Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Утенов Геотехника.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.81 Mб
Скачать

5.4.Грунтты негізге түсетін алғашқы қауіпті жүкті анықтау

Жоғарыда айтылғандай, іргетастың негізіне жүкті уақыт бойынша үнемі ұлғайтып түсірген жағдайда грунтқа мынадай екі қауіпті жүк әсер етуі мүмкін: біріншісі Pkp- алғашқы қауіпті жүк алғ.және екіншісі – шекті қауіпті жүк шек Pkp (5.1 г сурет)

Грунтқа түсетін алғашқы қауіпті жүкті анықтау үшін жер бетінен h тереңдікте ені b жолақ бойынша біркелкі таралған жүктің р әсерін қарастырамыз(5.3 а -сурет). Жолақ жүктің екі жағындағы қалыңдығы h грунтының салмақ күшін деп ескереміз, мұнда – грунттың үлесті салмағы. Енді шартты түрде жолақ жүкті алғашқы қауіпті жүкке теңестіріліп (p= алғpkp), оның шамасын анықтауға арналаған есепті шығарайық.

М нүктесіндегі грунттың салмағынан тіуындайтын тік кернеу былай табылады (5.3.а сурет)

Есептің шешілуін оңайлату үшін грунт салмағынан туындайтын кернеулер гидростатикалық заңдылық бойынша таралады деп жорамал қабылдаймыз. Сонда:

Мұнда : – грунт салмағынан туындайтын көлденең бағыттағы кернеулер.

Енді есепті шешу үшін мынадай талаптарды қоямыз. Жолақ жүктің шамасы алғашқы қауіпті жүкке тең болған жағдайда грунттың жергілікті ығысу аймақтары 1 (5.1, а- сурет) жоққа тән, яғни өте аз мөлшерде дамиды . Мұндай аймақтар бірінші кезекте жолақ жүктің р шеткі бұрышында пайда болады, өйткені бұл жерлерде жанама кернеулер шоғырланған.

Алғашқы қауіпті жүкті алғ.Pkp Анықтау үшін иленгіш (байланысқан) грунттардың белгілі шекті тепе-теңдік шартын(5.9) қолданамыз:

Енді М нүктесінде (5.3, а- сурет) жолақ жүкпен р грунт қабатының салмағынан – жазық есеп жағдайында туындайтын бас кернеулерді белгілі (3.17) формулалары арқалы табамыз:

(5.16) өрнегіне - және мәндерін (5.17) теңдеулерінен алып қойсақ , сондай- ақ екенін ескерсек:

Бұл теңдеудің шектік тепе-теңдік күйдегі аймақтың шекарасының теңдеуі болып табылады, ал z осы аймақтың ординатасы (шамасы) болады, яғни грунттың жергілікті ығысу аймақтары қандай мөлшерде дамитынын көрсетеді.

(5.18) теңдеуін z-ке қатысты шешеміз:

Енді осы теңдеуден – (ең үлкен) мәнін табамыз. Ол үшін фөның экстримум шартын ескереміз (бірінші туындысын нольге теңейміз ). Сонда:

Осы теңдеуден немесе екенін білуге болады. Ал (5.19) өрнегіне мәндерін қойсақ:

Енді есептің алғашқы шарты ретінде қойылған талаптарды ескерсек: болғанда грунттың шекті тепе-теңдік күйіндегі аймағының (жергілікті ығысу аймағының ) шамасы жоққа тең, яғниz=zmax=0 . Демек осы шартты ескерсек (5.21) теңдеуінен іздестіріліп отырған жүктің мәнін табуға болады екен( профессор Н.П.Пузыревский бойынша):

Сөйтіп іргетастардың негізіне шамасы алғPkp тең жүк түсірілгенде грунттың ешқандайда нүктесінде шекті тепе-теңдік күйдегі аймақтары (жергілікті ығысу аймақтары 1, 5.1, а- сурет) пайда болмайды, яғни zmax=0 . Демек мұндай жүк үйлер мен ғимараттардың грунтты негіздері үшін мүлде қауіпсіз болып саналады. Алайда іргетастарды жобалау барысында олардың табаныңдағы тірек қысымын алғ Pkp шамасымен шектесе, грунтты негіздің көтергіштік (беріктік) қабілеті толық мөлшерде пайдаланылмайтындықтан, үнемділік (экономикалық) көрсеткіштері төмен , ұтымсыз шешімдер қабылдануы мүмкін. Сондықтан жобалау тәжірибесінде көптеген эксперименттердің нәтижелеріне негізделегн мынадай әдістеме қолданылады. Егер іргетастардың тірек қысымын алғ- шамасынан сәл асырып, белгілі бір шамаға R дейін жеткізсе, грунтты негізде туындайтын жергілікті ығысу аймақтары (шекті тепе-теңдік күйдегі аймақтар) мөлшерінде болып, үйдің немесе ғимараттың негізінің орнықтылығына қауіп төңдірмейді.Мұнда b- іргетастың ені, R- құрылыс нормалары мен ережелері бойынша анықталатын іргетастың табанындағы грунт қабатының есептік кедергісі(5.1, а,г-сурет)