Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гормондар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.5 Кб
Скачать

7 Жыныс гормондық дәрілер.

Жыныс гормоналды дәрілері келесі топтарға бөлінеді:

1) әйелдер жыныс гормондары. Эстрогендік және Гестагендік дәрілер.

2) ерлер жыныс гормондары Андрогенді (тестостеронді) және Анаболикалық стероидты дәрілер.

А) эстрогендер – эстрон (цикловен форте) 1 ml – 0,05%-0,1%, эстрадиол (эстрадиола дипропионат 1 ml - 0,05%, этинилэстрадиол (микрофоллин) 0,00001, Гексэстрол (синэстрол) 0,001, 0,1%, 2% - гормондық жетіспеушілік кезінде, аменореяға, дисменореғае және босанғаннан кейінгі лактацияны (сүтті) төқтату үшін қолданылады.

Антиэстрогенндық дәрілер – тамоксифен, торемифен – сүт бездің қатерлік ісігіне беріледі.

Б) Гестагендер - прогестерон 1 ml 1%, 2,5 %, оксипрогестерон капронат 1 ml – 12,5%, 25% - гормондық жетіспеушілік кезінде және іштастауға қарсы,етеккірдің бұзылысында қолданады.

В) Контрацептивтер - микрогенон, ригевидон, антеовин, триквилар, тризистон, Continuin -континуин, микролют, постинор – ұрықтауға қарсы пайданылады, дисменореяда, функциональды бедеулікте, жатырдың гипоплазиясында.

Г) Андрогендер - тестостерон пропионат (андриол) 1%, 5% - 1 ml, метилтестестерон 0,005 – гормондық жетіспеушілік кезінде және әйел сүт безінің қатерлік ісігіне қолданылады.

Андрогендік антагонистері - ципротерона ацетат, флутамид, финастерид – аденома - гиперплазия.

Д)Анаболиктер. Нандролон (феноболин) 1%, 2,5% - 1 ml, ретаболил 5% - 1 ml – кахексия, астения, ренгенемдеуден кейін, остеопорозға және сүек жарақаттану кезінде.

Эстрогендік дәрілер – Эстрадиол, Эстрадиол дипропионаты - (табиғи гормондар), этинилэстрадиол жартылай жасанды және синэстрол жасанды дәрі - бұлардың әсері аса жоғары келеді. Эстрогендіктер көбінесе екінші реттік жыныстық жетіспеушілікке, бедеулікте және жыныс мүшелердің гипоплазиясында қолданылады.

Бұларды қолдануға болмайды: мастопатия, жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері, эндометрит және т.б. Жанама әсерлері бар: бас айналу, лоқсу, құсу, кейде жатырдан қан кету.

Эстрадиол құрлысы және әсері эстронға (адамның денесіндегі табиғи гормон) ұқсас келеді. 1мг эстрадиолдың белсендігі 10000 ӘБ сәйкес болады.

Бұл эстрондық гормон жетіспегендіктен қолданылады. Ондай жағдайда гинекологиялық операциядан кейін және климакс келген кезде, содан соң әйелдердің босануын күшейту үшін, контрацепция ретінде және қуық бездің қатерлік ісігінде қолданылады.

Жанама әсерлері және кері көрсеткіштері жалпы эстрогендерге ұқсас. Бұның мөлшері 0,002 г түймедақ түрінде және т.б. трансдермальдық жабыстырғыш сияқты.

Эстрадиол дипропионаты (эстрадиол пропионаты және т.б.) эстрадиолдың өзімен салыстырғанда баяу және ұзақ уақытқа әсер етеді. Басқа әсерлері эстрадиолмен ұқсас келеді.

Rp.: Sol. Oestradioli dipropionatis oleosae 0,1%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. 1 мл-ден аптасына 1-2 рет.

#

Этилинэстрадиол (Микрофоллин форте және т.б.) құрылысы мен әсеріне қарағанда эстрадиолға ұқсас, ал белсенділігі өте күшті және ішуге түймедақ түрінде пайданылады.

Rp.: Aethinyloestradioli 0,00001

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.

#

Эстрагендікке қарсы әсерін тигізетін (антиэстрагендік) дәрілер. Кломифен ең жақсы бедеулікке әсер етеді, одан соң Тамоксифен және Торемифен сүт бездерінің қатерлі ісігіне қарсы қолданылады.

Гестагенді дәрілер – Прогестерон және осыған ұқсас дәрілер - оксипрогестерон капронаты және т.б. Бұлар сары дененің жетіспеушілігіне байланысты аурулар, оның ішінде түсікке - іш тастауға қарсы қолданылады.

Бұларды қолдануға болмайтын кері көрсеткіштер: бауыр жетіспеушілігінде, гепатит, сүт бездері мен жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері.

Жанама әсерлері: қан қысымының көтерілуі, дененің ісінуі және жүрек соғысының жиілеуі мүмкін.

Прогестерон (Прожестожель, Утрожестан және т.б.) сары дененің гормоны, алғашқы кезде нәрестенің дамуына жағдай жасайды, ал жүктіліктің соңғы кезеңінде жатырдың жиырылуын тежейді.

Бұны аменорея (етеккірдің жоқтығы), жатырдан қан кету, бедеулік кезінде, түсікке қарсы және контрацептік дәрі ретінде қолданылады.

Жанама әсерлері: тромбофлебит, тромбоэмболия, холецистит, гепатит, ісіну, аллергиялық өзгерістер және т.б. пайда болуы мүмкін.

Кері көрсеткіштері: бауыр жетіспеушілігі, гепатит, тромбозға бейімділік.

Мөлшері 0,5%; 1% және 2% майлы ерітіндісі 1 мл ампула түрінде бұлшық етке егуге қолданылады.

Rp.: Sol. Progesteroni oleosae 1%-ml

  1. D.t.d. № 6 in amp.

S. 1 мл-ден күніне 1 рет.

#

Оксипрогестерон (Гидроксипрогестерон, Гормофорт т.б.) капронаты – жасанды дәрі, биологиялық және әсерімен прогестеронға ұқсас, сондықтан көбінесе сары дене жетіспеушілігінде прогестерон сияқты қолданылады. Мөлшері 12,5% және 25% майлы ерітіндісі ампула түрінде 1 мл-ден пайданылады.

Rp.: Sol. Oxyprogesteroni capronatis oleosae 12,5%-1ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. 1 мл-ден аптасына 1 рет.

#

Антигестагенді дәрі – Мифепристон медициналық тәжірибеде жүктіліктің алғашқы кезеңінде бала түсіру үшін қолданылады.

Андрогенді дәрілер – Тестостерон пропионаты, метилтестостерон және т.б. Қолдану көрсеткіштері: жыныстық жетіспеушілік, жыныс жүйесі қызметінің бұзылуы, акромегалия, клементарий, жатырдан қан кету, ұрық бездері мен сүт бездерінің қатерлі ісіктері. Ерлердің жыныс безінің қатерлі ісігі кезінде қолдануға болмайды.

Қосымша, яғни жанама әсерлері: жыныстық қозу, денедегі тұз бен судың жиналуы, дауыстың өзгеруі, бет пен дененің түк басуы, сүт бездерінің атрофиясы, лоқсу және бас айналуы.

Тестостерон пропионаты (Тестостерон, Андриол және т.б) ер кісінің ішкі жыныс гормонына ұқсас, бірақ жасанды түрінде шығарылады, сондықтан да ұзақ андрогендік әсерін тигізеді. Тестостеронды ер адамның жыныс жүйесінің қызметі бұзылғанда, климакс және остеопороз кезінде қолданады. Әйелдер сүт безінің қатерлі ісігінде тағайындалады. Бұның 1% және 5% майлы ерітіндісі 1 мл тері астына егіледі.

Тестостеронның жанама әсерлері мөлшерін асырып жібергенде жиі байқалады: ер адамның жыныстық елігуінің қозуы, денедегі су мен тұздың жиналуы, қуық үстіндегі без қызметінің бұзылуы, әйелдерде вирилизм (ер адамдарға тән көрініс – дауысы өзгеріп, денесі түктенуі және сүт безінің жойылу) және жалпы бас айналу, лоқсу және т.б. өзгерістер көрінеді. Бұны қолдануға болмайтын кері көрсеткіштер: қуық үсті безінің және бауырдың қатерлік ісіктері, жүкті және бала емізетін әйелдерге.

Rp.: Sol. Testosteroni propionatis oleosae 1%-1 ml

D.t.d. № 6 in amp.

S. Бұлшық етке күніне 1 мл-ден.

#

Метилтестостерон (Андрорал және т.б.) тестостероннан алынған, ұқсастығы бар жасанды дәрі. Түймедақты (мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан) жұтып бірден жібермей, ауыздың ішінде сіңірілгенше ұстап отыру керек, сонда әсері жоғары болады. Жұтқан кезде асқазанның сөлі оны ыдырата алмайды, сондықтан әсері төмендеп кетеді. Қолданылуы, жанама және қатерлі әсерлері тестостеронға ұқсас келеді.

Rp.: Methyltestosteroni 0,005

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.

#

Антиандрогенді дәрілер – Ципротерон (Андрокур т.б.), Финастерид (Проскар т.б.) - ерлердің жыныс қатынасы белсенділігі өте жоғары кезінде, әйелдердің андрогендік сезімталдығы жоғарыланғанда, балалардың жыныс гормондары ерте пайда болғанда қолданылады.

Анаболикалық стероиды дәрілер – Метандростенолон, Феноболин және т.б. Олар қаңқа бұлшық еттің, ішкі мүшелердің, сүйек ұлпасының салмағын арттырады. Денеден азоттың, фосфордың, кальцийдің шығарылуы баяулайды. Бұлар белоктардың синтезін жақсартады, тамаққа деген тәбетті ашады, регенерация жақсарады.

Анаболиктердің қолданылуы: кахексия (арықтау), стероидты диабет, жүрек бүлшық етінің жансыздануы, миокард инфаркты, кардиосклероз, асқазан жарасы, миокардит, бүйректің созылмалы аурулары, миопатия, өкпенің созылмалы аурулары, остеопороз, сүйек сынғанда, жұқпалы аурулар, күйік ауруы және т.б аурулар.

Бұларды қолдануға болмайды: ерлердің жыныстық бездерінің қатерлі ісігінде, жүкті әйелдерге, бауыр және бүйрек ауруларында.

Жанама әсерлері де бар: кальций тұздарының сүйекте көбеюі, сүйек өсуінің тоқталуы, диспепсиялық әсерлер, ісінулер, сарғаю, бауырдың ұлғаюы, әйелдерде етеккір циклының бұзылуы, бұлшық еттердің өсуі.

Метандростенолон (Метандиенон және т.б.) химиялық құрылысы және биологиялық әсерімен салыстырғанда тестостеронға ұқсас. Андрогендік белсенділігі өте төмен, ал анаболикалық қасиеті жақсы байқалады. Сондықтан оны белокты анаболизимдік бұзылыста, яғни әртүрлі кахексия (жүдеудің асқынған түрі), астения (әлсіздік), әр түрлі індетті аурулардан кейінгі кездегі белоктық жетіспеушілігі, содан соң өте ауыр жарақаттан және күйіктен кейін қолданады. Түймедағы 0,001 және 0,005 г мөлшерімен пайданылады. Жанама және қатерлі әсерлері андрогендік дәрілерге ұқсас келеді.

Феноболин ( Ретаболил және т.б.) белсенділігі күшті және өте ұзақ уақыт әсер ететін дәрі. Мысалы, бір рет қолдағанның өзінде әсері 7 күннен 15 күнге дейін созылады. Барлық қалған әсерлері метандростенолонға ұқсас келеді. 1% және 2,5% майлы ерітіндісі 1 мл-ден бұлшық етке егіледі.

Rp.: Sol.Phenobolini oleosae 2,5%-5 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. Бұлшық етке аптасына1 рет.

#

Гормональные средства.

Гормоны (возбуждаю) – биологически активные вещества, выделяемые в кровь и ткани железами внутренней секреции. Главным образом гормоны участвуют в регуляции обмена веществ и оказывают влияние на функции организма, а в отдельных случаях как нейромодуляторы.

По химической природе к гормонам относятся:

1) белки и пептиди - гипоталамуса, поджелудочной железы, гипофиза, паращитовидной железы и кальцитонин;

2) жироподобные вещества стероидной структуры – гормоны половых желез и коры надпочечников;

3) простые продукты распада белка (аминокислоты) – гормоны щитовидной железы и препараты гормонов эпифиза.

1. Препараты гормона гипоталамуса и гипофиза – передный отдел гипофиза - серморелин → соматостатин → октреотид (сандостатин) → соматотропин, протирелин (рифатироин) → тиротропин, гонадорелин→леупрлид→ гонадотропин, лактин.

Rp.: Gonadotropini chorionici 1000 ED

D.t.d. № 3

S. Аптасына 2 рет 500-3000 ӘБ бұлшық етке.

#

2. Гормоны заднего отдела гипофиза окситоцин, демокситоцин, десмопресин, десмопрессин, адиурекрин (вазопресин).

2. Препараты гормона эпифиза – Серотонин, мелатонин (мелаксен) – применяют в качестве снотворного средства, только один раз, для нормализации биологического ритма при смене часовых поясов.