- •1.Қаржы және банк статистика пәні, әдісі, міндеттері;
- •2. Қаржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
- •3.Қаржы және банк статистикасының негізгі ұғымдары, жіктеулері;
- •4.Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
- •5.Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;
- •7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •9. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.
- •11 Қәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштер жүйесі;
- •12.Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
- •13. Қазахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
- •14. Банк балансы жағдайының көрсеткіштері;
- •15.Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
- •16. Несие айналымын индекстік талдау;
- •17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;
- •19Сақтандыру рыногының статистикалық көрсеткіштер жүйесі
- •20Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
- •22 Қр қаржы ресурстары туралы түсінік,статистиканың міндеттері.
- •23Қаржы шотының жәнеи төлем балансының маңызы.
- •24Төлем балансының,қаржылық шоттың, банк балансының жүйелері.
- •25Ақша айналымын статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •26Банктердің,банктік емес мекмелердің ,кәсіпорындардың статистикалық есеп беру формалары.
- •27Банктердің іс әрекеті туралы статистикалық ақпарат көздері.
- •28Ақша айналымының статистикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •29 Ақша массасының артуын факторлық талдау
- •30Сақтандыру саласының зияндылығын факторлық индекстік талдау
- •31Қаржы ресурстарын сипаттау үшін пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштері.
- •32Бағалы қағазар рыногының статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •33Қор индексін есептеу әдісі.
- •34.Көрнекті оқу құралдары.
6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;
Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы. Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді: Ø Санат (категория) Ø сынып Ø сыныпша Ø ерекшелік Шығындар санатына (категориясына) келесілер жатады: ü ағымдық шығындар ü капиталдық шығындар ü несие беру ü қаржыландыру
Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді. Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.
7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табысы мен алынған ресми трансферттерін экономикалық жіктеу мынадай жүргізіледі:
I. Табыстар:
1.1. Салық түсімдері.
1.2. Салықтық емес түсімдер.
1.3. Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыс.
2. Алынған ресми трансферттер.
Табыстар категориясы – бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлем. Олар мемлекет қызметінің қаржылық базасы болып табылады. Салық түсімдері –мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін өндіретін міндетті, өтеусіз, қайтарымсыз төлемдер. Салықтық емес түсімдер – бұл:
а) өтелетін қайтарымсыз түсімдер (меншіктен түскен табыс, жиындар, тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсім, ведомстволық ұйымдардың
кассалық пайдасы);
ə) кейбір өтеусіз қайтарымсыз түсімдер (айыппұлдар, ағымдағы жеке
қайыр көрсету) жəне т.б.
Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табысқа күрделі активтерді сатудан түскен табыс, мемлекеттік емес көзден түскен күрделі салымға салынған ерікті салым кіреді. Осы табыстар өтелетін, өтелмейтін түсімдер мен ішінара өтелетін, өтеусіз болады. «Табыс» категориясы мақсатты тағайындалу белгісі бойынша ағымдағы жəне күрделіге бөлінеді. Ағымдағы табысқа салықтық жəне салықтық емес түсімдер; күрделі табысқа – капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыс жатады. «Бюджетке алынған ресми трансферттер» категориясы – өтеусіз, қайтарымсыз, міндетті емес түсімдер. Трансферттер басқа мемлекеттік бас қару мекемелерден: резиденттер мен бейрезиденттерден алынатын біржолғы, ұдайы емес, ерікті түрде алынады. Мемлекеттік емес көздерден алынған трансферттер «Табыстар» деп аталатын категорияда есепке алынады. Трансферттер есепке алынатын операция бюджет тапшылығын қаржыландырмайды, керісінше оны қысқартады. Алынған ресми трансферттер мен табыстар борыштық міндеттемесін қабылдамай шығын жұмсауға бола тын қаражат болып табылады, сондықтан олар бір категорияға біріктіріледі. Салықтық, салықтық емес түсімдер мен ағымдағы ресми трансферттер бюджетке ағымдағы түсімдер болып саналады. Капитал түсімдер капиталмен жасалатын операциялардан түскен табысты құрайды.
