- •Дендрохонология және радиоуглеродтық әдіс
- •Шоқан Уәлиханов
- •5.Жерлеу әдісі
- •В.Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері
- •8.Этнографиялық зерттеулердегі маршрутты тәсіл
- •9.Арқайым қалашылығы
- •11. Потаниннің зерттеулері
- •13. А.Левшин және оның хуііі ғасыр этнографиясына қатысты еңбегі
- •15.Х.Аргынбаев және Қазақстан этностарын салыстырмалы зерттеу әдістері
- •16.Ш.Уәлиханов және оның тарихи-этнографиялық зерттеулері
- •18. Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •19. Этнографиялық коллекцияларды жинау
- •20.Аңшылық
- •22.Балық аулау
- •23. Есік обасы
- •24. Қоныс жай мәселесі
- •25. Зергерлік өнер
- •26. Ерте темір дәуірі
- •27.Тері өңдеу Киіз басу
- •28. Ғұн мәдениеті
- •29.Археологиялык материалдар
- •34.Әйелдің сырт киімі
- •35.Мерекелік, культтік, қаралы киім түрлері
- •36.Рычковтын зерттеулер
- •37. Ғұндардың орны
- •39. 18 Ғасырдағы Ресей экспедициясы
- •40. Катанаевтің зерттеулері
8.Этнографиялық зерттеулердегі маршрутты тәсіл
Маршрутты зерттеу жүргізу экспедицияның қозғалысын «желілік» маршруттағы тәсілмен жүріп отыру немесе әр тоқтаған аялдамада екі-үш күн болып материалдар жинақтаумен жүргізіледі. Ал шоғырланған тәсіл, зерттеу барысында басты базалық пунктіні (белгілі бір елді мекен) негізгі зерттеу объектісіне алып, ал қалған көршілес ауылдарды сол жиналған материалдарды бекітіп, салыстырып алуға жеңіл-желпі қарастырылады.
Далалық этнографиялық тәжірибе қажетті материалдарды жинақтап, ғылыми-білімді молайту үшін келесідей тәсілдерді қолданады.
Байқау әдісі – халық тіршілігінің әр жақты қырларын көрсететін нақты материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде өмір сүру жағдайы, жергілікті халықтың мінез-құлық ерекшеліктері, тұрмысы осының бәрі іскер этнограф үшін таптырмас материал болып табылады. Әрбір этнографтың далалық жазбаларда немесе басқа да құжаттарда ескерілмеген барлық байқаған дүниелері оның күнделігінде қамтылуы қажет.
Сұрақ-жауап әдісі – этнографтың тандап алынған ақпарат берушімен немесе жергілікті жердің тұрғыны беретін ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін далалық зерттеудің маңызды тәсілі.
Эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарда, әртүрлі оқиғалардың ішінде бірге болу. Бұл тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер қатысатыны жөніңде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті жағдайда жергілікті халықтан белгілі бір салт-дәстүрдің немесе қажетті оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзінмен көруге болады, бірақ бұның жүргізілуі сақна түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай) жүргізілуі қажет.
9.Арқайым қалашылығы
Арқайым — орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-ші мыңжылдық) сақталған тарих және мәдени ескерткіштер кешені. Ресей Федерациясындағы Челябі облысының Қазақстанға жақын оңтүстік аймағында, Үлкен Қарағанды және Өтеген өз-дерінің құйылысында орналасқан. Арқайым алқабының атымен аталған. Ескерткіш 1987 жылы ашылды. Содан бері кең көлемді ғылыми-зерттеулік жұмыстары жүргізілуде. Жанында осы аттас мәдени қорық пен зерттеу орталығы бар. Арқайым қонысы екі шеңберлі жал түрінде салынған, ортасында құрылыс салынбаған төртбұрышты алаң бар. Қоныстың жалпы ауданы 20000 м2, оның ауданы 8055 м2 бөлігінде археологиялық, ал 14000 м2 аумақта геофиз. зерттеулер жүргізілді. Қорған қабырғаларының қалыңдығы 3-5 м-ге жетеді. Қоныс сыртында тереңд. 1,2-1,5 м, ені 1,5 м ор бар. Арқайымның негізгі қонысында 70-ке жуық тұрғын үй болған. 30-ға жуығы қазылды. Қыш ыдыстар сынығы, тастан, сүйектен жасалған бұйымдар, мыс және күшәлалы қоладан құйылған жонғыштар, пышақтар, біздер мен алуан түрлі әшекейлер табылды. Арқайымдықтар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Арқайым қышының жасалуы Абашев мәдениеті кезінде, Қима мәдениетінің алғашқы кезеңінде, Солтүстік Қазақстандағы Петров, Алакөл мәдениеттері кезінде жасалған ыдыстарға ұқсайды. Бұдан арқайымдықтардың ата-тегі бірнеше этник. топтардан құралғанын көруге болады. Арқайым — көлемі, құрылымдық сипаты, ғылыми деректерінің молдығы мен маңыздылығы жағынан тарих, археология ғылымдары үшін маңызды ескерткіш.[1][2]
10. Сұрақ-жауап жүргізу әдісі
Сұрақ-жауап әдісі – этнографтың тандап алынған ақпарат берушімен немесе жергілікті жердің тұрғыны беретін ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін далалық зерттеудің маңызды тәсілі.
