Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-саясаттану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.97 Кб
Скачать

46. Саяси биліктің ұғымы,мәні және құрылымы

Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда эр түрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзкдрастарды ұстанады. Билік — билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс- әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі, биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтеріңде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады. Бұл:

еріктің, бастаманың, жігердің көрінуі, субъект-

субъектілік қатынастардың белсенді элементі;

мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік

шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін

анықтау;

жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру;

жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын

мойындау және осы басымдықтарды қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал ету нормалары мен құралдарын қолдану;

биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен

байланысты билік субъектісінің ерекше психикалық жағдайы және т.б.

Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей эр түрлі тәсілдері бар:

1 Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді

2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі

3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі

4 Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады

5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді

47. Саяси биліктің түрлері, қызметті және әдістері.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.

3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.

4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.

5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.

6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.

7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:

1.Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.

2.Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.

3.Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.,

Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.

Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады:

1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады.

2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады

48. Саяси биліктің легитимдігі,типтері.

Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:

1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;

2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:

1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;

2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;

3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

49. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен субъектісі.

Салыстырмалы саясаттану - әртүрлі елдер мен халықтардың саяси дамуындағы ортақтық пен ерекшелікті зерттейтін саяси ғылымның бір бағыты. Ал кейбір зерттеушілер салыстырмалы саясаттану ерекшелігі оның әдісінде деп есептейді. Тағы бір анықтамаға сүйенер болсақ, салыстырмалы саясаттану пәні - ұлттар мен олардың саяси жүйесін салыстырмалы зерттеу. Әртүрлі саяси жүйелер қызметін теориялық және тәжірибелік түрғыдан салыстырмалы зерттеу келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді

Саясаттану объектісі - қоғамдағы саяси билік . Қоғамның саяси өмірі , қоғамның саяси жүйесі үкімет рөлі , үкімет пен партиялар , қоғамдық ұйымдар мен өзара қатынасы , басқару формасы мен әдісі , саяси тәрбие , демократиялық мәселелері т.с.с

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]