- •1.Қаржы және банк статистика пәні, әдісі, міндеттері;
- •2. Қаржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
- •3.Қаржы және банк статистикасының негізгі ұғымдары, жіктеулері;
- •4.Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
- •5.Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;
- •7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •9. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.
- •11 Қәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштер жүйесі;
- •12.Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
- •13. Қазахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
- •14. Банк балансы жағдайының көрсеткіштері;
- •15.Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
- •16. Несие айналымын индекстік талдау;
- •17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;
- •19Сақтандыру рыногының статистикалық көрсеткіштер жүйесі
- •20Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
- •22 Қр қаржы ресурстары туралы түсінік,статистиканың міндеттері.
- •23Қаржы шотының жәнеи төлем балансының маңызы.
- •24Төлем балансының,қаржылық шоттың, банк балансының жүйелері.
- •25Ақша айналымын статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •26Банктердің,банктік емес мекмелердің ,кәсіпорындардың статистикалық есеп беру формалары.
- •27Банктердің іс әрекеті туралы статистикалық ақпарат көздері.
- •28Ақша айналымының статистикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •29 Ақша массасының артуын факторлық талдау
- •30Сақтандыру саласының зияндылығын факторлық индекстік талдау
- •31Қаржы ресурстарын сипаттау үшін пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштері.
- •32Бағалы қағазар рыногының статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •33Қор индексін есептеу әдісі.
- •34.Көрнекті оқу құралдары.
29 Ақша массасының артуын факторлық талдау
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
30Сақтандыру саласының зияндылығын факторлық индекстік талдау
Факторлық талдау - өткізім шарттарын зерттеу әдісі, оның мәні белгілі бір белгісіне қарай жүйелендірілген факторлардың фирма бөлімшелеріне (қызмет бағытына) ықпал жасау дәрежесі мен шапшаңдығын анықтауда деректерді парықтаудың статистикалық әдістерінің жиынтығы. Әдетте ол деректерді талдау процедурасын оңайлату пайдаланылады. Бұл деректердің кез келген мәнді айқындау сатымен көп өзгерістердің ішкі құрылымға парықтау жолымен жүргізіледі. Мұндай талдаудың неғұрлым ортақ компоненті факторлық дейтін еді. Іріктеп зерттеу материалдарының да алынған деректеріне келсек, салыстырмалы, жуық мәнді және бағалап сипаттаудың бәрі бірге жүретінін жиі қарастырамыз.
Индекс деген сөздің түпнүсқасы латынның "іndіех" терминінеy шыққан, қазақшага аударганда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуга болмайтын белгілерден түратын күрделі әлеуметтік экономикалық қүбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жөне уақытқа байланысты кеністітіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады.Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді шешуге болады:
1)салыстыруға келмейтін және қосуга болмайтьн күрделі экономикалық қүбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды;
2) құблыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;
3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.
31Қаржы ресурстарын сипаттау үшін пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштері.
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орт-тан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Жергілікті (муниципалдық) ресурстар елдің қаржы ресурстарының бөлек, біршама дербес бөлігін құрайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Коммерциялық кәсіпкерлік ұйымдардың қаржы ресурстары өзін-өзі қаржыландыру негізінде түсіп, жұмсалады. Бейкоммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстары меншікті қызметтің табысынан ғана емес, сонымен бірге жарналар, құрмалдық, қайырымдылық көмек, мемл. қолдау түрінде де құралады.
