
- •I. Тарау. Тау жыныстары ретіндегі грунттардың физикалық қасиеттері
- •1.1. Грунттардың жаратылысы, құрамы
- •1.2. Грунттың қатты түйіршіктері
- •1.3. Грунт құрамындағы судың түрлері мен қасиеттері
- •1.4 Грунт құрамындағы газдар
- •1.5 Грунттардың құрылымы, текстурасы және құрылымдық байланыстары.
- •1.6. Грунттардың физикалық қасиеттерінің сипаттамалады.
- •1.7.Грунттардың жіктелу көрсеткіштері.
- •II тарау. Грунттардың механикалық қасиеттері
- •2.1. Грунт механикасының негізгі заңдылықтар
- •2.2. Грунттардың сығылғыштығы. Нығыздалу заңы.
- •2.3. Грунттардың суөткізгіштігі. Ламинарлық сүзілу заңы
- •2.4. Грунттардың ығысу кедергісі. Кулон заңы
- •2.5 Сызықтық деформациялану принциптері
- •Ι ι ι тарау. Грунттардың кернеулі күйін анықтау
- •3.1. Грунттағы кернеулердің кеңістік есеп жағдайында таралуы
- •3.1.1. Қадалған күштің әсері. Буссинеск есебі
- •3.1.2. Бірнеше қадалған күшретдің әсері.
- •3.1.3. Біркелкі таралған жүктің әсері.
- •3.2. Грунттағы кернеулердің жазық есеп жағдайында таралуы.
- •3.3. Іргетастардың табандары бойынша тірек қысымдарының таралуы.
- •IV тарау. Грунттардың деформацияларын анықтау және іргетастың шөгуін есептеу.
- •4.1 Грунттардың деформацияларының түрлері және маңызы.
- •4.2 Тұтас жүктің әсерінен грунт қабатының шөгуін анықтау.
- •4.2 Есептеу схемасы
- •4.3 Іргетастың шөгуін «грунт қабаттарының деформациясын біртіндеп қосу» әдісімен шешіледі.
- •4.4 Іргетастардың шөгуін «эквивалентті қабат» әдісімен есептеу
- •4.5 Шөгудің уақыт бойынша дамуы. Грунттардың фильтрациялық (сілемдері) консолидациясының теориясы.
- •4.6 Грунттардағы реологиялық құбылыстар
- •Грунттардың шекті кернеулі күйінің теориясы және оның қолдануы.
- •5.1 Жалпы түсініктер
- •5.2 Шамасы үнемі ұлғаятын жүктің әсерінен негізде туындайтын кернеулі күйдің кезеңдері.
- •5.3 Шекті тепе-теңдік күйінің сусыма және иілгіш грунттарға раналған шарттары.
- •5.4.Грунтты негізге түсетін алғашқы қауіпті жүкті анықтау
- •5.5 Грунтты негізге түсетін шекті қауіпті жүкті анықтау
- •5.6 Құламалардың орнықтылығын анықтау
- •5.7 Грунттардың сүйеме қабырғаларға түсіретін қысымын анықтау.
- •5.7.1.Жалпы түсініктер
- •5.7.2.Сусыма грунттың сүиеме қабырғаға түсіретін қысымын анықтау
- •5.7.3. Байланысқан (балшықты) грунттың сүиеме қабырғаға түсіретін қысымын анықтау.
- •Әдебиет
1.7.Грунттардың жіктелу көрсеткіштері.
Әрбір грунт қабатының физикалық қасиеттерін сипаттау үшін және осы деректер бойынша оның құрылысқа жарамдылығын алдын ала жуықтап бағалау үшін грунттардың жіктелу (классификациялық) көрсеткіштерінің маңызы зор. Бұл көрсеткіштер арқылы барлық грунттарды олардың жаратылыс тегінің басты ерекшеліктеріне байланысты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:
1) Балшықты (иленгіш) грунттар;
2) Сусыма (иленгіш емес) грунттар.
1.7.1. Балшықты грунттардың жіктелу көрсеткіштері
1. Иленгіштік саны (Ip) грунт құрамындағы өте ұсақ (балшықты) қатты түйіршіктердің үлесті мөлшерін білдіретіндіктен, жіктелу көрсеткіші ретінде, балшықты грунттардың түрін (атын) анықтау үшін қолданылады (1.2 –кесте).
1.2 - кесте
Балшықты грунттардың иленгіштік саны бойынша жіктелуі
Балшықты грунттардың түрі |
Иленгіштік саны |
Құмдақ Саздақ Балшық (саз) |
0.01 … 0.07 0.07 … 0.17 >0.17 |
2. Аққыштық (консистенция) көрсеткіші (IL) балшықты грунттың табиғи жағдайдағы күйін анықтайды, оның сапалық қасиетін бағалауға мүмкіндік береді (1.3 –кесте).
1.3-кесте
Балшықты грунттардың аққыштық (консистенция) көрсеткіші бойынша жіктелуі
Балшықты грунттың түрі мен күйі |
Аққыштық (консистенция) көрсеткіші (IL) |
Құмайт: қатты иленгіш ақпа Саздық және балшық (саз): қатты жартылай қатты қиын иленгіш жұмсақ иленгіш ақпа иленгіш ақпа |
IL <0 0 < IL <1 IL > 1
IL < 0 0 < IL < 0.25 0.25 < IL < 0.50 0.50 < IL < 0.75 0.75 < IL < 1 IL > 1 |
1.7.2. Сусыма грунттардың жіктелу көрсеткіштері
1.Сусыма грунттың түрін (атын) оның түйіршікті (гранулометриялық) құрамы бойынша анықтайды (1.4- кесте)
1.4- кесте
Сусыма грунттардың түйіршікті құрамы бойынша жіктелуі (ГОСТ 25100-82)
Әр шамалы түйіршіктердің (фракциялардың) мөлшері |
Сусыма грунттың түрі |
Шамасы 2 мм-ден ірі түйіршіктердің массасының мөлшері 25% -тен көп. Шамасы 0.5 мм-ден ірі түйіршіктердің массасының мөлшері 50% -тен көп. Шамасы 0.25 мм-ден ірі түйіршіктердің массасының мөлшері 50% -тен көп. Шамасы 0.1 мм-ден ірі түйіршіктердің массасының мөлшері 75% -тен көп. Шамасы 0.1 мм-ден ірі түйіршіктердің массасының мөлшері 75% -тен аз. |
Қиыршық тасты құм
Ірі құм
Ірілігі орташа құм
Ұсақ құм
Тозаңды құм |
2. Кеуектілік коэффициенті (е) сусыма грунттардың тығыздығы күйін, олардың сапалық қасиетін бағалау үшін қолданылады. (1.5-кесте).
Сусыма грунттардың кеуектілік коэффиценті бойынша жіктелуі
(1.5-кесте).
Cусыма грунттың түрі |
Грунтың тығыздық күйі |
||
тығыздық |
тығыздығы орташа |
борпылдақ |
|
қиыршық тасты құм, ірі құм және ірілігі орташа құм |
e <0.55 |
0.55<e<0.70 |
e>0.70 |
ұсақ құм |
e<0.60 |
0.60< e<0.75 |
e>0.75 |
тозаңды құм |
e<0.60 |
0.60<e<0.80 |
e>0.80 |
3. Ылғалдылық дәрежесі (Sr) бойынша сусымалы грунттардың ылғалдылық күйін бағалайды. (1.6-кесте) .
Cусыма грунттардың ылғалдылық дәрежесі бойынша жіктелуі
(1.6-кесте)
сусыма грунттың ылғалдылық күйі |
ылғалдылық дәрежесі Sr |
Ылғалдылығы аз
Ылғалды
Суға шылқыған
|
0 < Sr < 0.50
0.50 <Sr < 0.80
0.80 <Sr < 1 |