- •Дендрохонология және радиоуглеродтық әдіс
- •Шоқан Уәлиханов
- •5.Жерлеу әдісі
- •В.Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері
- •8.Этнографиялық зерттеулердегі маршрутты тәсіл
- •9.Арқайым қалашылығы
- •11. Потаниннің зерттеулері
- •13. А.Левшин және оның хуііі ғасыр этнографиясына қатысты еңбегі
- •15.Х.Аргынбаев және Қазақстан этностарын салыстырмалы зерттеу әдістері
- •16.Ш.Уәлиханов және оның тарихи-этнографиялық зерттеулері
- •18. Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •19. Этнографиялық коллекцияларды жинау
- •20.Аңшылық
- •22.Балық аулау
- •23. Есік обасы
- •24. Қоныс жай мәселесі
- •25. Зергерлік өнер
- •26. Ерте темір дәуірі
- •27.Тері өңдеу Киіз басу
- •28. Ғұн мәдениеті
- •29.Археологиялык материалдар
- •34.Әйелдің сырт киімі
- •35.Мерекелік, культтік, қаралы киім түрлері
- •36.Рычковтын зерттеулер
- •37. Ғұндардың орны
- •39. 18 Ғасырдағы Ресей экспедициясы
- •40. Катанаевтің зерттеулері
27.Тері өңдеу Киіз басу
Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаланнан арылады және ұйысы жазылады. Тулақ дегеніміз — сиырдың иленбеген, керіп кептірген қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан, тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.
Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.
Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілуі үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.
Кілем тоқу
Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі — кілем тоқу. Кілемнің екі түрі — түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, солтүстік өңір, негізінен, тақыр кілем тоқыған.
Ши, өрмек тоқу
Қазақта ерте заманнан-ақ ши тоқу өнері қалыптасқан. Шиді кереге сыртына тұту үшін, үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап қою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген, киіз басу үшін де, құрт жаю үшін де пайдаланған. Тұтылатын шиге боялған жүн орап, өрнектеп безендірген. Мүұны «шым ши» деп атаған. Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша тоқылады.
Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады. Бұл заттарға көбіне шетпұшпақ өлі жүндер, жабағы жүн, жылқы қылы, түйе жүні пайдаланылады. Арқан, жіп есілу тәсіліне қарай екі түрге бөлінеді. Есіп жасалатын жіптер — арқан, желі, ноқта, құрықбау, бұйда, шылбыр, тізгін, т.б. Тоқып және өріп жасалатын жіптер — басқұр, таңғыш, туырлық бау, жел бау, тең таңғыш, құр жіп, құлын ноқта, нар ноқта, т.б.
Арқанның түрлері - арқан, қосақ арқан, сүйретпе арқан, жел арқан, тарту арқан, матау арқан, aт арқан, белдеу арқан, шом арқан, қом арқан, тең арқан, желі арқан.
Тері өңдеу
Мал терісі қазақ тұрмысында өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берғен. Мысалы, қара мал терілерін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Әр терінің өн бойындағы жекелеген бөліктерінің де атауы болған — жондық, қабырғалық, үйек бас тері, пұшпақ, мойын терілері. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін атан терісі, бота терісі деп екіге бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қазақ қолөнерінде өте кең қолданылған.
Тері илеу
Қазақ теріні көбіне илеп пайдаланған. Иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Иленбеген жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, мес, дорба, шарқай, т.б. заттар жасаған. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз — үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Боялған терілерден әсем киім, тұрмыста тұтынатын әдемі заттар жасалады.
