Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл тех шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
537.37 Кб
Скачать

40 Билет

2) р-n ауысудың қасиетін, жартылай өткізгіштік триод немесе транзистор деп аталынатын, электрлік тербелістерді күшейткіштер жасау үшін пайдалануға болады.

Транзисторда кристалдың екі р – аймағы жіңішке n – аймағымен бөлінеді (26-сур.). Мұндай транзисторды р-n-р деп шартты белгілейді. n- р- n – типті транзистор да жасауға болады, яғни кристалдың екі n – аймағы жіңішке р – аймағымен бөлінеді.

26 – сур.

р- n- р – типті транзистор негізінде жасалынған жартылай өткізгіштік күшейткіштердің жұмыс істеу принципін түсіндірейік. Бұл транзистор үш аймақтан тұрады, шеткілері кемтіктік өткізгіштікке, ал ортадағысы электрондық өткізгіштікке ие. Транзистордың бұл үш аймағына өзбетінше контактілер жасалынады, бұлар арқылы әртүрлі кернеулерді, сол жақтағы р-n ауысуына а және б контактілеріне және оң жақтағы n-р ауысуға б және в контактілері арқылы, беруге болады

42 Билет

1) xC= сыйымдылық кедергі.

2) 40 билет 2 сурак

43 Билет

1) 5 билет 1 сурак

2) Беттестіру принципі: Егер тізбекте бірнеше электр қозғаушы күштер болса, онда осы тізбектің кез келген тармағындағы ток осы электр қозғаушы күштердің сол тармақта әрқайсы тудырған токтарының алгебралық қосындысына тең.

44 Билет

1) Жартылай өткізгіштерде Менделеев кестесінің орта тұсындағы он екі химиялық элементтер жатады. Олар: бор (В), көміртегі (С), кремний (Si), германий (Ge), қалайы (Sn), фосфор (Р), мышьяк (As), сурьма (Sb), күкірт (S), селен (Se), телмур (Те), йод (І). Мұнан басқа үшінші топтағы элементтердің, бесінші топтағы элементтермен қосындысы, көптеген металдардың оксидтері мен сульфидтері, бір қатар химиялық қоспалар, кейбір органикалық заттар. Ғылым мен техникада ең көп қолданылатын жартылай өткізгіштерге германий

Ge және кремний Sі жатады.

Жартылай өткізгіштер өзіндік (яғни қоспасыз) және қоспалы болып бөлінеді. Қоспалы жартылай өткізгіш өз ретінде донорлық және акцепторлық болып бөлінеді.

45 Билет

1) Қозғалтқыш-генератор, генератор-қозғалтқыш, қозғалтқыш-генератор жүйесі – реттелетін электр жетегі; мұндағы тұрақты ток қозғалтқышы жеке генератордан қоректенеді; ал бұл генератор (тәуелсіз қоздыруы бар) бірінші реттік қозғалтқыш (әдетте элtrnhj қозғалтқыш) көмегімен айналысқа түседі. Қозғалтқыш-генератор генератор кернеуінің өзгерісі арқылы электро жетегінің бұрыштық жылдамдығының реттелуін қамтамасыз етеді. Электро жетегі параметрлерін реттеу үшін қоздыру орамдарын қоректендіретін магниттік күшейткіштер немесе тиристрлік түрлендіргіштері бар автоматты реттеу жүйесі қолданылады. Қозғалтқыш-генератор қуаты ондаған МВт-қа жететін аса күрделі жетектерде (қақтау стандары, шахталық көтеру қондырғылары, қағаз жасау машиналары), металлургия өндірісінде (электролиттік ванналарды қоректендіруде), тағыда басқа қолданылады. Бөліктерінің айналмалылығына байланысты қозғалтқыш-генератор, қазір тиімді және сенімді шала өткізгіштік түрлендіргіштерімен алмастырыла бастады.

2) Дио́д (көне грекше: δις[1] — екі және -од[2] шекті)  — екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электрондыаспап (прибор).

 Екі электродты электровакуумдық аспап немесе жартылай өткізгіштік диод, токты бір бағытта өткізетін құрал.Радиоаппаратураларда айнымалы токты түзету, модуляцияланған тербелістерді детекторлеу, жиіліктерді өзгерту, электртізбектерін қайта қосу үшін қолданылады.

Екі электродты вакуумдық, газразрядты немесе шалаөткізгіш аспап; электр тогы бағытына байланысты өткізгіштігі әр түрлі болады: тура бағыттагы токтар үшін өткізгіштігі жоғары және кері бағыттағы токтар үшін — төмен. Электр және радиоэлектрондықаппараттарда айнымалы токты түзету, детекторлеу, электр тербелістерін түрлендіру, электр тізбектерін ажыратып-қосу үшін қолданылады.