
- •1.Қаржы және банк статистика пәні, әдісі, міндеттері;
- •2. Қаржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
- •3.Қаржы және банк статистикасының негізгі ұғымдары, жіктеулері;
- •4.Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
- •5.Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;
- •7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •9. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.
- •11 Қәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштер жүйесі;
- •12.Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
- •13. Қазахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
- •14. Банк балансы жағдайының көрсеткіштері;
- •15.Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
- •16. Несие айналымын индекстік талдау;
- •17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;
- •19Сақтандыру рыногының статистикалық көрсеткіштер жүйесі
- •20Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
- •22 Қр қаржы ресурстары туралы түсінік,статистиканың міндеттері.
- •23Қаржы шотының жәнеи төлем балансының маңызы.
- •24Төлем балансының,қаржылық шоттың, банк балансының жүйелері.
- •25Ақша айналымын статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •26Банктердің,банктік емес мекмелердің ,кәсіпорындардың статистикалық есеп беру формалары.
- •27Банктердің іс әрекеті туралы статистикалық ақпарат көздері.
- •28Ақша айналымының статистикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •29 Ақша массасының артуын факторлық талдау
- •30Сақтандыру саласының зияндылығын факторлық индекстік талдау
- •31Қаржы ресурстарын сипаттау үшін пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштері.
- •32Бағалы қағазар рыногының статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •33Қор индексін есептеу әдісі.
- •34.Көрнекті оқу құралдары.
27Банктердің іс әрекеті туралы статистикалық ақпарат көздері.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың əр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында əр түрлі 106формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды əр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сəкес банктік операцияларға мыналар жатады: - заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
жəне жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
жəне жүргізу;
- банктердің жəне банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу жəне жүргізу;
- заңды жəне жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу жəне
жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру,
қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау жəне сақтау;
- аударым операциялары: заңды жəне жеке тұлғалардың ақшаны
аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды жəне жеке тұлғалардың
вексельдерін жəне өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); және т.б.
28Ақша айналымының статистикалық көрсеткіштер жүйесі.
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді. Қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер)