Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вопросы по экономике предприятия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.35 Кб
Скачать

11.Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.

Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық  және экономикалық факторлардың ықпалы  арқылы   олар  өзіндік  ерекшелігін,  үлгісін  бірте-бірте  жояды,  жарамсыздыққа  әкеледі, сөйтіп  алдағы  кезде  өз  бернелерін  орындауға  мүмкіндіктері  болмайды. Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын  жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады: −    Негізгі  қорлардың тозуы; −    Амортизация; −    Негізгі қорларды толық қалпына  келтіру  үшін қаражаттың  қорлануы; −    Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы  ауыстыру. Өндіріс  процесіне  қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері: −    Табиғи; −    Сапалық  тозуға  ұшырайды.

Амортизация  – негізгі  қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер  мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде  олар  тозады,  өзінің  тұтыну  құнын  жоғалтады. Нарықтық  қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы  төмендейді,  алатын  пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті  кәсіпорынның  экономикалық дамуының  ауқымды  деңгейі  қысқарады.

12.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы

13. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.

Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады. Олар шығарылатын өнімнің заттай құрамын қалыптастырады және өндіріс процесін қандай да бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Ал шығарылған өнім қоғамның қажеттілігі мен тұтынысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да қоғамның әл-ауқаты материалдық ресурстарды қалай пайдалануына, материалды тұтыну тұрғысынан өндіріс процесі қаншалықты тиімді әрекет етуіне байланысты. Шаруашылықтың экстенсивтіден интенсивті типіне ауысуы, кез келген мемлекеттің экономикасының алдына материалдық ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану проблемасын қояды.

Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

-   жылу және отын-энергетикалық баланстың құрылымын жақсарту;

-   шикізатты өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін оларды анғұрлым мұқият және сапалы даярлау, өңдеу; …

Отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) әлеуетті және нақты деп бөлеміз.

Әлеуетті ОЭР дегеніміз -  қандай да бір экономикалық аудан, жалпы мемлекет иелігіндегі отынның барлық түрлері мен энергия қорының көлемі.

Нақты ОЭР жалпы мағынада – мемлекет экономикасында қолданылатын энергияның барлық түрінің жиынтығы.

ОЭР жеке мағынада қарастырсақ, ол:

            табиғи ОЭР (табиғи отын) – көмір, торф, табиғи және пайдалы газ, жерасты газданудан жиналған газ, ағаш; отынның табиғи көзі – күн, жерасты буы.

            отынды өңдеу өнімдері – кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.

14. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары

15.Кәсіпорынның айналым капиталы туралы түсінік, оның құрамы және құрылымы.

16.Айналым қорлардың құрамы және құрылымы.

17.Айналыс қорлардың құрамы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері.

Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:

  • өндірістік айналым қорлары;

  • айналыс қорлары;

  • Айналыс қорлары — запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.

  • Сонымен, айналым қорлары — бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.

  • Айналым капиталының қаржыландыру көздері

  • Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді.

  • Меншікті айналым капиталы — бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады.Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.

  • Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.