- •1.Қаржы және банк статистика пәні, әдісі, міндеттері;
- •2. Қаржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
- •3.Қаржы және банк статистикасының негізгі ұғымдары, жіктеулері;
- •4.Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
- •5.Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •6.Жаңа бюджеттік жіктеулердің теориялық негізі;
- •7. Мемлекеттік бюджет кірістер мен алынған ресми трансферттердің динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •8. Мемлекеттік бюджет шығыстарының динамикасы, құрылымын және құрамын статистикалық талдау;
- •9. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөліміндегі салық түсімдерін факторлық талдау.
- •11 Қәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштер жүйесі;
- •12.Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
- •13. Қазахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
- •14. Банк балансы жағдайының көрсеткіштері;
- •15.Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
- •16. Несие айналымын индекстік талдау;
- •17.Халық салымдарын талдаудың корреляциялық регрессиялық әдістері ;
- •19Сақтандыру рыногының статистикалық көрсеткіштер жүйесі
- •20Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
- •22 Қр қаржы ресурстары туралы түсінік,статистиканың міндеттері.
- •23Қаржы шотының жәнеи төлем балансының маңызы.
- •24Төлем балансының,қаржылық шоттың, банк балансының жүйелері.
- •25Ақша айналымын статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •26Банктердің,банктік емес мекмелердің ,кәсіпорындардың статистикалық есеп беру формалары.
- •27Банктердің іс әрекеті туралы статистикалық ақпарат көздері.
- •28Ақша айналымының статистикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •29 Ақша массасының артуын факторлық талдау
- •30Сақтандыру саласының зияндылығын факторлық индекстік талдау
- •31Қаржы ресурстарын сипаттау үшін пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштері.
- •32Бағалы қағазар рыногының статистикалық зерттеудің міндеттері.
- •33Қор индексін есептеу әдісі.
- •34.Көрнекті оқу құралдары.
19Сақтандыру рыногының статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Қазіргі кезде сақтандыруды,оның ішінде жинақтаушы сақтандыру түрлері мен аннуитеттерді ұсыну жүйесін дамытудың аса қажетті факторы ретінде елдегі сақтандыру мән-жайлары жөніндегі статистикалық және өзге ресми деректердің ауқымды әрі толыққанды базасын қалыптастыру көрініс тауып отыр.Сақтандыру статистикасының базасы сақтандыру тәуекелдерінің орын алу ықтималыдғын және қандай болмасын міндетті сақтандыру түрін енгізу мақсаты жөніндегі мәселелерді қарау барысында олар келтіретін ең көп мөлшердегі зиянды бағалауға да септігін тигізеді.Қандай болмасын елдегі сақтандыруды ұйымдастырудың маңызды элементтері, әсіресе ірі тәуекелдерді сақтандыруға орай сақтандыру рыногының қатысушылары актуарийлер,сақтандырушы делдалдар сақтандырушы брокерлер мен сақтандырушы агенттер,сюрвейерлер,авариялық комиссарлар және басқалар болып табылады.Сақтандыру рыногының аталған қатысушылары сақтандырылатын тәуекелдерді және сақтандыру жағдайының орын алуы салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін нақтылы бағалауға,сақтандыру қызметтерін көрсету сапасын әрі оларды тұтынушыларға жеткізілуі мән-жайын жақсартуға,сондай-ақ сақтандыру брокерлерін міндетті сақтандыру схемасына тартуға ат салысады.Осы сақтандыру рыногының әлеуетті қатысушысы сақтандыру ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырады.Сақтандыру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады,сонымен бірге оның құқықтық мәртебесі заңды тұлғаның әділет органдарында сақтандыру ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуіне және уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясына орай айқындалады.
20Бағалы қағаздар рыногының көрсеткіштер жүйесі
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрыңғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер бар.Әлемдік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі бар. Олар:
1. Банктік үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банкетр қаржы қорларын бөледі (ол Германияда, Австрияда, Бельгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банкетр өз міндетіне алады.
2.Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пакистанда, Сингапурде). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы десократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол – банкетн алған ақшаға қарағанда – «арзан» ақша болып келеді.
3. Аралас үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банкетр де, банк емес мекемелер де шұғылданады ( мысалы, Жапонияда).
21Қаржылық баланстар туралы түсінік,оны статистикалық зерттеудің міндеттері.
Қаржылық есептілік мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Қаржылық есептіліктің мақсаты-пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы және ондағы өзгерістер, қызмет нәтижелері туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есептілік белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпараттар болуы тиіс. Сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді.Қаржылық есептіліктің нысандары мыналарды қамтиды:
- бухгалтерлік баланс;
- пайдалар мен залалдар туралы есеп;
- ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;
- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын талаптар Халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады. Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері актив және пассив болып бөлінеді
