
- •2. Сәулет – құрылыс бөлімі.
- •2.1. Бастапқы мәліметтер.
- •2.2. Бас жоспар шешімі.
- •2.3.Өндірістік корпустың көлемдік – жобалау шешімі.
- •2.4.Тұрмыстық және әкімшілік бөлмелер құрамын және ауданын есептеу.
- •2.5. Жылутехникалық есеп.
- •2.6. Конструктивтік шешім.
- •2.7. Инженерлік жүйелері және коммуникациялары.
- •2.9 Антисейсмикалық шаралар
2.6. Конструктивтік шешім.
Ғимараттардағы құрылыс конструкцияларын таңдаудағы басты принциптер болып: зауыттарда шығарылатын типті темір бетон конструкцияларын пайдалану олардың, арзандылығы, құрылыс каталогтар тізіміне сәйкестігі алынды.
Ұстындар үшін жоспарда квадрат түрде өлшемі 1500х1500х1200мм стаканды ірге тастар пайдаланады. Керамзит бетонынан жасалған қабырғалар үшін ФСБ-30,40 маркалы ірге тастар пайдаланады.
Ұстындар ұзындығы 6м, көлденең қимасы 40х40см темірбетоннан жасалған.
Арқалықтар қимасы қос тавр, ұзындығы-18м, биіктігі -0,9м, ені-30см және олар алдын ала кернелген темірбетоннан жасалған.
Кран асты арқалықтар тавр қималы, ұзындығы-6м, биіктігі-450мм, алдын ала кернелген темір бетоннан жасалған.
Жабындар - өлшемі 1,5х6м, биіктігі 220мм қырлы темір бетон тақталары. Сыртқы қабырға панельдері тығыздығы 1500-1600кг/м3 керамзит бетоннан жасалған. өлшемдері 6х12х0,4м, 6х0,9х0,4м.
Шатыр – тақталардың бетіне орналасқан цемент –құм төсенішке үш қабатты рубероид жапсырылған конструкция.
Есік,терезе
Жобада есік, терезе ағаш бұйымдарынан дайындалған. Терезе өлшемдері мен пішіні қабырғадан ішке түсетін жарыққа және қас-беттің жалпы шешіміне лайықты салынады. Өндірістік, қоғамдық және тұрған ғимараттарында да терезе өлшемдері мемлекеттік стандарпен беріледі. Есіктерді орналастыруына байланыстысыртқы және ішкі есіктер деп бөлуге болады. Олар басқа да сипаттарымен ерекшеленеді: есіктердің санына,ашылып-жабылу әдісіне қарай. Төменде есік, терезе спецификациясы көрсетілген.
2.3-кесте
Біріккен спецификация
Марка |
Белгіленуі |
Аталуы |
Саны |
Ескерту |
АСВ-124 |
МЕСТ 12506-67 |
Терез блогы |
56 |
|
|
МЕСТ 14624-69 |
Есіктер |
|
Төменгі кестелерде |
|
Шифр 41-74 |
қаңқалар |
|
Төменгі кестелерде |
2.4-кесте
Қақпалар және есіктер ойықтарының ведомосты
Ойықтар |
Ойықты толтыратын элементтер |
||||
Жоба бойынша типі |
Қалаудағы өлшемі bxh, мм |
Орын саны |
Марка |
Белгіленуі |
Саны |
1 |
3920х4200 |
10 |
В3.6х4.2 |
Шифр 41-71 |
1 |
2 |
2350х2400 |
3 |
Д50-П |
МЕСТ 14824-69 |
1 |
3 |
1060х2100 |
3 |
Д50-П |
МеСТ 14624-69 |
1 |
4 |
1520х2400 |
1 |
Д32 |
МЕСТ 14624-69 |
1 |
Сыртқы және ішкі әрлеу.
Ғимараттың сыртқы фасады екі түсті: негізгі суттелген кофе түс пен қызыл геометриялық жолақтармен штукатурланған. Іргетас бөлігі қоңыр-қызыл түспен боялған. Ұсталық бұйымдар майлы бояулармен сырланады. Ішкі қабырғалар сапасы жоғары сылақпен өңделеді, қажетті жерлер глазурлы керамикалық плиталармен қапталады. Бөлмелер қабырға сыланғаннан кейін құрғақ құрылыс қоспалармен өңделеді,кейбір бөлмелер қабырғалары обоймен жапсырылады.