
- •I. Тарау. Тау жыныстары ретіндегі грунттардың физикалық қасиеттері
- •1.1. Грунттардың жаратылысы, құрамы
- •1.2. Грунттың қатты түйіршіктері
- •1.3. Грунт құрамындағы судың түрлері мен қасиеттері
- •1.4 Грунт құрамындағы газдар
- •1.5 Грунттардың құрылымы, текстурасы және құрылымдық байланыстары.
- •1.6. Грунттардың физикалық қасиеттерінің сипаттамалады.
- •1.7.Грунттардың жіктелу көрсеткіштері.
- •II тарау. Грунттардың механикалық қасиеттері
- •2.1. Грунт механикасының негізгі заңдылықтар
- •2.2. Грунттардың сығылғыштығы. Нығыздалу заңы.
- •2.3. Грунттардың суөткізгіштігі. Ламинарлық сүзілу заңы
- •2.4. Грунттардың ығысу кедергісі. Кулон заңы
- •2.5 Сызықтық деформациялану принциптері
- •Ι ι ι тарау. Грунттардың кернеулі күйін анықтау
- •3.1. Грунттағы кернеулердің кеңістік есеп жағдайында таралуы
- •3.1.1. Қадалған күштің әсері. Буссинеск есебі
- •3.1.2. Бірнеше қадалған күшретдің әсері.
- •3.1.3. Біркелкі таралған жүктің әсері.
- •3.2. Грунттағы кернеулердің жазық есеп жағдайында таралуы.
- •3.3. Іргетастардың табандары бойынша тірек қысымдарының таралуы.
- •IV тарау. Грунттардың деформацияларын анықтау және іргетастың шөгуін есептеу.
- •4.1 Грунттардың деформацияларының түрлері және маңызы.
- •4.2 Тұтас жүктің әсерінен грунт қабатының шөгуін анықтау.
- •4.2 Есептеу схемасы
- •4.3 Іргетастың шөгуін «грунт қабаттарының деформациясын біртіндеп қосу» әдісімен шешіледі.
- •4.4 Іргетастардың шөгуін «эквивалентті қабат» әдісімен есептеу
- •4.5 Шөгудің уақыт бойынша дамуы. Грунттардың фильтрациялық (сілемдері) консолидациясының теориясы.
- •4.6 Грунттардағы реологиялық құбылыстар
- •Грунттардың шекті кернеулі күйінің теориясы және оның қолдануы.
- •5.1 Жалпы түсініктер
- •5.2 Шамасы үнемі ұлғаятын жүктің әсерінен негізде туындайтын кернеулі күйдің кезеңдері.
- •5.3 Шекті тепе-теңдік күйінің сусыма және иілгіш грунттарға раналған шарттары.
- •5.4.Грунтты негізге түсетін алғашқы қауіпті жүкті анықтау
- •5.5 Грунтты негізге түсетін шекті қауіпті жүкті анықтау
- •5.6 Құламалардың орнықтылығын анықтау
- •5.7 Грунттардың сүйеме қабырғаларға түсіретін қысымын анықтау.
- •5.7.1.Жалпы түсініктер
- •5.7.2.Сусыма грунттың сүиеме қабырғаға түсіретін қысымын анықтау
- •5.7.3. Байланысқан (балшықты) грунттың сүиеме қабырғаға түсіретін қысымын анықтау.
- •Әдебиет
3.3. Іргетастардың табандары бойынша тірек қысымдарының таралуы.
Көбінесе темірбетоннан жасалынатын иілгіш іргетастар мен іргетас арқалықтарын жобалау барысында ескерілетін иілу моменттері мен көлденең күштерді есептеу үшін іргетастардың табаны арқылы грунтты негіздің бетіне таралған тірек қысымдарын анықтаудың маңызы зор.
Осындай есепті шешу мақсатында қадалған күштің әсерінен грунтта туындайтын тік шөгуді (орын ауыстыруды) анықтауға арналған Буссинесктің мынадай белгілі формуласын (3.8) пайдаланады:
3.11 – суретте көрсетілген жүк берілетін кез келген пішінді аудан үшін бұл формуланы мынадай түрде жазамыз:
(3.18)
Мұнда А - интегралдаудан өтетін жүк берілетін кез – келген пішінді аудан.
Егер іргетас абсолютті қатқыл болса, онда оның табан ауданындағы барлық нүктелер бірдей шамаларға шөгеді, яғни мынадай шарт орындалады:
const
3.11 – сурет.жүк берілетін кез – келген ауданның схемасы.
3.12 – сурет. Тірек қысымның эпюралары: а – дөңгелек іргетас; ә – жолақ іргетас;
3.18) интегралдық теңдеуін жүк орталығына түскен абсолютті қатқыл дөңгелек іргетас үшін шешкен жағдайда оның табанында (ХОУ жазықтығында) тарайтын тірек қысымын есептеуге арналған мынадай формуланы шығаруға болады (3.12, а - сурет):
(3.19)
Мұнда
- іргетасының табанындағы орташа қысым;
- іргетастың табанының ауырлық орталығына
тік қадалған күш; А - іргетастың табанының
ауданы; х – іргетастың табанының радиусы;
р
– табанның
ортылық нүктесінен кез – келген нүктеге
дейінгі қашықтық. Енді осы формуланы
пайдаланып дөңгелек іргетасының
табанындағы тірек қысымының эпюрасын
салайық (3.12, а - сурет); іргетастың орталық
нүктесі үшін р
=0
болғанда,
; егер p=r/2 болса,
; іргетастың табанының шеткі нүктелері
үшін p=r болғанда,
, яғни теория бойынша бұл аймақтарда
өте үлкен, шамасы шексіз қысым болуға
тиісті (эпюра 1). Алайда нақты грунттар
мұндай қысымға төтеп бере алмайды,
сөйтіп бұл аймақтарда ығысу деформациялары
туындап, тірек қысымы тарқап алғашқы
«мұрт» пішіннен «ертоқым» пішініне
ауысады (эпюра 3). Құрылыстың жобалау
тәжірибесінде есептеп шешілуін оңайлату
мақсатында «төртбұрыш» пішінді орташа
тірек қысымының эпюрасы ескеріледі
(эпюра 2).
(3.18) интегралдық теңдеуін жүк орталығына түскен абсолютті қатқыл жолақ іргетас үшін, яғни жазық есеп жағдайында қарастырғанда оның табанында (XOY жазығында) тарайтын тірек қысымының есептеуге арналған формуланы табуға болады (3.12, а - сурет):
(3.20)
Мұнда
у – іргетастың табанының орталық
нүктесінің О көлденең (ОУ осі) бағыттағы
кез келген нүктеге дейінгі қашықтық;
- іргетастың енінің жартысына тең шама.
Осы формула арқылы жолақ іргетастың
табанындағы тірек қысымының эпюрасын
саламыз. (3.12,ә – суретте); іргетастың
орталық нүктесі үшін у =0 болғанда,
;
егер y=
;
іргетастың табанының шеткі (бұрыштық)
нүктелері үшін y=
болғанда,
, демек, теорияға сәйкес бұл аймақтарда
өте үлкен, шамалары шексіз қысым болуға
тиісті (эпюра 1). Көптеген эксперименттердің
нақты жағдайда іргетастарының табанында
туындайтын тірек қысымдары «мұрт»
сыртқы емес, «ертоқымға» ұқсас эпюра
бойынша тарайды (эпюра 3). Алайда жобалау
нәтижесінде есептердің шешілуін
жеңілдету үшінорташа тірек қысымының
«төртбұрыш» эпюрасы (2) есекеріледі.
Қорыта айтқанда, іргетастың тірек қысымының таралу заңдарын анықтау осы күнге дейін толық шешілмеген күрделі мәселе болып табылады. Өйткені іргетастың тірек қысымы олардың иілгішіне, табандарының пішініне, грунттардың қасиеттеріне тағы да басқа факторларға тәуелді болып келеді.
3.4.
Грунттардың салмақ күші әсерінен олардың
қабаттарында туындайтын жоғарыдан
төмен қарай бағытталған тік кернеулер
- табиғи кернеулер деп аталынады. Сөйтіп
жер беті тегіс болған жағдайда z тереңдікте
орналасқан M нүктесіндегі тік кернеуді
сол нүктеден жоғары жатқан грунт
қабаттарының салмағынан түсетін тік
қысымды анықтау арқылы бағалайды (3.13 -
сурет):
(3.21)
мұнда
n - z тереңдіктің бойында жатқан грунт
қабаттарының саны;
- нөмірі
i
қабатты құрайтынгрунттың үлесті
салмағы, кН/
,
- нөмірілі і қабаттың қылыңдығы, м.
Инженерлік
есептеулер жүргізгенде көлденең
бағыттағы табиғи тік кернеуді
тең деп қабылдайды:
(3.22)
Алайда
грунт қабаттары грунт сулары деңгейінен
(ГСД) төмен орналасатын болса, қосымша
мынадай жағдайлардың ескерілуі керек.
Егер бұл қабаттар су өткізгіш грунттардан
тұратын болса, онда олардың суда қалқуына
байланысты кеміген үлестік салмақтар
(1.14) формула бойынша анықталуы тиісті.
Керісінше су астында су өткізбейтін
грунттар жатқан жағдайда олардың үлесті
салмақтары ешқандай өзгеріссіз
қабылданып, ал бұл қабаттың бетіне су
бағанының гидростатикалық қысымы
түсінігі ескеріледі. (3.13,б - сурет).
Суретте
- судың үлесті салмағы, кН/
- су бағанының биіктігі, м (грунт суының
деігейімен су өтеізбейтін қабат бетінің
ара қашықтығы);
- судың гидростатикалық қысымы, кПа,
=
3.13 – сурет. Табиғи кернеулерді анықтау.