
- •44. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
- •45. Саяси ғылымның құрылымы,оның парадигмалары.
- •46. Саяси биліктің ұғымы,мәні және құрылымы
- •50. Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау
- •71 Билет
- •72 Билет
- •1906 Жылы ақпанда өткен екiншi жалпы қазақ съезiнде Ре-сей кадет партиясының бағдарламасы
1906 Жылы ақпанда өткен екiншi жалпы қазақ съезiнде Ре-сей кадет партиясының бағдарламасы
мақұлданды және оған өл-кеге орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, қазақ жер-лерiн
тұрғылықты халықтың меншiгi ретiнде тану, мектептер мен жоғары оқу орындарын ашу және
басқа да талаптар енгi-зiлдi. Бiрақ кадет партиясының басшылығы бұл талаптарды қол-дамады.
Ұлт зиялыларының саяси күресiнде Ресей Мемлекеттiк Ду-масына сайлау жүргiзу және оған
қатысу айтарлықтай роль ат-қарды. Олар өздерiнiң саяси күресiнде Мемлекеттiк думаның мiн-
бесiн де тиiмдi пайдалана бiлдi.
Екiншi Мемлекеттiк Думаның 1907 жылғы 16 мамырда өт-кен мәжiлiсiнде Орал облысынан
сайланған депутат Б. Қаратаев қоныс аудару саясатының қазақтар шаруашылығына тигiзген
зардаптары туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ″ бiз-дiң мемлекетте ушыққан
аграрлық мәселенi далалық облыс-тарға, атап айтқанда, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыс-
тарының жерiне шаруаларды қоныс аудару арқылы шешкiсi келедi. Үкiметтiң осынау сұрқия
саясатынан қазақтарға аштан қырылу қаупi төнiп тұр″ деп атап көрсеттi. Дума төрағасы депу-
таттың сөзiн бөлгенде Б. Қаратаев Дума мiнбесiнен шаруалардың жерге деген зәрулiгiн
қанағаттандыру үшiн жеке меншiк жер-лердi тәркiлеу жөнiндегi кез-келген ресейлiк
оппозияциялық қозғалыстың әрекетiн қазақтар дереу қолдайды деп батыл мә-лiмдеме жасады.
Мұның өзi сол жылдардағы ұлт-азаттық күрес жетекшiлерiнiң саяси белсендiлiгi мен
көзқарастарының қан-шалықты өскендiгiн көрсете алады.
Екiншi Мемлекеттiк Думаға қазақ халқынан сайланған депу-таттар кадеттерге қосылды және
басқа ұлттық партиялар өкiл-дерiмен бiрге орыс шаруаларын шеткерi аймақтарға қоныс ауда-
руын тоқтату күштерiн ұйымдастырды. Ресей Мемлекеттiк Дума-сы белгiлi дәрежеде ұлт
зиялыларының саяси-құқықтық көзқа-растарының қалыптасуына ықпал еттi, қазақ даласының
саяси-әлеуметтiк және мәдени-рухани дамуына серпiн бердi.
1913 жылдан бастап жарық көрген ″ Қазақ″ газетi либерал-дық-демократиялық бағыттағы
идеяларды бiлдiрдi. Редакторы А. Байтұрсынов болған ″ Қазақ″ газетiнде ұлт зиялыларының сол
кездегi жарық жұлдыздары болған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов және басқалар жұмыс iстедi. Осы газет төңiрегiнде болашақ ″ Алаш″ партия-
сының белсендiлерi мен жақтаушылары топтасты. Оппозиция-лық газеттiң отаршылдық саясатқа
қарсы сипаттағы мақалалары жергiлiктi әкiмшiлiктi мазасыздандырды, сондықтан да отар-
шылдық әкiмшiлiк ″ Қазақ″ газетiн үнемi бақылауға алды, 1913—1916 жылдар аралығында газеттi
26 рет жапты, редакторы А. Бай-тұрсыновты бiрнеше рет қамауға да алды. ХХ ғасырдың басындағы қазақтың iрi қоғам қайраткерi, сая-си-әлеуметтiк тақырыпта өндiре
жазған ақын, публицист, қазақ алфавитiнiң тұңғыш реформаторы, ағартушы-ұстаз Ахмет Бай-
тұрсынов 1873 жылы қазiргi Қостанай облысында дүниеге келдi. Оның түрлi оқиғаларға,
халықаралық жағдайға, заң, ел билеу, сот, жер, еркiндiк тақырыптарына арналған ″ Бұл заманның
со-ғысы″ (1914), ″ Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан Уақытша Ереже″ (1914), ″
Соғысушы патшалар″ (1914), ″ Закон жобасының баяндамасы″ (1914), ″ Жәрдем комитетi″ (1915),
″ Қазаққа ашық хат″ (1916), ″ Қазақ жерiн алу тураласындағы ни-зам″ (1916), ″ Тағы да народный
суд хақында″ және тағы басқа мақалалары Ахмет Байтұрсыновтың саяси-құқықтық көзқарас-
тарының эволюциясын, қайраткерлiк қабiлетiн, ойшылдық деңгейiн, отан сүйгiштiгiн жан-жақты
көрсете алады. Қоғамдық өмiрдiң сан алуан көкейтестi мәселелерiн арқау етiп жазған оның
мақалалары алғашқы кезде ″ Айқап″ журналында, 1913—1918 жыл-дары өзi редактор болған ″
Қазақ″ газетiнде, жеке жинақтарында, кейiннен кеңестiк баспасөзде жарияланды.
Ахмет Байтұрсыновтың аталған мақалалары мен басқа да еңбектерiнде құқықтық мемлекет
принциптерiне сай келетiн идеялар көптеп кездеседi. Ол құқықтық мемлекетте өкiмет билi-гiн,
ең алдымен заң шығарушы жоғарғы орган- парламенттi қалыптастыруда заң шығаратын
адамдарды сайлауда қателеспеу қажеттiгiне баса назар аударады. Сайлауға қатысуда жеке бастың
немесе ағайынның, рудың намысы үшiн ғана дауыс беру азаматтыққа жатпайды. Билiк басына
немесе заң шығару қыз-метiне келетiн адам үшiн немқұрайлы дауыс беру, жершiлдiк пен
ағайынгершiлiкке салыну, Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша ″ ол сайлау емес, құр талас немесе
сауда″ .