- •Дендрохонология және радиоуглеродтық әдіс
- •Шоқан Уәлиханов
- •5.Жерлеу әдісі
- •В.Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері
- •8.Этнографиялық зерттеулердегі маршрутты тәсіл
- •9.Арқайым қалашылығы
- •11. Потаниннің зерттеулері
- •13. А.Левшин және оның хуііі ғасыр этнографиясына қатысты еңбегі
- •15.Х.Аргынбаев және Қазақстан этностарын салыстырмалы зерттеу әдістері
- •16.Ш.Уәлиханов және оның тарихи-этнографиялық зерттеулері
- •18. Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •19. Этнографиялық коллекцияларды жинау
- •20.Аңшылық
- •22.Балық аулау
- •23. Есік обасы
- •24. Қоныс жай мәселесі
- •25. Зергерлік өнер
- •26. Ерте темір дәуірі
- •27.Тері өңдеу Киіз басу
- •28. Ғұн мәдениеті
- •29.Археологиялык материалдар
- •34.Әйелдің сырт киімі
- •35.Мерекелік, культтік, қаралы киім түрлері
- •36.Рычковтын зерттеулер
- •37. Ғұндардың орны
- •39. 18 Ғасырдағы Ресей экспедициясы
- •40. Катанаевтің зерттеулері
20.Аңшылық
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі.[1] Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді
21. Шілікті патша қорғандары –
Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша корғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8 - 10 метр. Мұнай обаның саны - 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2 - 5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған "Алтын қорған" деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дөліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1 м. Айналасына - тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапкан. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Сонымен қатар обадан 13 кола жебе, жебе салатын корамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі кырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалған бүғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жапсырылған. Қабірден 9 бүркіт, 29 қабылан, қабан, балық, т.б. бейнелер қазылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен көркем жасалған. Бүл обалардың салынған уақыты б.з.б. 7-6 ғасыларға жатады
Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұндада ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8—10 метрге дейін жетеді. Бұл — жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты. Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, терендігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан боренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінін қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұнқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 40— 50 жастағы еркек пен 50—60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малтатас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды. ПІілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды жопе омы тұргызуга көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті гас одан 15 шакмрым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындагы 40 шақырым жердегі карағайлы орманнан тасып әкелінген. Басқа да көптеген «патша» обаларм сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік- батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген. Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің асимметриялы-ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бүйыммнан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардмң арасында корамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыршықтала бүктетілген қабыланның (29 дана) бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері (12 дана), балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар. Шілікті обасы б. з. б. VII—VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және Еуразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Еуразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бұғулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркітгер) сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.[2]
