
- •Гипоталамус және гипофиз гормондары.
- •4. Қалқанша маңы безінің гормондары.
- •5. Қант диабет ауруға қарсы.
- •6. Бұйрек үсті гормондық дәрілер.
- •7 Жыныс гормондық дәрілер.
- •3. Препараты гормонов щитовидной железы.
- •5. Препараты гормонов поджелудочной железы.
- •6. Препараты гормонов коры надпочечников.
- •Триамцинолон оказывает выраженное противовоспалительное, противоаллергическое и иммунодепрессивное действие и основном влияет на углеводный и белковый обмен.
- •4. Препараты глюкокортиокоидов для ингаляционного применения
- •7. Препараты половых гормонов.
Гормональды дәрілер
Гормондар («қоздырамын») – биологиялық белсенді заттар. Олар дененің әртүрлі қан арқылы реттеу қызметтерін жақсы атқарады. Ішкі бездер сөлінің жетіспеушілігі кезінде гормондық дәрілерді қолданады. Бұл кезде қосымша ем талап етеді. Сонымен бірге гормондық дәрілерді әртүрлі сырқаттарда (ішкі бездер сөлінің жетіспеушілігінен басқа) қолданады. Мысалы: глюкокортикоидтарды қабынуға және аллергиялық үрдістерге қарсы дәрі ретінде пайданады. Гормондық дәрілерді жасанды жолмен мүшелерден және жануарлар зәрінен алады.
Химиялық құрамына қарай келесі топтарға бөледі:
1.Белок пен пептидтерден тұратын заттарға – гипоталамус, гипофиз, қалқанша безі, ұйқы бездерінің гормондық дәрілері және кальцитонин жатады.
2.Амин қышқылдарының туындылары – қалқанша безінің гормондық дәрілері.
3.Стероидтық қосылыстар – бүйрек үсті және жыныс бездерінің гормондық дәрілері.
Бірінші топтағы гормондардың цитоплазмалық мембранасында немесе торша ішінде әсер етеді. Олар торша мембранасының рецепторларын, көбіне аденилатциклазаға әсер етіп, цАМФ-тың деңгейін көбейтеді. Әрі қарай цАМФ протеинкиназаның белсенділігін арттырады.
Мына гормондар: стероидтық, қалқанша безінің гормондары торша мембранасы арқылы кіріп, торша ішілік әсер етеді. Олар цитоплазма рецепторларымен байланысып, торшаның ядросына тасымалданады. Сөйтіп, олар ДНҚ мен РНҚ-ын белсендіреді, белок түзілуін төмендетеді.
Гипоталамус және гипофиз гормондары.
1. Гипоталамуса гормондары – серморелин → соматостатин → октреотид (сандостатин) әсері → соматотропинге, протирелин (рифатироин) әсері → тиротропин, гонадорелин→ леупрлид әсері → гонадотропинге, лактин.
Гипофиз екі бөліктен тұрады: алдыңғы – аденогипофиз және артқы – нейрогипофиз.
1. Аденогипофизден: АКТГ – аденокортикотроптық гормон - кортикотропин, СТГ – соматроптық гормон - соматотропин, ТТГ – тиреотроптық гормон, ФБГ – фоликулбелсендіруші гормон және ЛТГ – лютеинотроптық гормондар - хорионды гонадотропин және т.б. Бұлар қайтымды байланыс реті бойынша жұмыс істейді. Яғни, гипоталамус пен гипофиз орталығының белсенділігі ондағы гормондар жиынтығына тәуелді болады.
2. Нейрогипофизден окситоцин, демокситоцин, десмопресин, десмопрессин, адиурекрин (вазопресин).
Нейросекреторлы торшалардың аксондары гипофиздің аяғы арқылы бөлікке келеді де, нейрогипофиз капиллярымен тығыз байланыс жасау нәтижесінде окситоцин мен вазопрессин шығарылады.
Аденогипофиздегі базофилді торшада түзілетін АКТГ (аденокортикотроптық гормон) торша мембранасындағы рецепторлармен аденилатциклаза арқылы әсер етеді. Бұл АКТГ-ның гормондық дәрісі – кортикотропин.
Кортикотропин - бұны глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдағаннан кейін кортикостероидтардың қызметін қалпына келтіру үшін, қабынуға қарсы және иммунодепрессант ретінде қолдануға болады. Кері көрсеткіштері: гипертониялық ауру, қант диабеті, жарақатты аурулар, эндокардит.
Соматотропин – өсу гормоны, амин қышқылдарының торшаға тасымалдануын арттырады. РНҚ синтезін күшейтеді. Оны медицинада тазаланған түрде қолданады. Көрсеткіші аз болғандықтан көп қолданбайды.
Тиреотропты гормон қалқанша бездің йодты сіңіруіне әсер етеді. Тиреотропин дәрісі қалқанша бездің жетіспеушілігі кезінде микседема кезінде дифференциалды диагностика жасау үшін қолданылады.
Хорионды гонадотропин - (гонакор, прегнил, хорагон және т.б.) әйелдерде етеккір циклінің бұзылуы, овуляцияның болмауында және сары дененің жетіспеушілігінде пайда болатын бедеулік, ер адамдарда – гипогенитализм мен евнухоидизмге алып келетін генетикалық бұзылулар, крипторхизм, аталық без гипоплазиясы, адипозагенитальді синдром, жыныс безінің қатерлі ісігі, жыныс мүшелерінің қабынуы, жыныс бездерінің болмауы кезінде қолданылады.
Көбірек қолданғанда аллергиялық өзгерістер, шат өзегінде тұқымының көбейіп кетуі мүмкін.
Жыныс мүшелерінің қатерлік ісіктерінде және қабыну ауруларында қолданбайды.
50 және 1000 ӘБ флакондағы ұнтақ егуге арналған. Бұлшық етке мөлшері 500 ӘБ бастап 3000 ӘБ тәулігіне 1 реттен егуге болады.
Rp.: Gonadotropini chorionici 1000 ED
D.t.d. № 3
S. Аптасына 2 рет 500-3000 ӘБ бұлшық етке.
#
Артқы нейрогипофиздің гормондық дәрілері – окситоцин, вазопрессин және т.б. – жатырға әсер ететін дәрілер тобына жатқандықтан, сол тақырыпта қарастырылады.
2. Эпифиз гормондары – Серотонин, мелатонин (мелаксен) –түнгі ритм бұзылғанда, жер полюс әзгергенде, ұйқтатқыш дәрі ретінде қолданылады.
3. Қалқанша без гормондары. 1. Гипотериозға - – левотироксин натрия (L-тироксин), лиотиронин (триойодтиронин), тиреоидин, калия йодид, қоспалы препаратар - тиреотом (40 мкг левотироксин натрия и 10 мкг лиотиронин), йодтирокс (100 мкг левотироксин натрия и 130,8 мкг калия йодида), тирокеомб (70 мкг левотироксин натрия, 10 мкг лиотиронин и 115 мкг калия йодида).
2. Гипертериозға - мерказолил, тиамаол, проципил, дийодтироин.
Қалқанша безінің және қалқанша маңындағы безінің гормондық дәрілері. Қалқанша безінің гормондық дәрілері: тиреоидин және трийодтиронин, жасанды түрі – трийодтиронин гидрохлориді, тиреоидтыққа қарсы қолданатын дәрі – мерказолил және калий перхлорады.
Трийодтиронин алғашқы реттік гипотиреоз, микседема, креатинизм, церебралды-гипофизарлық аурулар, май басу, қалқанша безінің қатерлі ісігі, эндемиялық жемсау және т.б. жағдайларда қолданылады. Күрделі ауруларда: тиреотоксикоз, қант диабеті, Аддисон ауруы, жүрек жетіспеушілігі кезінде қолдануға болмайды. Жүрек тамырларының склерозында және екінші реттік гипотиреозда сақтық қажет. 20 және 50 мкг флакон ретінде № 60, 20 дан 100 мкг күніне 2 реттен қолданылады.
Rp.: Triiodthyronini hydrochloridi 0,00002
D.t.d. № 50
S. 20 мкг басталады күніне 2 рет (40- 140).
#
Мерказолил – Mercazolilum (тиамазол және т.б.) тиреоидқа қарсы дәрі, негізі диффузиялық улы зобқа қолданылады. Жүктілік, бала емізу кезінде, лекопения, гранулоцитопенияға қолдануға болмайды. Жанама әсері: лекопения, лоқсу, құсу,бауыр қызметінің бұзылуы, тері бөртпесі, дәрілік гипотериоз болуы мүмкін. Түймедағы 0,005 г күніне 3-4 реттен беріледі.
Rp.: Mercazolili 0,005
D.t.d. № 20 in tab.
S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.
#