Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көбік керамика технологиялық бөлім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Фосфор өндірісінің қалдықтары

1 - ТФШ, 2 - бастапқы ГФШ, 3 - бастапқы ГДШ

Сурет 1.3. - Шикізат материалдардың рентгенограммасы

Сары фосфордың көп тонналы қалдығы ретінде электротермофосфор шлагы қабылданады. Бұл фосфорит рудаларын және кварцитті электр пештерінде қыздырғанда пайда болады.

Фосфор шлагы негізін СаО, SiO2 P2O5 системасы құрайтын күрделі поликомпенентті зат. Ал қоспалар саны Al2O3, MgO, Fe2O3, Na2O бастапқы шикізат құрамынан және фосфорды жылдамдату технологиялық процесіне байланысты химиялық құрамы бойынша фосфор шлагы домна шлагына ұқсас, бірақ олардан құрамында Al2O3, Fe2O3, MgO, SO3 аздығымен және қосымша фосфор оксиді және фтордың бар болуымен ерекшеленеді.

“Химпром” АҚ және “Нодфос” АҚ орталық зауыт лабораториясымен 1995-1998 ж. аралығында алынған мәліметтер бойынша негізгі оксидтердің орташа жылдық тербелуі келесідей: Р2О5 - (0,6-3,1); СаО - (47-48,8); SiO2 -(39,1-42,0); Al2O3 - (2,1-2,9). Фосфор шлагының минералогиялық зерттеулерін В.В.Лапин, Л.А.Владимирова, С.Т.Сүлейменов, Т.А.Абдувалиев, Г.В.Орлова, В.Ф. Вернер (3.5.9) жүргізді. “Химпром” АҚ тығыз кристалданған фосфор шлагы псевдоволласниттен тұратындығы бекітілген. Аз мөлшерде мелилит және фторопатит барлығы (3,5,6) “Нодфос” АҚ түйіршектелген фосфор шлагы тез суытқандағы үшін 90-92% стеклофазадан тұрады. Шлакты қыздырғанда псевдоволластнаитті және аз мөлшерде ранкинит, мелиллит құрай белсенді кристалданады.

“Химпром” АҚ және “Нодфос” АҚ фосфор шлактары химиялық құрамы жағынан бір-бірінен аз ерекшенелетіндігін айта кету керек. Айырмашылығы минералогиялық құрамында “Химпром” АҚ фосфор шлактарын баяу суытқандықтан кристалл құрамды болады.

1.5. Тас пайдалану қалдықтары

Жамбыл облысында екі үлкен гранитті кен орны бар. Ол Тараз қаласынан 15 км жерде орналасқан. Шөлдала және Қордай. Гранит беттік әшекей плиталар алу үшін қолданылады, шағалдарын бетонды толтырғыш ретінде қолданылады. Гранитті майдалап өңдегенде өлшемі 5 мм болатын гранит майда бөлшектері, көп мөлшерде қалады. Қазіргі кезде гранит майда бөлшектерінің қоры 5 млн. тоннаға жуық.

Гранит үгінділерін рационалды пайдалану олардың күйдірілетін материалдарға негізгі шикізат ретінде пайдалануға болады. Ондай материалдарға минерал мақта, тарлы шыны керамикалық қабырғалық және беттік материалдарды. Бұл оның құрамында калий, натрий оксидтерінің барлығымен түсіндіріледі. Олар күшті модификатор және күйдіргінің температурасын төмендетіп зат қызметін атқарады. Гранит үгінділері РФА-ға сәйкес кварцпен ұсынған келесі жыныс құрайтын минералдардан тұрады микроклин, альбит, биотит араласқан кварц және мусковит. Бұл материалдар құрамында темір бар минералдарға жатады.

Гранит үгінділерінде көлемдік қатынаста 50-60% кварц 20-25%, альбит, 8-10% биотит, 8-10% мусковит және 8-10%микролин бар.

ДТА-ға сәйкес 5600с-де эндоэффект бақыланады. Ол топырақ құрайтын минералдармен химиялық байланысқан судың бөлінуімен көрінеді. Эндоэффект 8800С-де гранит үйінділерінің құрамына кіретін минералдардың кристаллизациялануымен байланысты.

1.2. Зауыт құрылысын техника экономикалық негіздеу.

Өнімділігі жылына 50000 м3 минерал мақта шығаратын зауытты Тараз қаласында, дәлірек айтқанда Тараз қаласының батыс жағында, фосфор зауытына жақын орналастыру көзделіп отыр.

Тараз қаласы ірі өнеркәсіп саласы болып табылады.Соның ішінде құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсіптері де жатады.

Тараз қаласында машина жасау, жеңіл құрылыс, энергетика, транпорт, тамақ өнеркәсіптері өте көп дамыған. Көптеген тұрғын үйлер, өнеркәсіптік, бизнес ғимараттары салынып жатыр және салынуға жоспарлануда.

Алдын ала есептеулерге қарағанда қабырға,өңдегіш және жылу оқшаулағыш көбік керамикалық бұйымдарға қажеттілік 200-300 мың м. жетеді. Сондықтан осы қажеттіліктерді ескере отырып зауытты салу осы күннң талабына сай болып отыр.

Минерал мақта өндірісінде негізгі шикізат ретінде фосфор зауытының қалдықтары пайдаланылады. Бұл қождардың жылдық қоры 5 млн тоннадан асады және олар салынатын зауыттың 3-5 км қашықтықта орналасқан оны автомашинаға салу үшін арнайы экскаватор пайдаланады.

Қоспа ретінде саз балшығы пайдаланылады.Олар зауыттан 10-15 км қашықтықта орналасқан. Шикізат материалдары зауытқа КамАЗ, КрАЗ автомашиналармен жеткізу көзделіп отыр.

Отынмен қамтамассыз ету. Керамика өндірісінде негізгі отын ретінде табиғи газ пайдаланылады. Табиғи газдың жылдық қажеттілігі шамамен 60000-70000 м3. Қосалқы отын ретінде “Шымкент нефтеоргсинтез” мекемесінің мазуты пайдаланады.

Электр энерогиясымен қамтамассыз ету. Қуаттылығы 150-200 кВа, кернеуі -380 В трансформатор стансасынан жүргізіледі. Электр энергиясымен қамтамассыз ететін мекеме “Екібастұз ГРЭС” компаниясы. Жылдық электр энергия қажеттілігі 650-700 мың квт*сағ.

Жылумен қамтамасыз ету. Жылумен қамтамасыз ету жоғарыда келтірілген компаниясынан жылу тізбектері арқылы жүргізіледі.

Сумен жабдықтау және канализация. Сумен жабдықтау орталық сумен жабдықтау жұйелерімен d 32-40мм құбырлар жүргізу арқылы жүзеге асады. Су құбырларындағы қысым 2,2-0,3 МПа болу қажет.

Канализация жүйелері орталық қалалық жүйелерге диаметрі d 100-150 мм құбырлар арқылы қосылады.

Дайын өнімді жіберу тапсырма беруші мекеменің есебінен жүргізіледі.

Еңбек ресурстары. Зауытта шамамен 50-60 адам жұмыс істейді. Соның ішінде 40-қа жуық мамандықтар: жүргізуші, экскаваторшы, машинист, шихта жасаушы, күйдіруші, операторлар, электр, газ дәнекерлеуші және тағы басқалар. Инженер- техникалық қызметкер ретінде Қазақ Мемлекеттік сәулет құрылыс академиясы-Алматы қаласы, ТарМУ -Тараз қаласы, ОҚМУ- Шымкент қаласы түлектері болуы мүмкін.

Қорыта келгенде арзан шиізат базасын өнімнің өнімнің арзандығын,м отын, электр энергия, сумен жабдықтау, еңбек ресурстарымен қамтамассыз етілуіне байланысты зауытты Теміртау қаласында салу экономикалық және техникалық жағынан тиімді болып табылады. Бұл зауытты іске қосу өндіріс қалдықтарын пайдалануға, қоршаған ортаны сақтауға, арзан әрі құрылысқа қажетті тиімді материл шығаруға мүмкіндік береді.