Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вопросы по экономике предприятия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.35 Кб
Скачать

«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

улттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту

 Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.

  2. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.

5 Кәсіпорынның басты міндеттері.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнешеуі:

-         өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу

-         жоғары сапалы өнім өндіру

-         технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену

-         қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану

-         жұмыс бастылықты барынша жоғары деңгейде жеткізу.

Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:

-                     қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек

-                     бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және  нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек

-                     өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек

-                     қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек

-                     қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады

-                     өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.

       Егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, коплект бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады.