
4. Еңбекті қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі.
4.1. Жалпы мәліметтер.
Еңбекті қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін негізгі қағидаларын ҚР Конститутциясында және ҚР Еңбек кодексінде бекітілген. («ҚР Еңбек кодексі» №251-ІІІ, 15 мамыр 2007ж).
Еңбек қорғау заңы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдар кодексі барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қатынасын зерттейді және реттейді, олардың еңбек өнімділігін жоғарлатуға, өндірістің тиімділігін арттыруға және соның негізінде жұмысшылардың материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін көтеруге, еңбек тәртібін нығайтуға көмектеседі және де еңбек қорғауда заң бұзушылыққа жауапкершілік жағын қарастырады.Еңбек туралы заңдар кодексі еңбек қорғау саласында жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек құқықтарының мейілінше толық қорғалуын ескереді. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдар кодексі 1993 жылы бекітілді.
Еңбекті қорғауды реттеу барлық құқықтық нормалар жүйелері келесі түрде келтірілген:
жұмысшыларды өндірістік және кәсіби аурулардан қорғау ережелері және нормалары.(ГОСТ 12.4.011 – 87, 12.4.087-84, 12.04.0,89-86);
еңбекті қорғауды ұйыдастырылуын реттеу ережелері (құрылыс кәсіпорындарындағы және құүрылыс монтаж мекемедегі техника қауіпсіздігі қызметі туралы типтік жиынтығы);
әйелдер мен жастардың еңбегін және еңбек ету қабілеттілігі төмен адамдардың еңбегін еңбегін арнайы қорғау ережелері және номалары;
еңбекті қорғау заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілік заңы.
Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлық көздерін орынды түрде пайдалану туралы мәселелер енгізілген.Қазіргі жағдайда ең маңызды мәселе – экология мәселесі. Сондықтан ол жер бетіндегі әр адамға, барлық мемлекеттерге қатысты болып табылады.
Төтенше жағдай саласы бойынша Қазақстан Республикасында келесі заңдар қабылданды:
“Табиғат және техногендік төтенше жағдайлар туралы”;
“Азаматтық қорғаныс туралы”;
“Өрттен қорғау туралы”;
“Радияциялық жағдай туралы”;
“Апаттан құтқару қызметі және құтқарушылар дәрежесі туралы”;
“Төтенше жағдайдың құқықты ережелері туралы”;
Еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты – жұмысшылардың жарақаттануын және ауруын минималды деңгейге түсіру және сонымен қатар еңбек өнімділігін ең жоғарғы деңгейге көтеруге барлық жағдай жасау.
Еңбек қорғаудың жүйесі ғылыми – техникалық прогресстің талаптарына сай болу керек. Осы жүйенің негізін қорғаушы – жоғары өнімді және қауіпсіз техникалық қондырғылар мен жабдықтарды механизацияланған және автоматтандырылған жаңа технологиялық процесстерді енгізу.
Еңбек қорғау жүйесіне – еңбеккер адамдардың әлеуметтік- экономиеалық жағдайын ұйымдастыру, тазалық және денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздіті және еңбекке жарамдығын қамтамасыз ететін заңдар жатады.
Еңбекті қорғау жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:
а) Өндірістік санитария;
б) Техникалық қауіпсіздік;
в) Өрт қауіпсіздігі.
4.2. Өндірістік санитария.
Өндірістік санитария дегеніміз – еңбеккерлерге зиянды өндірістік факторлардың тигізетін әсерін төмендететін немесе болдырмайтын шаралары мен техн,икалық құралдардың жүйесі болып табылады.
Жобаға сәйкес завод жұмысшыларының денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігі өндіріс жағдайының үш параметрлеріне байланысты болады: ылғалдылығына, температурасына және де ауа айналысына.
Мемлекеттік стандарт ГОСТ 12.1.005-76 сәйкес өндіріс цехтарында мынадай оптималды жағдай болуға тиісті: ауаның температурасы 22 ºС, ылғалдылығы- 60%, ауа айналымы – 0,5-1м/с, суық мезгілде -0,2-0,5м/с.
Шаңды және улы заттарды жұмыс аймағында белгілейтін нормативтік құжат болып № 1.02.011-94 “Санитарлық нормалар және зиянды заттардың ауадағы РШК ” табылады.
Қондырғылар және жабдықтар жұмыс істеу кезінде неше түрлі шу пайда болады. Шуды азайту үшін заводтардың қабырғалары мен төбелерін дыбыс оқшаулау материалдарымен өңдейді. Жабдықтар мен қондырғылардың корпустарын арнайы дірілдешифрациялық қаптағыштармен қаптайды. Шу деңгейі жоғары механизмдердің жұмысын қамтамасыз ететін жұмысшылардың есту мүшелерін қорғау үшін оларға наушник, вкладыш және арнайы бас киімдер беріледі.
Жұмыс орнында шу деңгейінің шегін белгілейтін нормативтік құжат болып № 1.02.007-94 “Жұмыс орнындағы шу деңгейі шегінің санитарлық нориалары” табылады. Завоттағы жарықтандыру СНиП II - 4.79 бойынша екі түрліжарықтандыру жүйесі қолданылады. “Табиғи және жасанды жарық, жоспарлау мөлшері”. Табиғи жарықтану – күн сәулесінің жарығы. Бұл жарықтану гигиеналық жағынан тиімді. Табиғи жарықтану цех бөлмесіне жарық саңылаулары және шағылыс беретін бет арқылы жүзеге асырылады.
Жасанды жарықтандыру – электр тогы көмегімен жүргізіледі. Бұл жарықтану жұмыстың кезекшілік және авариялық болып бөлінеді. Кезекшілік жарықтану – жұмыс уақытынан басқа уақытта жағылады. Авариялық жарықтану – жұмыстың жарықтануы болмаған жағдайда пайдаланады.
Қараңғы мезгілдегі жұмыс орындары және өткен жолдары ГОСТ 12.1.046. сәйкес жарықтандырылады. Өндіріс цехтарында өндіріс процессі мен құрал жабдықтарға техника қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптардың барлығын сақтау керек.