Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАТИСТИКА ДИНА ЖАУАП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.06 Кб
Скачать

8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;

I. Ағымдағы шығыстар (мемлекеттің халықтың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға жұмсалатын шығыс).

II. Күрделі шығыстар (өндірісті кеңейтуге – негізгі капиталды сатып алуға, қор жасау үшін тауар сатып алуға, жер мен материалдық емес актив, күрделі трансферт сатып алуға бағытталатын шығыс).

III. Таза кредиттеу. Осындай активтерге кредиттер мен кəдімгі акциялар жатуы мүмкін. «Таза кредиттеу» көрсеткішін есептеу үшін берілген кредиттердің сомасынан сатып алынған акциялардың сатылған құны немесе кредит бойынша өтемдердің сомасын шегеру қажет. Берілген кредиттерде мемлекет бұрын мемлекеттік саясат мақсатында сатып алған басқа фирмалардың барлық активтері болады. Кредиттеу бюджет тапшылығының есептеріне ықпал ететін шығыс бабы ретінде қарастырылады. «Қаржыландыру» категория бюджет шығысында тапшылықты қаржыландыру көзі ретінде қарастырылады жəне борышты өтейді. Қаржыландыру операцияларын жіктеуде мемлекеттік басқару секторының тапшылығын жабу үшін ақшалай қаражат алынатын жəне табыстың шы ғыстан асу нəтижесінде пайда болған қаражат пайдаланылатын көздері көрсетіледі. Ішкі қаржыландыру бойынша мемлекеттік басқару мекемелері мен осы елдің резиденттері арасында жүзеге асырылатын қаржыландыру операциялары есепке алынады. Сыртқы қаржыландыру бойынша мемлекеттік басқару мекемелері мен осы елдің бейрезиденттерінің арасында орындалатын операциялар көрсетіледі.Бюджеттің шығындары —қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер—қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңи тұлғаларға субсидиялар—мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;

6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

9. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті – негізгі қаржылық жоспар – мемлекеттің ақшалай қаражатының өзінің функцияларын атқаруға қажетті орталықтандырылған қорының табысы мен шығысы жөніндегі есебі. Мемлекеттік жедел бюджет əдетте бір жылға жасалады жəне оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мемлекеттік бюджетте қаржылық құжат ретінде мемлекеттің, кəсіпорындардың, мекемелердің белгіленген кезеңдегі ақшалай табысы мен шығысы жазылады. Мемлекеттік бюджетке оның табысы ретінде түсетін ақшалай қаражаты Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының өте маңызды бөлігін құрайды. Мемлекеттік бюджет мына себептерге байланысты қажет:

▪ біріншіден, экономикалық циклдің үздіксіз айналымын қамтамасыз ету үшін өнімнің шығарылымы орталықтандырылған ресурстардың болуын қажет етеді;

▪ екіншіден, мемлекетке нарықтық емес сипаттағы қызметтер көрсету, əлеуметтік-мəдени іс-шараларын орындау, қорғанысты күшейту, мемлекеттік басқару органдарын, құқық қорғау органдарын жəне т.б. ұстау үшін орталықтандырылған қаражат қажет. Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындарған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден  басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады.

10.Шаруашылық ұйымдардың іс-әрекеттің қаржылық нәтижесін статистикалық зерттеудің міндеттері;

Кез келген ғылым саласының өзіне тән ғылыми тану әдістемесіне сүйеніп зерттейтін арнайы пәні болады. Мәселен, экономика – нақты саланың немесе жекелеген кәсіпорын жағдайындағы экономикалық үдерістерге жалпы, жеке және арнайы заңдардың ықпал етуін зерттейді, ал статистика ғылымы шаруашылық қызметте орын алатын бұқаралық экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық жағын қарастырады. Белгіленген мақсатқа жету үшін экономикалық талдауда келесі басты міндеттерді шешу көзделеді:

Бірінші міндет – сұранысты анықтау және қанағаттандыру, өндірістің үздіксіздігі мен бірқалыптылығы, сондай-ақ жоспарлардың орындалу нәтижесін жан-жақты бағалау және бақылау тұрғысынан алғанда өндірілетін өнімнің саны, құрылымы және сапасы бойынша жоспарлы тапсырмалардың негізділігін арттыру. Екінші міндет – кәсіпорынның өзінің материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарын пайдалануын бағалау. Ресурстарды неғұрлым ұтымды, тиімді етіп пайдалану маңызды экономикалық міндет болып табылады. Үшінші міндет – кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін бағалау, табыстары мен шығындарын салыстыру. Төртінші міндет — пайдаланылмаған сақтық қорларды ашу. Экономикалық талдау қоғамға нақты пайда әкелген жағдайда ғана өзін ақтайды. Экономикалық талдаудың пайдалылығы кәсіпорынды басқаруда және жоспарлауда жіберілген мүмкіндіктер мен сақтық қорларды іздеп табудан көрінеді. Ішкі сақтық қорларды ашудың қазіргі кезде маңызы өте жоғары.

Кәсіпорын басшылары мен талдау бөлімі қызметкерлері шаруашылық қызметті тиімді талдауда төмендегі 10 қағиданы басшылыққа алған жөн.

1) Экономикалық құбылыстар мен үдерістерді, шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау мемлекеттік әдіс-тәсілдерге негізделуі қажет.

2) Талдау ғылыми сипатта болуы қажет,

3) Талдау кешенді болуы шарт.

4) Талдаудың жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету.

5) Шаруашылық қызметті талдау объективті, нақты, дәл болуы керек.

6) Талдау батымды (ықпалды) болуы шарт.

7) Талдау жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс

8) Талдау жедел (шұғыл, оперативті) болуы қажет.

9) Талдаудың ашықтығы (демократиялығы).

10) Талдау тиімді болуы тиіс,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]