
- •44. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
- •45. Саяси ғылымның құрылымы,оның парадигмалары.
- •46. Саяси биліктің ұғымы,мәні және құрылымы
- •50. Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау
- •71 Билет
- •72 Билет
- •1906 Жылы ақпанда өткен екiншi жалпы қазақ съезiнде Ре-сей кадет партиясының бағдарламасы
8. Демократия мемлекеттік құрылыс және режим ретінде. Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
9. Демократияның тарихи түрлері. Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
10. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді. Египет, Вавилон, Индия сияқты елдерде басқадай аңыздар бар. Оларда құдай биліктің негізгі қайнар көзі бола тұра, жердегі істерді, адамдардың тағдырын жасаушылар болып қала береді. Египет пен гректердің аңыздары бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң шығарушысы болып табылады. Мысалы, еврей халқының заңдарын құдайдан тікелей Моисей қабылдап алған деген наным бар. Билікті құдай атынан адамдар жүргізеді. Айрықша жағдайларда құддай өзі араласады. Ежелгі Египет нанымы бойынша ақиқатты, әділдікті және заңдылықты әйел құдайы Маат жүргізеді-міс. Шумер, вавилон билеушілерінің өз жағдайларын құдыретті етіп көрсетуі байқалады. Ежелгі Вавилондағы Хаммурапи заңдары (б.з.д. ХYII ғасыр) қоғамның әлеуметтік теңсіздігін көрсетеді.
Ежелгі Персияда аңыздық ой-пікірден рационалдық көзқарасқа ауысу байқалады. Б.з.д. YII ғасырда зороастризм ілім және ағым ретінде қалыптасып та үлгерді. Кейінірек зороастризм шығыстың басқа елдеріне тарап кетті де христиан доктринасының қалыптасуына себепкер болды. Сонымен жер бетіндегі игілік пен зұлымдықтың арасындағы күрес Заратустра ілімінің негізгі қағидасына айналды. Негізінде Заратустра адалдықты жақтаған, зұлымдықты жеңуге болатынын айтқан. Сөйтіп біртіндеп мифологиядан рационалдыққа ауыса бастаған. Қоғамдағы таптардың жіктелуіне сәйкес саяси ой-пікірлер қалыптаса бастаған.
Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер. Алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар – бархмандар жүргізген. Брахманизмнің көрінісі б.з.д. 2 –мыңыншы жылдардың ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды «Веды» деп атаған. Заң бойынша қоғамды 4 варнаға (жікке) бөлген. Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері. Конфуций (Кун-цзы) (Шамамен б.з.д. 551-479 жылдар) Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан-балаға ауысатын мұралық аристократияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі — елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал, биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.
11. Ежелгі Батыстағы саяси ойлар. Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді. Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері. Грекияда мемлекет (полистер) — жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1-мыңыншы жылдары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-YI ғасырлар). Бұл Гомердің, Гесиодтың және атақты «7 данышпанның» шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифогор мен пифогорлықтар, Гераклит енеді. 2-дәуір б.з.д. Y-IY ғасырдың бірінші жартысы. Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель заманы. 3-дәуір IY-ғасырдың екінші жартысы – II ғасыр. Үшінші дәуір эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің аяғы Македонияның және Римнің ықпалына енуімен ерекшеленеді.
Бірінші дәуір мифтердің идеяларына сәйкес құдайлардың билік үшін таласы болып олимпиялық Зевстің билігінің орнығуымен суреттеледі. Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларында Зевс жалпыға бірдей әділдікті жақтаушы, зұлымдықты жазалаушы болып көрінеді. «Дике» (әділдік) – Гомерше осылай аталған. «Темис» — дәстүр, кәдімгі құқық – тағы да Гомерше Грекияға тән түсінік болды.
Келесі бір автор Гесиод, шығармалары: «Теогония» және «Еңбектер мен күндер» (YII ғасыр). Тәртіпті жақтайды – Эвномия (әділ заңдылық) «Теогония» деген еңбегінде көрсетілсе, «Еңбектер мен күндерде» патриархалдық (мемлекетке дейінгі) құрылыстың идеяларын жақтады. Адам өмірінің 5 дәуірін: алтын , күміс, қола, жартылай құдай-батыр және қазіргі темір ғасырын көрсетеді. «7 данышпандарға»: Фалес, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон жатады. Олар полистік тұрмыстағы әділ заңдардың өктемдігін дәріптеген.
Б.ж.д. Y – ғасырда қоғам, мемлекет, саясат және құқық проблемалары ерекше қырымен қойыла бастады. Демокрит (460-370) антикалық философияның материалистік бағытын жүргізді. Қоғамдағы ең жақсылар ақксүйектер мен байлар емес, жоғары ақыл-ойы барлар мен адамгершілік қасиеттері барлар. Софистер: Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Антифонт, Фрасимах, Калликл, Ликофрон және т.б. Олардың ішінде демократиялық көзқарастағылар да, басқарудың аристократиялық, тираниялық түрлерін жақтаушылар да болды.
Софистерді сынаушылар ішінен Сократ (469-399) ерекше дараланды. Мемлекеттің және құқықтың адамгершілік табиғатына жақтады. Еңбек бөлісін қолдады, әділдікті жақтаған. Платон (427-347) кемеңгер философ. Үлгілі мемлекет деп жер бетіндегі мемлекет полистерде бейбітшілікті орнату идеясын жақтады. Еңбек бөлісін әділдікті қолдады. Платон өте байлыққа, өте кедейлікке қарсы болған. Орташа болуды қалаған.
Аристотель (384-322) «Платон-маған дос, бірақ ақиқат ең үлкен дос» деген қанатты сөзі бар. Еңбектері: «Саясат», «Афины саясаты», «Этика». Саясат туралы ғылымды жасауға әрекет етті. Саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Мемлекет табиғи дамудың жемісі. «Варварлар» мен құлдар өмірдің саяси түріне дейін өсіп жетілмеген. Мемлекеттің формаларын ол: монархиялық басқару (патшалық), аристократиялық және политиялық деп бөлген. Басқарудың қате түрлері деп тирания, олигархия және демократияны атаған. Саяси басқаруды – заң арқылы басқару деп түсіндірген.
12. Нидерландыдағы революция (1566-1609 жж.), Ағылшын революциясы (1642-1689 жж.), Француз революциясы (1789-1794 жж.) сияқты Еуропа халықтарын бірінен кейін бірін қүйзеліске ұшыратқан революциялық оқиғалардан басталады. Аталған революциялық оқиғалар ұзақ және қатыгез сипатта болын, тұтас халықтар мен елдерді қанды қырғынға ұшыратты. Осынау революциялық оқиғалар қарсаңында, олардың кезінде және олардан кейінгі іргелі өрлеуде саяси ілім өз дамуына аса үлкен карқын алды. Саяси ғылымның одан кейінгі дамуының, саяси мәдениеттің қалыптасу концепциясының негізіне айналған бірқатар принципті ережелер жасақталды.
Монархиялық режимнің тірегі болған шіркеуге елеулі сокқы берілді. Біртіндеп дін мен шіркеудің демократиялық қоғамдағы саяси ортасы — клерикализм көрініс ала бастады.# Қоғамның құқықтық мәдениеті мейлінше дәйекті және мақсатты түрде қалыптасып, құқықтық мемлекеттің концертуалдық негіздері қалана бастады
Билікті шектеудің қажеттілігіне: конституциялық құрылыстың орнауына (барлық билік құрушы субъектілер, барлық азаматтар қолданатын қоғамдық және мемлекеттік құрылыстардың жаңа принциптері мен заңдарының салыстырмалы тұрғыда өзгермейтін жинақтарының қабылдануы; биліктің шектелуі; билік құрушы субъектілердің өкілеттігінің анықталуы; биліктің вертикалдық тұрғынан және белдеулік тұрғыдан бөліну принциптерінің жүзеге асуы; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтарына бөліну) көңіл аударыла бастады.
Билікті легитимдендіру проблемалары жасақталды. Сайлау жүйесінің біртіндеп қалыптасуы, оларды демократияландыру жүрді.
Биліктің өкілетті органдары кең канат жая бастады.
Жоғарыда айтылған революциялық оқиғалар, соғыстар және басқа да әлеуметтік өзгерістер Еуропаның, сондай-ақ бүкіл әлемнің шырайын түпкілікті түрде өзгертті. Жалпығаламдық шынайылыққа айшала, Жер шарының барлық түкпірлеріне тарай отырып капитализм біртіндеп дами бастады.Осы жетістіктер, сондай-ақ революция мен соғыстың ауыр сабақтары либерализмді Жаңа заманның белгісі ретінде көрсетті. Еуропа елдерінде азаматтық теңдік принципі ендіріліп, дауыс беруге құқығы бар адамдар саны көбейе бастады. Адамдардың жеке өміріне мемлекеттің араласуын шектейтін, кәсіпкерлік іс-әрекеттің еркіндігін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам қарқынды түрде калыптаса бастады. Алайда сонымен қатар қоғамда экономикалық және әлеуметтік теңсіздік сақталып күшейе түсті, сондықтан құқық теңдігін жариялау тиімсіз әрі жеткіліксіз еді. Әлеуметтік қатынастарда шиеленіс қордалана бастағандықтан ХІХ ғ. әлеуметтік наразылықтар кезеңі болды. Осы кезенде бұқаралық қозғалыстар пайда болып, саяси өмір сахнасына жұмысшы табы шыға бастады. Франциядағы Лион көтерілісі (1831, 1834 жж.), Англиядағы чартизм (1830-1850), 1848-1852 жж, Орталық Еуропаның көптеген елдеріндегі революциялық толқулар, Париж коммунасы (1871 ж) осы процестің жарқын мысалдары. Халық бұқарасының осы және басқа да толкулары наразылық әлеуетінің жиналып қалғандығын көрсетті. Әр түрлі формадағы әлеуметтік наразылықтың өсуі негізінде қарқынды идеялық ізденістер жүрді. Либерализм саяси ағым ретінде айтарлықтай берік позицияларды жаулап ала отырып, еуропалық саяси элитаның қолындағы туына айналды. Сонымен қатар, әлеуметтік наразылықтың өршуі революциялық радикализмнің себепшісі болды. Марксизмнің пайда болуы жұмысшылардың бұқаралық қозғалысына сүйенетін революциялық радикализмнің ұшар шыңы болып табылды. Марксизмнің ұраны К.Маркс пен Ф. Энгельстің бірігіп жазған "Коммунистік партияның манифесті" (1848) атты шығармада баяндалған. Марксизмнің идеология ретінде танылуына 1848-1852 жж. Еуропадағы революциялық оқиғалар, Париж коммунасы (1871), жұмысшы табының әлеуметтік наразылықтарының өсуі кең мүмкіндік туғызды. Таптық ынтымақтастықтың негізінде жұмысшы табының халықаралық ұйымы — I Интернационал (1864-1876 жж) дүниеге келді. Сонымен қатар пісіп-жетілген жұмысшы қозғалысына радикалдық өре- кеттерден бас тартуға, дамудың эволюциялық жолын таңдауға үндейтін либерализм идеологиялары да енді. Көрнекті идеологтары Э. Бернштейн мен К.Каутский болған социал-демократиялық жұмысшы қозғалысының осы жолды жақтайтын қанаты қалыптасты. Олардың бастамасымен (1889 ж. құрылған II Интернационал капитализмнің оіртіндеп даму мүмкіндігін және социалистік идеалға экономикалық (табыстың әділетті бөлінуі, әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы, әлеуметтік функциялардың мемлекетке берілуі, меншіктің дисперсиясы және т.б.) және саяси (қоғамды демократияландыру, мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуіне халықтың ықпалын күшейту және т.б.) реформалар арқылы жетудің мүмкіншіліктері туралы социал-демократиялық концепцияларды жетекшілікке алды. Социал-демократиялық саяси ағымның дамуы капитализмнің монополистік саяси сатыға өтуіне мүмкіндік берді. Лениннің пікірі бойынша, аталмыш саты мен социализмнің арасында ешқандай өтпелі саты жоқ, өйткені монополистік капитализм социализмнің толықтай материалдық дайындығы болып табылады. Бұл кезең болу үшін не саяси революция, саяси партияның билікті өз қолына алуы және оның диктатурасының орнауы керек, не құрылымдық экономикалық және саяси реформалардың қабылдануы және қол жеткен материалдық жағдайларды пайдалану, сонымен қатар оларды тиісті әлеуметтік (табыстың әділетті бөлінуі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы) және саяси (биліктің халықтан алшақтауына жол бермеу мемлекеттік биліктің демократиялық құрылымдарының дамуы және қоғамның өзін-өзі басқаруы) мазмұнмен толықтыру жеткілікті. Жұмысшы қозғалысы басқа қозғалыс формаларының (аграрлық, ұлттық, анархиялық, либералдық және т.б.) әлеуметтік аясында пайда болып дамыды. Әр бағыттағы әлеуметтік қозғалыстардың осы жиынтығы XX ғ.саяси проблематикасын айқындады. Екі дүниежүзілік соғыс, үздіксіз революциялық соғыстар мен күйзелістер, геноцид, зорлық-зомбылық, әлеуметтік мәселелердің ғаламдануы осы кезеңнің озіне тән ерекшеліктері болды. XX ғ. КОКП-ның саяси тәжірибесі ерекше әлеуметтік мән мен ықпалға ие болды. Марксизм-ленинизмнің мейлінше радикалды қанаты революциялық саяси партия құрып, саяси төңкеріс жасау арқылы Ресейде билікті басып алып, бірпартиялық саяси жүйе орнатқаны қатаң идеологиялық қысым мен күш қолдану арқыны әлеуметтік секіріс жасағысы, яғни коммунизмнің қоғамдық идеалдарын жүзеге асыруға талпынғаны баршамызға мәлім. Бірақ объективті салыстырмалы сараптау көрсеткендей, бұл авантюристік тәжірибе қоғамның негізгі өлшемдерінің тоқырауына әкеліп соқтырды (еңбекке қызығушыл ықтың төмендеуі, халықтың билік пен әлеуметтік жүйеден шеттетілуі, өндірісті технологиялық жетілдіруге ынтаның болмауы, милитаризация және т.б.). Демек, өркениет тарихы барысында тәжірибеден өткен кұндылықтарға, яғни нарықтық экономикаға, демократияға, либерализмге, консенсустық саяси мәдениетке, негізгі гуманитарлық құндылықтардың сақталынуы мен дамуына қайта оралу, "социалистік лагерь" деп аталып кеткен елдердің бүгінгі өмірінде өзекті мәселеге айналып отыр.
14. Қазақтан Республикасында саяси және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуы Қазақстан унитарлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі — халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет—қоғам» формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде, керісінше, «қоғам — өкімет» негізге алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы жауапты қызметкері, ал мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі бағыттарын анықтайды, сондай-ақ ішкі халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан сөйлейді. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Парламенті республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган. Парламенттің өкілетті мерзімі — төрт жыл. Парламент екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Парламент сессиясы палаталардың біріккен немесе бөлек отырыстары түрінде өтеді. Заң шығару ынтасы құқығы парламент депутаттарына, республика үкіметіне берілген. Үкімет Қазақстан Республикасы атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Республика Премьер-министріқызметіне парламенттің келісімімен Президент сайлайды. Қазақстан Республикасында әділеттілікті тек кана сот жүзеге асырады.Coт билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, тағы басқа құқықтық-нормативтік актілердің, халықаралық келісім- шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен жергілікті (облыстық және оған теңестірілген Қазақстан Республикасы әскерінің әскери соты), аудандық (қалалық) заңмен бекітілген соттар құрайды.
15.Жедел экономикалық және әлеуметтік жаңарту процесі біздің Отанымызға өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етіп, оны серпінді дамушы елдер қатарына шығарды. Қазақстан өңірдің танымал көшбасшысы және құрметтелетін халықаралық әріптес болып табылады. Біз өз алдымызға экономикалық тұрғыда дамыған демократиялық мемлекет құру міндетін қойдық және оған міндетті түрде қол жеткізуге тиіспіз!
Елдің саяси жүйесін одан әрі жаңарту қоғамды ырықтандыру мен елдің элеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуде елеулі нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі керек.
Президент өз Жолдауында 2005 жыл тарихқа саяси реформаларды жалпыхалықтық талқылау негізінде белсенді түрде алға бастыру жылы ретінде енуі керек, деп атап көрсетті.
Біз Қазақстанның саяси партияларын, қоғамдық қозғалыстары мен барлық азаматтарын, біздің көзқарастарымыз бен ұстанымдарымыздың өзгешеліктеріне қарамастан, осы процеске қосылуға және Жолдауды талқылау мен іске асыруды шын мәнінде бүкілхалықтық етуге шақырамыз. Болашағымызды біз өзіміз құруға тиіспіз!
Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияға осы талқылауды үйлестіру және оның нәтижелері бойынша биліктің барлық тармақтарының саяси беделін күшейту, азаматтық қоғам институттарын дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдап жасау тапсырылған.
Комиссия қазірдің өзінде Парламенттің бақылау функцияларын, Үкіметтің құқықтары мен жауапкершіліктерін күшейту, сот-құқық жүйесін жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқаруды ендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірледі.
Бұл ретте осынау өзгерістердің кепілі президенттік биліктің тиімді институты болып табылатынын мойындаймыз.
17. Саяси партияларға еркiн бiрiгу құқығы - ұжымдық құқық, оны Республика азаматтары бiрлесiп және олардың әрбiрiнiң жеке таңдауы бойынша iске асырады. Ол абсолюттi болып табылмайды және заң шығару арқылы шарттастырылуы мүмкiн. Мемлекет, саяси партиялардың, оның iшiнде заңды тұлғалар ретiнде, құқықтары мен заңды мүдделерi сақталуын қамтамасыз ете отырып, сонымен бiр мезгiлде олардың құрылу және қызмет iстеу жағдайлары мен тәртiбiн заң арқылы белгiлеуге хақылы, бұл адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандарттарға жауап бередi.
"Саяси партиялар туралы" Заңның 5-бабы 8-тармағында, "азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi", - деп белгiленген. Заңның бұл ережесi Конституцияның әлеуметтiк теңдiк, қоғамдық келiсiм және Республиканың тұтастығы туралы жалпы ережелерiмен келiседi, мемлекет пен қоғамдық бiрлестiктердiң өзара қарым-қатынастарының конституциялық негiздерiне сәйкес келедi. Конституцияның 5-бабы 1-тармағына сай, Республикада қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне, мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
18. Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала – өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Мен Қазақстандағы болған соңғы ірі саяси процесстерге тоқталдым. Соның ішінде 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында өткен «ЕҚЫҰ Саммиті», Референдум мәселесі немесе кезектен тыс сайлау және Қазақстан Республикасының Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы. Тәуелсіздігіміздің туын әлем аспанында желбіреткенімізге он тоғыз-ақ жыл болғанымен, Еуропа мен Азияның, Солтүстік Американың 56 мемлекеті мүше Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммиті Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің ішінен бірінші болып Қазақстанда, Астанада өтті. Бұл еліміз үшін, халқымыз үшін жауапты әрі абыройлы, саяси һәм тарихи оқиға болғаны болғаны даусыз. Әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі – ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада өтуі арқылы Қазақстан мемлекетінің, Қазақ елінің тәуелсіздігі төрткүл дүниеге түгел танылып қана қоймай, оның дүрбелеңге толы дүниежүзілік саясат сахнасының төрінен берік орын алғаны дәлелденді. Хельсинки Қорытынды актісіне – 35 жыл, Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясына – 20 жыл және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына – 65 жыл, еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен Астана Саммитіне Қазақстан ғасыр жүгін арқалаған толағай табыстарға толы жаңару, жасарудың жасампаздық жолымен келді. 2010 жылдың қаңтарында ЕҚЫҰ қауымдастығына өзінің бейнеүндеуінде Н.Ә.Назарбаев төрағалықтың ұраны – Сенім, Дәстүр, Ашықтық, Төзімділік деп жария етті. 19. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланыстыОрталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
22. Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.
Біздің пікіріміз — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс: - экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас; - адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау; - заңды, демократиялық билік; - ақпаратқа бостандық беру; - заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу; - таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу; - адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады. Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері: - мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы; - қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы; - мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы; - қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау; - қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру; - қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар: Заң — мемлекеттің ақылы. Сот — мемлекеттің жүрегі. Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.
23. Қазақстан – жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге толық қатысушы. Тәуелсіздік алған сәттен Мемлекет басшысы көпвекторлылықты Қазақстанның сыртқы саясатының негізі ретінде айқындап берді. Республика бүкіл әлемге бірқатар интеграциялық бастамаларды көтеруші, 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ел ретінде белгілі. Бүгінде Қазақстанды сыртқы қауіп-қатерлерге қарамай экономиканың орнықты дамуы мен саяси тұрақтылықты сақтап отырған мемлекет ретінде барлық жұрт біледі.
Еліміздің абырой-беделінің артуына көбіне Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік көшбасшылармен арада қалыптасқан жеке достық қарым-қатынастары оң ықпал етеді. Мемлекет басшылары Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздандыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, дінаралық диалогты жолға қою салаларындағы ғаламат еңбегін мойындайды.
24. Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық
даму үрдісіне әсер етіп,ерекше реформалық жолмен өркендеуіне мүмкіндік беріліп отыр.
Осы демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Бірінші ерекшелік – Қазақстандағы демократиялық дамудың игі бастамасында үкіметтік
құ рылымдар басты рөл атқаруда. Басқаша айтқанда, ол атқарушы биіктің қызығушылығымен
«жоғарыдан» жүргізіліп отыр. Ол алғашқыда күшті әсер қалдырғанымен, біртіндеп бәсеңдей
бастады. Ал азаматтық қоғам қазірге дейін болған самарқау қарап келді.
Екінші ерекшелік – еліміздегі бұл демократиялық даму атқарушы билік топтарында
айрықша орын алғанымен, сот құрылымы жүйелерінің өкілеттілігі шектеулі болды.
Үшінші ерекшелігі – республикамыздағы саяси реформалардың қаржылық қамтылуы
экономикалық даму үрдісіне ілесе алмай қалды.
Елбасы жолдауындағы мына мәселелер Қазақстанды демократиялық жаңғыртудың
нақты кӛ рінісі болып отыр:
1. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Әсіресе, мемлекеттік басқару мен
бюджетаралық жүйелер аражігін ажыратып, міндеттері мен құзыреттілігін айқындау.
2. Елдегі сайлау жүйесін жетілдіру, оның ашықтығы мен жариялылығын
қамтамасыз ету.
3. Азаматтық қоғам институттарын құрып, бекіту.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы демократиялық жолмен
дамытудағы рөлін күшейту.
5. Құқық қорғау органдары мен сот жүйелерінің азаматтардың бостандығы
жолындағы бағытын жетілдіру. 25. Қоғамдық – саяси қозғалыстар.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада — Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы — О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.
1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада — Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.
Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% — ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс — әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
26. Саяси мәдениетті қоғам мен заман талаптарына сай қалыптастырып, дамытуда құндылықтардың ықпалы зор. Осы құндылықтар жүйесінде саяси құндылықтардың маңызы айрықша. Саяси мәдениеттің дамуындағы саяси құндылықтардың ықпалын қарастырмастан бұрын алдымен құндылық ұғымының мәнін анықтап алғанымыз жөн болар. Сонымен, құндылықтардың табиғатын, қалыптасуын зерттейтін ілім аксиология (грек тілінен «аксе» – құндылық, «логос» – ілім деп аударылады) деп аталады. Бұрынғы КСРО-да ХХ ғ. 60-жылдарына дейін құндылықтарды зерттейтін сала – аксиология «буржуазиялық философия» деген атпен шеттетіліп келді. Ал, бүгінде қоғамдық ғылым салаларында құндылықтар мәселесі жіті зерттелуде. Құндылық дегеніміз – бұл идеялардың, түсініктер мен оларға сәйкес әлеуметтік-психологиялық білімдер жүйесінің (ұстанымдардың, әсерлердің, көзқарастардың), іс-әрекеттердің құралдары мен әдіс-тәсілдерін таңдау және оларды жүйелі түрде жүзеге асыру мен күнделікті тәжірибеде қолдану дәрежесі болып табылады. Қоғамның мәдени-саяси деңгейі, ондағы көзқарастардың әр алуандығы мен айқындығы мемлекеттік құрылымда қалыптасқан құндылықтар жүйесімен анықталады. Құндылықтар жүйесі қоғамның идеологиясы мен мәдениетінің сипатын бейнелеп көрсетеді. Сол сияқты құндылықтар қоғамдық ортада объективті және субъективті сипатта көрініс табады. Объективті дейтініміз ол шынайы түрде жүзеге асырылады, дегенмен де бұл тұрғыда адамға тәуелді емес. Ал, құндылықтарды субъективті деп қарайтынымыз – ол сезім арқылы адам санасына қабылданып, орын алады. Осылайша, адам ақыл-ойы мен санасы арқылы құндылықтар жүйесін игеріп, оларды өз мақсат-мүддесіне орай ұстанып, бағалай бастайды.
27. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
28. Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, принциптер жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңға сәйкес Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған; - қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады. Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы екіге бөлінеді: белсенді және бәсең. Белсенді сайлау құқығы деп – Республиканың 18 жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығын айтамыз. Бәсең сайлау құқығы деп – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаттары немесе өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығын айтамыз. Бәсеңдіктің мәні мынада, ол сайламайды, оны сайлайды. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Тең сайлау құқығы деп – сайлаушылар Республика Президенті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысатыны, әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болатынын айтамыз. Қазақстан Республикасында Парламентке депутаттарды төте және жанама сайлау құқығы белгіленген. Төте сайлау құқығы деп – Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және өзге де мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауын айтамыз. Жанама сайлау құқығы деп – Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылардың, яғни мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтарының қатысатындығын айтамыз. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады. Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Дауыс берілетін орындарда сайлаушылардың өз еріктерін еркін білдіруі үшін арнайы кабинеттер жабдықталады. Жасырын дауыс беруде сайлау бюллетеньдері нөмірленбейді және ешқандай белгі соғылмайды, сөйтіп дауыс берушінің жеке бастарын анықтауға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңының 3-бабында сайлау құқығының келесі принцптері бекітілген: - Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жсырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. - Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. - Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ. Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне: 1) Республикалық Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиясы; 3) округтік сайлау комиссиялары; 4) учаскелік сайлау комиссиялары кіреді. Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл. Орталық сайлау комиссиясы Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Олар Президент, Парламент депутаттары және мәслихат депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Аумақтық сайлау комиссиялары құрамы жеті адамнан тұрады. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін – он күннен, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады. Округтік сайлау комиссиялары сайлау округтерінде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиясы жеті адамнан құралады. Олардың құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Учаскелік сайлау комиссилары жеті адамнан тұратын құрамда құрылады. Олар тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етулері тиіс. Президентт, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін – жеті күннен, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады. Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады. Референдум азаматтардың еркін білдіру бостандығы мен еріктілік принципі негізінде жалпыға бірдей, тең және төте жабық дауыс беру жолымен өткізіледі. Конституцияға сәйкес референдум өткізу туралы шешімді Республика Президенті қабылдайды. Референдумның конституциялық негіздері 1995 жылы 25 наурызда қабылданған «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі.
29) Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай - ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі коғамы деп түсіндірді.
Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде Фома Аквинский ерекше орын
алады. Басты еңбегі – “Теологияның жиынтығы”.
Фома Аквинский: «заң - белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті
айқындаушы ереже», адам үшін бұл ереже «рахат» деп түсінді. Фома билік
құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал «Құдай жауыздықтың емес,
қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті құрайтындардың бәрі
мейірімділіктен туындайды, Құдайдан шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу
тегі адамдардан» деп түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның
ойынша, саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді. 7
Келесі құдайшыл ойшыл орта ғасырлық Мартин Лютер (1483-1546).
Оның еңбектерінде әртүрлі таптардың наразылығы көрініс тапты, олар: серілік
құрушылар, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін иелері өкілдері
арасындағы келіспеушіліктер
Римдік-католик дініне қарама-қарсы Лютер адам және оның зайырлы
өмірі негізінен күнәлі деп қаралмауы тиіс екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол
адам мен құдай арасындағы шіркеу мен дін иелерінің жарастырушылық ролін
теріске шығарды. Лютер өзінің міндетін алғашқы христиандыққа қайта оралу
деп есептеді, бірақ бұл жолды тек дін саласында жүргізуді уағыздады.
Лютердің саяси іліміндегі негізгі тезис – екі әлемнің болуы.
Христианшыл Лютердің пікірі бойынша, адам бір мезгілде екі әлемде: рухани
(аспандағы) және нәрселік (жердегі) әлемде өмір сүреді.
Саяси білімдер дамуының ерекше маңызды кезеңі – Қайта өрлеу дәуірі.
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси - әлеуметтік ғылымдардағы жарқын
жұлдыздардың біріне италиялық Никколо Макиавеллижатады. Оның саясатқа
байланысты шығармалары: “Тақсыр”(«Государь»), “Соғыс өнері”,
“Флоренцияның тарихы”.
Макиавелли діни саясатқа қарсы шықты. Шындықтың белгісі – сенім
емес, тәжірибе деп білді. «Адамдар мен қоғамның өмірі, тағдыры құдайдан»
деп күтіп отырмай, саяси ойды, саясатты қоғамдағы мәселелерді шешуге
бейімдеу керек. Адамдардың өмірін жақсарту үшін «елді басқаруға қабілеті бар
билік, мемлекет ұйымдастыру керек» – деп түсініп осы мақсатқа жеткізетін
әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. Макиавелли саяси ғылымның мәнін, қызметін, мақсатын айқындауға жол ашты.
30) Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезініп, осы белгілерімен олар басқа халықтардан бөлектеніп, күрделі этникалық қауымдастыққа айналады. Этникалық қауымдастық деп өздерінің шығу тегі, ортақ белгілерімен және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа, қарым-қатынасқа түскен адамдар тобын айтамыз. Адамдардың белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік десек, осы қажеттілік адамдардың түрлі топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, мүдде-мұқтажына, мәдениетіне, қызметіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен тайпалар да жойылды. Өркениетке өтуге байланысты бірінші кезекке адамдар арасында рулық байланыс емес, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың шығуы тайпаның басқа этникалық қауымдастыққа - халыққа орын беруіне әкелді. Этникалық қауымдастық ретіндегі барлық халықтар өркениет биігінде (Ежелгі Греция мен Рим, Египет, Индия немесе Қытай, кейінірек кезеңді алғанда Франция, Германия немесе Ресей халықтары) өздерінің әлеуметтік–этникалық белгілерімен, яғни шыққан тектерімен, тілдерімен, мәдениетімен, этникалық санасымен және т.б. ерекшеленді, ерекшеленеді. Халықтар өркениет дәуірінде тайпалармен салыстыруға келмейтін үлкен әлеуметтік–этникалық топтасуға және өздерінің тілдерінің, материалдық және рухани мәдениетінің жоғары дамуына қол жеткізді. Экономикалық қатынастардың дамуы адамдардың саяси және мәдени өзара байланысын күшейтті, ол өз кезегінде олардың материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақ болуына алып келді. Осының негізінде ұлт қалыптасты. Бұл үдеріс машиналық өндірістің және елдің барлық аймақтарын тұтас бір экономикалық организмге айналдырған капиталистік нарықтың дамуымен аяқталды.
31) Қоғамды жүйелік зерттеудің мейлінше толық үлгісі американ әлеуметтанушысы Талкотт Парсонстың (1902-1977 ж.ж.) еңбектерінде қарастырылған. Ол әлеуметтанудағы жүйелік-функционалдық мектентің негізін қалаушы болып саналады. Оньщ анықтамасы бойынша, адамдар қауымдастығындағы индивидтердің әрекеті әлеуметтік жүйеге ауысады, сондықтан да "жүйе" және "функция" ұғымдары қоғамды зерттеудегі негізгі әдістемелік ұғымдар болып табылады. Әлеуметтік жүйелерді құратын, қоршаған ортаны өзгерте алатын белсенді қызметімен антропологиялық әрекет биологиялық және физикалық әрекеттерден ерекшеленеді. Т. Парсонс қоғамды (адамдардың шексіз көптігі) салыстырмалы тұрғыдағы тұрақты аспектілерге (құрылым және функция) ие құрылым ретінде қарастырады. Функция кұрылымды әлеуметтік процеске, белгілі-бір тұтастыққа байланыстырады. Жүйенің негізгі функциялары: бейімделу, мақсатқа жету, біріктіру, үлгіні қолдау. Бұл функциялар жүйенің экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық-идеологиялық тармақтарында жүзеге асады
32) АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың төрағалығымен конфессияаралық және ұлтаралық келісім, жастар ұйымдарымен, ҮЕҰ, БАҚ, шығармашыл одақтармен өзара іс-қимыл саласындағы саясатты жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Дін істер жөніндегі агенттік төрағасы Қ. Лама-Шәріп, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, мәдениет басқармаларының бастықтары, дін істері бойынша департаменттер директорлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары хатшылықтарының меңгерушілері қатысты.
Кеңес барысында мәдениет басқармалары бастықтарының, дін істері департаменттері директорларының атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды, Қазақстан халқы Ассамблеялары хатшылықтары меңгерушілерінің есептері қаралды.
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, әлеуметтің жаңғыру - бұл бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мәдени бірлестіктердің, БАҚ- жұмыстарының темірқазық мәселесі, деп атап көрсеткен болатын. Біз осы өзекті міндеттерді барынша тиімді жүзеге асыруға тиіспіз, деп атап өтті Б.Майлыбаев.
Кездесуде сондай-ақ осы саладағы жұмыстың ағымдағы және перспективадағы бағыттары талқыланды.
34) Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арманаңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:
1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі;
2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;
3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.
35) Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.
36.Мүдделі топтар:ұғымы,функциялары,типологиясы.Топшылдық – қоғамдық қатынастардағы әлеуметтік-саяси құбылыс. Саяси сферада мүдделі топтардың қызметі өте күшті болуы себепті саяси күресті мүдделі топтардың қарым-қатынасы ретінде де қарастырады. Глобальдық масштабта немесе макродеңгейде Топшылдық геостратегиялық мақсаттары түйіскен мемлекеттердің, трансұлттық корпорациялардың белгілі бір топқа одақтастар ретінде бірігуінен байқалады. Мысалы, 1-дүниежүзілік соғыста Антанта тобына біріккен одақтас елдер өз мүдделеріне қарсы Үштік одаққа біріккен мемлекеттермен соғысты. Қазіргі кезеңде де әлемдік саясатта топтасу құ-былысы күшті. Еуроодаққа Еуропа мемлекеттері бірігіп жатса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Еуразия континентіндегі ірі мемлекеттер тобы бірігуде. Мүдделі топтар үнемі тұрақты болмайды. Қоғам талаптары өзгеруімен бірге топтар да өзгеріп, жаңарып отырады. Басым топтар әлсіздерін ығыстырып, жаңадан қалыптасқан топтармен өзара перманенттік күресін жалғастыра береді.Топшылдықты қоғамдық қатынастарға, адам өміріне өз ықпалын тигізіп отыратын объективті шындық ретінде қарастырған дұрыс.Егер топ мақсат-мүдделеріне байланысты демократия құндылықтарын, жалпыхалықтық пайдалы мұраттар мен құндылықтарды көздесе ол топтың ісі игілікті. Егер эгоистік топтар халықтың түпкілікті мүдделеріне зиян мақсаттарды көздесе ондайлардың әрекеттеріне қоғамдық қарсылық қажет
37.Қайта өрлеу кезеңінің және Ортағасыр саси ойлар Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазаиялық саяси ғылымның негізін салушы Никалло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның атақты шағармалары:»патша», тит Ливидің бірінші онкүндігі жөніндегі ойлар »Филососияның тарихы» Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды.Шындықтың белгісі сенім емес,тәжірбие деп білді.Ол мемлекет деген атауды ғылымға ,әдебиетке бірінші болып енгізді.Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағынушының қарым қатынасы деп ұқты.Ол республикалық мемлекеттті еркіндікті теңдікті қалады.Мемлекет еркі болса ғана қуатты,абыройлы бола алады.Патша рақымсыз,опасыз,сараң,қаһар бомай,қайырымды, адал,қамақоршыл,мырза болуға тырысуы керек.Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде Макиавелли әділдікпен адмагершілік емес,алға қойған саяси мақсат тұрғсынан қарады.Ол мақсатқа жету үшін амал,айланың қайт түрін болсада қолдануға кеңес берді.Мемлекеттің басын қосып,жаңарту үшін сөзге түсінбесе күресте жауыздықпен күшті пайдалануға болады.Қаталдық өзіңе бағыныштының пайдасы үшін бір рет қолдану керек.Бірақ бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай «мақсат,әдіс,тәсілді ақтайды» деген қағида кейін Макиавеллизм деген атпен тарап кетті.Кейбір жауыз патшалар маккиавеллизмде қаталдықты қолданған деп ,өзінің қара ниеттерін ақтағысы келеді.
38. Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:1) аристократиялық үйірмелер;2) саяси клубтар;3) көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды. Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
39.Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси пар-тияларды төрт түрге топтастырады:
1)Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтануымен сипаталады, өзінің барлық мүшелерінен партия-ның жұмысына белсенді қатысуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.
2)Сайлаушылар партиясы . Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ- тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялыққ партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» дейді.
3)Парламенттік партия . Ол негізі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалиттерде (жергілікті өзін- өзі басқару органы) жіктер ( фракциялар) жасайды. Премьер- Министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.
4)Қауымдастық партиясы. Ол амалдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.
40.Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жік-теудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік- экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси патиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл- адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б Чичерин айтқандай, көппартия-лықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары- онда саяси мәселелер жан- жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппазициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасын-да жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен- өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды бол-дырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемелекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО- да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.
41.Дауыс беру тәртібі Президентті, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау куні жергілікті уақытпен таңгы сагат жетіден кешкі жиырмага дейін жүргізіледі. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бір күн ішінде өткізіледі. Дауыс беру арнайы бөлінген үй-жайларда, жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған, сайлау бюллетеньдерін беретін орындары белгіленген, дауыс беруге арналған жәшіктердің қойылуы, дауыс беретін адамдар оларға жасырын дауыс беретін кабиналар арқылы өтіп кететіндей болуы тиіс. Бұл ретте бақылаушылар, сенім білдірілген адамдар, бұкаралық ақпарат кұралдарының өкілдері мен сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлау жәшіктеріне, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кіруді және шығуды бақылауына жағдай жасалуы қажет. Сайлау өткізілетін күні сайлау үрдісіне қатысы жоқ бөтен тұлғалардың сайлау учаскесінде болуына тыйым салынады.Президент, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті баскару органының мүшелерін сайлау өткізілгенде дауыстарды санау жергілікті уақыт бойытиа кешкі сагат жиырмада басталады. Дауыс беруге арналған жәшіктерді төраға дауыс берудің аяқталғандығы туралы хабарлағаннан кейін тиісті сайлау комиссиясы ашуға тиіс. Дауыс беру аяқталғанға дейін жәшіктерді ашуға тыйым салынады. Дауыс беру аякталған соң, бюлеттеньдер салынған жәшіктерді ашканға дейін, учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімдері бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебін жүргізеді және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы немесе оның орнындағы комиссия мүшесі санау нәтижелерін жария етеді және оларды дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаға енгізеді. Дауыстарды санау, сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейін үзіліссіз жүргізіледі. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екі сағаттан аспауы қажет. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы санау жүргізілетін үстелдер учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-әрекетін үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көріп отыруы қамтамасыз етілетіндей етіп орналастырылады. Дауыстарды санау кезінде қатысатын сенім білдірілген адамдар мен бақылаушылар дауыстарды санау бюллетеньдеріндегі белгілердің көрініп тұруы қамтамасыз етілетіндей қашықтықтан жағдайды байқап тұрады. Сайлау бюллетеньдерін санау кезінде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгілі бір мүшесі қатысушыларға сайлау бюллетенін көрсетеді және сайлаушының ерік білдіруін жариялайды. Жарамсыз бюллетеньдер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың бюллетеньдерінің қатарынан алынып тасталады.
42.Саясаттану пәні мен объектісі
Саясаттану ұғымы гректің (политик) және (логос) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Демек саясаттану дегеніміз – қоғамның саяси өмірінің қалыптасу мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, он ұйымдастыру жолдары, тәсілдері принциптері, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда, саясаттану – саясат сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.
Саясаттанудың негізін қалаушы ретінде данышпан ғалым Аристотельді айтады. Өйткені , ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеген. Дегенмен, ол саясатанудың пәнін қазіргі біді түсінігіміздегідей басын ашып бере алмады.
Саясаттану ұғымына қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Николко Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық тұрғыдан арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді.
Саясаттану объектісі- қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзіне биліктің әрекет ету процесі мен дамуын, бұқараның билікке қатысуын қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет объектісінің барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқа да ғылымдардың философия әлеу-меттану, құқық, тарихты зерттеу объектісі болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзіндік зерттеу пәніне ие болады. Саясаттанудың зерттеу пәні саяси би лікті қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әәдістері болып табылады.
43 Cаясаттананудың категориялары, әдістері және атқаратын қызметтері.Саясаттанудың түсініктері мен категориялары - басқа ғылым салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық үйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б.
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері:әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.
Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс
44. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты . Фәлсафа (философия) – табиғат , қоғам және таным дамуынң неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым . Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін , рухани байлықтардң негізінде не жатқанын және т.с.с ашып , дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді , саяси құбылыстармен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді . Саясаттану құқық ғылымымен тығыз байланысты .Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыруға күресіп жатқанына көз жеткізеді . Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану . Саясаттану саясаттыбелгілі бір заңдылықтарға бағынып . іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын , дамып ,өзгеріп отыратын процес ретінде қарайды .Тарих болса жүйелі , дәйекті түрде оқиғаныңболған уақытына байланысты саяси институттармен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап , суреттейді.
45. Саяси ғылымның құрылымы,оның парадигмалары.
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.