- •Дендрохонология және радиоуглеродтық әдіс
- •Шоқан Уәлиханов
- •5.Жерлеу әдісі
- •В.Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері
- •8.Этнографиялық зерттеулердегі маршрутты тәсіл
- •9.Арқайым қалашылығы
- •11. Потаниннің зерттеулері
- •13. А.Левшин және оның хуііі ғасыр этнографиясына қатысты еңбегі
- •15.Х.Аргынбаев және Қазақстан этностарын салыстырмалы зерттеу әдістері
- •16.Ш.Уәлиханов және оның тарихи-этнографиялық зерттеулері
- •18. Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •19. Этнографиялық коллекцияларды жинау
- •20.Аңшылық
- •22.Балық аулау
- •23. Есік обасы
- •24. Қоныс жай мәселесі
- •25. Зергерлік өнер
- •26. Ерте темір дәуірі
- •27.Тері өңдеу Киіз басу
- •28. Ғұн мәдениеті
- •29.Археологиялык материалдар
- •34.Әйелдің сырт киімі
- •35.Мерекелік, культтік, қаралы киім түрлері
- •36.Рычковтын зерттеулер
- •37. Ғұндардың орны
- •39. 18 Ғасырдағы Ресей экспедициясы
- •40. Катанаевтің зерттеулері
36.Рычковтын зерттеулер
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков (1712—1777) кызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де карайтын.
Рычков «Орынбордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайықөңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар.
Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жаткан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П.И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты окиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазақ халкының тілі мен мәдениетін терең білді, қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинастырды.
XVIII ғасырда Ресей империясында әкелі-балалы Рычков текті орыстың екі ғалымы болған. Олардың үлкені – Петр Иванович (1712-1777 жж.) – география, экономика, тарих жөніндегі еңбектердің авторы, 1759 жылдан бастап Петербург ғылым академиясының тұңғыш корреспондент-мүшесі. Негізгі еңбегі – «Топография Оренбургская, то есть: обстоятельное описание оренбургской губернии (1762)». Ол оңтүстік Орал, Еділ бойы, Каспий өңіріндегі халықтардың тарихы, этнографиясы жөнінде еңбектер жазған, оның ішінде қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қатысты да құнды деректер бар.
Кіші Рычков – Николай Петрович (1746-1784 жж.) – орыстың саяхатшы – ғалымы. 1768 жылдан Петербург Ғылым академиясының П.С.Паллас басқарған экспедициясында қызмет істеді. 1769-1770 жылдары Қазан, Орынбор, Уфа, Вятка және Пермь губернияларын аралап шығып, осы жерлердің табиғатын, ерте замандағы қалалардың орындарын, халықтардың әдет-ғұрыптарын баяндап жазады. 1771 жылы Батыс пен Солтүстік Қазақстан аймақтарына саяхат жасайды. Оның құнды еңбектері – Журнал или дневные записки путешествия по разным провинциям Российского государства 1769 и 1770 годов. (Санкт-Петербург,1770-72 гг.); Дневные записки путешествия вКиргиз – Кайсацской степи в 1771 году (Санкт-Петербург, 1772 г.). Соңғы еңбек Алматыдағы бұрынғы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қорында сақтаулы. Осы кітаптың «Қырғыздар туралы» деген тарауын «Қазақстан коммунисі» журналының жетекші редакторы Д.Сейсенов қазақшаға тәржімалап, оны аталмыш журналдың 1991 жылғы 3-ші санында бастырып шығарған-ды.
37. Ғұндардың орны
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін,қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.
Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазыарқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.
Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.
Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.[2]
38. Тәңіршілдік және ислам
— дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни сенім. Тәңіршілдік сенімнің Ұлы Тәңірісі – берік қандастық жүйеге негізделген түркі қоғамының Жаратушысы әрі Иесі. Ұлы Тәңірдің елі де, қағаны да, жері де киелі әрі қуатты деп танылған. Тәңіршілдік ұлттық психологияны, яғни ұлттың ділдік сипатын анықтайтын танымдық өлшем. Ибн Фадлан ( Аббас халифатының елшісі) 10 ғ-дың басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде “Бір Тәңірі” деп, басын көкке қаратып мінажат ететіндіктерін” айтқан. Әр түрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке ханның: “…Біз тек қана Бір тәңірге құлшылық етеміз” деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Плано Карпини, Рубрук мәлімдеген. Тәңір ұғымы Шумер сына жазуларында, ғұндарда “зингир” (қазақта “зеңгір” сөзі бар) түрінде кездеседі. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттарының бәрі аспанды білдіреді. Сипаты жағынан Тәңірі ешнәрсеге ұқсамайды. Тәңіршілдік сенімінде соғыста жеңіс сыйлайтын да, билік иесіне билікті ұсынатын да, халықтың ниетіне қарай билеушіні таңдайтын да – Тәңірі. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске түсу халықтың рухани азғындағаны үшін Тәңірдің оларға жіберген жазасы болып саналады
Б.з. 711-712 жылдары Қағанат түріктері Қытай қамалынан бастап Солтүстік Иран шекараларына дейін стратегиялық жорық жасады. Бұл жорық екі мақсатты көздеді: 1) Араб халифатының Соғды және Тоқарыстан қалаларына (қазіргі Иран, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан территорияларының тоғысқан жері) жасаған шабуылдарын тоқтату; 2) Ислам дінінің идеологиялық экспансиясын тоқтату.
Бұл жорықты атақты Тоныкөк басқарды. Арабтарды және де қорыққаннан исламды қабылдағандарды түріктер «тезек» деп атады.
Осы кезеңде көшпелі-тәңірлік пен отырықшы мұсылмандықтың; көшпелі дала мен ислам шаһарының, яғни екі ұлы діни-саяси жүйелердің алғашқы қақтығысы орын алды. Сонымен бірге, бұл ежелгі Иран−Тұран мәдениеттерінің қақтығысының жалғасы болды. Иран бұл кезде Араб халифаты мәдениетімен сусындаса, Тұран мәдениеті қайта жаңғырған тәңірлік қағанаттың, өзінің Ашина атты династиялық тайпасымен тіршілік жасады.
Әбден жеңімпаз болуға үйренген Халифат Орталық Азияда әрең дегенде орнықты, бірақ әлі де болса көшпелі Далаға ене алмады. Тіпті кейін болған Ұлы Түрік Қағанатының ыдырауы кезінде, Талас соғысындағы (754 ж.) арабтардың қытайлықтарды жеңгеннің өзінде түріктердің діни негіздері өзгермеді. Сол соғыста арабтардың жағында түркештер мен қарлұқтар, ал қытайлардың жағында көк түріктер (Ашина) соғысты. Көшпелілердің мәңгілік қарысы – өзара ішінара қақтығыстар – арабтардың пайдасы жағына шешілді. Соның өзінде ислам әлі болса да жат елдің (арабтардың) және отырықшы тезектердің діні болып есептелді. Түркеш қағаны Сұлудың Хишам халифінің исламды қабылдау ұсынысына былай деп жауап бергенін мысал ретінде келтіруге болады. Қаған елшілердің көзінше өзінің әскеріне байқау ұйымдастырып және аудармашыға былай деп айтуға бұйрық берді: «Бұл елші өзінің қожайынына былай деп айтып барсын, осы әскерлердің арасында тігінші де, саудагер де, шаштаразшы да жоқ, егер олар ислам дінін ұстанатын болса, онда күндерін қалай көреді». Тек бес жарым жүзжылдықтардан кейін ғана, ХІІІ ғасырдың ортасында Алтын Орда ханы Берке ислам дінін ресми дін ретінде қабылдады. Жаңа дін, әдетте тек сарай ішіндегі адамдар арасында ғана таралды. Сарай, геосаясат мүдделеріне назар аудара отырып номадтарға жат догматтарға бейімделгісі келді, бірақ барлық Ұлы Дала Тәңіршілдіктің заңдары бойынша өмір сүре берді.
1312 жылы Алтын Ордада билік Өзбек ханның қолына көшті, ол Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады. Тәңіршілдікті жақтайтындар әрине бұл фактіге қарсы болды: «Біз саған бағынамыз және бас иеміз, ал сенің біздің наным-сеніміміз бен жан дүниемізде не шаруаң бар, қалайша біз Шыңғыс ханның заңдары мен яссаларын тастап арабтардың дініне көшеміз?» − деп жауап береді олар.
Шын мәнінде исламға Ұлы Далаға жол тек ХVІІІ ғасырда, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына енген кезде ғана ашылды. Империя өзінің қоластында көшіп қонып жүретін көшпелілерді емес, ал үстерінен билік жүргізе алатындай отырықшы малшыларды қажетсінді. Қазақтарды көшпелі өмір салтынан отырықшыға алмастырудың арнайы жоспары жасалды. Бұл мақсатпен ІІ Екатерина патшайымының бұйрығы бойынша Империя қоластында баяғыдан бері қызметте жүрген тәңіршілдікті ұстанатындарды ислам дініне айналдыру мақсатымен жүздеген татар молдалары Ұлы Далаға жіберілді. Есеп өте қарапайым болды – ислам отырықшы өмір сүру салтын қажетсінді, және сенгіш неофиттер өздерінің қалыпты дәстүрлі өмір салтынан, мәдениетінен және дінінен бас тартуы керек болды.
Исламизация үрдісі дәстүрлі, тәңірлік мәдениеттің жойылуымен негізделді. Алдымен руна мәтіндері бар стелалар, яғни ежелгіқазақ жазуының өзі құрдымға кетіп бара жатты, ол өз кезегінде Халық Жадысының жойылуын білдірді. Қатаң репрессияларға бақсы-шамандар ұшырап отырды, себебі олар дәстүрлі руханилықты тасушылар мен Аруақтармен − Ата-баба рухымен байланыс орнатушылар болып есептелді. Тіпті музыканың өзі де молдаларға лайықты болмады. Қобыз аспабы көпшілік алдында отқа жағылды, ал қасиетті қара домбыраға көп уақыт бойы тыйым салынды
