Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАТИСТИКА ДИНА ЖАУАП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.06 Кб
Скачать

22 Қр қаржы ресурстары туралы түсінік,статистиканың міндеттері.

Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер, варранттар), айда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар.Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие дегеніміз – бұл кәсіпорындарға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын несие бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.

23Қаржы шотының жәнеи төлем балансының маңызы.

Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы;Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады.Бухгалтерлік тұрғыдан алғанда Төлем балансы. тепе-теңдікте болады, бірақ оның негізгі бөлімдері бойынша егер түсім басқа елдерге төлемдерден асып түссе, актив сальдо болуы немесе түсім төлемнен аз болса, пассив сальдо болуы мүмкін. Сальдо теңгестіруші баптардың есебінен өтеледі. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т.б.) байланысты. Өз кезегінде Төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экон. жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т.б.) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]