
- •Билет №1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. (монолог)
- •Билет № 2
- •Менің елім - Қазақстан
- •2.Үндестік заңы (сингормонизм заңы)
- •Билет № 3
- •1.Ежелгі қалалар. (монолог)
- •Билет №4
- •2.Септік жалғау.
- •Билет №5
- •2. Фонетика. Дыбыстар Фонетика - (грек сөзі "дыбыс") - тіл дыбыстары туралы,тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
- •Билет №6
- •2.Көмекші есімдер.
- •Шылау түрлері.
- •Морфология. Сөз құрамы. Күрделі сөздер
2.Септік жалғау.
Септік жалғау - сөзбен сөздің арасын байланыстырады. Қазақ тілінде жеті септік бар.
Олар:
Атау (кім? не?) ___ сынып
Ілік (кімнің? ненің?) – -ның,- нің; -дың,- дің; -тың,- тің; сыныптың
Барыс (кімге? неге?) – -ға, -ге; -қа –ке -на –не –а -е сыныпқа
Табыс (кімді? нені?) – -ны, -ні; -ды, -ді; -ты, -ті; -н сыныпты
Жатыс (кімде? неде?) – -да, -де; -та -те -нда -нде сыныпта
Шығыс (кімнен? неден?) – -нан, -нен; -дан, -ден -тан, -тен сыныптан
Көмектес (кіммен? немен?) – -мен, -бен -пен сыныппен
Билет №5
Бата (диалог)
1. -Қазақ халқы өзінің әрбір іс, әр қимылын бүкіл ниет, тілегін жиынтықтап алып немен бастап отырған?
- Қазақ халқы өзінің әрбір іс, әр қимылын бүкіл ниет, тілегін жиынтықтап алып ақ тілек, ақ батамен бастап отырған.
2. –Ақ бата , бата дегеніміз не?
-Ақ бата-әрқайсымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Бата-бастағалы тұрған істің қасиетті тұмары.
3. - Бата берудің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
- Бата берудің өзіндік орны, жолы, жөні бар. Батаны топ ішіндегі жасы үлкен адам беруге тиіс. Немесе көптің рұқсатымен жас болса да, жұрттың ойынан шығатын адам беруіне болады.
4. –Батаның мақсаты қандай?
- 1. Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту
2. Достыққа, береке, бірлікке, ынтымаққа шақыру.
3. Жақсы іске бас болу.
4. Үлкен-кішінің жолын ашу.
5. -Батаның түрлерін ата.
- Жол, дастарқан батасы.
2. Фонетика. Дыбыстар Фонетика - (грек сөзі "дыбыс") - тіл дыбыстары туралы,тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады. Олар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, ы, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. |
|||||||||||||||||||||||||||
Дауысты дыбыстардың саны – 15. Дауыссыз дыбыстар – 25. |
|||||||||||||||||||||||||||
Екі әріп жіңішкелік белгісі (ь) мен айыру белгісі (ъ) дыбыстарға жатпайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Дыбыс бола алмайды: я [йа], ю [йу], ё [йо], ь, ъ. |
|||||||||||||||||||||||||||
Қазақ тіліне тән әріптер 9: ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ
Дауыссыз дыбыстар – үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып бөлінеді.
|