Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеуек керамика ебекті орау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.38 Кб
Скачать

4.3. Техника қауіпсіздігі.

Өндіріс факторларының зиянды әсерінен жұмысшыларды қорғау үшін техника қауіпсіздігіне көп назар аударылады.

Керамикалық қабырға бұйымдарын өндіретін зауытта бралық жабдықтар мен қондырғылар электр энергия көмегімен жұмыс істейді. Өндірістегі электр тогы жұмысшыларға ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады. Электр қозғалтқыштар жұмысы ауыспалы кернеуі 300/200 вольт электр жүйесінен жүзеге асырылады. Сондықтан барлық жабдықтар мен қондырғылар жерге қосылған.Жерге қосылған деп қондырғының қасында “Қорғаныш жерге қосу : ноль деңгейі” деп арнай белгі жазылады.Жұмыс орнындағы электр қауіпсіздік ГОСТ 12.1013 және № 1.02.020-94 “Электростатикалық өріс шегінің санитарлы – техникалық нормалары” талаптарына сай қамтамасыз етіледі.Электр желілерінде зақымданулар болған кезде жабдықтарды автоматты түрде өшіру шаралары қарастырылған.Өндірістежұмыс орындарын жарықтандыру қолайлы еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіз технологиялық процесстерді жүргізу және жұмыс орнында қызмет ету инсртукцияларын сақтау, қорғау, қоршау құрылғыларын міндетті түрде тұрғызу қажет.

Жұмысқа кірісер алдында жұмысшылар ГОСТ 12.0.004-90 сәйкес техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж өту тиісті.

Электр тогының адам организіміне өтудің үш түрі бар: термиялық, электростатикалық, биологиялық. Дене бөліктерінің күюінен термиялық ток әсері болады; электростатикалық әсер қанның ыдырауында биологиялық – организмдегі тірі ткандердің ыдырауы, яғни, организмдегі қан айналу және тынысын тоқтату. Нәтижесінде әртүрлі бұзылулар, тіпті органның толық қан айналуын, тыныс алуын тоқтатуы мүмкін. Адам денесімен ток күшінің өтуі қауіпті.

Жерге қону сақтандырғышы токпен жарақаттану қаупін түсіреді. Жерге қону сақтандырғышының мақсаты - ғимарат арасындағы кернеуді төменде-ту, жерден қауіпсіздік мәніне дейін.

Бөлмеде компьютермен жұмыс кезінде электростатикалық заряд туындайды. Электростатикалық заряд қатты материалдардың жақындасуы мен қажалуынан, біртекті ток өткізгіш материалдардан, сұйықтық өткізбейтін ток қозғалысында, құбырмен газдар мен парларда туындайды.

Электростатикалық зарядтар адамдарға да жиналады. Адам денесіне электрленген материалдар мен бұйымдар жұмыс кезінде жиналады. Адамға жиналған электр саны искралы заряд үшін жеткілікті.

Босатылған электр энергиясының мөлшеріне тәуелді адам организіміне статикалық электрдің физиологиялық әсері болады.

Статикалық электр персональды компьютерге қатты әсер етеді, тіпті жарамсыз етуі мүмкін. Құралды үлкен материалдық шығынға ұшыратады.

Статикалық электр әсері адам үшін аса қауіптілік тудырмайды. Статикалық электрдің искралы заряды адамға укол сияқты әсер етеді, сондықтан ауыр жарақат тудырмайды.

Токпен түскен адамға бірінші дәрігерлік көмек көрсетуді әрбір жұмысшы білуі керек. Ол екі этаптан тұрады: зардап шеккен адамды ток әсерінен босату және оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

Зардап шеккен адамды ток әсерінен босату электр жабдығынан тез ажырату. Оны бірден ажыратуға болмайды, зардап шегушіні ток өтетін бөліктерден бөлу керек. Қолды жақсылап изоляциялағаннан кейін зардап шегушіні тартып алу. Ол үшін қолды құрғақ матамен байлау.

Қауіпсіздіктің маңызды жолының бірі – қол еңбегін минималды деңгейге түсіру. Қол еңбегін азайту үшін барлық технологиялық процесстерді автоматизациялау керек. Қондырғылар мен жабдықтарды автоматтандыру минерал мақталар және бұйымдар өндірісінде денсаулықты жақсартуға және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамассыз етеді.

4.4. Өрт қауіпсіздігі.

Өндірісте өрт жабдықтардың, қондырғылардың үйкеліс немесе соғысу әсерінен пайда болатын от ұшқындарынан жабдықтардың электр қозғалтқыштарының электр тогы ұшқындарынан пайда болуы мүмкін.

Жобаланып отырған завоттың қажетті отқа төзімділігі СНиП II – 90 – 81 ,ГОСТ 12.1.004 – 91“Өртқауіпсіздігі бойынша жасалынған.Қабырғалары отқа жанбайтын темір бетон панельдерінен салынған. Сонымен қатар өрттен сақтандыру шараларының

барлық түрлері қарастырылған: өрт сөндіруге керекті барлық құралдар мен қалқандар, өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер және көрнекті жерде гидранттар, су беретін шлангілер қойылған.

Өндірі ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында жел бағытын ескере отырып бір бірінен 10-30 мқашықтықта орналасқан. Завотта өрт болған жағдайда оны негізінде сумен сөндіреді.

Бекітілген категориялар бойынша өндірістік жарылыс қауіптілігі, жанбайтын заттар мен материалдарды салқын күйінде қолданумен байланысты темірбетон өндірісі Д категориясына жатқызылады.(СНиП РК 2.02.05 – 2002ж.). Конструкция элементтерінің өртке төзімділігін есептік шегі жарықты бөлу қабырғалары құрайды. Ғимарат пен құрылыстардың өртке төзімділігінің конструкцияны штукатуралау арқылы жоғарылатамыз. Жобалауда ғимараттар арасында өртке қарсы ара қашықтықтар қалдыру және зоналау сұрақтары ескерілген. Әкімшілік ғимараттар кезіндегі 30 м қашықтықта орналастырылған. Майлағыш майлау материалдар қоймасы ішке қарай 100 м қашықтықта орналасқан.

Өртке қарсы техникалық шаралар.

Жобада әрбір өндірістік өрт қалқандарын (щит,1 қалқан 800 м2) қою ескерілген.(СНиП РК 2.02.05 – 2002ж.). Жаңғыш майау материалдар қоймасына өрттен белгі беру қондырғылары орналастырылған. Ғимараттар 5 м қашықтықта су құбыры жүйесімен байланыстырылған гидранттар орнатылған. Жобада барлық цехтар өртке қарсы қашықтықтарды қондырып орналастырылған және де барлық өндірістерге өрт материалдарының келуі ескерілген. Өрттің жайылуын болдырмау материал өртке қарсы тосқауылдар қойылған, жанғыш материалдар қоймасы тез алынатын жабындармен жабылған.