
- •I. Технологиялық бөлім.
- •1.1. Техногендік шикізаттар түрлері
- •Металлургиялық өндірістің қалдықтары
- •Кесте 1.3. - Домна шлагының физика-механикалық қасиеттері
- •Фосфор өндірісінің қалдықтары
- •1.5. Тас пайдалану қалдықтары
- •1.2 Бұйымдар номенклатурасы.
- •Минерал мақтадан алынған жылу оқшаулау материалдар мен бұйымдардың қасиеттері
- •Минерал мақтадан алынған жылу оқшаулау материалдар мен бұйымдардың қолдануы
- •1.3 Өндірістік бағдарлама.
- •1.4.Шикізат материалдарыны сипаттамалары.
- •1.8. Вагранкада шикізатты балқытқандағы шихтаның құрамын есептеу
- •1.10.Табиғи газ, су, электр энергия шығындарын есептеу.
- •1.12.Қоймаларды есептеу.
- •Дайын өнім қоймасы.
- •1.14.Туннельды кептіргіштің жылу техникалық есебі
- •Отынның жану есебі
Кіріспе
Жылу сақтағыш материалдар жылуды үнемдеуде ерекше роль атқарады, атап айтқанда ғимараттардағы жылуды, энергетикалық, бу және тағы басқа қондырғылардағы жылудың жоғалуын азайтады. Мысалы: қалыңдығы 1 см минерал мақтадан жасалынған тақта кірпіштен жасалынған қалыңдығы 10-12 см қабырғаны, қалыңдығы 5-7 см керамзитбетонды алмастыра алады. Жылу сақтағыш материалдарды жасау үшін кәдімгі керамиканың кірпішке қарағанда отынның шығыны 10-11, еңбек сиымдылығы 20-25 есе кіші, дайын өнімнің массасы 20 есе аз.
Қазақстанда минерал мақтаның артықшылығына қарамас тан тек қана Өскемен минералды мақта зауыты өндіреді. Бірақ олардың өнімділіктері өте аз және көптеген сұраныстарды қанағаттандырмайды.
Минерал мақтаны өндіру үшін негізінен тау жыныстары: базальт, диабез, сменит, габбро пайдаланады. Минерал мақтаны өндіруде табиғи шикізаттарды үнемдеу үшін, оның өзіндік құнын төмендету үшін, технологиялық тізбектерді жеңілдету үшін өндіріс қалдықтарын, атап айтқанда химия, қара металлургия, түрлі-түсті металлургия өндірістерінің қалдықтарын пайдалануда.
Атап айтқанда шлактарды пайдалану 50-60 % табиғи шикізатты үнемдеуге, 1,4 есе оның шығынын үнемдеуге және 100-1500 С күйдіру температурасын азайтуға мүмкіндік береді.
Минерал мақта өндірісінің дамуы біздің республикамыздағы ғылымдардың жетістіктеріне негізделген. Олар физика-химиялық процестердің жүрушінің заңдылықтарын, технологиялық параметрлерді және бұйымдардың санасын жақсарту қарасын сияқты мәселелерді шешу үшін ғылыми-зерттеулер жүргізуде.
I. Технологиялық бөлім.
1.1. Техногендік шикізаттар түрлері
Қайталана шикізат ресурстары ретінде өндірістердің шығарған және адамның күнделікті тұрмысынан қалған техногендік және антропогендік заттар түсініледі. Техногендік қалдықтар аяқталмаған технологиялық процесстерден болады.Техногендік шикізаттардың әртүрлілігіне байланысты оны біз өңделетін минералды шикізаттың спецификациясына қарай өндіріс түрлеріне байланысты бөлеміз.
Металлургиялық өндірістің қалдықтары
Қазақстан Республикасындағы басты болат және шойын шығаратын өндіріс Қарағанды металлургиялық зауыты Испат –Кармет Акционерлік қоғамы болып табылады.
Оның жұмыс істегендігінен жылына 1 млн тоннаға жуық домна шлагы пайда болады. Шойын өндіру ісіндегі домна шлагы пайда болады.
Металлургиялық комплекс шығаратын қалдықтар түрлері 1.1 суретте көрсетілген.
Қазіргі жағдайда домна шлагы құрылыс материалдарын жасауда кеңінен қолдануда. Сондықтан шлактардың микроқұралын балқу және кристалдану процесстерін, минералогиялық құрылым, физико-механикалық қасиеттерін зерттеу әртүрлі құрылыс материалдарын стеклокристалдықты қоса бірінші орынды алады.
Қарағанды металлургиялық комплекс шығаратын түйіршікті домна шлагы сұр түсті түйіршікті материал түрінде белгілі. 3.9 аралығында болып ірі категориясына жатады. Шлактың түйіршікті құрамы келесі түйіршіктер түрімен мінезделеді.
Домна шлагын термоөңдеуде керамикалық технология бойынша жүргізілетін процесстер, берік керамикалық ………. пайда болуына жағдай жағдай жасауы керек. Деформацияға қарсы қатаң бұл әдісте минерал толтырғыш қызметін атқарады. Бұл жерде материал термоөңдеуде қиын ерігіш яғни оның жұмсару температурасы байланыстырғыш балқу температурасынан 150-2000С есе жоғары болуы тиіс.
Кесте 1.1. – Домна шлагының гранулометриялық құрамы
Материал |
Електегі қалдықтар,% |
|||||||
5 |
25 |
1,25 |
0,63 |
0,315 |
0,14 |
<0,14 |
Мк |
|
Домна шлагы |
- |
14 |
28,8 |
22,4 |
21,4 |
8,7 |
5,5 |
3,0 |
Домна шлагының балқыштығы және физика-механикалық қасиеттері 1,2 және 1.3 кестеде көрсетілген.
Кесте 1.2. - Домна шлагының балқыштығы
Проба № |
Балқыштығы, 0С |
||
Жұмсару басы |
Жұмсару аяғы |
Сұйық балқыма күйі |
|
1. |
1280 |
1350 |
1425 |
2. |
1270 |
1345 |
1430 |
3 |
1265 |
1345 |
1435 |
Домна шлагының тығыздығы, сығуға берікті, су жұтықштығы, аязға төзімдігі, әктә қосылыстары, кеуектілгі және қуыстылығы, жалпы қабылданған әдіс бойынша (1,2) Шлакты балқыту және үлгілер жасау арқылы алынады. Химиялық анализ бойынша басты құрайтын компоненттер ретінде SiO2, CaO, Al2O3, MgO. Бұл оксидтің қосылыстардың барлығы шлак құрамының 94….96% құрайды. Қалған бөлігін MnO, Fe2O3, Na2O, K2O, S3 Модуль негізі ретінде домна шлагы негізгіге жатады.
M0=CaO+MgO/SiO2+Al2O3=1-1,2