Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вопросы по экономике предприятия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.35 Кб
Скачать

6.Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:

1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор сыйымдылығы)

2. Инвестициялардың тиімділігі ( капитал қайтарымы және капитал сыйымдылығы)

3. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі ( еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы)

4. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал қайтарымы, материал сыйымдылығы)

5. Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі ( пайдалылық )

Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар /13/. Олар келесілер:

- ҒТП – тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;

- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;

- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;

- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.

Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.

7. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.

8. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

9.Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай  құралдардың  көзі ретінде  негізгі  қорларды жатқызуға  болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге  асырылуы  тек  қана  негізгі  қорлардың  іс  жүзінде  ықпалыменен болады. Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің   бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі 

Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың  анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған  нұсқаларын ұсынуға болады: Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық  белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың  қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.  Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар  көптеген  өндірістік  циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады

10.Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.