Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Утенов Геотехника.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.81 Mб
Скачать

5.7.3. Байланысқан (балшықты) грунттың сүиеме қабырғаға түсіретін қысымын анықтау.

Жазық есеп жағдайында балшықтың сүйеме қабырғаға түсіретін қысымын анықтау үшін ілініс күшінің С әсерін грунттың тік және көлденең беттеріне біркелкі таралып түсетін байланыс қысымымен алмастырамыз (5.6 б-сурет).Тік бағытттағы байланыс қысымының әсерін қалыңдығы келтірілген грунт қабатымен алмастырамыз. Сонда грунттың бүйірлік кернеуінің ең үлкен мәні көлденең бағытттағы байланыс қысымының Ре қарама-қарсы әсерін ескерген жағдайда мына теңдеумен анықталады:

5,36

немесе

5,37

осыдан

5,38

Енді бұл теңдеудің екінші мүшесіне тригонометриялық түрлендіру қолдансақ,

Сонда бүйірлік кернеуді анықтауға арналған теңдеу біржолата мынадай түрге ие болады:

5,39

(5.39)теңдеу екі бөліктен тұрады: біріншісі грунттың ішкі үйкелісін ғана ескеру арқылы табылған бүйірлік кернеу, ал екіншесе сүйеме қабырғаға түсетін грунттың қысымын азайтатын ілініс күшін ескеру бойынша анықталған бүйірлік кернеу.

Мынадай белгілеу енгізсек:

және

Онда сүйеме қабырғаға әсер ететін толық бүйірлік кернеу мына теңдеумен анықталады:

«Сөйтіп грунттың ілініс күші оның сүйеме қабырғаға түсіретін көлденең қысымын әрбір нүктеде σ2 шамасына кемітеді». Енді егер , онда H=hc шартын ескеріп (5.39) теңдеуі арқылы h c тереңдігін табамыз (5.6, б-сурет). Грунттың көлденең қысымы қабырғалары 2 және H-hc шамаларына тең бүйірлік кернеудің үшбұрышты эпюрасының ауданы ретінде есептелінеді:

Енді 2 мен H-hc мәндерін осы теңдеуге қойсақ, біржолата сүйеме қабырғаға түсетін байланысқан грунттың көлденең белсенді қысымына тең теңдеумен анықталады:

Әдебиет

1. Далматов Б.И. Механика грунтов, основания и фундаменты (включая специальный курс инжненрной геологии).-2-изд. перераб. и доп. Л. :Стройиздат, Ленингр. отд-ние, 1988. 415с.

2. Далматов Б.И.,Утенов Е.С. К вопросу формирования зоны уплотнения глинистых грунтов под фундаментами.-В кн. :Механика грунтов, основания и фундаменты; Межвуз. темат. сб. тр.. – ЛИСИ, 1980, с. 5-12.

3. Маслов Н.Н. Основы инженерной геологии и механики грунтов, Учебник для вузов. –М. :Высш. школа, 1982. 511с., ил.

4. Цытович Н.А. Механика грунтов, (краткий курс). –М. :Высш. школа, 1983. 280с.

5. Өтен Е.С. Іргетастар және негіздер: Оқу құралы, Қарағанды: ҚарПТИ, 1994, 111бет.

Мазмұны

Алғы сөз___________________________________________________3

I тарау. ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ РЕТІНДЕГІ ГРУНТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕР_______________________________________________4

    1. Грунттардың жаратылысы, құрамы _______________________4

    2. Грунтың қатты түйіршіктері_____________________________5

    3. Грунт құрамындағы судың түрлері және қасиеттері__________7

    4. Грунт құрамындағы газдар_______________________________10

    5. Грунттардың құрылымы, текстурасы және құрылымдық байланыстары_________________________________________10

    6. Грунттардың физикалық қасиеттерінің сипаттамалары______12

    7. Грунттардың жіктелу көрсеткіштері______________________15

I I тарау. ГРУНТТАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТЕРІ_______18

2.1. Грунт механикасының негізгі заңдылықтары________________18

2.2. Грунттардың сығылғыштығы. Нығыздалу заңы_____________19

2.3. Грунттардың суөткізгіштігі. Ламинарлық сүзілу заңы________23

2.4. Грунттардың ығысу кедергісі. Кулон заңы_________________27

2.5.Сызықтық деформациялану принципі_____________________30

I I I тарау. ГРУНТАРДЫҢ КЕРНЕУЛІ КҮЙІН АНЫҚТАУ_______34

3.1. Грунттағы кернеулердің кеңістік есеп жағдайында таралуы____________________________________________________34

3.2. Грунттағы кернеулердің жазық есеп жағдайында таралуы__________________________________________________42

3.3. Іргетастардың табандары бойынша тірек қысымдарының таралуы__________________________________________________45

3.4. Грунттардың салмағынан туындайтынкернеулердің таралуы______48

IV тарау. ГРУНТТАРДЫҢ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ІРГЕТАСТАРДЫҢ ШӨГУІН ЕСЕПТЕУ_____________________50

4.1. Грунттардың деформацияларының түрлері және маңызы_____50

4.2.Тұтас жүктің әсерінен грунт қабатының шөгуін анықтау______50

4.3.Іргетастардың шөгуін « грунт қабаттарының деформациясын біртіндеп қосу » әдісімен есептеу______________________________________54

4.4.Іргетастардың шөгуін « эквивалентті қабат » әдісімен есептеу___56

4.5.Шөгудің уақыт бойынша дамуы. Грунттардың фильтрациялық (сүзілуін) консолидациясының теориясы_______________________________59

4.6.Грунттардағы реологиялық құбылыстар____________________66

V тарау. ГРУНТТАРДЫҢ ШЕКТІ КЕРНЕУЛІ КҮЙІНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ_______________________________71

5.1. Жалпы түсініктер_________________________________________71

5.2 . Шамасы үнемі ұлғаятын жүктің әсерінен грунтты негізде туындайтын кернеулі күйдің кезеңдері_____________________________________72

5.3. Шекті тепе теңдік күйінің сусыма және иленгіш грунттарға арналған шарттары___________________________________________________74

5.4. Грунтты негізге түсетін алғашқы қауіпті жүкті анықтау________78

5.5. Грунтты негізге түсетін шекті қауіпті жүкті анықтау___________81

5.6. Құламалардың орнықтылығын анықтау______________________82

5.7. Грунттардың сүйеме қабырғаларға түсіретін қысымын анықтау____85

ӘДЕБИЕТ_________________________________________________91