Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап Этнология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать
  1. Дендрохонология және радиоуглеродтық әдіс

Ағаштың жасын оның бойында өскен жүзіктердің арқасында білуге болатыны ежелден бәріне таныс. ағаштардағы жүзіктердің орналасуы әр маусымда әр түрлі. Ағаштың өсіп дамуына әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ағаштың жүзіктері ежелде болған оқиғаларды сипаттаушы ретінде келесі позицияда қызмет етеді:

1. өткеннің уақытын анықтаушы;

2. дендрохронологиялық шкаланы жасаушы;

3. табиғи процестердің анықтаушысы.

дендрохронологияның негізін салушы: Ф.Н. Швидов (1892 г.) «Дерево как летопись засух» // Метеорологич. вестник №5., Дуглас.

Бұл әдістің негізгі – ағашта өскен әрбір жүзіктің әр жылды дұрыс анықтап беруінде.

Ең ұзақ өмір сүретін ағаштар - Орталық Канаданың Сьерра-Невада тауының бойында өсетін. 3 000 метрге дейін өседі.ежелде оның биіктігі 4600 ге дейін жеткен.

Секвойя - Тынық мұхитының солтүстік Американың ылғалжы жерінде мекендейді.

Орталық Азия өсетін Аршалық ағаштардың кейбіреуінің жасы – 1500-2000жыл

1968-1990 жылдары КСРОда зерттеу жұмыстарына келесілер қолданылды:

Шығыс шыршасы – 600 жыл

Қарағай – 525 жыл

Сібірлік балқарағай – 400 жыл

Сонымен, Еуропада өсетін ағаштардың жасы 3000 – 4000 жылдан аспайды. Сол себепті дендрахронологиялық шкаланы ұзарту үшін «қайта уақытты өлшеу» қолданылады.

Бұл әдістің қолданылуының мақсаты келесі өсетін ағаштардың өз ерекшеліктеріне және өсетін орнына сай бір бірімен сабақтас ету.

Ол үшін бір орында өсетін ағаштардың бірнешеуі зерттеуге алынады. Олар ағаш бойында өсетін жүзіктердің өсіп, өніп және жойылуын қарастырады.

Көптеген зерттеулерден кейін, жаңа әне өте ескі ағаштарды кесіп, екеуін салыстыра зерттейді.

Еуропа дендрохронологиялық зерттеулер кешірек өткізіледі. Соған қарамастан қазір Еуропада ағаштардың жүзіктерін зерттейтін 20 зертханалар жұмыс істеуде.

Б.э.д 5300 жылдық еуропалық мастер – хронологиялық емен ирландық және германдық емендер арқылы жасалды.

Дендрохронологияның тәжірибелік пайдасы Мангазеиде қоныстануда жақсы байқалады. Ол жақта үлкен аяздарға төзген ағаштар қалған.

  1. 2-3 сұрақ «Этнографиялық зерттеулер» субдисциплинасының пәні .

Этнографиялық зерттеулердің мақсаты мен міндеттері

Қазіргі этнографияның алдында тұрған мәселелер, әсіресе халықтардың өмірі мен мәдениетін жан-жақты зерттеуде бірқатар қиындықтарды туғызады. Этнографиялық материалдарды жинақтаудың негізгі формасы этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру болып табылады. Өкінішке орай этнографиялық зерттеулердің бір ауыздан мақұлданған экспедициялық жұмыс тәсілдері болмай отыр.

1960 жылдардан бері әлем халықтары арасында өзінің өткен тарихын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, материалдық мәдениетін жаңғырту үрдісіне бет бұру байқалады. Бұл жазу-сызуы ерте дамыған өркениетті халықтарды былай қойғанда, Африка мен Азияның және Латын Америкасының бұратана халықтарында да байқалады. Осы орайда Орталық Азияның ірі этностарының бірі, Евразияның үлкен кеңістігін алып жатқан қазақ этносының өткен тарихы мен мәдениетіне байланысты көптеген мәселелердің зерттелмей жатқанына назар аударылуда. Отарлық пен Кеңес дәуіріндегі қасаң жүйе халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетіне елеулі өзгерістер енгізіп, тіліне қауіп төндірді.

Сондықтан XX ғасырда қазақ халқының ежелгі мәдениеті, дүниетанымы, әдет-ғұрпы, шаруашылық дәстүрі қандай өзгерістерге ұшырады, оларға әлемдік өркениеттің ықпалы, халқымыз XXI ғасырға қандай дәрежеде аяқ басқалы тұрғаны жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, қорытынды жасаудың маңызы ерекше. Сонымен бірге қазақтардың осы жерді мекендеуші басқа да халықтармен қарым-қатынасы, мәдениеттердің өзара ықпалы жөніндегі мәселеге де айрықша назар аударылуы қажет.

Этнографиялық тәжірибенің мақсаты: біріншіден студенттердің дәріс және семинар сабақтарында алған білімін бекіту. Екіншіден тәжірибеші-студент экспедиция жұмыстарына қатыса отырып, далалық жағдайдағы еңбекті ұйымдастыру мен кәсіби-этнограф дағдыларын қалыптастыру. Үшіншіден этнографияны игеруге көңіл аударған студен-тәжірибешілердің алдына ғылыми тапсырмалар қойып, кәсіби дағдыларын қалыптастырып, олардың ғылым жолына баруына алғышарттар жасайды. Студенттердің ғылыми жұмыспен айналыса бастауы, студенттік ғылыми конференцияларға қатысып мақала берумен басталады.

Студенттерді тәрбиелеуде этнографиялық тәжірибенің баға жетпес маңызы, студенттерді жергілікті халықтың тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптары, қайталанбас қоғамдық тұрмыс-салттарымен танысу барысында арта түседі.

Этнографиялық тәжірибе – адамдармен тіл табысуға, әңгімелесу дағдыларын игеруге, тәжірибешілердің қоғамдық-саяси сұрақтарға байланысты дәріс оқу, мұның бәрі жоғары педогогикалық дайындық болып саналады.

Этнографиялық зерттеу жүргізілетін аймақ жөнінде мәліметтер жинау ең маңызды іс болып табылады. Гуманитарлық ғылымдардың өзге салаларының ішінде этнографияның өзгешелігі ең алдымен бастапқы фундаменталды дайыдығын, яғни нақты тақырыпты анықтап алу, зерттеудің бағдарламасы мен әдістемесін құрастырып алу, тоериялық білімді игерген болуын керек. Алдын-ала дайындықсыз далалық тәжірибеге шығудың да қажеті шамалы.