- •Дендрохонология және радиоуглеродтық әдіс
- •Шоқан Уәлиханов
- •5.Жерлеу әдісі
- •В.Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері
- •8.Этнографиялық зерттеулердегі маршрутты тәсіл
- •9.Арқайым қалашылығы
- •11. Потаниннің зерттеулері
- •13. А.Левшин және оның хуііі ғасыр этнографиясына қатысты еңбегі
- •15.Х.Аргынбаев және Қазақстан этностарын салыстырмалы зерттеу әдістері
- •16.Ш.Уәлиханов және оның тарихи-этнографиялық зерттеулері
- •18. Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •19. Этнографиялық коллекцияларды жинау
- •20.Аңшылық
- •22.Балық аулау
- •23. Есік обасы
- •24. Қоныс жай мәселесі
- •25. Зергерлік өнер
- •26. Ерте темір дәуірі
- •27.Тері өңдеу Киіз басу
- •28. Ғұн мәдениеті
- •29.Археологиялык материалдар
- •34.Әйелдің сырт киімі
- •35.Мерекелік, культтік, қаралы киім түрлері
- •36.Рычковтын зерттеулер
- •37. Ғұндардың орны
- •39. 18 Ғасырдағы Ресей экспедициясы
- •40. Катанаевтің зерттеулері
11. Потаниннің зерттеулері
Г.Н. Потанин Орталық Азияға алғашқы саяхатын Н.М. Пржевальскийден бұрын1863 жылы жасады. Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап, 36 жыл бойы, 1899 жылға дейін, ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді. Орыс География ғылымына көп еңбек етіп, үлкен жаңалықтар қосты. Ғалым, географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады. 1863 жылғы бірінші экспедициясында Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырын зерттеді, 1864 жылы – Тарбағатайды, бұдан кейін 1876 жылдан бастап Орталық Азияны зерттеуге кірісті. Ол 1876–1877, 1879-1880, 1883-1886, 1892-1893 жылдары саяхат жасады. Бұл экспедициялардың бәрінде де өзінің сүйікті зайыбы әрі көмекшісі А.В. Потанинамен бірге болады. Бұл экспедицияларда жиналған мәліметтер бұрыңғы кеңес дәуірінде толқтырылып басылып шықты.
Григорий Николайұлы 1835 жылдын 22 қыркүйегінде қазіргі Павлодар облысы, Ертіс жағасындағы Ямышев ауылында туды. Әкесі қызмет бабында бастықтарға қарсы шыққандықтан сотталып қара солдат болып төмендетілген казак–орыс еді. Ол түрмеде отырған кезде шешесі өліп Г.Н.Потаниннің үй–ішіне үлкен ауыртпалық түседі.Азияның болашақ атақты ғалымы бала кезінен өмірдің талай талқысын, жетімдікті, жеткіліксіз өмірді басынан өткізеді.
Г.Н.Потанинжас кезінде Ертіс жиегіндегі Пресногор ауылында оқып, полковник атағынан айрылған Эллизеннің үй–ішінде тәрбиеленеді. Одан кейінОмскідегі кадет корпусына түсіп, оны 1852 жылы 17 жасында бітіріп шығады. Жас офицерді Семей қаласындағы казак–орыс полкіне қызметке жібереді. Семейде ол қазақ халқының өмірімен толық танысады. Корпуста оқып жүрген кезде жан жолдасы Шоқан айтқан қазақ халқының тарихы, әдет–ғұрпы, өмірі көз алдына елестеп, ғалымды халық аузындағы бай аңыздар қызықтыра түседі.
Ғылыми еңбектер
Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты еңбегін жазды. Потанин есімімен Наньшань тауындағы жота, Моңғол Алтайындағы мұздық аталған.[1][2]
12. Эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарда, әртүрлі оқиғалардың ішінде бірге болу. Бұл тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер қатысатыны жөніңде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті жағдайда жергілікті халықтан белгілі бір салт-дәстүрдің немесе қажетті оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзінмен көруге болады, бірақ бұның жүргізілуі сақна түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай) жүргізілуі қажет.
13. А.Левшин және оның хуііі ғасыр этнографиясына қатысты еңбегі
Еңбектері
Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы (1832) атты еңбегінің 1-бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасы берілген. 2-бөлімі қазақ халқының тарихына, 3-бөлімі этнографиясына арналған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген атауға ғылыми анықтама беруге тырысқан. Қазақ халқының Ресей әкімшілігіне өтуінен бастап, 19 ғасырдың басына дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыстармен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастан көптеген мағлұматтар береді.
Орал қазақтарының тарихы және статистикалық сипаттамасы (1823).
Кіші жүз ханымен (Шерғазымен 1820 жылы16 қазан) кездесу.
Татарлардың ежелгі қаласы Сарайшық туралы хабар(1824).
Қазақ халқының аты-жөні және оның нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы (1827).[3]
14. Дәстүрлі егіншілік
Адамның өндірістік іс-әрекеті – оның өмірінің негізі болып табылады. Өндірістің спецификасы, адамның экономикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері мәдениеттің барлық жақтарына әсер етеді.
Этнография көбінесе шарушылықтың тарихи формасын немесе шарушылық салаларының іс-әрекетінің бүгінгі күнге дейінгі ең қарапайым түрлерін, шарушылықты жүргізудің артта қалған түрлерін зерттеуге бағытталады. Бұларды білу адамзаттың тарихын, тарихи процестің механизімін тануға көп көмектеседі.
І. Жер игеру
1. Жер игерудің жағдайы: а) революция, ә) ұжымдастыру, б) тыңайған жерлерді игеру: ауылшаруашылық мәдениеттері, егістік көлемі, жер игеру жұмыстарының техникасы, еңбек құралдары, шаруаға жегілетін мал, ылғалдандыру, тынайтқыштарды қолдану, егістік өнімін жинау және дайындау, сақтау.
2. Жер игерушілердің экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
3. Жер өндеуге қатысты дәстүрлер мен шаралар.
4. Жер игерушілер, малшы-көшпенділер.
5. Қазіргі жер игеру: мәдени дәнді-дақыл құрамының, техникалық әдістерінің, ауылшаруашылық күнтізбесінің өзгеруі.
ІІ. Бау-бақша өсіру.
Тұрғылықты жердің маңызы.
2.Өндеу техникасы.
3.Халықтың көкөніс, жеміс-жидектермен қамтамасыз етілуі.
