Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теориялық археология және этнология 2с 2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.41 Кб
Скачать

Билет-1

1-Теориялык археология курылымы. Аталмыш курс археология пәнінің жалғасы болып табылады. Бұрынғы ұғымдар нақты көзқарастар бекітіліп, археология ғылымының даму жолына біртіндеп еніп, археологиялық жетістіктер мен білімінің қордалануына өзіндік үлес қосқан факт ретінде қарастыруға болады.

Авторлық ашулар мен концепцияларды шешуде археологиядағы қиындықтар күмәнділікке апарып соқты. Теориялық археологияны қолдану, археологияның дамуы мен зерттеуінің дамуына әсер ететін әдістерді дамыту мақсатын ұстанған «теориялық археология» курсы археология ғылым ретінде қалыптастыру тапсырмасын алдына қояды.Теориялық археологиясының құрылысын түсіну үшін Е.Д.Гражданниктің құрастырған археологиялық классификациясын негізгі алу керек. Археология ғылымының міндеті белгілі аймақтардан алынған ғылыми қорытындылар болса, ал мақсатына ғылыми өнімнің өлшеу әдісі, бағалау және бақылау жатады. Төмендегі құрылымға назар аударайық:

АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ

  1. Археолгия ғылымының тарихнамасы 2. Археологиялық критикология;

А) Археологиялық наукометрия; Б) Археологиялық критикология;

В) Археологиялық прогностикалықғылымитаным.

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКА

А) Археологиялық синетика; Б) Археологиялық материал басылымдары;

В) Археологиялық жаңалықтар; Г) Мақсатты-бағдарламалы ғылымитаным;

Д) Археология ілімінің теориялық негізінің қалыптасуы.

2-Этнология гылымындагы диффузионизм.  Диффузионизмнің негізгі идеялары: мәдениет белгілі бір географиялық ортада туылатын және дамитын тірі ағза болып табылады. Мәдениеттің әрбір бөлшегі (элменеті) нақтылы өңірде пайда болады және сол өңірден барлық жер бетіне таралады. Мәдениеттің негізгі факторлары ықпалдасу, мәдени элементтердің араласуы және т.б. Тек ғана материалдық мәдениет емес, рухани құбылыстар да таралады. Әрбір мәдениеттің пайда болатын және таралатын орталығы болады. Этнологияның басты міндеті-мәдениеттің орталықтарын табу, зерттеу.Мәдениетті зерттеу әдістері мәдени шеңберлерді немесе оның таралу аймақтарын, мәдениет элементерін зерттеу болып табылады. Мәдениеттің әрбір элементі бір-ақ рет пайда болады: оның таралу аймағын анықтау арқылы, әрбір элементтің алғашқы пайда болған жерін де айқындауға болады. Көрнекті өкілдері: Фридрих Ратцель (1844-1904) – Мюнхень университетінің этнография профессоры.Негізгі еңбектері: «Антропогеография» (1882); «Халықтану» (1885); «Жер және өмір» (1981)Негізгі тұжырымдары: Халықтардың байланысынан мәдениет дамиды. Нәсілдер раласады, тілдер жоғалады немесе ауысады, халықтардың атауы да өзгереді, тек ғана мәдени заттар ғана өз түрі мен өмір сүрген ортасын жоғалтпайды. Сондықтан этнологияның негізгі мақсаты – мәдени заттардың таралуын зерттеу. Материалдық мәдениет заттары мәдениеттің өзге құбылыстарына қарағанда өз түрі мен өмір сүру ортасын ұзағырақ сақтайды. Адам - этнографиялық заттарды тасмалдаушы. Мәдениетердің араласуының екі әдісі бар: жекелеген заттар емес, тұтас мәдени кешеннің (аккультурация) түгелдей және жылдам ауысуы. Лео Фробениус (1873-1938) - фольклорист, археолог и этнолог, Ратцелдің шәкірті мәдениет морфологиясы тұжырымын жасаушы, «мәдени шеңберлер» теорияс-ының негізін салушы, африка мәдениетінің маманы. Негізгі еңбектері: «Происхождение африканских культур» (1898)7 Негізгі тұжырымдары: Мәдениет тірі ағза болғандықтан, туылу, балалық шақ, есею кезеңі, кәрілік және өлу секілді өмірлік кезеңдерді бастан кешіреді. Мәдениетті адамдар жасамайды, мәдениет өздігінен өсіп – жетіледі. Адам мәдениеттің жемісі немесе нысаны. Мәдениет адамсыз таралмайды. Адам мәдениетті тасымалдаушы ғана. Әрбір мәдениет ерекше өіндік сипатты, өзіндік «мәдени жанын» иеленеді. Ерлер мен әйелдер мәдениеті де өмір сүреді.

Фритц Гребнер (1877-1934)-неміс тілді елдерде фиффузионизм теориясының негізін салушы. «Этнология әдістері» атты еңбегі 1911 жылы жарияланған. Мәдени тарихи байланыстдың немесе мәдениеттің өз бетінше пайда болуын зерттеудің әдістерін жасаған. Мәдени шеңберлер теориясын ғылыми айналымға енгізген (барлық алғашқы қауым тарихын ғаламдық қайта жаңғыртуға әрекет жасаған). Барлық халықтардың мемлекетке дейінгі даму кезеңдерінің мәдени жетістіктері алты мәдени шеңберді біріктіреді. Олардың әрқайсысы 19-20 элементтен тұрады. Қандай шеберде болмасын, мәдени құбылыстар ұқсастығы белгілі бір шеңберге тиесілі және бір географиялық ортадан шығады. Кез-келген мәдени факт тарихта бір рет белгілі бір жерде пайда болады және белгілі бір мәдениетке ғана тиесілі болады. Адамзат тарихында қайталаушылық пен заңдылықтар жоқ. Этникалық үдерістердің қайталануы мүмкін болып көрінгенімен, ал шын мәнісінде барлық құбылыстар дара сипатты иеленеді. Сонымен қатар диффузионизм мектебінің К. Уисслер (1870-1947), У. Риверс (1864-1922) және т.б. көрнекті өкілдері бар.

3-Археология гылымындагы жалпы теориялык угымдар. Археология ғылымының тарихы нақты тақырыпқа арналған немесе тарихи дәуірге бағытталған ғылымның тарихын зерттейді. Өткен ғасыр тарихына көз жүгірте, тарихи графикалық зерттеулер ғылымның дамуын тануға, археологиялық бағыт пен мектептердің, концепциялардың дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Археологиялық тарихи графиканың келесі негізгі тапсырмаларын атап өтуге болады:

а) археологиялық ойдың әр бағытына сай келетін теориялы әдістік принциптерін анықтау;

б) археологиялық ғылымның негізгі қайнар көзінің базаларын, археологиялық фактілерді нақты зерттеу әдістерінанықтау;

в) Археологиялық ғылыми мектептердің орындарын, олардың археологиялық фактілерді жүйелеуі мен бағыттарын анықтау;

г) археология саласында зерттеу жұмыстарын атқаратын ұйым мен пішіндерді анықтау. Оның қатарына ғылыми орталықтар, жоғарғы оқу орындары, мұражай, және мұрағат кіреді;

д) Археологиялық зерттеулердің проблемасын, оның дамуын анықтау;

ж) археология саласы мен мектептердің күшімен құрылған археологиялық концепцияларды анықтау;

қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштерге тек қана мақалалар емес, сонымен қатар монографияны жалпылама түрде сипаттайтын тарихи очерктердежазылады. Бұл жұмыстарда Орталық Азия мен Қазақстанның әр аумағында жинақталған, археология ғылымының қыр сырын жан жақты ашатын материалдар бар.

2. «Археологиялық сын» - алдында қолданылған археологиялық фактілердің интерпретация әдістерін, олардың дәйектілігінің дәрежесін және жаңадан ашылған археологиялық жаңалықтарды тексеру.Бұл бетбұрыс тек жоғарыда айтылған мақсатты ғана емес, сонымен қоса басқа көзқарасты қоштайтындармен күрес жүргізуді қолдайды. Осы бөлімдердің әр бірі ғылымды жетілдіретін проблеманы қарастырады.үштік топ: а) археологиялық ғылыми метрияб) археологиялық сын; в) археологиялық ғылыми болжамшылық.