
- •Гипоталамус және гипофиз гормондары.
- •4. Қалқанша маңы безінің гормондары.
- •5. Қант диабет ауруға қарсы.
- •6. Бұйрек үсті гормондық дәрілер.
- •7 Жыныс гормондық дәрілер.
- •3. Препараты гормонов щитовидной железы.
- •5. Препараты гормонов поджелудочной железы.
- •6. Препараты гормонов коры надпочечников.
- •Триамцинолон оказывает выраженное противовоспалительное, противоаллергическое и иммунодепрессивное действие и основном влияет на углеводный и белковый обмен.
- •4. Препараты глюкокортиокоидов для ингаляционного применения
- •7. Препараты половых гормонов.
6. Бұйрек үсті гормондық дәрілер.
1. Глюкокортикоидтар – гидрокортизон 1% - 2,5% - 5г –20 г, преднизолон (медопред) 0,001 – 0,005, 0,5% - 10г, 20г, дексаметазон (дексамед) 0,0005, триамциналон (полкортолон) 0,004, Флуоцинолона ацетонид (синафлан) 0,025% - 10г, 20г, флуметазона пивалат (лоринден) 0,02% -15г, беклометазон дипропионат (бекотид) 0,00005 аэр – жедел және созылмалы бүйрек үсті гормондардың жетіспеушілікте, аллергияға және қабынуға қарсы қолданылады, анафилактикалық шокта.
2. Минералокартикоидтар - дезоксикортикостерона ацетат (ДОКСА)- Аддисон ауруға қарсы және миастения мен адинамияға.
Глюкокортикоид (Кортизон) ем тәжірибесінде көп қолданылатын дәрі, біріншіден бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде, содан соң қабынуға және аллергияға қарсы, естен тану және сенсибилизация кезінде, одан басқа әсері жалпы уланған жағдайда және иммунодепрессант ретінде тағайындалады. Шұғыл жағдайларда (жедел аллергиялық көмек көрсету үшін (адреналинмен бірге), демікпеге ингаляция ретінде, жедел ревматикалық безгекте т.б.) да пайдаланады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар: гипертониялық аурулардың ауыр түрлері, Иценко-Кушинг ауруының және қант диабетінің ауыр түрлері, психоз, жүктілік, қан айналымы жетіспеушілігінің III сатысы, эндокардит, неврит, остеопороз, асқазан және он екі елі ішек жарасы, туберкулездің белсенді түрі, мерез, қарттық шақ.
Жанама әсерлері: ұзақ уақыт қолданғанда май басу, гирсутизм, остеопороз, етеккір циклінің бұзылуы, безеу шығуы және Иценко-Кушинг ауруы белгілерінің пайда болуы. Сонымен бірге геморрагиялық панкреатит, гипергликемия, қан ұюының жоғарылауы, психикалық өзгерістер пайда болуы мүмкін.
Көп қолданылатын қажетті дәрілер: преднизолон, Метилпреднизолон, Гидрокортизон ацетаты, Дексаметазон, Бетаметазон, Триамцинолон, Беклометазон және т.б.
Преднизолон ( преднизол және т.б.) – гидрокортизоннан алынған жасанды дәрі, көбінесе ревматизм, ревматоидтық артрит, коллагеноздық аурулар, демікпе және т.б. жоғарыдағы айтылған аурулар кезінде қоладанылады. Жанама және қатерлі әсерлері жалпы глюкокортикоидтарға ұқсас келеді.
Преднизолон түймедақ түрінде мөлшері 0,001 және 0,005 г-нан, содан соң 0,5% майы сықпа ыдыста 10 және 15 г-нан шығарылады. Бастапқы кездегі күнделікті мөлшері 20-40 мг 2-6 реттен беріледі, бірақ әрі қарай мөлшерін азайту керек 5-10 мг-ға дейін күніне. Балаларға күніне 1-2 мг-нан пайданылады. Ем соңында мөлшерін біртіндеп төмендету керек, содан соң 1-2 рет кортикотропинді (табиғи гормон) берген жөн.
Rp.: Prednisoloni 0,005
D.t.d. № 20 in tab.
S. 1 түймедақтан күніне 3-4 рет.
#
Метилпреднизолон ( Метипред және т.б.) – преднизолонға өте ұқсас, бірақ әсері 18-36 сағатқа дейін ұзақ және минералды кортикоидтық белсенділігі төмен. Қолданылуы, қатерлі әсерлері преднизолонмен бірдей. Бір ғана қосымша әсері -орталық ми ісігінде қолданылады. Түймедақ мөлшерлері 0,004, 0,016, 0,032 және 0,1 г; егуге арналған флакондағы ұнтақ мөлшерлері 0,008, 0,02, 0,04, 0,125, 0,25, 0,5 және 1 г және 4% суспензиясы 2 мл ампулада шығарылады.
Гидрокортизон ацетаты ( Латикорт және т.б.) бүйрек үсті безінің табиғи гормоны, кортизонға ұқсас. Қабыну және аллергияға қарсы белсенділігі күшті, жергілікті тері ауруларынан экзема, нейродермиттер, пиодермиттер, көз аурулары (конъюнктивит, кератит және т.б.) кезінде қолданылады.
Гидрокортизон ацетаты 2,5% суспензиясы 2 және 5 мл буынның ішіне егуге аптасына 1 реттен; 1% майы сықпа ыдыста 14 және 28 г күніне 1-3 рет жағу үшін қолданады; 0,5% және 1% көз тамшысы күніне 3-4 реттен 2 тамшыдан пайданылады.
Rp.: Susp. Hydrocortisoni 2,5%-5 ml
S. Көз тамшысы. Күніне 2 тамшыдан.
#
Дексаметазон (Дексазон және т.б.) құрамына фтор қосылған, сондықтан белсенділігі бірнеше рет көтерілген. Қолданылуы және қатерлік әсерлері жоғарыдағы глюкокортикоидтарға ұқсас келеді. Түймедақ түрінде мөлшері 0,0005, 0,0015 және 0,004 г; 0,4% ерітіндісі 1, 2 және 5 мл ампулада және 0,1% көз тамшысы бар.
Rp.: Dexamethasoni 0,0005
D.t.d. № 80 in tab.
S. Күніне 1-2 түймедақтан.
#
Бетаметазон ( Целестон және т.б.) бұл дексаметазонға ұқсас келеді, сондықтан қолданылуы және қатерлі әсерлері бірдей, көбінесе егу ретінде пайданылады. Түймедағы 0,0005 г; 0,2%, 0,4% және 0,5% ерітіндісі ампула түрінде 1 мл-ден егуге; 0,05% кремі; 0,1% майы; 0,1% лосьоны; 0,1% көз тамшысы шығарылады.
Триамцинолон ( Фторокорт және т.б.) химиялық құрылысы, қолданылуы, қатерлі және жанама әсерлері дексаметазонға ұқсас, ал ұзақ пайдаланғанда ем жеңіл өтеді. Мөлшері 2, 4 және 8 мг-нан түймедақ түрінде; 1% және 4% ерітіндісі 1 және 2 мл ампуласы егу ретінде қолданылады.
Rp.: Triamcinoloni 0,004
D.t.d. № 50 in tab.
S. 1 түймедақтан күніне 2-4 рет.
#
Бекламетазон ( Циклозон және т.б.) көбінесе демікпе кезінде қолданылады, басқа дәрілер көмек бере алмағанда және өте ауыр аллергиялық ринитте, мұрын полипозында беріледі. Аэрозоль түрінде 0,05 мг/мөлшерден 0,25 мг/мөлшерге дейін, ал жалпы 80 және 200 мөлшерден шығарылады.
Rp.: Aerosoli Beclometasoni 0,00005
D.S. 1 – 4 мөлшер 2 – 3 рет тәулікке.
#
Будесонид қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және бронхоны кеңейтуші заттар.
Флунизолид құрамында фторы бар қабынуғақарсы және аллергияғақарсы зат.
Rp.: Aerosoli Flunisolile 0,000025
D.S. 1–3 рет бүркуге үшін (2 - 8 мөлшер тәулікке)
#
Флутикозон (кутивейт және т.б.). Флутикозон құрамында фторы бар қабынуғақарсы, аллергияғақарсы, қышымағақарсы заттар.
Жергілікті қолдануға арналған глюкакортикоидты препараттар.
Клобетазол қабынуға қарсы фторы бар және аллергияға қарсы заттар, псориаз, созылмалы экзема,тегіс лишай.
Rp.: Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0
D.S. Тері ауруға жағу үшін.
#
Мометазон Аллергиялық ренит,псориаз, атопиялық дерматит, бастың шашты бөлігінің терісінің зақымдалуы.
Rp.: Ung. Mometasone 0,1% - 5,0
D.S, Тері ауруға жағу үшін.
#
Флуоцинолона ацетанид (синафлан, флуцинар),. қабынуға қарсы фторы бар және аллергияға қарсы зат.Қабыну медиаторларының өндірілуін тежейді.Теріге әсер ете бастаған кезде нитрофилдердің шеткері аймақтарда шоғырлануына ескерту пайда болады, бұл цитокин продукциясына және қабыну экссудатының азаюына әкеледі;макрофактардың миграциясының тежелуі ,грануляция және инфильтрация процесінің азаюы.
Rp.: Gel Fiucinolone acetonide 0,025% - 15,0
D.S. Тері ауруға жағу үшін.
#
Флуокортолон (Fluocortolone) ультралан.Флуокортолон жергілікті қабынуға қарсы десенсибилизирлеуші және аллергияға қарсы айқын әсерін көрсетеді, микротамырлар өткізгіштігін азайтып бұзады,тері ісінуі , қышу, ауру, тіндердің лейкоцитарлық жасуша аралық инфильтрациясы,қабынулық және аллергиялық реакция медиаторларының түзілуі.
Rp.: Ung. Fluocortolone 0,25 % - 10,0
D.S. Тері ауруға жағу үшін.
#
Флуметазон қабынуға қарсы және аллергияғақарсы зат.Фермент синтезінің белсенділігіне әсер етеді (ПГ және басқа эндогенді биобелсенді байланыс ), жасушалық және тіндік мембрана құрылымы мен өткізгіштігі , транспортты процесс .Реазорбтивті әсер көрсетпейді,өйткені зақымдалмаған тері және шырыштар мүлде өтпейді.
Экзема ,нейродермит, қышыма.
Rp.: Crem Clobetasoli 0,02% - 15,0
D.S. Тері ауруға жағу үшін.
#