
- •1.Қаржы және банк статистика пәні, әдісі, міндеттері;
- •2. Қаржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
- •3.Қаржы және банк статистикасының негізгі ұғымдары, жіктеулері;
- •4.Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
- •5.Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;
- •7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •9. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.
- •11 Қәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштер жүйесі;
- •12.Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
- •13. Қазахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
- •14. Банк балансы жағдайының көрсеткіштері;
- •15.Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
- •16. Несие айналымын индекстік талдау;
- •17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;
- •19Сақтандыру рыногының статистикалық көрсеткіштер жүйесі
- •20Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
- •22 Қр қаржы ресурстары туралы түсінік,статистиканың міндеттері.
- •23Қаржы шотының жәнеи төлем балансының маңызы.
- •24Төлем балансының,қаржылық шоттың, банк балансының жүйелері.
- •25Ақша айналымын статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •26Банктердің,банктік емес мекмелердің ,кәсіпорындардың статистикалық есеп беру формалары.
- •27Банктердің іс әрекеті туралы статистикалық ақпарат көздері.
- •28Ақша айналымының статистикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •29 Ақша массасының артуын факторлық талдау
- •30Сақтандыру саласының зияндылығын факторлық индекстік талдау
- •31Қаржы ресурстарын сипаттау үшін пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштері.
- •32Бағалы қағазар рыногының статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •33Қор индексін есептеу әдісі.
- •34.Көрнекті оқу құралдары.
4.Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын және пайдаланылуын , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын , баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
5.Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті – негізгі қаржылық жоспар – мемлекеттің ақшалай қаражатының өзінің функцияларын атқаруға қажетті орталықтандырылған қорының табысы мен шығысы жөніндегі есебі. Мемлекеттік жедел бюджет əдетте бір жылға жасалады жəне оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мемлекеттік бюджетте қаржылық құжат ретінде мемлекеттің, кəсіпорындардың, мекемелердің белгіленген кезеңдегі ақшалай табысы мен шығысы жазылады. Мемлекеттік бюджетке оның табысы ретінде түсетін ақшалай қаражаты Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының өте маңызды бөлігін құрайды. Мемлекеттік бюджет мына себептерге байланысты қажет:
▪ біріншіден, экономикалық циклдің үздіксіз айналымын қамтамасыз ету үшін өнімнің шығарылымы орталықтандырылған ресурстардың болуын қажет етеді;
▪ екіншіден, мемлекетке нарықтық емес сипаттағы қызметтер көрсету, əлеуметтік-мəдени іс-шараларын орындау, қорғанысты күшейту, мемлекеттік басқару органдарын, құқық қорғау органдарын жəне т.б. ұстау үшін орталықтандырылған қаражат қажет. Бюджеттік қатынастар экономиканың басқа секторларының бірліктеріне салық салу, зейнетақы, жəрдемақы жəне басқа да əлеуметтік төлем беру арқылы табыс пен байлықты қайта бөлуге негізделеді. Мемлекеттік бюджет республикалық жəне өңірлік бюджеттерден құралады. Мемлекеттік бюджет статистикасының міндеттері мыналар болып табылады:
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табысы мен шығысының, жаңа бюджеттік жіктеу бойынша оның тапшылығының (профицитінің) көлемін анықтау.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табыс көздері мен шығыс бағыттарының құрылымы жəне оның динамикасын зерттеу.
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің, сондай-ақ рес пуб-ликалық жəне жергілікті бюджеттің атқарылу барысын бақылау мен талдау.
4. Мемлекеттік ішкі борыштың көлемін зертеу.
5. Мемлекеттік бюджет табысы мен тауарлар жəне қызметтер өндірісі нəтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштерімен өзара байланысын талдау.Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің статистикалық көрсеткіштер жүйесі. Мемлекеттік бюджетті зерттеу кезінде пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштер жүйесі бюджеттік жіктеуішке негізделеді.
Бюджеттік жіктеуіш – мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қызметін сипаттайтын табыстар мен шығыстарды біркелкі белгілер бойынша заңдастырып топтастыру. Халықаралық валюта қоры ұсынған мемлекеттік бюджетті жіктеу жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының жаңа бюджеттік жіктеуіші əзірленді. Мемлекеттік бюджеттің қолданысы таза кредит беруді қоса алғанда табыс жəне алынған ресми трансферттер мен шығыстар сияқты экономикалық категориялардың көмегімен байқалады. Табыстар мен алынған ресми транс-ферттер мемлекетті ақшалай қаражаттың қажетті толықтырумен қамтамасыз етеді. Таза кредит беруді қоса алғанда, шығыстар ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қажеттілікке сəйкес бөледі.