Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАТИСТИКА ДИНА ЖАУАП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.06 Кб
Скачать

32Бағалы қағазар рыногының статистикалық зерттеудің міндеттері.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар — вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары — банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Экономиканың жаңа құрылымының ажырамас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар нарығын дамытудың негiзгi мақсаты инвестицияларды таратудың тиiмдi тетiгiн құру, Қазақстан Республикасында экономиканың салалары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында капитал жинау және оны ұтымды қайта бөлу болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет: 1. Бағалы қағаздар нарығының ұйымдық құрылымын дамыту, оған мыналар кiредi:

- бағалы қағаздардың эмитенттерi мен инвесторлары;

- бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары;

-кәсiби қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдары, оның iшiнде қор биржалары, биржадан тыс өтемдi жүйелер;

-тiркеушiлер, депозитарийлер, бағалы қағаздардың сақтаушылары;

-мемлекеттiк реттеу және қадағалау органдары.

2. Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру мен жұмыс iстеу процесiн реттейтiн және кәсiби қатысушылардың өзiн ұстау қағидаларын белгiлейтiн, сондай-ақ биржалық және биржадан тыс рынокта саудаластық технологиясын, бағалы қағаздар нарығында мәмiлелердiң түрлерi мен сауда стратегияларын регламенттейтiн нормативтiк актiлермен ұсынылған заң базасын қалыптастыру.

3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құру және дамыту, оның негiзгi функционалдық мәнi бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру процестерiн және олардың қайталама рыноктағы айналысын үздiксiз қамтамасыз ету болып табылады.

4. Бағалы қағаздар нарығын реттеудiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру.

5. Бағалы қағаздар нарығының бiлiктi мамандарын даярлау жүйесiн құру.

6. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын бағалы қағаздардың әлемдiк рыногының жүйесiне интеграциялау.

33Қор индексін есептеу әдісі.

Қор нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі, бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын, ал олардың бағасы сұраныспен және ұсыныспен айқындалатын нарық (ұйымдасқан және биржадан тыс нарық). Ағылшын әдебиетінде "қор нарығы" деген ұғым "қор биржасы" деген ұғыммен бірдей, қор биржасының негізгі атқарымы бағалы қағаздарды инвесторларға сату жолымен жария компанияларға, мемлекетке және жергілікті билік органдарына капитал тарту мүмкіндіктерін беру. Қазақстан заңнамасында "қор нарығы мен "бағалы қағаздар нарығы" деген ұғымдар мәндес.Қор нарығындағы акциялар, облигациялар, олардан туындаған бағалы қағаздар, опциондар, фьючерстік келісімшарттар, т.б. Айырбасқа түседі.Қор нарығының атқарымына бағалы қағаздардың эмитенттері,инвесторлар және бағалы қағаздар нарыгының кәсіпқой қатысушылары қатысады. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарушысы (эмитенті) — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ол бағалы қағаздар нарығында басымдыққа ие мемлекеттік бағалы қағаздарды, мемлекеттік қарызхат облигацияларын қазынашылық вексельдер, т.б. шығарады. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар корпоративтік бағалы қағаздар шығарады. Дивидендтік, пайыздық немесе алып-сатарлық табыс алу мақсатымен қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алушы жеке және заңи тұлғалар инвесторлар ретінде әрекет етеді. Қор нарығының кәсіпқой қатысушылары — бағалы қағаздармен операциялар жасауға лицензиясы бар заңи және жеке тұлғалар — қор биржалары инвестициялық қорлар мен компаниялар, дилерлік және брокерлік ұйымдар, тіркеушілер, депозитарийлер, т.б. Бағалы қағаздардың биржалық нарығы және биржадан тыс нaр ы ғ ы түрлеріне бөлінеді. Биржадағы сауда-саттыққа бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары — биржа мүшелері қатысады; биржада осы биржаның листингіне, яғни осы биржада бағаланатын бағалы қағаздар тізбесіне енгізілген акциялар сатып алынады және сатылады; әрбір биржа бағалы қағаздарды листингіге енгізу тәртібін белгілейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]