киімді,тап-таза)

Билет№3Астана

Астана Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы.Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан.Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтардың туған мекені.Астана өте әдемі қала.Астанада көптеген университеттер,биік ғимараттар,ескерткіштер,сабаяқтар бар.Астана Қазақстанның өмірінің орталығы.Мұнда Президент,Парламент және Үкімет орналасқан.Қазіргі Астана-бұл тас,темір мен әйнектен құралған ғимараттар ғана емес.Бұл өріліз жаны бар қала.Мен Астана қаласы болғанымен өте ризамың.

2-тапсырма

Василий Васильевич Радлов

В. В. Радлов- есімі әлемге әйгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. Ол Берлинде туған. Сол елде білім алып, кейін Ресейге келіп, осы жақта қалып қойған.

1884 жылы Орыс академиясына мүше болды. Он жыл бойы Сібір, Алтай, Қырым, Түркістанды аралап, ондағы халықтардың әдеби мұраларын жи-найды.В. Томсенмен бірге Орхон - Енисей жазуын оқиды. Орта Азияны зерттейтін ғылыми комитетке басшылық жасайды. Нәтижесінде он бір томдық «Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері» атты еңбегі жа-рияланады, төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» кұрастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]