Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап Этнология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

22.Балық аулау

Балық аулау. Түрлері, таралуы, дәстүрлер. Балық аулау жабдықтары: тор, басқа да түрлері (мысалға қазақтың «қазасы»), қайықтар (табан қайық, құс қайық т.б.).

Балықшының киімі.

Балық өнімдерін өндеу мен тұтыну.

Халық шаруашылығын зерттеуге кіріспес бұрын, ең алдымен халық тіршілігіне әсер ететін географиялық жағдайды: климаты және топырақ құнарлығы, өсімдік және жануарлар әлемінен мәліметтер жинақтау. Шаруашылыққа байланысты мәліметтерді жинақтауда далалық жұмыстың тәсілдеріне: тұрғындардан сұрақтарға жауап алу, жеке бақылау, тұтынатын заттарды фиксациялау, олардың ішінде (еңбек құралдарын, өсірілетін мәдени дақылдарын, еңбек мерекелерін т.б.)

23. Есік обасы

(б.з.б. 5 — 4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген (қ. Алтын адам). Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады

24. Қоныс жай мәселесі

І. Қоныстанудың тарихи формасы: тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Қоныстану уақыты, атауы, тұрғылықты халықтың саны және этникалық құрамы. Қоныстану орны не үшін тандап алынды.

Қоныстанудың сипаттамасы – көшелік, бытырап қоныстану, топпен қоныстану, реттік т.б.

Қоғамдық, мәдени, шаруашылық құрлыстарының орналасуы. Бейіттер мен мазарлардың орналасуы.

ІІ. Кеңестік дәуірдегі болған өзгерістер: отырықшы шаруашылыққа көшуге байланысты тұрғын үйді салу және материалдарды пайдалану ерекшеліктері.

Елді-мекеннің орналасуы, географиялық жағдайы.

Ұлттық құрамы. Қоғамдық құрлыстар.

ІІІ. Бау-бақшаның орналасуы, тұрғын-үй және шаруашылық кешеңдерінің құрлысы.

Сумен қамтамасыз ету: құрылымы.

Жазғы тұрғын үйлер (киіз үй, қос), шаруашылық құрылыстар – олардың ертеректе тұрғызылуы, қазір қалай тұрғызылады (шошала, қора т.б.).

Пештердің құрлысы, оларды қолдану.

Көгалдандыру, бау-бақша: көлемі, орналасуы және жеміс-жидектің құрамы.

ІV. Тұрғын үй: киіз үй – құрылымы, қысқыға жабдықтау, киіз үйді құру және бұзу реттілігі.

Көшкен уақытта киіз үйді жинау және байлау тәсілдері.

Жертөлелер және жартылай жертөлелер – типі (бір бөлмелі, екі бөлмелі және көп бөлмелі т.б.). Архитектурасы, жылытуы және жарықтандыруы.

Қазіргі тұрғын үй – құрылымы.

  1. Тұрғын үйдің ішкі жабдықтары, әр заттардың атауы және қолданылуы. Үйдің көше немесе жарық жақты бағдарлап орналасуы.

Есік, әйнектердің орналасуы. Еден.

Құрлыс материалдары және техникасы. Халықтық шеберлер.

VІ. Тұрғын үй құрлысына байланысты дәстүр, ырымдар.

Мерекелерге байланысты тұрғын үй құрлысының ерекшеліктері, үйлену тойына тұрғызылған үйлер.

VІІ. Қазалы оқиғаларға байланысты тұрғызылған үйлер: ішкі және сыртқы көріністерінің өзгерістері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]