Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЭ зерттеу дістері УМКД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
433.15 Кб
Скачать

6. Курсқа қажетті міндетті жіне қосымша әдебиет тізімі

6.1. Негізгі әдебиет

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

5. Громов Г.Г. Методика этнографических экспедиций. М., 1966.

6. Кожанов А.А. Внешность как фактор этнического соспоставления: к вопросу о методике изучения // «Советская этнография», 1977, №3.

6.2.Қосымша әдебиеттер

1. Боришполец К.П., Султанов Ш.З. Концепция и методы прикладных исследо­ваний этнополитических вопросов в развивающихся странах // СЭ. 1986. №3.

2. Венгеров А., Першиц А., Куббель Л. Этнография и науки о государстве и праве // Вестник АН СССР. 1984. №10.

3. Пименов В.В. Подготовка профессионального этнографа: проблемы перестройки // СЭ. 1988. №3. См. также дискуссию по этой статье в №№4,6 за 1988

г. и №3 за 1989 г.

4. Соколова З.П., Новикова Н.И., Сорин-Чайков Н.В. Этнографы пишут закон: контекст и проблемы // ЭО. 1995. №1.

5. Соколовский С.В. Права меньшинств. Антропологические, социологические и международно-правовые аспекты. М., 1997.

7. Білімді бақылау

Ағымдық бақылау аудиториялық сабақтар барысында, СӨЖ орындау сапасын бақылау арқылы жүргізіледі. Екі аралық бақылау коллоквиум мен тестілеу арқылы жүргізіледі. Аралық аттестация ауызша емтихан арқылы іске асырылады.

  • Ағымдық бақылау - 25%

  • СӨЖ және СОӨЖ - 25%

  • Аралық бақылау - 10%

  • Зерттеу жұмыстары - 10%

  • Тестілеу - 10%

Емтихан - 40%

Қорытынды - 100 %

8. Оқу пәнінің талаптары:Дәстүрлі қоғамның әлеуметтік құрылымы мен мәдениеті курсы міндетті курс болып табылады. Жалпы оқу жүктемесі 4 кредит немесе 30 сағат дәріс, 15 семинар, 60 СӨЖ.

Пән талабтары: Міндетті түрде аудиториялық дәрістерге қатысу, белсенді түрде сұрақтарды талқылауға қатысу. Дәріс және семинарлық сабақтарға ОӘК бойынша алдын-ала дайындалу СӨЖ өз уақытында кесте бойынша өткізу Бақылаудың барлық түрлеріне (аралық, ағымдағы т.б.) қатысу.

Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 2013 жылғы «___» ________ №_____ хаттамасы.

Кафедра меңгеруші бекіткен ____________ З.К.Сураганова

ГЛОССАРИЙ

Археология мен этнологияның зерттеу әдістері бойынша

Авункулат (лат. Avunculus- шеше жағынан аға) – шеше жағынан ағаның жиендерімен тығыз туыстық қарым- қатынасты сақтау әдеті, көне халықтармен(гректермен германдықтар) және қазіргі заманғы халықтарға(Африка, Океания) сақталған. Салт бойынша ағасы жиендеріне өз ұлынан да артық қарау керек.

Автохтондар (грек. Autos- өзім, және chthon- жер) Бір елдің не территория мен аймақтың байырғы тұрғындары. «А» термині дәстүрлі тұрмыстағы аз халықтарға қолданылады. Бүгінде бұл термин мемлекеттік шекарасы белгіленген, алайда өздерінің тарихи тұрған жерлерінде өзіндік болмыстарын сақтаған халықтарға да қолданылады. Этнологияда бұл термин сирек қолданылады, себебі онда «абориген», «байырғы тұрғын» термині қолданылады. Бүгіндері Ресейде 60 автохонды этностар мекен етеді, олардың ішінде 26 халық Сібір, Солтүстік, Қиыр Шығыста тұрады. Автохонды халықтардың саны жүзден 50 мың адамға дейін жетеді.

Адаптация (этникалық) (лат- adaptatio- дағдылану) – белгілі бір этникалық топтың жаңа этникалық, әлеуметтік, мәдени ортаға өзара байланыс үшін дағдылану. Физикалық А. барысында адам өзге климатқа үйренсе, әлеуметтік А. барысында өзге мәдениет талабына дағдыланады. Этникалық А. негізі жаңа орта құндылықтарға бейімделу болып табылады. А. үрдісінде этноста жаңа өзіндік жаңа ортада жеткілікті мөлшерде тұрақтылықпен қамтамсыз ететін табиғи стеротип қалыптасады. Этникалық А. 2 түрлі болады; белсенді бұндай А. этникалқ топ ортаны өзгерту мақсатымен қатынас етеді, келесі түрі пассивті бұндай А. ол ортаны өзгертуге талпынбайды.

Аккультурация (лат. ad- k, cultura- құру, даму) - әр түрлі этностардың мәдениеттерінің байланысу үрдісі, әдетте ол даму деңгейінің әр түрлілігімен ерекшеленеді, нәтижесінде бір мәдениет екінші мәдениеттің кей элеметтерін өзіне сіңіреді. А. көрінісі нашар дамыған мәдениет толығымен не бөлшектеп өзге жақсырақ дамыған мәдениеттін элементтерін қабылдайды. Солай бола тұра біріншісі өзінің мәдени модельін сақтай отырып, кең тараған мәдениеттің нормаларын қабылдайды. А. ұғымын алғашқы рет 19ғ. соңында солтүстік америка тайпаларындағы мәдени өзгерерістерді зерттеу барысында Америкалық мәдени антропология айналымға енгізді. Сонда американдық этнограф У. Хоумз алғашқы рет «А» терминінің бір мәдениет элементін келесіге беру деп қолданысқа. Алғашында ол тар шеңберде қарастырылып, «ассемиляция» мағынасында Америка құрлығындағы үндістерге байланысты қолданылды. 1930 ж. бастап бұл Американдық антропологияда нық бекіп, ассемиляцияның көп түрлілігі және этникалық консолидация үрдістерін қарастыруда қолдануда. Ал проблемасы этнологияның негізгі мәселесіне М. Херсковица, М. Мид, Р. Редфилда, Р. Линтон және т.б ғалымдардың далалық зерттеулердің нәтижесінде айналды. А. нақты тарихи жағдайларға байланысты фрмасын өзгертіп отырады. Этнологияда А. негізгі екі бар; мәжбүрлі және зорлықпен, осылар этникалық қауымдастықтағы А.жағымды, жағымсыз жақтарын белгілейді. А.үрдісіне бүгінгі таңда әлемдеге барлық этностар әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарына қарамай қосылуда.

Аксельерация (лат. Acceleration- тездету ) ақырғы он жылдықтағы балалармен жасөспірімдердің физикалық тез жетілуі. Аталмыш ұғымды 1935ж. неміс дәрігері Э. Кохм енгізді. Отандық этнологияда А. мұрагерліктін жер шарындағы халықтың қоныс аудары салдарынан түсіндіріледі. А. тағы бір болжамы сәбилердің тамақтануының жақсаруы.

Кросскузендік неке (ағл. Kross-қиылысу, және фр. сousin- немере туыс )- ағайындас (қандас) бауыр және қарындастың арасында болатың неке түрі.

Инкультурация (ағл. enculturation- мәдениеттендіру) Адамды бала кезінен белгілі этникалық мәдениетке және болашағына қажет мәдени алу үрдісі. И. үрдісінде индивит өзі мекен ететің мәдениетінің дәстүрлі ойлау жүйесімен іс әрекетін бойына қабылдайды. И. ұғымын ғылыми айналымға М. Мид енгізді. И. кең мағынасында балалық кезден басталатын үрдіс емес, үлкен индевиттің мәдени паттерларды иггеру үрдісін айтамыз. Ақырғы жағдайда И. ұғымы жаңа мәдени жағдайға адаптациядағы эммигранттарға қолданылады. И. ұғымы ғылымда кең таралмады, көп жағдайда американдық мәдени атрапологияда қолданылады.

Маригиналдық (этно мәдени) (лат. Margo-шекара, шек) – бір уақыттаадамның екі этникалық мәдениетке жатуы. Маригиналдық жағдайда адам өзін терең дискомфортта сезінеді. Этникалық М. әдетте аккультурация мен ассимилация үрдістерімен қатар жүреді. М. басты ерекшелігі маригинал не ескі не жаңа мәдениетте өзін идентификация ете алмайды. Бақылаулар көрсткендей екінші ұрпақтағы маригиналды топ төл мәдениетінен тезірек арылуға асықса, үшінші ұрпақта кері үрдіс байқалады. Яғни төл мәдениетке қайта оралу.

Социум- ()үлкен тұрақты, ортақ мәдениетімен ерекшеленетін адамдардың әлеуметтік қауымдастығы. С. жоғарғы формасы тұтас әлеуметтік жүйе. С. өзге түрлілігі рулық, жанұялы туыстық, әлеуметтік таптық, ұлтық этникалық, территориялық қауымдасдық. С. ішкі дүниесі әдетте әлеуметтік және моралдық нормалармен, дәстүрлермен, салттармен, заңдармен реттеліп отырады. С. этноұлттық формаларына; ру, тайпа, халық, ұлт жатады. Жоғарғы әлеуметтік этникалык қауымдастық ұлт.

Фратрия (грек. –phrtria- бауырластық)- тайпа бөлігі, алғашында бір атадан тараған ұрпақтардың өзара некелесуі.

Харизма (грек.charisma-.құдай сыйы, мейірім) -1) тұлғаның бас идіртетіндей қасиетке ие болуы.; 2) қандай да бір тұлғаның білімдарлығына, жеке тартылымдылығына, қайтланбастығына, пәктігіне илану.

Әлемнің этникалық бейнесі. Этнос туралы жалпылама жүйелі іліммен әлемдегі этникалық үрдістердің мазмұнының жиынтығы. «Ә.э.б » әлем халқының этникалық сипатымен оған қалайда әсер ететін үрдістер жатады; демографиялық, әлеуметтік, саяси, миграциялық және этникалық үрдістін өзіде. «Ә.э.б» динамикалық құбылыс себебі әлемдік саханада маңызды өзгерістер болып жатыр; саяси экономикалық жағдайларға байланысты жаңадан мемлекеттер пайда болуда. Этникалық қақтығыстар босқындардың миграциялық толқынын тудырады. Мұндай өзгерістер әлемнің кез келген жерінде орын алады. Қазіргі этностық өзгеріс ресейдің ішкі суперэтносында болуда.

Дәріс сабақтарының конспектісі

Дәріс № 1

Дәріс тақырыбы: Кіріспе дәріс: Этнологиялық зерттеулердің мақсат-міндеттері

Мақсаты: Археология және этнологияның зерттеу әдістері курсының зерттеу обьектісі мен пәнаралық сипатын анықтау.

Сұрақтар:

1. Археология және этнологияның зерттеу әдістері курсының өзектілігі

2.Археология және этнологияның зерттеу әдістері курсы мен оның пәндік сипаты

3.Археология және этнологияның зерттеу әдістері курсының негізгі мәселелері

Негізгі ұғымар тізбесі: Этникалық үдеріс, социогенез, әдістеме

Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

Қазіргі этнографияның алдында тұрған мәселелер, әсіресе халықтардың өмірі мен мәдениетін жан-жақты зерттеуде бірқатар қиындықтарды туғызады. Этнографиялық материалдарды жинақтаудың негізгі формасы этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру болып табылады. Өкінішке орай этнографиялық зерттеулердің бір ауыздан мақұлданған экспедициялық жұмыс тәсілдері болмай отыр.

1960 жылдардан бері әлем халықтары арасында өзінің өткен тарихын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, материалдық мәдениетін жаңғырту үрдісіне бет бұру байқалады. Бұл жазу-сызуы ерте дамыған өркениетті халықтарды былай қойғанда, Африка мен Азияның және Латын Америкасының бұратана халықтарында да байқалады. Осы орайда Орталық Азияның ірі этностарының бірі, Евразияның үлкен кеңістігін алып жатқан қазақ этносының өткен тарихы мен мәдениетіне байланысты көптеген мәселелердің зерттелмей жатқанына назар аударылуда. Отарлық пен Кеңес дәуіріндегі қасаң жүйе халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетіне елеулі өзгерістер енгізіп, тіліне қауіп төндірді.

Сондықтан XX ғасырда қазақ халқының ежелгі мәдениеті, дүниетанымы, әдет-ғұрпы, шаруашылық дәстүрі қандай өзгерістерге ұшырады, оларға әлемдік өркениеттің ықпалы, халқымыз XXI ғасырға қандай дәрежеде аяқ басқалы тұрғаны жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, қорытынды жасаудың маңызы ерекше. Сонымен бірге қазақтардың осы жерді мекендеуші басқа да халықтармен қарым-қатынасы, мәдениеттердің өзара ықпалы жөніндегі мәселеге де айрықша назар аударылуы қажет.

Этнографиялық тәжірибенің мақсаты: біріншіден студенттердің дәріс және семинар сабақтарында алған білімін бекіту. Екіншіден тәжірибеші-студент экспедиция жұмыстарына қатыса отырып, далалық жағдайдағы еңбекті ұйымдастыру мен кәсіби-этнограф дағдыларын қалыптастыру. Үшіншіден этнографияны игеруге көңіл аударған студен-тәжірибешілердің алдына ғылыми тапсырмалар қойып, кәсіби дағдыларын қалыптастырып, олардың ғылым жолына баруына алғышарттар жасайды. Студенттердің ғылыми жұмыспен айналыса бастауы, студенттік ғылыми конференцияларға қатысып мақала берумен басталады.

Студенттерді тәрбиелеуде этнографиялық тәжірибенің баға жетпес маңызы, студенттерді жергілікті халықтың тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптары, қайталанбас қоғамдық тұрмыс-салттарымен танысу барысында арта түседі.

Этнографиялық тәжірибе – адамдармен тіл табысуға, әңгімелесу дағдыларын игеруге, тәжірибешілердің қоғамдық-саяси сұрақтарға байланысты дәріс оқу, мұның бәрі жоғары педогогикалық дайындық болып саналады.

Этнографиялық зерттеу жүргізілетін аймақ жөнінде мәліметтер жинау ең маңызды іс болып табылады. Гуманитарлық ғылымдардың өзге салаларының ішінде этнографияның өзгешелігі ең алдымен бастапқы фундаменталды дайыдығын, яғни нақты тақырыпты анықтап алу, зерттеудің бағдарламасы мен әдістемесін құрастырып алу, тоериялық білімді игерген болуын керек. Алдын-ала дайындықсыз далалық тәжірибеге шығудың да қажеті шамалы.

Дәріс № 2

Дәріс тақырыбы: Этнологиялық зерттеулердің әдістемесі және далалық зерттеулердің техникасы

Мақсаты:Этнологиялық зерттеулердің әдістемесі және далалық зерттеулердің техникасы туралы студенттерге мәлімет беру.

Сұрақтар:

.

  1. . Этнологиялық зерттеулердің әдістемесі

. 2. Далалық зерттеулердің техникасы

  1. Әлемдік ғылымдағы зерттеу тәжірибелері

Негізгі ұғымар тізбесі: Функционализм, құрылымшылдық, әдістемелік талдау

Әдебиеттер:

1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.

2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.

3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.

4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.

Далалық этнографиялық зерттеулер жүргізілетін тәжірибелер барысында материал жинақтаудың екі негізгі тәсілі қолданылады: тұрақты және маусымдық.

І. Тұрақты тәсілмен этнографиялық зерттеу әдістерін жүргізу өз алдына сол зерттелетін аймақтағы этникалық топтың ішінде, неғұрлым ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделу. Мол мәліметтер, материалдар жинақтау болып табылады.

ІІ. Маусымдық тәсілдің ерекшелігі жоспар бойынша көбінесе қысқа уақыт ішінде маңызды мәселелерді қарастырып, далалық материалдарды жедел жинақтауға мүмкіндік береді.

Маусымдық экспедицияда этностың өмірі жайлы материалдарды жинақтау екі тәсілмен жүргізілуі мүмкін: маршрутты және шоғырланған.

Маршрутты зерттеу жүргізу экспедицияның қозғалысын «желілік» маршруттағы тәсілмен жүріп отыру немесе әр тоқтаған аялдамада екі-үш күн болып материалдар жинақтаумен жүргізіледі. Ал шоғырланған тәсіл, зерттеу барысында басты базалық пунктіні (белгілі бір елді мекен) негізгі зерттеу объектісіне алып, ал қалған көршілес ауылдарды сол жиналған материалдарды бекітіп, салыстырып алуға жеңіл-желпі қарастырылады.

Далалық этнографиялық тәжірибе қажетті материалдарды жинақтап, ғылыми-білімді молайту үшін келесідей тәсілдерді қолданады.

  1. Байқау әдісі – халық тіршілігінің әр жақты қырларын көрсететін нақты материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде өмір сүру жағдайы, жергілікті халықтың мінез-құлық ерекшеліктері, тұрмысы осының бәрі іскер этнограф үшін таптырмас материал болып табылады. Әрбір этнографтың далалық жазбаларда немесе басқа да құжаттарда ескерілмеген барлық байқаған дүниелері оның күнделігінде қамтылуы қажет.

  2. Сұрақ-жауап әдісі – этнографтың тандап алынған ақпарат берушімен немесе жергілікті жердің тұрғыны беретін ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін далалық зерттеудің маңызды тәсілі.

  3. Эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарда, әртүрлі оқиғалардың ішінде бірге болу. Бұл тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер қатысатыны жөніңде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті жағдайда жергілікті халықтан белгілі бір салт-дәстүрдің немесе қажетті оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзінмен көруге болады, бірақ бұның жүргізілуі сақна түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай) жүргізілуі қажет.

Дәріс № 3