Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-саясаттану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.97 Кб
Скачать

50. Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау

Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл біртұтас, адал саяси институттар жиынтығының райы, принципі, үрдісі, қарым-қатынасы, қоғамның саяси ұйымдары, саяси, әлеуметтік, заңгерлік, идеологиялық, мәдени деңгей кодексіне бағынады және ол тарихи дәстүрлерге, нақты қоғамның қойған саяси тәртібіне бағынуы.  Басқа сөзбен айтқанда, саяси жүйе – ол саясаттың, үкіметтің механизмі, бұған барлық саяси қоғам институттары қатысқан. Әлеуметтік және саяси институттар - тұрақты құрылымымен, өз ішінде тығыз ықпалдасқан, көп қырлы, қызметінің икемді әрі әсерлілігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік құрылымдар.

Әлеуметтік және саяси институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі. Әлеуметтік және саяси институттарды құра отырып, қоғам маңызды салалардағы мәселелердің нақтылы әлеуметтік және саяси іс-әрекет түрлерін белгілеп, бекітеді, оларды сол қоғамның мүшелеріне, әлеуметтік топтарына, мемлекеттің барлық азаматтарына немесе бір партияның мүшелеріне, басқа саяси ұйымға түрақты әрі міндетті етеді. Әлеуметтік және саяси институттар - ол отбасы, мемлекет, оның органдары (парламент, президент, үкімет, сот), партиялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері, зауыттар, банк жүйесі, базарлар, ғылыми және мәдени үйымдар мен мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, дін және басқалар. Әлеуметтік және саяси институттар үшін іс-әрекеттің әр субъектісінің қызметі мен өкілетін нақтылау, олардың әрекеттерінің келісімділігіне тән, қатаң бақылау мен реттеу деңгейі өте жоғары. Әлеуметтік және саяси институттар негізінде жатқан әлеуметтік және саяси байланыстар - институционалды деп, ал, Әлеуметтік және саяси институттарды құру процесі - институионализация деп аталады.[

51. Саясаттың элементтері, қызметтері Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. 1.Танымдық қызмет – саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. 2.Бағалау қызметі – саяси құрылысқа, иниституттарға, іс — әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. 3.Реттеушілік, басқару қызметі – адамдардың саяси өмірінде өзін — өзі ұстауына, іс — әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағұлұматтар береді. 4.Болжау қызметі – ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқтайды. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты сонда. 4.Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып – білудің маңызы.

52. Саясат пен адамгершіліктің, құқықтың арақатынасы. Саясат пен адамгершілікке адамзат қауымы бұрыннан-ақ көңіл бөлген.Адамгершілік адамдардың іс-әрекеттерінің рақымшылдық, ізгілік ар-ұят, намыс, борыш, парызға сәйкес келуін қажет етеді, яғни адамдардың іс-әрекеті туралы заңдар мен ережелерді қамтиды Қазіргі адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге жетіп, демократиялану үрдісіне бет алғанда саясаттың ең алдымен адамгершілік бағдары болу керек.Ол адамға бағалы құндылық ретінде қарап, оның ар-намысын қадір тұтады, негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қалайды.  Әр адам өзінің тұрмыс жағдайын жақсартқысы келеді, қоғамда әділдік заңдылығының орнағанын, өз елінде және жер жүзінде бейбітшілік болғанын көксейді. Осы бағыттағы іс-қимыл адамгершілік принциптеріне жатады.Оған зорлық – зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетіне жәбір көрсетуге тыйым салу да кіреді. Адамгершіліктің мемлекеттік және халықаралық мазмұны бар. Халықаралыққа: Соғысты болдырмау; Жалпы ядролық, химиялық, бактериологиялық қаруларды қолданбау және оларды жою; Мемлекетаралық қатынастарды бейбіт жолмен әділ шешу; Басқа елдердің ішкі ісіне араласпау; Өзара тиімді қатынас жасау; Ғаламдық мәселе, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. Осы мәселелер дұрыс шешілмесе, адамзаттың тіршілігіне қауіп төнері сөзсіз. Сондықтан мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатындағы ұстанатын маңызды бағыттары Біріккен Ұлттар Ұйымы ( БҰҰ ), Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесінің ( ЕҚЫК ) және т.б. Халықаралық құжаттарда көрсетіліп, бекітілген. Егер көрсетілген міндеттер орындалмаса, БҰҰ, ЕҚЫК тарапынан оған қарсы халықаралық жазалау шаралар қолданылуы мүмкін. Саясат пен адамгершілік арасында мынадай қатынастар бар:   Саясатты адамгершілікке толық бағындыру. Саясат адамгершілік, тәрбиелік қызмет атқарудың құралы болуы керек. 2.Саясат пен адамгершіліктің арасын ажырату. Мұның негізін салушы Итальян ойшылы Николо Макиавелли. Ол адамгершілік принциптерімен санаспайтын күшті мемлекеттік билікті жақтады. Мемлекеттің пайдасы үшін, оны нығайту жолында ел басшысы күш пен айланы бірдей пайдалана білу керек деп санаған. Кейін бұл тұжырымға қарсы неміс ойшылы И.Кант «адамгершілік заңын» ойлап тапты.Ол заң бойынша кез келген адамға құрал ретінде емес, мақсат тұрғысынан қарау керек делінген. Адамгершілікті саясаттандыру. Бұл бағытты қолдаушылар саяси қылмыстарды ақтауға тырысады. Саясат пен адамгершілік арасында да ортақ қасиеттер бар. Саясат та адамгершілік те біздің күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты, содан туындайды. Олар адамдардың бірлескен өмірін, іс-қимылдарын ұйымдастырады. Қоғамның өмірін реттеп, бақылайды. Ортақ игілікті, әлеуметтік әдәлеттілікті қорғайды. Саясат пен адамгершіліктің айырмашылықтары. Қоғамда адамгершіліктің ережелері адамдардың жақсылық пен жамандық, ар-ұят, әділеттілік жөніндегі түсініктеріне негізделеді. Ал саяси және құқықтық ережелерді мемлекет белгілейді, бекітеді. Адамгершілік саясатты бақылайды.Ал саясат оны бақылай алмайды. Саясат топтық шиеленістерді шешуге бағытталады және ол жолда билікті пайдаланады. Адамгершілік жеке адамдар арасындағы қатынасты бейнелейді. Саясат адамдардың экономикалык және басқа материялдық мүдделеріне байланысты болады.Ал адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықты басшылыққа алып, жеке адамға пайда әкелмейді. Саясат биліктің күштеу аппаратына сүйенеді, ал адамгершілік адамның ар-ұятына, қоғамдық пікірге негізделеді. 

53. Саяси жүйенің құрылымы және қызметтері. саяси жүйелерде тағы бірқатар кішігірім жүйелер бар: енгізу, қайта өңдеу, шығу.  Енгізу ішілік жүйеге кіреді:  - әлеуметтік топтардың талабы, олардың қызығушылығы.  - қолдау (қоғамда бір күш бар және бұл күш басқару құрылымына сенеді, оларды қолдайды. Қолдаусыз саяси жүйе қызмет атқара алмайды).  Қайта өңдеу жүйесіне кіреді:  - Басқару құрылымы, ол қоғам талабын өңдеп, оған жауап беруге тырысады.  Шығу.  - Мұнда басқару шешім қабылдайды, енгізілген талаптардың жауабы ретінде. Бұл саясат, жүйе айналымына байланысты болады және үнемі қызмет атқарады.  Кез-келген саяси жүйе бірқатар мәселерді шешеді, тиісті қызмет атқарады. Негізгі қызметтері.  1. Азамат санасына жүргізілген жиындардың мәнін түсіндіру және бұл саясатты қолдату.  2. Саясаттық әлеумет, яғни азаматтарды саясат өміріне қатыстыру.  3. Әлеуметтік топтардың қызығушылықтарына сай талаптарын қалыптастыру.  4. Саяси коммуникация, яғни сенім ақпаратын әртүрлі қоғам мүшелеріне беру.  5. Заңдарды жасау және оны қолдану.  6. Материалды және рухани қызығушылықтарды қоғамда бөліп беру.  7. Заңдардың сақталуын бақылау. 

54. Саяси технология саясаттанудың ажырамас бөлігі. Саяси технологиялар - нақты субъектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп қана қоймайды, ол іс- әрекеттің кезектілігін бекітіп, соған сай субъектінің мінез-құлық алгоритмін дайындайды.

Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг

55. Саяси технологиялардың мәні, құрылымы типтері. Саяси технологиялар - нақты субъектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп қана қоймайды, ол іс- әрекеттің кезектілігін бекітіп, соған сай субъектінің мінез-құлық алгоритмін дайындайды.

Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг

56. Сайлау жүйесі: мәні және сайлаудың типтері. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардыңжеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

70 билет

Белгілі испан саясаттанушысы Хуан Линдс қазіргі әлемдік демократиялық емес авторитарлы ж/е тоталитарлы тәртіптердің арасындағы айырмашылығы ашты. Тоталитаризм концепциясының өзі 1950ж. Мәлім болды. Осы жылдары американ саясаттанушылары Карл Фридрихс пен оның жас әріптесі Звигнев Бжезинский тоталитаризмнің ғылыми негізін талдап берді. Тоталитарлық (латын. Бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тиым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшееді, террорлық полициялық бақылау орнайды. Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен ж/е демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады. Ондай қоғамда идеологияның ролі үстемдік етеді. Ол барлық ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың көмегімен халықты өз теориясына сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттық (немістердің) маңдайына жазылған артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардыә бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төәкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамныә еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаәа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.[1]

Тоталитарлық тәртіптен дем-қ тәртіпке көшу әр елде әртүрлі болады. ІІ-ші д.ж. соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялық дем-қ тәртіп АҚШ әскеи көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елднрдің қаржылық, эк-қ, моральдық, псих-қ қолдауының арқасында жүзеге асты. Қазіргі кезде шығ. Еуропа мен ТМД елдерінің дем-қ тәртіпке көшуі үшін батыстың талабына сәйкес дамуы шарт.Дем-ға өтудің нег. жолдары: 1 эволюциялық, 2.әскери басып алушылық. Дем-ға өтудің 3 кезеңі бар:1.1820-1926ж, 1926-1942ж(дем-ға өткен мем-р -26, автор-ге өткендер-12); 2.1942-1962, 1962-1975ж(дем.мем.-36, авт.мем.-6); 3.1975ж-қазіргі кезге дейін(дем.мем.-40, авт.мем.-5).Қаз-ң дем-ға өтудің нег. белгілері: 1.ҚР канституциясы, 2.Альтернативті сайлау арқ. мем. билікті ауыстыру, 3.парламентаризм инстит-ң қалыптасуы, соттық, құқ-қ жүйенің реформалануы. 4.тәуелсіз БАҚ, 5. көппартиялық жүйе, 6.жерг.өзін-өзі басқ.орг-ң п.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]