Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап Этнология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать
  1. Николай Александрович Аристов (1847 – 1910) – этнография Қазан университетінің заң факультетін бітірген (1864).1864–1968 жылы Тобыл губерниясының басқармасында, 1868–81 жылы Жетісу облысы мекемелерінде түрлі әкімшілік қызметтерде болды.Аристов халық шежіресіне сүйеніп рулық бірлестіктердің таңбаларын зерттеді, тарихи деректер мен жаңадан дамып келе жатқан антропология зерттеулерді негізге ала отырып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздарының этнография құрамының тарихын жазды. «Түркі тайпалары мен халықтарының этн. құрамы жайлы және олардың адам саны жөнінде мәліметтер» аталатын еңбегінде түркі тайпалары мен халықтарының әлемдік тарих сахнасына шығу кезеңінен бастап, 19 ғасырдың аяғына дейінгі тарихы, этнография құрылымы, орналасуы, халқының саны, Қазақстанның Ресеймен, басқа да елдермен қарым-қатынасы туралы деректер берілген.

  2. В.Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері

Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (5.1.1837, Берлин — 12.5.1918, Санкт-Питербург)[1] — Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884). Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі, парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді.

Көне ұйғыр жазбаларын, оның тарихын зерттеді, грамматикалық құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты. Іұнды еңбектерінің бірі — “Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы” деп аталды. Ол ғылыми еңбектерінде түркологияның барлық саласын қарастырды: лексикография мен диалектология, салыстырмалы-тарихи фонетика мен текстология, көне түркі, ұйғыр және араб ескерткіштері, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы мен археологиясына байланысты түбегейлі зерттеулер қалдырды. Оның тарих пен этнография саласындағы еңбектері: а) Сібір мен Орта Азия түркі тілдес халықтарының этнографиясын; ә) олардың көне тарихы; археологиясы, мәдени даму жолдарын; б) аңшылық пен көшпелі халықтардың даму ерекшеліктерін, әсіресе түркі халықтарының рулық құрамын анықтау мәселелерін қамтыды. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан “Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” aтты 10 томдық еңбегі болды. Оның 1-кітабы (1866) алтай, құманды татарлары, шор, саян, 2-кітабы (1868) шұлым, түрік, хакас, 3-кітабы (1870) қазақ, 4-кітабы (1872) барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына арналды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алынған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқаласы Радлов жинаған фольклор үлгілері “Халық өлеңдері” (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөзі, өтірік өлең), “Ертегілер”, “Батырлар жыры” (“Ер Көкше”, “Ер Тарғын”, “Сайын батыр”) болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған. Радловтың Сібір қазақтарының этнографиясы туралы құнды еңбегі “Сібірден” деген атпен шықты. Ол қырғыз эпосы “Манасты” жазып алып, бастырып шығарды. Радлов салыстырмалы тарихи зерттеудің нәтижесінде Орта Азия, Қазақстан және Сібірдегі түркі халықтары фольклорының төркіні ортақ екенін дәлелдеді. Радлов көптеген ғылыми еңбектерімен түркология ғылымының дамуына зор еңбек сіңірді, өзінің мектебін қалыптастырды. Оның ісін шәкірттері Б.Я. Владимирцев, Н.Ф. Катанов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, т.б. жалғастырды, олар Радловтың ғылыми мұрасы жайлы құнды пікірлер қалдырды. Соңғы уақытта Радловтың шығарм. шеберханасы жайлы жазылған М.Шоқай жазбалары да ғылыми айналымға енді.[2][3]

7.Тас дәуірі

Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит[өңдеу]

Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық.

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.

Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.

Олдувайлық мәдениет

Олдувайлық мәдениет - бұл "Homo habilis" деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.

Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте - соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.

Олдувай дәуірінде адамдар әлі отты қолдануды білмеді.

Ашельдік мәдениет

Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол шапқышы пайда бола бастаған.Палеолит жайлы әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделген құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қырқуға арналған және сүңгінің ұштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бұйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]