- •1.Қаржы және банк статистика пәні, әдісі, міндеттері;
- •2. Қаржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
- •3.Қаржы және банк статистикасының негізгі ұғымдары, жіктеулері;
- •4.Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
- •5.Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;
- •7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •9. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.
- •11 Қәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштер жүйесі;
- •12.Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
- •13. Қазахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
- •14. Банк балансы жағдайының көрсеткіштері;
- •15.Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
- •16. Несие айналымын индекстік талдау;
- •17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;
- •19Сақтандыру рыногының статистикалық көрсеткіштер жүйесі
- •20Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
- •22 Қр қаржы ресурстары туралы түсінік,статистиканың міндеттері.
- •23Қаржы шотының жәнеи төлем балансының маңызы.
- •24Төлем балансының,қаржылық шоттың, банк балансының жүйелері.
- •25Ақша айналымын статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •26Банктердің,банктік емес мекмелердің ,кәсіпорындардың статистикалық есеп беру формалары.
- •27Банктердің іс әрекеті туралы статистикалық ақпарат көздері.
- •28Ақша айналымының статистикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •29 Ақша массасының артуын факторлық талдау
- •30Сақтандыру саласының зияндылығын факторлық индекстік талдау
- •31Қаржы ресурстарын сипаттау үшін пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштері.
- •32Бағалы қағазар рыногының статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •33Қор индексін есептеу әдісі.
- •34.Көрнекті оқу құралдары.
16. Несие айналымын индекстік талдау;
Статистикада индекс деп зерттелетін қоғамдық құбылыстың уақытқа орай жəне кеңістікте өзгеруін сипаттайтын қатысты шама деп аталады. Қатысты шаманың басқа түрлері (құрылымның, үйлестірудің, интенсивтіліктің) индекске жатпайды, өйткені оларды есептегенде аттас көрсеткіштер емес аттары əр түрлі құбылыстың шамасы салыстырылады.Индекстің көмегімен келесі бірқатар экономикалық міндеттер шешіледі:
1) уақытқа орай тікелей өлшенбейтін, күрделі жиынтықтардың орташа өзгерістері анықталады;
2) күрделі құбылыстардың кеңістіктегі орташа арақатынастары белгіленеді;
3) жалпы жиынтық бойынша немесе оның бөлігі бойынша жоспардың орындалуының орташа дəрежесі бағаланады;
4) күрделі құбылыстардың уақытқа орай жəне кеңістікте өзгеруіндегі жекелеген факторлардың рөлі, атап айтқанда құрылымдық өзгерістердің рөлі анықталады.Алғашқы үш міндетті шешкенде индекс тиісінше динамиканың, салыстырудың жəне жоспардың көрсеткіші, ал төртінші міндетті шешкенде – аналитикалық құрал ретінде қолданылады. Индекстер келесі үш белгі: 1) зерттелетін
объектілердің ерекшеліктері; 2) жиынтықтың элементтерін қамту дəрежесі бойынша; 3) ортақ индекстерді есептеу əдістемелері бойынша жіктеледі. Индекстер зерттелетін объектілердің ерекшелігі бойынша көлем көрсеткішінің индексіне (өнімнің, бөлшек сауданың, тұтынудың жəне т.б. нақты көлемі) жəне сапа көрсеткішінің индексіне (баға, өнім өндірісінің өзіндік құны, еңбек өнімділігі, астық түсімділігі жəне т.б.) бөлінеді. Индекстер жиынтық элементтерін қамту дəрежесі бойынша жеке (жиынтықтың жекелеген элементтерін), жалпы (жалпы жиынтықтың өзгеруін сипаттайтын) жəне топтық (жиынтықтың элементтерінің бөлігін қамтитын) болып бөлінеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін өндіру индексі жеке, ауыл шаруашылығының барлық жалпы өнімінің индексі – жалпы, ал өсімдік өсіру мен мал шаруашылығы өнімін өндіру индекстері – топтық индекс болып табылады. Топтық индекстер топтастыру əдісінің көмегімен зерттелетін құбылыстың жекелеген бөліктерінің дамуындағы заңдылықтарды ашады, сонымен бірге индекстерді топтастыру əдісімен байланыстырады. Топтық жəне жалпы индекстерді есептеу əдіснамасын индекстік теория зерттейді. Жалпы жəне топтық индекстер есептеу əдіснамасына байланысты агрегаттық (жиынтықты) индекске жəне жеке индекстердің орташа индекстерге (агрегаттық индекстерді қайта өзгерту нəтижесінде алынған)
бөлінеді. Жылдан жылға (айдан айға, тоқсаннан тоқсанға) жалғасатын динамикада есептелетін индекстердің жүйелі қатарын қарастырғанда индексті есептеудің тізбекті жəне базистік жүйесі болады. Сол бір базаға қатысты есептелетін индекстер базистік деп аталады. Ал егер салыстыру базасы үнемі өзгерсе (есепті кезең базистік кезеңмен салыстырылғанда), бұл жағдайда индекс тізбекті деп аталады.
17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;
Корреляциялық-регрессиялық талдау кезінде нəтижелілік белгісінің бір немесе бірнеше белгі-фактордан тəуелділігін шамамен білдіретін регрессия теңдеуі түріндегі статистикалық модель құрылып талданады жəне байланыстың тығыздығының дəрежесі бағаланады. Алдымен бір факторлық модельді (жұптық корреляция) қарастырайық. Байланыс нысаны қарастырылатын тəуелділік мазмұнының сапасыталдау негізінде анықталады. Сызықтық байланыс теңдеуінің жалпы түрін былайша жазуға болады: yx = a0 + a1 x.Байланыстың теориялық сызығын (регрессия сызығын) корреляциялық байланыс жоғары болған жағдайда ғана мазмұны болады. Регрессия
сызықтарын іздеу, құру, талдау мен іс жүзінде қолдану регрессиялық талдау деп аталады Регрессия коэффициенті мен оның маңыздылығының кездейсоқ
қателігін анықтау. a1 параметрінің кездейсоқ қатесі келесі формула бойынша анықталады: , x ( x)/n 2 2y yax1∑ ∑−σ = − μ,мұнда: х σy−y – теориялық деректерден нақты деректердің ауытқуының орташа квадратының квадратты түбірі ретінде анықталатын байланыс дисперсиясы.
Корреляциялық байланыстар – салыстырмалы, толық емес байланыс. Белгі-фактордың бір мағынасына белгі-салдардың бірнеше мағынасы сəйкес келеді. Байланыс тек нəтижелік белгінің орташа шамасы өзгергенде ғана
білінеді. Басқаша айтқанда нəтижелік белгінің орташа шамасы (кейбірлеулері белгісіз болуы мүмкін) көптеген факторлық өзгерістер дің ықпалымен өзгереді. Мысалы, енгізілген тыңайтқыштың саны мен түсімділіктің арасында байланыс бар. Алайда тыңайтқыш тең мөлшерде енгізілсе де əр түрлі жер телімінің түсімділігі əрқалай. Яғни түсімділікке басқа факторлар да ықпал етеді.
18,ҚР сақтандырудың формалары және түрлері.Сақтандыру іс әрекетінің статистикалық зерттеудің міндеттері. Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы)
Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа байланысты залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы сақтандыру; өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру; медициналық сақтандыру. Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру ісі орындалады.Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
